Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


 Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

2. Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер. 
Криминологиялық зерттеулер жүргізген кезде көп 
қолднылатын әдістердің бірі - 
нақты социологиялық әдістер
. Олардың мынандай түрлері бар: 
1)
 
құжаттарды талдау әдісі
. Бұл әдіске латенттік қылмыстылықты зерттеу жөнінде әңгіме қозғағанда 
аздап жанап өттік. Бұл құжаттар, әдетте, осы зерттеліп отырған мәселеге орай емес, мүлде басқа себеппен 
жиналған, бірақ криминологиялық зерттеу жүргізу үшін оларды қолдануға болады. Мысалға, азаматтық-
құқықтық құжаттарды талдау арқылы (қорлауға байланысты моральдық шығынды өтету туралы талаптар) 
шағымданбай қалған қылмыстардың мөлшерлі санын анықтау. 
2)
 
Байқау
. Оның үш түрі бар: а) сырттай байқау, яғни байқаудың қарапайым түрі: мысалға, қарапайым 
зерттеушінің әрекеті; ә) іштей байқау, мысалға, кеден қылмыстылығын байқау үшін кеден органдарына жұмысқа 
орналасу; б) қатысушы-байқаушы, яғни қылмыстық мінез-құлықты байқап қана қоймай, оның кейінгі бағытына 
байқаушының да ықпал етуі: мысалға, сол кедендегі контрабандамен айналысатын қылмыстық ұйымға мүше 
болып кіру. Соңғысы, қаншалықты криминология ғылымына пайдалы әрі тиімді зерттеу болса да байқаушы-
қатысушының жасаған қылмыстары үшін құқық қылмыстық жауаптылықтан босатпайды. 
3)
 
әлеуметтік эксперимент
. Ол әдіске сәйкес ұсынылған гипотезаларды қорытындылай келе 
эксперимент жасалып, оған дейінгі және одан кейінгі нәтижелер салыстырылады. Егер тиімді болса, практикаға 
енгізіледі. Мысалға, қылмыскердің түзелуі мен рецидивистік қылмыстылықтың алдын алуда тиімді болып 
есептелетін қоныс-колониялар ең алдымен осындай әлеуметтік эксперимент есебінде сынақтан өткен. 
4)
 
Сауалнама (опрос): 
а) Қарапайым сауалнама
. Оның да екі түрі бар: а) іштей (сұхбаттасу) және сырттай (анкета жүргізу). 
Анкетаның өзі де анонимдік немесе қарапайым бола алады. Осы жерде, сұхбаттасу мен әңгімелесудің айырмасын 
білген жөн. Сұхбаттасу кезінде тек қана корреспондент пен респондент, яғни сұраушы мен сұралушы ғана бар 
болса, әңгімелесуде әңгіменің еркін өрбуіне екі тарап та үлес қосады. Әдетте, әңгіме жүргізуші-зерттеуші өзінің 
мақсаттары туралы жасырады, тіпті, әңгіме барысы үшін және оппонеттің жанына үңілу үшін ойдан шығарылған 
оқиғаларды айтуға шейін барады. 
Осы сауалнамада маңызды нәрсе болып сұрақтарды құру мен сұраунама техникасы табылады. Сұрақтарды 
құрастыруға байланысты кейбір мынандай талаптары бар: 
1)
сұрақ нақты, қысқа, түсінікті және қарапйым болуға тиісті
2)
сұрақ жауапта ескерілуге тиісті уақытты, орынды және контексті көрсетуі тиіс; 
3)
көпмағыналы сөздерді қолданбаған абзал; 
4)
бақылаушы, нақтылаушы сұрақтар негізгі сұрақтан кейін іле-шала қойылмауы тиіс; 
5)
сұрақ болып қалуы мүмкін балама жауаптырды көрсетуі тиіс (терістуші, жақтаушы т.б.); 
6)
жауапты нақтылау керек болғанда сұраққа кішкене алғысөз келтіруге болады; 
7)
сұрақты түзу мен оның мағынасы сұралушылардың тәжірибесі мен қызмет салсын ескеруі қажет; 
қиын сұрақтар мен сұралушыны толғандыратын сұрақтар анкетаның басында қойылмауы керек. 
ә) Социометриялық сауалнама
. Социометрия сөзі латынша socіum (жолдас, қатысушы) және metrum 
(өлшеу) деген екі сөзден шыққан.Ол - сол индивидуумның бірге тұрып, бірге жұмыс істейтін топтарымен 
әлеуметтік-эмоционалдық байланысын сапалы талдауға арналған техникалық амалдар мен процедуралардың 
жүйесі, яғни өзге ‘’жолдас’’ топ мүшелерімен арақатынасты қарапайым жолмен анықтау. Криминологияда 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 5-бет 36 беттен 
социометрия сирек қолданылса да, жанұялық криминология деп аталып жүрген криминологияның ерекше 
бөліміндегі жанұя саласындағы қылмыстылықты зерттеу мен алдын алуда таптырмайтын құрал.
 
б) Сарапшылық бағалау әдісі
. Бұл әдіс сарапшылардың пікіріне сүйеніп қортында жасау болып табылады. 
Кез келген маманның емес, осы аумақта тұратын және ондағы криминогендік жағдайды білетін мамандардың 
пікірі жиналады. Сарапшылардың саны зерттеудің маңызына байланысты. Сарапшылардың арасында сұраунама 
жүргізу топтық та, жеке-дара да; іште де, сырттай да; ауызша да, жазбаша да; жалпы да, жеке де мәселелер 
бойынша болуы мүмкін. Олардың пікірін жинай отырып, кесіп айтылған, жалпы жұрт пікірінен қия кететін 
гипотезалар алынып тасталады да, жалпы, ортақ бір қорытынды шығарылады. Эксперттік бағалау әдісінің тек 
субъективтік пікірге ғана сүйнетіндігінен өз кемшіліктері болғанмен де, кейбір криминологияны толғандыратын 
мәселелерді осы әдісті қолданбай зерттеу мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет