Жабық жүйе – сыртқы ортамен зат алмаса алмайтын жүйе.
Адиабаталық жүйе – сыртқы ортамен энергия алмаса алмайтын жүйе.
Оңашаланған (тұйық) жүйе – сыртқы ортадан не энергия, не зат алмаса алмайтын жүйе.
Ашық жүйе – сыртқы ортамен энергия және зат алмасатын жүйе. Металды, жартылай өткізгішті және диэлектрикті алу – ашық жүйе.
Жүйе тепе-теңдікті және тепе-теңдіксіз күйде болуы мүмкін.
Тепе-теңдікті жүйелер – жүйенің күйі уақытында өзгермейтіндер (тұрақты). Күйдің тұрақтылығы үдерістің жүйеге қатысты қандай да сыртқы әсерлердің әсерінен бұзылады.
Гетерогенді жүйе – секірмелі түрде өзгеріс өтетін жүйенің бір бөлігін басқасынан бөліп тұратын бөліктің беткі қабаты (кеңістік) бар жүйенің қасиеттерінің бірінен тұратын физикалық-химиялық жүйе. Мысалы: балқымасы бар контактідегі монокристалл.
Гомогенді жүйе – ең болмағанда, жүйе қасиеттерінің бірі секірмелі түрде өзгеретін бөліктерін ешқандай кеңістігі жоқ физикалық-химиялық жүйе.
Жүйені түзетін заттар жүйе компоненттері деп аталады. Жүйедегі компоненттер әртүрлі фазада болады.
Фаза – тепе-теңдікте тұрған гомогенді жүйе немесе тепе-теңдікте тұрған гетерогенді жүйедегі гомогенді бөліктердің жиынтығы. Басқаша айтқанда – бұл қасиеті секірмелі түрде өргертуі арқылы өту кезінде бөліктің кеңістігінің жүйесінің басқа бөліктерінен шектелген жүйенің біртекті бөлігі.
Мысалдар: 1) бір фазалық жүйе – кварц кристалы. Сондай-ақ кварцтың көптеген кристалдары.
2-фазалық жүйе – а) SiO2 қосылуы бар Si кристалы; ә) судағы мұз кристалдары, сондай-ақ судағы көптеген кристалдары.
Сұйық немесе газ тәрізді күйден қатты күйге өтуі, нәтижесінде кристалдық тор түзілетін, кристалдар пайда болатын үдерісі кристалдану деп аталады.
Сұйықтың бір температурада, ал басқа температурада қатты күйдің болуы немен түсіндіріледі және айналулар неліктен қатаң түрде анықталған температурада өтеді?
Табиғатта барлық өздігінен өтетін айналулар, сәйкесінше кристалдану мен балқу жаңа күйлер жаңа шарттарда энергетикалық тұрақты, энергия қорының аздығы иеленуіне негізделген. Жүйенің бос энергиясы қаншалықты көп болса, жүйе тұрақтылығы соншалықты аз, егер мүмкіндік болса, онда бос энергиясы аз күйге жүйе өте алады деп айтуға болады.
Қатты денелерде фазаның маңызды белгісі оның кристалдық торы (атомдық құрылым). Әрбір фаза өзінің, тек өзіне тән (не түріне) қарапайым ұяшықтың не түрімен, не өлшемімен басқа фазаның торларынан ерекшеленетін кристалдық торға ие.