Аллотропияжәне полиморфизм – бірдей байланыс энергиялы бір және сол элементтің әртүрлі құрылымдары.
Байланыс энергиясы – қатты денені жеке атомдарға, молекулаларға немесе иондарға (қатты дененің құрамына байланысты) бөлуге қажетті энергия. Ебайл – оңашаланған атомдар жүйесінің потенциалдық энергиялар айырымына тең және анықталмағандық принципіне сай сыртқы қабықшаның электрондары мен ядроның локализациясына негізделген кинетикалық энергия шегерілген жүйемен байланысты.
Бір және сол химиялық элементтің (α және ß- қалайы, α және ß- темір және т.б.) әртүрлі аллотропиялық модификациялары әртүрлі фазалардан тұрады; сондай-ақ элемент немесе байланыс негізіндегі қатты ерітінділер, байланыстар фаза болып келеді.
Қатты денелерде әртүрлі компоненттердің әсерлесуі кезіндегі мүмкін болатын фазалардың:
– байланыстар;
– қатты ерітінділер;
– механикалық қоспалар сияқты негізгі 3 түрін көрсетуге болады
Қосылыстар. Химиялық байланысқа жататын аталған фазаның белгісі – өзі түзілген элемент торынан өзінің кристалдық торының айырмашылығы.
Қатты ерітінді. Қатты ерітіндінің түзілуінің белгісі компоненттің ерітіндінің торының түрін сақтауы, бірақ элементар ұяшықтың өлшемдері басқа. Ерігіштік шегіне тәуелді әртүрлі температуралы шектелген және шектелмеген ерітінділер түзілуі мүмкін. Еріткіш негізінде (химиялық элементтің) қатты ерітінділердің 2 түрі болуы мүмкін:
– орын басу ерітіндісі – ерітілген элементтің атомдары еріткіштің атомдарын тор түйіндерінде орнын басады (олардың орнын басады).
а)
ә)
– енгізу ерітіндісі – ерітілген элементтің атомдары еріткіштің торына соңғы атом арасындағы атомдарды енгізе отырып, түйінаралық орынды басу.
Бұл жағдайда ерітілетін атом өлшемдері түйінаралық өлшемінен аз болуы керек.
а)
ә)
Стехиометриялық қосылыс (стехиометриялық құрам) – компонент құрамындағы валенттілік толығымен қанағаттандырылған (аяқталмаған байланыстар жоқ) химиялық қосылыс.