Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

Негізгі сұрақтар:
1.
Криминологиядағы жалпы ғылымдық әдістер;
2.
Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер;
3. Криминологиядағы нақты статистикалық әдістер. 
Дәріс тезистері: 
1.
 
Криминологиядағы жалпы ғылымдық әдістер
. Соңғы уақытта терминжасамға байланысты пайдасы 
шамалы бір үрдіс қалыптасты - ол барлық терминдерді бір шыбықтың астына алып қазақтандыру. Осының 
нәтижесінде жаңадан ‘’әдістеме’’, ‘’әдіснама’’, ‘’тәсілдеме’’ деген тәрізді терминдер қолданыста жүр. Олар 
методика, методология терминдерін тәржімалауға тырысқан. Бірақ бұл қолдауға тұрарлық іс емес. Енді осы 
ұғымдардың арқатынасына келейік. Әдіс - ол белгілі бір нәтижеге жетудің жолы болса, методика - ол осындай 
әдістердің жиынтығы, ал методология - әдіс туралы ілім болып табылады.
Криминологияда қолданатын әдістерді екіге, атап айтқанда, жалпы ғылымдық және арнайы ғылымдық деп 
жіктеуге болады. Соның ішінде жалпы ғылымдық әдістерді оның табиғатына қарамастан барлық ғылымдар 
қолданады. Олар: 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-бет 36 беттен 
-
абстрактіліктен нақтыға өту.
Бұл әдіс, ең алдымен, бұған дейінгі қылмыстылық, оның 
детерминанттары мен жасалған шаралардың тиімділігі туралы жеткен нәтижелерге көз жүгіртуді, және, одан 
кейін, ол жеткен нәтижелердің де жеткіліксіз екендігін білу мен қылмыстылықтың, оның детерминанттарының 
қозғалып бара жатқан ашық жүйе екендігін үнемі есте ұстауды білдіреді. Әл-Фарабидың сөзімен айтқанда
құбылысты неғұрлым жақсы танып, оған жақындаған сайын ол да соншалықты одан қашады. 
-
гипотеза.
Бұл әдіс бұған дейін алынған эмпирикалық мәліметтерді есепке ала отырып, жөн-жосықсыз 
зерттеу жүргізбей, зерттеуді мақсатты жүргізуге жәрдемдеседі.
-
жүйелік-құрылымдық талдау
. Кез келген құбылысты құрылымдық элементтерге бөліп және олардың 
өзара ықпалын зерттеуді білдіреді. Қылмыстылықтың құрылымын немесе оның детерминанттарын 
топтастырғанда оны аңғаруға болады. Сол сияқты қылмыстылықтың өзі де қоғам деп аталатын үлкен жүйенің 
элементі. 
-
тарихи әдіс
. Неғұрлым ұзақ мерзімді алып зерттеуді көрсетеді. 
-
салыстыру
. Әр түрлі елдердегі осы құбылыстың зерттелуін салыстыруды мегзейді. 
Криминологияда қолданылатын әдістерді реактивтік және реактивтік емес деп те бөледі. Алғашқысы 
зерттеуші мен зерттелушінің тікелей байланысқа түспей-ақ зерттеу жүргізу әдісін білдірсе (мысалға, қылмыстық 
материалдарды, істерді талдау), соңғысы - тікелей зерттеуші мен зерттелушің түйісуі нәтижесінде мәлімет 
жинауды көрсетеді (мысалға, сұхбат алу, анкета жинау т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет