Реалды материалдар бірнеше химиялық элементтерден түзілген композициялар.
Жартылай өткізгіштік байланыстар 2 немесе одан көп элементтерден тұрады. Жартылай өткізгіштік термоэлектрлік материалдар 4-5 (және оданда көп) элементтерден, диэлектрлік фазалар 4-8 элементтерден және т.б. тұрады. Заманауи металдық құймалар одан да күрделі композиция болып келеді. Тіпті германий мен кремнийдің аса таза кристалдары әрқашан да фондық қоспалардан тұрады.
Құйманы түзетін химиялық элементтердің өзара әсерлесуі өте күрделі болуы мүмкін. Әсерлесу нәтижесі элемент концентрациясына, олардың табиғатына, сондай-ақ олардың сыртқы параметрлері температура мен қысымға тәуелді.
Әртүрлі элементтердің әсерлесуі нәтижесінде физикалық және химиялық қасиеттері құрамға, температураға және қысымға тәуелді болып келетін химиялық байланыстар мен ерітінділер, агрегатты күйлер түзіледі.
Химиялық элементтердің әсерлесу нәтижесін сипаттау әдістерін қарастырмас бұрын, керекті термодинамикалақ түсініктерді келтірейік.
Материалдық жүйе – сол немесе басқа белгілермен бөлінген және затпен немесе заттармен толтырылған кеңістіктің бөлігі. Материалдық жүйеден бөлінген кеңістік жүйеге қатысты сыртқы орта деп аталады.
Термодинамикалық жүйе – бөліктер арасында энергия алмасуы мүмкін материалдық жүйе.
Физикалық – химиялық жүйе – жеке бөліктер арасында зат алмасуы мүмкін термодинамикалық жүйе. Мысалы:
Екі денелерден құралған жүйе – ампулалар және оның балқымасына орналастырылған. Балқыма ампулалардың қабырғасына жұқпайды және балқыма мен ампула арсында химиялық әрекеттесу жоқ. Бұл денелердің (ампула заттармен) жиынтығы 1 термодинамикалық және 2 физикалық-химиялық жүйелер (ампула және балқыма) болып келеді.
Екі денелер жиынтығы: сол заттың ерітіндісімен контактідегі кристалл – бір физикалық-химиялық жүйе. Қатты және сұйық фазадағы (кристалды өсіру кезінде) бір зат.