Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

2. Криминологияның түсінігі
. Жоғарыда тізімі келтірілген криминология пәнінің компоненттерін 
қолдана отырып, оның түсінігін беру - анықтама берудің ең оңай жолы, яғни 
криминология дегеніміз

қылмыстылықты, оның себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, жәбірленушінің мінез-
құлқы мен тұлғасын, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтың алдын алу мен болжауды зерттейтін 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3-бет 36 беттен 
салааралық ғылым. Не болмаса, ғалымдардың бір шоғыры осылардың бәрін тізбектеп жатпай қысқартылған да 
анықтама береді, олардың айтуынша криминология - қылмыстылықты, оның себептерін және қылмыскер 
тұлғасы мен қылмыстылықтың алдын алуды зерттейтін салааралық ғылым саласы. Олар жоғарыда айтылған 
компоненттерді жоққа шығармайды, бар болғаны оларды ірілендіріп біріктіреді, яғни қылмыстылықтың 
себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, сондай-ақ жәбірленушінің мінез-құлқы мен 
тұлғасын қылмыстылықтың себептеріне шоғырландырса, қылмыстылықтың алдын алу мен болжауды бір деп 
қарастырады. 
Криминология ғылымын басқа қырынан да келіп анықтаушылар бар. Бірақ ол негізгі түсінікті 
толықтырушы ғана анықтама. Криминология қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты өздері 
қылмыстылықты құрамаса да онымен тікелей байланысты жағымсыз құбылыстарды зерттейді. Олар, айталық, 
жезөкшелік, өзін өзі өлтіру, маскүнемдік, наркомания т.б. Осылардың бәрі де (қылмыстылықты қоса алғанда) 
әлеуметтік ауытқулар. Әлеуметтік ауытқуларды зерттейтін ілімнің аты - әлеуметтік патология. Бірақ соңғы 
ілімнің айналысатын мәселесінің барлығы криминолгия үшін қажет емес, тек оның ішіндегі ең бір асқынған
қоғамға қауіпті түрлеріне ғана криминология ғылымы қызуғышылық танытады. Осыны ескере отырып, 
криминология дегеніміз - әлеуметтік патология деп аталатын жан жақты, конгломерат ілімнің өзегі болып 
табылады деушілер бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет