ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Әлібек Ә. Кітапхана және оқырман талабы // Кітапхана әлемі. – 2003. - № 2. – Б.4-5.
2
Түсіпбекұлы Т. Жергілікті билік және кітапхана // Кітапхана әлемі. –2003.-№2.–Б.6-8.
3
Авраева Ю.Б., Очирова Э.С. Библиотеки, методические центры: инициаторы
профессионального развития: научно-практическое пособие. - М.: Литера, 2009. - 96 с.
4
Үмбетова А. Мәдениеттің мәйегі – кітапхана //Егемен Қазақстан, 2000, қаңтар 6.-Б. 3.
5
Библиотеки Казахстана ХХІ века: //Материалы ІІ съезда библиотечных работников
Республики Казахстан. 1998 октябрь 15-17. – Алматы, 1999. – 164 с.
РЕЗЮМЕ
Тоиева М.Е. - магистрант, Сихымбаев И.Б. – д.п.н., профессор
ЮКГУ им.М.Ауэзова, г.Шымкент
Современные требования к профессиональным качествам библиотечных работников
В статье рассматривается современное состояние библиотек и библиотечного дела, и,
как следствие, требования, предъявляемые сегодня жизнью к профессиональным качествам и
роли библиотечных работников. При подготовке будущих специалистов, преподаватели
библиотечного дела обязаны научить их выполнять следующие требования: умение
61
проктировать, конструктировать, организовывать, а также быть коммуникабельными и т.д. На
наш взгляд, в сегодняшних условиях услуги, а, следовательно, деятельность библиотек и биб-
лиотечных работников должна быть направлена на постоянный поиск собственной ниши в ка-
чественно изменившемся и непредсказуемо меняющемся каждый день информационном про-
странстве. Такое ограничение профессиональных и культурных функций библиотек и библио-
текарей неоправданно, но, несомненно, эти функции приобретают в работе современного биб-
лиотекаря значительную роль.
RESUME
Toieva M. – MA student, Sihimbaev I. - Doctor of Pedagogical Sciences, Professor
M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent
The main requirements of forming professional qualities of modern librarians
The conditions of nowadays libraries and library study, and as cons, demands to the profes-
sional qualities and the role of library workers are considered in this paper. Also during the prepara-
tion of future specialists the library study workers must consider the following requirements: the abili-
ty to make project, construction, to be organized and communicative, etc. Today, the activity of li-
brary workers must function according to the changing day by day information space, as these suctions
play the significant role in the activity of a modern library worker.
ӘОЖ 37.013.75:371(574)
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ МЕКТЕП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҤДЕРІСІ
ДАМУЫНА ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ
А.С.Шилибекова - п.ғ.к., доцент м.а., Ж.С.Асабаева - мұғалім
Тараз мемлекеттік педагогикалық инстиуты,
№ 47 орта мектебі, Тараз қ.
Аңдатпа
Бұл мақалада эксперименталдық мектеп оқу-тәрбие үдерісінің технологиялық құру
сұрақтары қарастырылған. Жаңа педагогикалық жүйе құру барысында ғалымдармен
әдістемелік мәнді бағдардың патенттік ізденісі орын табады. Эксперименталдық топтың кейінгі
ғылыми ізденістері проблеманы нақтылап, жұмыс болжамын құрып, оны ғылыми эксперимент
негізінде тексеріп, инновациялық оқу-тәрбие ортасын құруға мүмкүндік тудырды.
Педагогикалық эксперименттің мектеп оқу үдерісіне даму ықпалын түсіну оқушыларға, ата-
аналарға, мұғалімдерге тәжірибелік кӛмек кӛрсетуге мүмкүндік береді.
Кілтті сӛздер: эксперименталдық іс-әрекет, мектептегі эксперименттік жұмыс, педагогикалық
менеджмент.
Қазіргі уақытта білім беру саласы, еркін кӛпмӛлшерлі мәдени шығармашылық
кеңістігі ретінде қарастырылады. Жаңашыл мұғалімдер ӛз кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеті шеңберінде білім беру сапасы жоғарылануына жағдай жасап, ғылыми-
тәжірибелік міндеттерді шешу бағытында ашық білім беру кеңістігінің мүмкіндіктерін
кеңінен қолдануына сұраныс туып отыр. Шешім қабылдаудағы тәуелсіздік пен
62
дербестік, педагогикалық іс-әрекетіндегі соңғы нәтижелікке бағыттануы бүгінгі
реформалау жағдайда білім беру мекемелеріндегі эксперименталдық іс-әрекетті
күшеюіне алғышарт туғызады. Құпия емес, соңғы кездері ғылыми-педагогикалық
жұртшылықтың жетістіктері мен білім беру мекемелеріндегі шынайы тәжірибе
арасында бірқатар алшақтық орындалды. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде
эксперименталдық іс-әрекеттің іске асуы ғылыми-шығармашылық әдіснамасының
негізгі кезеңі болып табылады. Бұл кейін ғылыми-педагогикалық таным сапасын
артуына және білім беру кеңістігі дамуының ережелері мен қонымды заңдылықтарын
айқындау үрдісінің едәуір негізі болуы мүмкін.
Педагогикалық эксперимент бұл эксперименттің ерекше түрі, оның міндеті
ұйымдастырушылық және оқу-тәрбие үдерісінде қолданатын енгізілімдердің
салыстырмалы тиімділігін анықтау. Педагогикалық зерттеу іс-әрекеті басқа түрлерінен
келесімен айырылады [1]:
- қиял нысандармен ойша эксперимент жүргізу мүмкіндік тудыратын
шығармашылық бӛлімі бар;
- нәтижесінде маңызды қағидалары, заңдылықтары, шарттары ретінде белгіленген
жалпылама кӛріністер мен үрдістердің мағыналы мінездемелерін анықтауға
бағытталған;
- зерттеушіге міндетті түрде табысқа алып келетін жолдары берілмеген,
белгіленген мәселенің шешімін әдебиеттерде, жақын аясында да табу мүмкін емес;
- зерттеушінің алдында күрделі ғылыми мәселе туындайды, сонымен қатар, ол
ақпараттың жеткіліксіздігімен және ғылыми іздену бағытының белгісіздігімен
кездеседі, оған дейінгі зерттеу құралдары белгіленген мәселені шешуге адекватты емес
болып табылады. Бұл қарама-қайшылық зерттеушіде шығармашылық жағдай
тудырады.
Жамбыл облысы аумағында 2008 жылдан бастап № 47 орта мектебінде Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдарымен ортақтасып «Тәрбие
кеңістігі – оқушы білімінің сапасын дамыту шарты» атты эксперименталдық жұмыс
табысты атқарылуда. Эксперимент тақырыбы ӛте кӛкейкесті, ӛйткені мұнда ҚР 2010-
2020 жж білім беру дамыту Мемлекеттік бағдарламасының [2] негізгі бағыттарына
сәйкес, маңызды кӛңіл, балалардың интеллектуалдық даму мен тәрбие, мұғалімдердің
іс-әрекетін қарқындату жолдары мен құралдарын айқындау мәселесіне бӛлінеді.
Педагогикалық эксперименттің негізгі мақсаты - тәрбиелеу ресурсының
дәстүрлі кӛздерін қолдана отырып, жаңа тұрпатты мектеп оқушысына бейімделген
тәрбие кеңістігін құру арқылы, оқушылардың білім сапасын арттыру.
Педагогикалық эксперимент келесі бағыттарда жүзеге асырылды:
оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз
ететін тәрбие кеңістігін құру;
балалардың шығармашылық қабілеттері мен ӛзіндік танымын жүзеге асыра-
тын, Қазақстандық азаматтықты қалыптастыратын, қоғамдық сананы дамытатын,
кәсіби бейімділікті анықтайтын тиімді тәрбие жүйесін құру;
жаңа ақпараттық технологиялар мен педагогикалық технологияларды еркін
игеруді қамтамасыз ететін, оқушының жеке басын дамытуға бағытталған білім сапа-
сын дамыту жүйесін құру.
Мектептегі эксперименталдық жұмыс кӛпшіліктің сұранысына сәйкестеніп
оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге тәжірибелік кӛмек кӛрсетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық эксперименттің әсері 1 кестеде келтірілген.
1 кесте – Педагогикалық эксперименттің мектеп оқу үдерісіне даму ықпалын түсіну
63
Ықпал саласы
Ықпал қҧралдары
Ықпал мазмҧны
О
қу
ш
ы
л
ар
Оқушылардың
оқуға деген
кӛзқарасы
-сыни тұрғыдан ойлау техно-
логиясы;
- таңдау және қолданбалы
курстары;
- үйірме жұмыстары;
- жүйелі әлеуметтік-
психологиялық
диагностикалық кескіндері;
- ақтау жобалары
Білімді түсінік, сыни тұрғыдан
ойлау стратегиялары арқылы
дамыту, үдерісті түзетуге
мүмкіндік тудыратын шапшаң
кері байланыс орнату.
Оқушылардың әлеуметтік-
эмоционалдық қажеттіліктерін
ескере отырып, оқу-тәрбие
үдерісіне тарту, оқушылардың
ӛзін-ӛзі басқару.
Оқушылардың
тәртібі мен ӛзін-ӛзі
бағалауы
Мҧғ
ал
ім
дер
Оқу іс-әрекетін
жоспарлау және
ӛткізу
-нұсқаулық колдау және
кеңес беру;
- семинарлар, дӛңгелек
үстелдер, тренингтер;
- «Педагогикалық шеберлік
және педагогикалық
инновация», «Мұғалімдердің
зерттеу мәдениетін
қалыптастыру» арнайы
курстары.
Мұғалімнің күнделікті
жұмысындағы оқыту
мақсаттарын нақтылау.
Сабақтарды педагогикалық
инновациялық технологияларына
және сыни тұрғыдан ойлау
стратегияларына сәйкес
жоспарлау.
Нәтижеге бағытталған үнемі
ӛзгеріп отыратын оқыту
шарттары.
Педагогикалық
ұжымның кәсіби
дамуы
Ме
ктеп
Оқушылардың
ғылыми-зерттеу іс-
әрекетін
ұйымдастыру
- оқушылардың оқу-
әдістемелік жетістіктерін
бақылау жүйесі;
- «Отбасы институтының»
инновациялық құрылымы;
- «Қазіргі отбасы тәрбиесі»
атты бағдарлама енгізу;
- үйірме жұмысының
икемділігі, сабақтастық
ӛзгешелігі;
- диагностикалық және
бақылаушылық іс-шаралар
жиынтығы.
Педагогикалық жүйенің сыртқы
(отбасы, әлеуметтік институттар
мен ұйымдар) және ішкі
факторларының қатынасын
анықтау және реттеу.
Шапшаң кері байланыстың
мәліметтері негізінде
педагогикалық үдерісті түзету.
Оқу үрдісінде оқушылардың
білім, іскерлік және дағдылардың
қалыптастыру сапасын,
тәрбиелік іс-шаралардың
жетістіктері мен нәтижелерін,
аталған екі үдерістің қарым-
қатынастық ықпалын үнемі
бақылау.
Сабақтан тыс іс-
әрекеттің жүйесі
Ата-ана мен мектеп
ынтымақтасуының
дамуы
Мектептегі
оқиғалардың
барысы
Аталмыш эксперименталдық іс -әрекет оқытушылардың қазіргі күндегі ӛте
маңызды болып табылатын кәсіби жетілуіне ұмтылысты кӛрсетеді.
Эксперименталдық іс-әрекеттің едәуір түрткісі болып мектеп базасында 2007-
2009 жж. мамандармен ӛткізілген екі жылдық диагностикалық эксперименттің
социометриялық және психологиялық-педагогикалық ӛлшемдерінің нәтижелері
табылды. Бақылаудың түрлі формаларында (сауалнама, кескіндер, оқушының
әлеуметтік портреті, үлгерім мен тәрбиелілік деңгейі т.б.) толық оқушылар
контингентімен 102 мұғалім қатысты. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде № 47 орта
мектебінде білім алатын 1288 оқушының әлеуметтік ортасы ӛте күрделі деп танылды.
36 оқушы Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, 271 оқушының
тұрмыс жағдайлары ӛте тӛмен, 48%-ы жалғыз басты отбасынан, 24,5%-ы кӛп балалы
отбасынан, 53%-ның ата-анасы жұмыссыздар, 4,5%-ы мүгедектер отбасынан. 2007-
64
2008, 2008-2009 оқу жылдарында үлгерім қӛрсеткіштері орта деңгейден тӛмен деп
тіркелген.
Сонымен қатар, бұл шағын ауданда балалардың бос уақытын үнемдейтін
ұйымдар болмағандықтан, құқық бұзушылық фактілері жиі кездесетін болды.
Эксперименталдық топтың кейінгі ғылыми ізденістері проблеманы нақтылап, жұмыс
болжамын құрып, оны ғылыми эксперимент негізінде тексеріп, инновациялық тәрбие
кеңістігін құруға мүмкіндік тудырды.
Жаңа педагогикалық жүйе құру барысында ғалымдардың әдістемелік мәнді
бағдардың патенттік ізденісі орын тапты. Талдау шеңберінде отандық және шетелдік
тиімді оқу-тәрбие кеңістігін құру тәжірибесі жалпыланды (
Б
.Блум, Дж.Кэрролл,
Ю.К.Бабанский,
И.Я.Лернер,
М.Н.Скаткин,
В.А.Сластенин,
К.Қожахметова,
С.Ұзақбаев т.б.), олардың оқыту міндеттеріне сәйкес тізбесі жасалынды, "мұғалім-
оқушы-ата-ана" жүйесіндегі мұғалімнің іс-әрекеті талдаудан ӛтті, тәрбие ортасын
жүйелі жобалау қағидалары қарастырылып, оқыту жүйесіне деген талаптар
айқындалып іске асу жолдары кӛрсетілді. Осы аталған бағыттарды зерттеушілер оқыту
мен тәрбиенің ғылыми негіздері ретінде басшылыққа алды.
Эксперименттік іс-әрекеттің ӛзгешілігі болып оның прагматикалық жағы
табылады. Ғалымдар мектептің педагогикалық үдерісін талдаумен шектелмей, жаңа
білім беру технологияларын енгізу арқасында аталған үдерісті жақсарту жолдарын
кӛрсетіп, тәжірибе ісінде оны жетілдірді.
Эксперименталдық іс-әрекетінде тәрбие кеңістігінің 2 – дәстүрлі және
эксперименталдық нобайы қолданылған, технологиялық негізінде құрастырылған
жүйелерінің ерекшеліктері кӛрсетілген. Эксперименталдық нобайының негізгі
нәтижелі бағыттары болып:
1. Әлеуметтік қорғансыз балалар топтарына қолдау көрсетудің
психологиялық-педагогикалық ұстанымдарын жасау сұрақтары, оқыту барысында
бӛгеулерді жеңіп шығуға бағытталған тәрбие кеңістігін құру. Үлкен кӛңіл оқушы
тұлғасын диагностикалау әдістеріне, белсенді қарым-қатынас құру жолдарына, дербес
оқыту траекториясы құрылуына, сабақтан тыс уақыттағы іскерліктер мен дағдылардың
сипаттамасына, әлеуметтік-психологиялық жаттығулар ӛткізу әдістемелеріне, білім
алушыларды басқару, бақылау, бағалау әдістеріне бӛлінді. Жұмыс нәтижелері мектеп
психологтары, әдіскер психолог, әлеуметтік педагог іс-әрекеттеріне сәйкес талданды.
Аталмыш контексте диагностикалық кесіндер, «Тәлімгерлік сайыс», «Бәйге» т.с.с.
ақтау жобалары іске асты.
2. Оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру жұмысының жүйесін
құру мен іске асыру бағыты. 12 жылдық білім беру жүйесіне байланысты мектепте
білім алушылардың зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру 2-10 сыныптар аралығында
«Зерттеу мәдениетін қалыптастыру», «Зерттеу және жобалау іс-әрекеттерінің негізі»
арнайы курсы ӛз жұмысын атқаруда.
Іздену жұмыстары оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру үдерісін
келесі бағыттарда іске асырылады:
-
зерттеу
барысында
оқушылардың
коммуникативтік
мүмкіндіктерін
дамытады, категориялық ұғымдарды қабылдау үшін базистік, арнайы терминдердің
мәнін ұғыну керек. Мағлұматтарды түсініп қабылдамайынша, оқушы басты мәселелер
бойынша қандай да бір шешім қабылдай алмайды;
-
зерттеу әрекеті ақпараттық қызмет атқарады, тақырыбына байланысты белгілі
жүйелер және олардың құрамдас бӛліктерін, құрылымдары, заттар мен
құбылыстардың арасындағы ӛзара байланыстарды ашып кӛрсетеді. Сонымен қатар,
65
адам мен қоршаған ортамен байланыс жасаудың дағдысын игеру мүмкіндігіне ие
болады. Біртіндеп тұлғаның ғылыми кӛзқарасы қалыптасады;
-
зерттеу оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға ең басты, ой-ӛрісін,
жауапкершілігін, еңбекқорлық, шыншылдық, ӛзара қамқорлық, әдептілік пен
сыпайылықты дамытуға үлес қосады.
3. Кеңейтілген сабақтан тыс іс-әрекет жүйесін құру сұрақтары. Сабақтан
тыс іс-әрекет жүйесін құру ұйымдастыру ұстанымдары, үйірме жұмысының құрамы
мен типтік құрылымдық сызбалары, олардың сапаларын бағалау әдістері айтарлықтай
толық ашылған. Оқушылардың тәрбие кеңістігін қалыптастыруда № 47 орта мектепте
оқу-тәрбие үдерісіне 30-ға жуық пәндік үйірмелер және сыныптан және мектептен тыс
тәрбие жұмыстары ұйымдастырылды. Эксперименталдық іс-әрекеті шеңберінде
тӛмендегі жіктелген үйірме бағдарламалары жасалынып, ресми мақұлдаудан ӛтті:
- 1-4 сыныптар үшін «Балдәурен» ұлдар хоры, «Самал», «Ақбұлақ» вокал
үйірмесі, «Бояулар сыры» сурет және «Зерде» қолӛнер үйірмелері;
- 5-9 сыныптар үшін «Каратэ-до», «Былғары қолғап», «Ӛткеніңді тани біл»,
«Қызықты математика», «Жас физик», «Квант», «Мӛлдір бұлақ» экоклубы,
тоғызқұмалақ, волейбол, «Таңғажайып керуен» фотоүйірмесі, «Айналайын», «Еркеназ»
хор үйірмесі, «Балдәурен» би үйірмесі, «Жас тілші» ақындар мен жас жазушылар
үйірмесі, «Шежіре», «Талғам», «Парасат» қолӛнер үйірмелері;
- 10-11 сыныптар үшін бағдарлы курстар оқытылып, «Зерттеу мәдениетін
қалыптастыру» арнайы курс енгізілді.
4. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастық ортасын құру сұрақтары -
«Отбасы институты». Айтарлықтай орынды бір белгілер негізінде ата-ана
қауымдастықтары нобайын құру ұстанымдарын қарастыру («Жас ата-ана мектебі»,
«Ақсақалдар кеңесі», «Әкелер қауымдастығы»), тиімді ынтымақтастық жолдарын іске
асыру, «Үлгілі отбасы» имитациялық нобайын құру сұрақтары, «Мектеп - Бала – Ата-
ана» жүйесіндегі типтік қарым- қатынастың құрамы мен типтік құрылымдық
сызбалары қарастырылды. Осы ретте отбасы және мектеп ынтымақтастығын арттыру
мақсатында эксперимент жұмыс барысында «Қазіргі отбасы тәрбиесі» атты
бағдарламасы енгізіліп, кӛптеген инновациялық жобалар мен іс-шаралар жоспарланып
іске асырылды («Ата-ана оқырмандар клубы», «Мектеп пен отбасы бірлігі-болашақ
ұрпақ тірлігі» атты ашық есік күндері, «Отбасы-ӛмір театры» атты байқау т.б.).
5. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру сұрақтары. Бұл жерде әңгіме
тек қысаң сұрақтар шеңберінде біліктілікті арттыру ғана емес, ал барлық
педагогикалық кадрларды алдыңғы жаңа технологиялармен қаруландыру, негізгі
шарты болып «барлығына, үнемі, барлық жерде» білім алуға ұмтылу болып табылады.
Әрине, қойылып отырған шарт кӛп шығындығымен сипатталғандықтан оны іске асыру
қиынға түсіп, педагогикалық ұжымның жеделдетілген даму механизмі құрулуына
әкеліп соқты, кіші қауымдастықтар жүйесі қалыптасты олар белгілі кәсіби
ерекшеліктеріне сүйене отырып, ӛзгеше даму траекториясын құрды. Мысалы, сынып
жетекшілер бірлестіктері, жас маман бірлестігі және т.б. Педагогикалық ұжымның 80
пайызы сыни тұрғыдан ойлау технологиясын меңгеріп, оны оқу тәрбие үдерісінде
қолдануда.
Ғылыми-эксперимент жұмысындағы педагог кадрлармен «Педагогикалық
шеберлік және педагогикалық инновация», «Мұғалімдердің зерттеу мәдениетін
қалыптастыру» курстары жүргізілуде. Бұл ретте атқарылатын жұмыстардың негізгі
бағыттары анықталды:
-
ақпараттандыру бағыты - жаңа технологияны таныстыру, оқу үрдісінде
пайдалануға кӛмектесу;
66
-
диагностикалық бағыты - қажеттеріне қарай білім жетілдіру, үздіксіз дамыту,
мұғалімдер сұраныстарын болжау, шеберлік пен шығармашылықты, біліктілікті
диагностикалау;
-
кәсіби біліктілікті кӛтеру - арнайы курстар ӛткізу, белгілі бағыттар бойынша
білім жетілдіру, дамыту, қосымша консультациялар ӛткізу, педагогикалық оқулар
ұйымдастыру;
-
жаңашылдық және эксперименттік бағыт - эксперименттік-тәжірибе
жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, ғылыми ойларды енгізу, авторлық бағдарламалар
мен әдістемелік нұсқаулар дайындауға кӛмектесу;
-
қолдану, ынталандыру бағыты - мұғалімді еңбегіне және деңгейіне қарай
марапаттау, қолдану.
Сонымен қатар, эксперименталдық іс-әрекет педагогикалық менеджменттей ӛте
маңызды түсінікпен таныстырады. Бұл дегеніміз үш деңгейдегі (әкімшілік жетекшісі,
эксперименталдық іс-әрекет жетекшісі және ғылыми жетекші) оқыту үрдісіне
басшылық жасаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру іс-әрекеті.
Қорыта келе, эксперименталдық оқу-тәрбие үдерісінің технологиялық негізін
берілген нұсқаулар құрады деген тұжырымдама жасауға болады. Олар, білім беру
бағыттарынан, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен, әлеуметтік сұраныстан
тәуелді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. – Алматы:
ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 272 б.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. [Электрондық ресурс]
http://www.edu.gov.kz/kz/zanamalar/
РЕЗЮМЕ
Шилибекова А.С. – к.п.н., и.о.доцента, Асабаева Ж.С. - учитель
Таразский государственный педагогический институт, СШ № 47, г. Тараз
Влияние педагогического эксперимента на развитие учебно-воспитательного процесса
школы
В статье рассмотрены вопросы технологического построения экспериментального учеб-
но-воспитательного
процесса
школы.
Понимание
влияния
результатов
опытно-
экспериментальной работы на развитие учебно-воспитательного процесса школы позволили
оказать
практико-ориентированную
помощь
учащимся,
родителям
и
учителям.
Эксперментальная деятельность, как и педагогический менеджмент, очень важна. Данные
технологические основы инструкции состоят из экспериментального учебно-воспитательного
процесса.
RESUME
Shilikbayeva A.S. - candidate of pedagogical sciences, Asabayeva Zh. S. – teather
Taraz State Pedagogical Institute, № 47 school, Taraz city
The impact of the pedagogical experiments on the development of the educational process of
school
67
The paper deals with the construction of an experimental educational technology, but the
educational process of the school. Understanding the impact of the results of experimental work on the
development of the educational process, schools have allowed the practice-oriented assistance to
students, parents and teachers. Experimental work, as well as pedagogical management is very
important. These technological foundation instructions consist of a pilot educational process.
68
ПРОЦЕСТЕР ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАР
ПРОЦЕССЫ И АППАРАТЫ
УДК 621.577
Достарыңызбен бөлісу: |