Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


Нақты статистикалық әдістердің



Pdf көрінісі
бет9/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

 
3. Нақты статистикалық әдістердің 
ішінде криминология көп арқа сүйейтіні - ол байқау, бірақ ол 
социологиялық емес, статистикалық байқау. Байқаудың өзі статистикалық зерттеулердің бірінші сатысы екендігі 
анық. Статистика да құбылыстардың сапалық жағын есепке ала отырып, сандық жағын зерттейді және оның 
заңдылығын анықтауға тырысады. Заңдылықтар статистикалық қана емес, динамикалық та бола алады. Екеуінің 
айырмашылығы сонда - динамикалық заңдылықты жаратылыстану ғылымдары бойынша жалғыз ғана зерттеу 
объектісін алып анықтауға болады. Мысалға, тарақанның көбею инстинкті бар екендігін жүздеген-мыңдаған 
тарақанды зерттемей-ақ, бір-екі, ары кеткенде оншақты мұртты қоңызды зерттеп-ақ анықтаууға болады. Ал 
статистикалық заңдылықты тек қана массаны, зерттеу объектісін жаппай алып қана анықтауға болады. 
Статистикалық заңдылығын анықтауға жататын құбылыстың бірі - қылмыстылық. Бірді екілі қылмыстың себебін 
ғана анықтап, оларды барлық қылмыстырға таңуға әсте болмайды. Сондықтан да қылмыстылық деп аталатын 
салыстырмалы жаппай құбылыстың көріністерін неғұрлым кеңірек, көбірек алып қарастыруға тырысу керек. 
Қылмыстылықты жаппай байқау мүмкін емес, әрі латенттік қылмыстардың да бар екенін ескеру керек. 
Статистикалық байқаудағы жиынтық бірлігінің толықтығаны қарай оны: жаппай байқау және іріктеп байқау деп 
бөлуге болады.
Іріктеп байқау да үш түрге жіктеледі: а) негізгі массивті байқау (барлығы мүмкін болмаса да негізгі басым 
бөлігін назарға алу); ә) монографиялық байқау (жеке бір мәселені мұқият, бүге-шігесіне дейін талдау); б) 
таңдаулы байқау. Соңғы байқау түрін қолданғанда құбылыстың объективтік заңдылығын анықтау үшін 
жиынтық бірліктері тек қана кездейсоқ алынуы керек, яғни алдын ал зерттелмей, бас-көзіне қарамай алынуы 
керек. Мысалға, рецидивистік қылмыстылық қылмыскер кәмелетке толмай тұрғанда жасаған қылмыстарына 
бастау алады деген гипотезаны дәлелдеуге бір зерттеуші бел буды делік. Ол үшін рецидивистердің зерттелетін 
бөлігі кездейсоқ алынуы керек, Егер де зерттеуші өз ойын дәлелдеу үшін алдын ала атүсті байқау жүргізіп, тек 
қана кәмелетке толмаған шағында қылмыс жасаған рецидивистерді ғана зерттеу объектісіне алып, қалғандарын 
ысырып қойса, құбылыстың объективтік заңдылығы шықпайды, тек қана зерттеушінің субъективтік пікірі болып 
қана қалады. Дәл осы сияқты, Ломброзо барлық қылмыскерлерді зерттей алған жоқ, тек он бір мыңына ғана қолы 
жетті. Бұл оның таңдаулы байқауы. Сөйте тұра, ол тек бас сүйегінде атвизимдері барларды ғана емес барлық
‘’қолына түскен‘’ қылмыскерлерді зерттеу объектісіне айналдырған жоқ па еді?!! 
Математикалық статистика таңдаулы байқаудың мынандай түрлерін ажыратады: қарапайым, кездейсоқ
жүйелік, типтік, сериялық, екісатылы, аудандандырылған, квота принципі бойынша таңдау т.б.
Осы жерде заңдылықты көрсету қабілетіне орай репрезентативтілік ұғымына назар сала кеткен жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет