Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


жәбірленушінің де мінез-құлқы мен тұлғасын



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

жәбірленушінің де мінез-құлқы мен тұлғасын
зерттеуді өз мойнына алады және 
ол криминологиядан басқа ешқандай ғылымның зерттеу пәніне кірмейді (қылмыстық іс жүргізу оларды тек 
қорғауды жүзеге асырады).
Бірақ криминологияның шаруасы мұнымен де түгесіліп қалмайды. Өйткені, қылмыстылық пен оның 
себеп-жағдайларын анықтағаннан жарытып пайда келмейді. Осы ғылымның және оның ғана емес, барлық 
қылмыстық-құқықтық циклдегі құқық салаларының басты мақсаты - қылмыстылықты болдырмау, яғни оның 
алдын алу. 
Қылмыстық құқықтық бағыттағы құқық салалары мен олардың ғылымының да қоғам үшін керегі - 
қылмыстылықтың алдын алу үшін күресетіндігінде. Осы жерде ‘’Өз өзіне қарсы шығатын екі-ақ ғылым бар’’ деп 
те қалжыңдауға болады, яғни бірі - медицина, екіншісі - қылмыстық-құқықтық циклдегі ғылымдар. Қалжыңдап 
айтқанда, медик сырқат болмас үшін күреседі, бірақ сырқат жоқ болса, дәрігерге жұмыс та жоқ, дәл сол сияқты, 
қылмыспен күресетін мамандар қылмыс болмасын дейді, болмаса, оларға да жұмыс жоқ. Әрине, мұның тек 
қалжың екенін ұмытпаған жөн, әйтпесе, қатты жұмыс істеп кетсек, жұмыссыз қалады екенбіз деп ойлауға әсте 
болмайды.
Қорыта айтқанда, криминология ғылымының пәнін құрайтын келесі, алтыншы компонент - 
қылмыстылықтың алдын алу

Қылмыстылықтың алдын алу үшін де белгілі бір әрекеттер жасалуы керек. Соның бірі - қылмыстылықты 
болжау. Мысалға, А. пункітінен Б. пункітіне бір машина шықты деп есептейік және оған жететін бес жол бар. 
Осы автокөлікті жылжып келе жатқан қылмыстылық деп есептесеңіз, оны тоқтату - оның алдын алу. Тоқтату 
үшін, әлбетте, оның қай жолмен жүретіндігін білу керек, әйтпесе, бос әуре болады, барлық жолдарды 
‘’мемлекет’’ жауып тастай алмайды. Қай жолмен жүретіндігін білу дегеніміз - оны болжау. Демек, 
криминогияның пәнін 
криминологиялық болжау
да құрайды. 
Сонымен, криминология ғылымының пәнін құрайтын компоненттер: 
1)
қылмыстылық; 
2)
қылмыстылықтың себептері; 
3)
жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары; 
4)
қылмыскердің тұлғасы; 
5)
жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы; 
6)
қылмыстылықтың алдын алу; 
7)
криминологиялық болжау.
Кейбір авторлар, осы тізімге тағы бір компонентті қосады, ол - криминологиялық зерттеулердің әдістері. 
Басқа бір авторлар оған қарсы шығады. Қосқысы келетіндер өз ұмтылысын криминология ғылымының сан 
салалы болғандықтан, онда өз қанынан өзгенің қаны көп екендігін ескеріп, оның әдістері де сан қилы болып 
келетіндігімен түсіндіреді. Сол себептен, жан жақтан құралған ғылыми тәсілдерді (социологиялық, 
статистикалық, психологиялық, биологиялық, математикалық т.б.) бір жерге біріктіру де аталған ғылым пәніне 
ену қажет деп есептейді. 
Ал оған қарсы шығатындар кез келген ғылымның пәні ‘’нені зерттейді?’’ дегенді білдірсе, оның әдістері 
‘’қалай зерттейді?’’ дегенді білдіреді дейді, яғни ‘’нені зерттейдіге’’ ‘’қалай зерттейдіні’’ қосу орынсыз деп 
санайды олар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет