Южного казахстана



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата30.03.2017
өлшемі5,98 Mb.
#10603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

                                                                    
RESUME 
 
Sagitova G. – Candidate of Technical Sciences, Associate Professor,  
Taiteliyeva A. - Candidate of Technical Sciences, Associate Professor,  
Kaldybayeva G. – Assistant Professor 
M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent 
 
Use of play forms at the chemistry lessons 
 
As a result of carried out investigations was made conclusion that offered in work hypothesis, on 
use game of scholastic process some forms at teaching the organic chemistry at secondary schools will 
allow raising the activity of schoolboys′ cognitive activity and their level of chemistry mastering. The 
playing form of lessons carrying out expects the collective cooperation of the teacher and schoolboys. 
Playing children learn to use their own knowledge and skills in practice, to use them in different con-
ditions. At formation of groups are taken into account level of schoolboys′ knowledge, directivity of 
their  interests  and  psychological  compatibility.  Chosen  method  of  lessons  carrying  out  promotes  to 
knowledge quality increase. 
 
 
 
ӘОЖ 37.091.3:004.738.1 
 
ЖЕЛІДЕ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІ  БІРІКТІРУДІ СТАНДАРТТАУ МӘСЕЛЕСІН 
ОҚЫТУ 
 
О.З. Сембиев - т.ғ.д.профессор, Н.Ж. Айтбаева - аға оқытушы  
 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ. 
 
Андатпа 
 
Мақалада  желідегі  компьютерлердің  жұмысын  ұйымдастыру  бойынша  жетістіктер,  
желідегі  компьютерлердің  жұмысын  оқытудағы  қиындықтар,  жалпы  желідегі  сервер-клиент 
жүйесі,  желі  материалдарынан  теориялық  мәліметтер  келтірілген.  Internet    желідегі 
компьютерлердің  ашық  әрекеттесу  жүйесінің  деңгейлері,  OSI  моделі  ашылып  жазылған. 
Деңгейлерге  сәйкес  желідегі  жұмыстар  сипатталған.  Компьютерлік  желіде,  жүйеде  және 
телекоммуникацияда қолданылатын оқу материалдары түсінікті түрде ашылған, оларды оқыту 
әдістемесі ұсынылған. 
 

 
47 
Кілттік сӛздер: интернет, TCP/IP протокол, OSI моделі, интерфейс, файлдық сервер.  
 
    
Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі - дүние жүзі елдерінің 
жергілікті және ғаламдық желілер арқылы арнайы қызмет кӛрсетуі. 
INTERNET  –  ауқымды  компьютерлік  желі  екендігі  белгілі.  Ол  ӛзіне  бірнеше 
мыңдаған  желілерді  біріктіреді.  Стандартты  TCP/IP  протоколын  қолданады.  Алайда 
интернет  құралдары  мен  желіде  компьютерлерді  біріктіруді  стандарттау  мәселесін 
оқыту - күрделі әрі қиын тақырыптардың бірі. Сондықтан, осы тақырыптарға қысқаша 
тоқталуды жӛн кӛрдік.  
Желі құруға қажетті құрылғылар 
1.
 
SQL –  сервер 
2.
 
DNS - сервер 
3.
 
WEB – почталық сервер 
4.
 
Интернет сервер 
5.
 
Файлдық сервер 
6.
 
FTP – сервер т.б. [1]. 
Желіде дербес компьютерлерді біріктіруді стандарттау мәселесімен айналысқан 
ұжымдар:  
1.
 
Халықаралық стандарттау ұжымы (ISO) – бұл ұжымы OSI эталондық моделін 
және OSI протоколдар жиынтығын құрастырған, т.б. 
2.
 
Американдық  ұлттық  стандарттау  институты  (ANSI)  –  коммуникациялық  
FDDI стандартын құрастырған, т.б. 
3.
 
Электронды  ӛндіріс  Қауымдастығы  (EIA)  -  RS232  электр  сигналдарын 
жӛнелту стандартын құрастырған, т.б.  
4.
 
Электротехника  және  электроника  инженерлерінің  институты  (IEE)  -  Lan  - 
локальды желілердің стандарттарын құрастырған, т.б. 
5.
 
Телеграф  және  телефонияның  Халықаралық  кеңес  беру  Комитеті  (CCTII)  - 
байланыс стандартын, кабель стандарттарын құрастырады, т.б. 
Интернет  желісі  (inter  –  халықаралық,  network  –  желі),  яғни  интернет  түрлі 
елдерді  және  миллиондаған  компьютерлерді  ӛзара  біріктіретін  халықаралық 
компьютерлік  желі.  Мұнда  интернетке  қосылған  компьютер  сервер  арқылы  желіге 
қосылған кез келген компьютерге түрлі мәлімет жібереді және ӛзіне жіберген мәліметті 
қабылдай  алады.  Интернеттің  артықшылығы  сол  түрлі  кӛлемде  әр  алуан  тақырып 
бойынша  ӛзінде  сақталуы  мәліметтерді  экран  бетіне  кӛрсетіп  бере  алады.  Мысалы, 
мәліметтер,  күнделікті  саяси  жаңалықтар,  қызмет  кӛрсету  мекемелерінің  адрестері, 
қашықтан оқуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және 
т.б.  
Провайдерлік  қызмет  –  бұл  қызметті  сол  аймақтың  әртүрлі  ақпараттық 
технологиялық  қызмет  кӛрсететін  компаниялары  ұсынады.  Мысалы:  интернетте 
доступ,  жүйелік  интеграциялау  т.б  ақпараттық  қызметті  Қазақстанда  Қазақтелеком 
ұсынады. 
Есептеуіш  желідегі  құрылғылардың  ӛзара  әрекеттестігі  күрделі  процесс.  Оның 
жүзеге асуы бір  – бірімен байланысқан проблемалар мен арнайы есептерді  шығаруды 
талап  етеді.  Әдетте  күрделі  проблеманы  бірнеше  бӛлікке  бӛліп,  яғни  бірнеше 
қарапайым  проблемаларға  бӛліп,    салыстырмалы  түрде  бӛліктің  қарапайым  есептерін 
шығаруға  алып  келуге  болады.  1980  жылдың  басында  ISO  халықаралық  стандарттау 
ұжымы OSI моделін жоғарыда айтылған принципке сәйкес құрастырған. 
Open  system  Interconet    (OSI  моделі)–  ашық  жүйелердің  ӛзара  әрекеттестік 
моделі. Бұл модель ақпаратты алмастырудың проблемасын кішігірім 7 мәселеге бӛліп, 

 
48 
оларды  шешуге  арналған.  Сондықтан  OSI  моделінің  7  деңгейі  қарастырылады.  Олар: 
физикалық, арналық, желілік, транспорттық, сеанстық, жариялаушы, қолданбалық [1]. 
Бұл компьютерлер арасында берілгендерді жӛнелту процесін сипаттайтын негізгі 
модель. Мұнда ӛзара әрекеттестік құралдары:  жүйелік  утилиттер, жүйелік ақпараттық 
құрылғылар  кӛмегімен  моделді  сипаттау  ашылған  7  деңгейдің  әрқайсысы 
салыстырмалы  түрде  бір  –  бірінен  тәуелсіз.  Әр  деңгей  ӛзара  әрекеттесуші  желілік 
құрылғылардың нақты функцияларын сипаттайды [2]. 
Барлық  деңгейлер  иерархиялық  жүйеге  біріктіріледі.  Онда  әрбір  сұраныс  бір 
деңгейде ӛңделе салысымен келесі деңгейге орындауға жӛнелтіледі.  Ақпараттар блогы 
деңгейлер арасында жӛнелтілетіндіктен ӛзіндік стандартты  форматта болады. Блокта, 
яғни  оның  стандартты  форматында,  тақырыптық  қызметтік  ақпараттық:  ақпараттың 
кӛлемі,  жӛнелтушінің  адресі,  қабылдаушының  адресі,  ақпараттың  соңы  туралы  белгі, 
т.б.  маңызды  ақпараттар  болады.  Бұл  блокты  келесі  деңгейге  жӛнелтерде  әр  деңгей 
ӛзінің тақырыбын қояды. Ол келесі деңгейге блоктың мәліметі болып қабылданады. Әр 
деңгей ӛзінің функциясына сәйкес ақпаратты ӛңдейді. Мысалы, шифрлайды. 
Тӛмендегі деңгейден жоғарғы деңгейге ӛткенде (қабылданған) қосылған ақпарат 
келесі  компьютерде  тӛменгі  деңгейге  ӛткенде  алынып  тасталады.  Мысалы,  қайта 
шифрланады (дешифрланады). 
Деңгейлердегі  процестерге  толығырақ  тоқталайық.  Қосымшаны  құру  процесі 
қолданбалы  деңгейде  басталады.  Сонымен,  қосымша  сұраныс  арқылы  қолданбалы 
деңгейге,  мысалы,  файлдық  қызметке  хабарлассын.  Осы  сұраныстың  негізінде 
қолданбалы  деңгейдің  программалық  жабдықтауы  стандартты  форматты  хабарлама 
даярлайды.  Қарапайым  хабарлама  тақырыптан  және  деректер  ӛрісінен  тұрады. 
Тақырып  қандай  жұмыс  атқарылуы  қажеттілігі  жайлы  компьютер-адресаттың 
қолданбалы  деңгейіне  арналған,  желі  арқылы  жіберілуге  тиісті  ақпараттан  тұрады. 
Хабарлама  құрылғаннан  кейін  қолданбалы  деңгей  оны  стек  арқылы  тӛменгі 
Жариялаушы  деңгейіне  жібереді.  Жариялаушы  деңгейінің  хаттамасы  қолданбалы 
деңгейдің  қосқан  тақырыбында  жазылған  ақпарат  негізінде  әрекеттерді  орындап, 
хабарламаға ӛзінің жеке ақпаратын, яғни Жариялаушы деңгейінің тақырыбын қосады. 
Осының нәтижесінде алынған  хабарлама тӛменгі Сеанстық  деңгейге жіберіледі, ол ӛз 
кезегінде  ӛзінің  жеке  тақырыбын  қосады  т.с.с.  Соңында  хабарлама  ең  тӛменгі 
Физикалық  деңгейге  жеткенде,  ол  байланыс  жолдары  арқылы  компьютер-адресатқа 
жіберіледі.  Бұған  дейін  хабарламаның  кӛлемі  ӛсті,  себебі  әрбір  деңгейде  тақырыптар 
қосылды. Желі арқылы компьютер-адресатқа жеткен хабарламаны ол ӛзінің Физикалық 
деңгейі арқылы қабылдайды да, жоғары қарай бір деңгейден екінші деңгейге тізбектей 
жылжытады.  Әрбір  деңгей  ӛзіне  арналған  ӛз  деңгейінің  тақырыбын  талдап,  онда 
кӛрсетілген  функцияларды  орындайды,  содан  кейін  ол  тақырып  жойылып  барып  
хабарлама келесі жоғары жатқан деңгейге жӛнелтіледі. 
OSI  моделі  соңғы  қолданушылардың  қосымшаларының  ӛзара  әрекеттесуін 
қарастырмайды. Қосымшалар жүйелік жабдықтардың кӛмегімен ӛздерінің әрекеттесуін 
жеке  хаттамалар  кӛмегімен  орындайды.  Сондықтан  да  қосымшалардың  және  қолдан-
балы деңгейдің әрекеттесулерін бӛліп қарастыру қажет. 
Желі арқылы берілгендерді жӛнелту процесі 6 компонентпен анықталады: 
 
Жӛнелтуші компьютер 
 
Протоколдар блогы 
 
Жӛнелткіш 
 
Физикалық кабельдер 
 
Қабылдағыш 
 
Адресат компьютер 

 
49 
Берілгендерді  жӛнелту  процесінде  протоколдар  блогы  желі  арқылы  жӛнелтуді 
доступ  схемасымен  басқарады.  Кӛп  қолданылатын  доступтың  түрі  –  маркерлі  доступ. 
Мұнда  компьютер  абонент  қандай  да  бір  уақыт  аралығында  берілгендерді  жӛнелтуге 
құқық  берілгендігін  маркер  сигнал  арқылы  алады.  Кейін  маркер  басқа  абонентке 
беріледі. 
Конкуренттік  әдісте  абонент  линияның  бос  екендігін  байқаса  берілгендерді 
жӛнелте  береді.  Ал,  бос  емес  жағдайда  жӛнелтуді  қандай  да  бір  уақытқа  қалдыра 
тұрады.  
Физикалық деңгей (Physical layer) - OSI моделінің ең тӛменгі деңгейі. Бұл деңгей 
құрылымдық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқылы (мысалы, 
желілік  кабель)  жібереді.  Мұнда  интерфейспен  кабель  арқылы  электрлік,  оптикалық, 
механикалық  және  функционалдық  байланыс  орнатылады.  Физикалық  деңгей  ӛзінен 
жоғары  жатқан  барлық  деңгейлерден  түсетін  деректерді  тасымалдайтын  сигналдарды 
құрады.  Бұл  деңгейде  желілік  кабель  мен  желілік  адаптер  тақшасының  қосылу  тәсілі 
және  де  желілік  кабель  арқылы  деректерді  жіберу  тәсілі  де  анықталады.  Физикалық 
деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0 мен 1) жіберуге арналған. Бұл деңгей 
деректерді  кодтауға,  биттерді  синхронизациялауға  жауап  береді.  Физикалық  деңгей 
желілік кабель арқылы жіберілетін әрбір биттің ұзақтығын және оның сәйкес электрлік 
немесе  оптикалық  импульсқа  кӛшірілуін  орнатады.  Бұл  деңгейде  сонымен  қатар  ра-
зъемдердің  типтері  анықталып,  әрбір  қосылыс  тағайындалады.  Сонымен,  мұнда 
мәліметтерді  жӛнелтетін  электр  сигналдарының  сипаттамалары,  байланыстың 
физикалық  каналы  сипаттамалары,  әрбір  контактіге  тағайындалған  разъемдар  типі 
анықталады.  Физикалық  байланыс  каналы  мәліметтердің  биттерін  жӛнелтуді 
сипаттайды. 
Арналық деңгей (Data Link layer)– екі мәселені шешеді: 
1.
 
Берілгендерді жӛнелту ортасының қол жетімділігін (доступность) анықтайды. 
2.
 
Қателіктерді тауып алу және жӛндеу механизмін анықтайды. 
Арналық  деңгейдің    мақсаттарының  бірі  ортаның  бостығын  анықтау  болып 
табылады. Ол үшін арналық деңгейде биттер кадрлар деп аталатын топтарға  біріктірі-
леді.  Арналық  деңгей  кадрларды  (frames)  желілік  деңгейден  физикалық  деңгейге 
жібереді.  Кадрлар  деректерді  орналастыруға  арналған  логикалық  ұйымдасқан 
құрылым.  Жӛнелтуші  компьютердің  арналық  деңгейі  физикалық  деңгейден  түскен 
биттердің  ағымын  деректердің  кадрларына  біріктіреді.  Арналық  деңгей  физикалық 
деңгейдің  кӛмегімен  кадрлардың  дәл  жеткізілуін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  желілік 
деңгейге  деректерді  жіберуді  желілік бірігу  арқылы  қатесіз  оқуға  мүмкіндік  жасайды. 
Арналық  деңгей  кадрларды  жіберген  кезде  қабылдаушы-компьютер  жағынан  оның 
дұрыс алынғанын растауды күтеді. Қабылдаушының арналық деңгейі мүмкін қателерді 
тексереді.  Жіберу  барысында  ӛзгерген  немесе  оларды  қабылдағаны  жайлы  хабарлама 
түспеген кадрлар қайта жіберіледі. Дегенмен, кез-келген топологиялар мен желілік тех-
нологиялар үшін  желілердегі хабарламаларды сапалы тасымалдауға арналық деңгейдің 
атқаратын функциясы жеткіліксіз болады, сондықтан да ОSI моделінде бұл тапсырма-
ны соңына дейін жеткізу желілік және транспорттық деңгейлерге жүктеледі. 
Желілік деңгей (Network layer). Желілік деңгей хабарламаларды адрестеуге және 
логикалық  адрестер  мен  атауларды  физикалық  адрестерге  алмастырумен  айналысады. 
Нақты желілік шарттарға, қызметтер үстемділігіне және басқа факторларға байланысты 
жӛнелтуші мен қабылдаушы компьютерлер арасындағы бағыт анықталады. Пакеттерді 
коммутациялау,  бағыттау  және  шектеу  сияқты  желілік  графикке  байланысты  туатын 
проблемалар  да  осы  деңгейде  шешіледі.  Егер  бағыттауыштың    желілік  адаптері  
деректердің  үлкен  бӛліктерін  жібере  алмаса,  желілік  деңгейде  ол  бӛліктер 

 
50 
бӛлшектенеді. Ал қабылдаушы компьютердің желілік деңгейі оларды жинап, алғашқы 
қалпына келтіреді. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады. 
Транспорттық  деңгей  (Transport  layer).  Жӛнелтушіден  қабылдаушыға  барар 
жолда  пакеттер  ӛзгеріске  ұшырауы,  типті  жоғалып  кетуі  де  мүмкін.  Транспорттық 
деңгей  пакеттердің  ӛз  адресатына  тізбектей,  жоғалмай,  қайталанбай,  қатесіз  жетуін 
қамтамасыз  етеді.  Ұзын  хабарламалар  бірнеше  пакеттерге  бӛлінеді  де,  қысқалары  бір 
пакетке  біріктіріледі.  Қабылдаушы  компьютердің  транспорттық  деңгейінде 
хабарламалар  ашылып,  алғашқы  қалпына  келеді  де  олардың  дұрыс  жеткендігі  жайлы 
сигналдар жіберіледі. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді, 
пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын проблемаларды шешумен айналысады
Сеанстық  деңгей  (Session  layer).  Әртүрлі  компьютерлердегі  екі  қосымша  үшін 
сеанс  деп  аталатын  қосылысты  құрады,  пайдаланады  және  біріктіруді  аяқтайды.  Бұл 
деңгейде  желідегі  екі  қосымша  арасында  байланысқа  қажетті  атауларды  түсіну  және 
қорғау  орындалады.  Осы  деңгейде  қолданушылар  тапсырмаларын  деректер 
ағындарының  арасына  бақылаушы  нүктелер  деп  аталатын  нүктелерді  қою  арқылы 
синхронизациялау жүзеге асырылады. Сонымен, желілік қателік туған жағдайда, соңғы 
бақылау  нүктесінен  кейін  орналасқан  деректерді  ғана  қайталап  жіберу  қажет  болады. 
Бұл деңгейде ӛзара әсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай 
жақтан орындалып жатқандығы, қашан және қанша уақытқа созылатындығын анықтау 
жүзеге асырылады. 
Жариялаушы  деңгейі  (Presentation  layer).  Бұл  деңгей  желілік  компьютерлер 
арасында  деректер  алмасуда  қолданылатын  форматтарды  анықтайды.  Бұл  деңгейді 
аудармашы десек те болады. Жӛнелтуші компьютердегі қолданбалы деңгейден түскен 
деректер  бұл  қадамда  жалпыға  бірдей  аралық  формат  түріне  кӛшеді.  Қабылдаушы 
компьютердегі  сәйкес  деңгейде  ол  деректер  аралық  форматтан  сол  компьютердің 
қолданбалы деңгейінде пайдаланылатын формат түріне кӛшіреді. Жариялаушы деңгей 
хаттамаларды  түрлендіруге,  деректерді  таратуға,  оларды  шифрлеуге,  қолданылатын 
символдар  тобын  ауыстыруға  немесе  ӛзгертуге  (кодтау  кестесі)  графикалық 
бұйрықтарды  кеңейтуге  қатысады.  Жариялаушы  деңгей  жіберілетін  биттер  санын 
азайту үшін деректерді сығуға да қатысады.  
Қолданбалы  деңгей  (Application  layer).  Бұл  OSI  моделінің  ең  жоғарғы  деңгейі. 
Бұл  деңгей  қолданушы  қосымшаларын  тікелей  қолдайды  және  файлдарды  жіберуші 
программалық  жабдықтау,  мәліметтер  қорларын  пайдалану,  электрондық  почта, 
гипермәтіндік  Web-сияқты  қызмет  түрлерін  кӛрсетеді.  Тӛменде  орналасқан  деңгейлер 
қолданбалы  деңгейде  орындалатын  тапсырмаларды  қолдайды.  Қолданбалы  деңгей 
желіге  жалпы  енуді,  деректер  ағындарын,  қателерді  ӛңдеуді  басқарады.  Қолданбалы 
деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар (message) деп аталады.  
TCP/IP  хаттамасы  -  әртекті  желілердің  бірлесе  жұмыс  жасауына  арнап 
құрастырылған. Алғаш рет ол UNIX операциялық жүйесінде қолданыс тапқан және кең 
тараған.  Ал  қазір  интернет  желісінің  компьютерлерін  байланыстыруға  және 
корпоративті  желілерді  байланыстыруға  қолданылады.  Локальді  желінің  базалық 
технологияларының  барлығында  қолданыла  береді.  Оның  тӛрт  деңгейі  бар  екендігі 
туралы  айтылған:  1.Қолданбалы  деңгей.  2)  Негізгі  деңгей    3)Желі  аралық  әрекеттер 
деңгейі 4) Желілік интерфейстер деңгейі. [2] 
1.
 
Қолданбалы  деңгей.  Мына  қызмет  түрлері  жинақталған:  қолданушыға, 
қолданушы  қосымшаларына  желілік  сервис  қызметтерін  кӛрсетеді:  TelNet,  FTP,  DNS, 
HTTP, т.б. 
2.
 
Негізгі  деңгей  –  берілгендер  пакетін  сенімді  жеткізуді  және  олардың 
бүтіндігін,  реттілігін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  деңгейде  жӛнелтілген  берілгендер 

 
51 
сегменттерге  бӛлініп,  тӛмендегі  деңгейге  ӛткізіледі.  Негізгі  деңгейдің  жұмысын  TСP 
протоколы орындайды. TСP – Transmmission Control Protocol - OSI моделінің сеанстық 
және транспорттық деңгейлерінің функцияларын орындайды. TСP - жӛнелтуді басқару 
хаттамасы. 
3.
 
Желі  аралық  әрекеттер  деңгейі  протоколы  -  IP  интернет  протоколы.  Ол 
берілгендерді,  пакеттерді  жӛнелту  протоколы.  Бұл  протокол  құрама  желілерде,  яғни 
локальді  желі  де  бар,  глобальді  желі  де  бар  тұстарда  берілгендер  пакетін  жӛнелтуді 
қамтамасыз  етеді.  Бұл  деңгейде  қосымша  маршруттау  протоколы,  мысалы,  RIP  – 
Routing  IP,  OSPF  –  OpenShortest  Path  First  протоколдары  қолданылады.  OSI  моделінің 
желілік деңгейіне сәйкес келеді. 
4.
 
Желілік интерфейстер деңгейі – қосылатын  желіде кез  – келген технология 
қолданыс  табуы  мүмкін  болғандықтан,  құрамдас  желіге  сәйкестендірілген  интерфейті 
анықтайды.  Әрбір  желілік  технология  үшін  протоколдар  құрастырылады.  Ол 
протоколдар қолданатын технологияға IP пакеті кадрлары түрінде тіркеледі. Бұл деңгей 
OSI  моделінің  физикалық  және  каналдық  деңгейіне  сәйкес  келеді.  Бұл 
сәйкестендірулер шартты түрде ғана қажет. 
ІР адресінің көмегімен маршруттау. ІР - желінің негізінде болған  маршруттық 
таңдау,  яғни  пакеттің  желі  арасында  бір-біріне  берілуі.  Ең  алдымен  фактіге  кӛңіл 
аудару, тек қана маршрутизаторлар емес, сонымен бірге компьютердің шеткі түйіндері 
маршрутты  таңдауы  керек.  Маршрут  ұзындығы  компьютер  ӛзінің  пакетін  серверге 
жіберуді таңдауына, тәуелділігіне қарай ӛзгереді. Бұл протокол құрама желілерде, яғни 
локальді  желі  де  бар,  глобальді  желіде  бар  тұстарда  берілгендер  пакетін  жӛнелтуді 
қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде қосымша маршруттау протоколы. Мыс: RIP  – Routing 
IP, OSPF – OpenShortest Path First  протоколдары қолданылады. OESI модемнің желілік 
деңгейіне сәйкес келеді.  
Әрбір интернетке қосылған желіні басқа компьютерлермен байланыстыру үшін 
TCP/IP  протоколын  қолданатын  компьютер  хост  деп  аталады.  Әр  хостты 
идентификациялау үшін адрестеудің 2 тәсілі қолданылады [3]: 
1.
 
IP  адрес  атауы  -  телефон  нӛміріне  аналогты  түрде  сәйкес  келетін  адрес,  ол 
провайдердің белгілеуімен ондық цифрлардың кез келген түрлі тобының жиынтығынан 
тұрады.  Мысалы,  123.47.91.67.  Әрбір  топтағы  сан  нӛлден  255-ке  дейінгі  мәндерді 
қабылдай  алады.  Телефон  сияқты  интернеттегі  әрбір  компьютердің  ӛзінің  IP  адресі 
болады. 
2.
 
Домендік  атаулар  жүйесі  деп  аталатын  DNS  атау  арқылы  компьютерді 
идентификациялау. Толық домендік атау бірнеше қарапайым домендерде нүкте арқылы 
ажыратылып  жинақталады. Әрбір қарапайым  домен бірнеше команданың жиынтығын 
сипаттайды. Адрестегі әр домен ішкі домендер жиынтығын қамтиды. Kz - елдің домені, 
яғни  Қазақстанның  барлық  сайттары,  Ru  -  Россия,  Sa  -  Канада,    Fr  –  Франция,  т.с.с. 
Елдердің  домені  интернет  халықаралық  ұжымында  тіркелген.  SMTP  -  электронды 
почта жүйесін қамтитын домен. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1
 
Компьютерные системы и сети / под ред. В.П.Косарева, Л.В.Еремина. -М.: Финансы и 
статистика, 1999. - С.156-204. 
2
 
Ларионов А.М., Майоров С.А., Новиков Г.И. Вычислительные комплексы, системы и 
сети. - Л.: Энергоатомиздат, 1987. –С.101-102. 
3
 
Дженнингс  Ф.  Практическая  передача  данных:  Модемы,  сети  и  протоколы  /  пер.  с 
анг. –М.: Мир, 1989. -272 с. 
 

 
52 
РЕЗЮМЕ 
 
Сембиев О.З. - д.т.н., профессор, Айтбаева Н.Ж. - ст.преподаватель  
ЮКГУ им.М.Ауэзова, г.Шымкент  
 
Проблемы в обучении стандартизации взаимодействия компьютеров в сети 
 
В  статье  даны  теоретические  и  методические  материалы  организации  работы 
компьютеров  в  сети,  взаимодействие  компьютеров,  материалы  по  системе  клиент-сервер. 
Перечислены проблемы в их обучении. Приведены уровни открытой системы взаимодействия 
компьютеров  в  интернет  сети  и    модель  OSI.  Раскрываются  методы  и  методика  применения 
учебных  материалов  по  открытой  системе  взаимодействия  компьютеров  при  обучении 
компьютерным и вычислительным сетям, системам и телекоммуникациям.  
 
 
RESUME 
 
Sembiev O.Z.  - Doctor of Technical Sciences, Professor, Aitbayeva N.Zh. – Assistant Professor 
M.Auezov  South Kazakhstan State University, Shymkent   
 
 The problems and standardization teaching of computer integration 
  
The achievement of internet using and teaching problems of standardization of computers in-
tegration to wire and appliance of network connect is considered in this article. The problem are used 
in appliance of computers in internet and computers of corporative network and also pays attention to 
interconnected problems and decision of special tasks through computer nets.  
 
 
 
ӘОЖ 008:177.3 
 
Қ.А.ЯССАУИДІҢ ІЛІМІНДЕГІ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІКТІК ТӘРБИЕ 
МӘСЕЛЕСІ 
 
И.Б.Сихымбаев - п.ғ.д., профессор, Ә.С.Еркінбекова - магистрант 
С. Периева - п.ғ.д., профессор 
 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ. 
Университет «Анкара», Анкара қ., Түркия Республикасы 
 
                                                                               Аңдатпа      
 
Мақалада  Қ.А.Яссауидің  рухани-адамгершіліктік  кӛзқарастары  қарастырылады. 
Қ.А.Яссауидің  рухани-адамгершіліктік  мұралары  –  қазіргі жас  ұрпаққа  рухани  бағдар  беретін 
ілім.  Қ.А.Яссауидің  этикалық  тұжырымдамасында  руханилық  пен  адамгершілік  –  тұлғада 
құндылықтық  ұстанымдарды  қалыптастырудың  рухани  негізі  болып  табылады.  Яссауи  ілімін 
бірыңғай  діни-мистикалық  ілім  ретінде  ғана  емес,  бүкіл  түркі  халқының  дүниетанымын 
қалыптастыруда  маңызды  рӛл  атқарған  рухани-моральдық  ілім  ретінде  қарастыру  қажет. 
Яссауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қорытып, оны ислам қағидаларымен үйлестіріп, 
қазіргі  кезеңде  де  жастарды  тәрбиелеуде  ӛзекті  болып  табылатын  рухани  тазалыққа, 
ынтымаққа,  толеранттылыққа,  патриотизмге,  халқына  қызмет  ету  мен  әділдікке, 
бауырмалдыққа, қонақжайлылыққа шақыратын біртұтас жалпыадамзаттық ілімге айналдырды.       
 

 
53 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет