Схема 2 – Реконструкция боя на оз. Теке
(составлена авторами)
– 24 –
действия противника (джунгар), По всей вероятности бой проходил
вблизи современного Кокшетау в районе одного из озер поздней осе-
нью.
Байымбет – батыр понимал, что малочисленным войском, усту-
пающим в вооружении и оснащении едва ли можно рассчитывать
на успех, поэтому решение было однозначным необходимо идти на
обман противника и только внезапные действия могут привести к
успеху. Бой было решено принять на озере где образовался лед,
Байымбет батыр распорядился обмотать копыта лошадей кошмой,
что снижало скольжение и давление на лед, разделил свой отряд на
две группы, первую группу оставил в засаде как резерв сам высту-
пил со второй группой.
Боевой порядок войск Байымбет батыра при наступлении веро-
ятнее всего был рассредоточенным, поскольку тонкий лед не вы-
держал бы плотной массы конницы Батыра. Показав свои ложные
намерения джунгарам, и после того как противник заметив начал
спешную контратаку атакующая группа Байымбет-батыра начала
быстро отходить назад заманивая джунгар на середину озера где
лед был наиболее тонок, тем самым обеспечил выполнение замысла
боя. Тяжело вооруженная джунгарская конница исходя из тактики
действий вероятнее всего шла плотным строем и имела боевой поря-
док клин, или лава, едва достигнув середины озера начала уходить
под лед. Используя результаты первоначального замысла Байым-
бет-батыр остатки джунгар уничтожил по частям. Тем самым одер-
жал победу малым числом войск.
Следует отметить, что в современном военном искусстве целе-
сообразное принятие решение непосредственно зависит от оценки
обстановки которая включает:
– оценку противника;
– оценку своих войск;
– оценку местности.
Таким образом, применение тактических форм и способов как
ложная атака, ложный отход, заманивание, сочетание маневренных
и засадных действий, а также знание местности и использование его
тактических свойств, малочисленными войсками Байымбет-батыра
привели к удачному исходу боя
Степные батыры, имея большой опыт участия в боевых сраже-
ниях и солидные практические знания в области военного дела, со-
ставляли самую многочисленную группу из всех категорий воена-
чальников казахских ополчений и фактически являлись стержнем
– 25 –
военной организации казахов. Они могли формировать боеспособ-
ные вооруженные отряды кочевников, во главе которых осущест-
вляли сложные тактические маневры в условиях экстремальной,
быстро менявшейся военной обстановки.
Основными функциями батыров в эпоху широкомасштабных
войн с внешними врагами были следующие виды военно-организа-
ционной деятельности:
– руководство боевыми операциями своего отряда или ополчения
в течение всего периода вооруженной борьбы с неприятелем;
– участие в выборах командиров военных отрядов более высоких
таксономических уровней вплоть до главы общеказахского ополче-
ния;
– разработка военной тактики и ее практическое применение в
ходе общего наступательного движения к заданной цели и непосред-
ственно во время сражения;
– руководство передовой частью боевых единиц своего отряда в
момент рукопашной схватки с неприятельской конницей;
– обеспечение согласованных действий подчиненных им отрядов
с другими родовыми отрядами и родоплеменными ополчениями, а
также с верховным командующим общеказахского ополчения.
Историческое значение казахских батыров – в создании и разви-
тии сильного казахского государства, являвшегося духовной энер-
гией настоящих и будущих поколений казахского народа.
Казахские ханы и султаны, возглавлявшие по степной тради-
ции крупные ополчения кочевников, опирались на реальную силу
и большое общественное влияние полководцев-батыров, постоянно
нуждаясь в их поддержке.
Последние выполняли при них не только функцию боеспособных
полевых командиров, но и роль военных советников, хранителей
боевого знамени и дипломатических посланников.
Военное и политическое могущество любого хана или султана
определялось в первую очередь личным авторитетом, военной силой
и многочисленностью поддерживавших его батыров.
К сожалению многих подвигов этого выдающегося в полном
смысле этого слова сына казахского народа мы не знаем, но крепка
память его потомков проживающих сейчас на территории совре-
менной России в одном из казахских аулов в Омской области нося-
щего название своего предка.
Байымбет-батыр вне всякого сомнения является одним из, остав-
шихся в памяти потомков как смелый полководец. И пусть его
– 26 –
имя станет еще одним боевым кличем для потомков и символом
независимости Казахстана.
Сколько еще таких батыров безвозвратно унесло ветром времени
по бескрайней казахской степи. Но сейчас пришло то самое время,
когда необходимо вспомнить тех, кто не щадя себя посвятил свою
жизнь служению своему народу.
И показать всему миру что Казахстан образовался не на пустом
месте и территорию, которая занимает девятое место в мире от-
ставили нам в наследство сыны казахского народа, сыны великой
казахской степи такие как Байымбет-батыр, доказать тем, кто пы-
тается переписать историю в угоду своим политическим целям.
И в качестве мер по повышению эффективности системы воспи-
тания в Вооруженных Силах Республики Казахстан и гражданской
молодежи на боевых традициях, героических подвигах в целом,
предлагается:
Во-первых, не откладывая и уже в этом году организовать со-
вместную экспедицию посвящённой 550-летию образования Ка-
захского государства по местам сражений с установкой памятных
плит, а в ближайшей перспективе провести военно-археологиче-
ские работы.
Во-вторых, поскольку в настоящее время до сих пор имеет ме-
сто научных споров о местах сражений, об исторических фактах,
необходимо проведение совместных исследований с ведущими исто-
риками разных стран и прийти к единому пониманию о местах
исторических событий, хронологических рамках, последующим
внесением всех научных результатов в учебники и учебные посо-
бия образовательной системы Республики Казахстан в этих целях,
также необходимо привлекать и местные органы власти (акиматы);
В-третьих, придать истории Казахстана и военной истории как
ее отрасли узнаваемость по всему миру путем перевода книг на
разные языки, и распространения их по средствам массовой инфор-
мации,
В-четвертых, организовать проведение международных науч-
ных конференций по тематике посвящённых образованию нашего
государства, съемкой цикла документальных и художественных
фильмов с участием наших казахстанских актеров, реконструкцией
военно-исторических событий того периода.
Таким образом, нашему поколению выпала честь золотыми бук-
вами вписать героев казахского народа, имена которых передава-
лись из уст в уста, и дошли до нас в устном народном творчестве ка-
– 27 –
захов. Наша задача состоит в том, чтобы подрастающее поколение
знали и ценили героических предков батыров, сохранивших нам те
богатства, которые мы сейчас имеем
Борьба казахского народа против джунгарской агрессии яви-
лась справедливой войной за национальное освобождение. Также
она явилась серьезным испытанием казахской государственности и
военного искусства казахов против Джунгарского ханства. Казах-
скому народу пришлось перенести всю горечь поражений, большие
потери, глубоко осмыслить происходящее. Война потребовала мо-
билизации всех материальных ресурсов, стойкости духа, сплочения
многочисленных родов. Правильная организация отпора противни-
ку помогла отражению агрессии. Мынбаши (тысячники) казахских
жузов, батыры различных родов сумели показать пример личного
мужества, возглавить разные по своему значению военные действия.
Список литературы:
1. Назарбаев Н. Стабильность и безопасность страны в новом столетии.
Послание Президента народу Казахстана. Казахстанская правда. 15 дека-
бря 1999 г.
2. У. Джанибеков. Образование казахского государства// Режим досту-
па. Электронный ресурс//http://www.kazakhistory.ru/
3. С. Г. Кляшторный, Т. И. Султанов Государства и народы Евразийских
степей: от древности к Новому времени
4. А. Кушкумбаев «Военное дело казахов в XVII-XVIII веках»
5. Эренжен Хара-Даван «Чингисхан как полководец и его наследие»
(gumilevica.kulichki.n)
6. А.И. Соловьёв Древние тюрки – Часть 5/ http://history.novosibdom.
ru/
7. А. И. Левшин описание Киргиз-казачьих или Киргиз-кайсацких Орд
и степей Гл. 4 Образ жизни
8. Найманов Г. Бәйімбет Батыр Төбетұлы/ Алматы 2010 ж. – 51с.
– 28 –
аЛпыСБЕС М.,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің еуразиялық зерттеулер
кафедрасының профессоры, т.ғ.д.
аБыЛаЙ ЗаМаНыНДаҒы ҚаЗаҚ БаТыРЛаРы
ТУРаЛы ТаРИХИ-шЕЖІРЕЛІК ТаНыМ
Ұлттың тарихи санасы мен зердесі адам есімдері, оның тұлғалық
болмысымен тығыз байланысты. Тарихта өткен әйгілі адамдардың
есімі тарих ғылымында мәні терең деректік категория болып табы-
латыны мәлім. Өйткені, елеулі тарихи оқиғаның орын алған уақы-
тын анықтау мәселесінде де және сол оқиғаны баяндаудың өзінде де
әңгіме ең алдымен ол тарихи оқиғаға қатысты адам есімінен баста-
лады. Адам есімдерін тарихи тұлғаны айқын көрсететін бірден-бір
деректік белгі ретінде қабылдау қажет. XVII–XVIII ғасырларда бұл
тарихи аңыздарды ұжымдық санада берік ұстаған білім жинақта-
ушылар болды. Бізге сақталып жеткен аңыздар мен өлеңдер әр
дәуірде орын алған оқиғалар бойынша қалыптасқан ауызша тарихи
әңгімелер үлгілерінің азғана болса да құнарлы бір бөлігі. Батыр-
лықты жырлау қазақ ауыз әдебиетінде жақсы дамыған. «Қырым-
ның қырық батыры», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қо-
быланды батыр» және, т. б. жыр-дастандар соның дәлелі. XVIII
ғ. жоңғарларға қарсы соғысқан батырлар жөнінде ең алғашқы
болып Ш. Уәлиханов жазған. Өскелең ұрпақты батырлыққа баулу-
ды мақсат тұтатын қазақ халқының: «Көз – қорқақ, қол – батыр»,
«Батыл болсаң, батыр боласың», «Қылышты қорқақты сойылды
батыр соғады», «Қару емес, қару ұстаған күшті», «Батыр – ел-
дің сәулеті, балқұрақ – көлдің сәулеті», «Батыр мың қол бастайды,
шешен тар жерде сөз бастайды», «Батырға оқ дарымайды, батылға
жау жоламайды», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда
шынығады», «Жолбарыстың артында тері, батырдың артында елі
қалады», «Баталы батыр арымас», «Елің үшін отқа түс – күймей-
сің» және, т.б. мың сан мақал-мәтелдері бар.
Шежірелер төңірегіндегі көптеген тарихи тұлғалардың биогра-
фиясы бірігіп, олардың өмір тәжірибесіне ортақ білім мирасы ретін-
де орын алған. Қазақ шежірелеріндегі әскери, соғыс және саяси
қарым-қатынастар тарихын суреттейтін тақырыптар қазақ-қалмақ,
қазақ-қырғыз, қазақ-орыс қатынастары туралы деректер құрай-
ды. XVIII ғасырдың ауызша тарихи дәстүрінің репертуарында қа-
зақ халқының жоңғар басқышыларына қарсы ұлт-азаттық күрес
– 29 –
тарихы ерекше суреттеледі. Абылай заманындағы жаугершілік
туралы әңгімелер: «Ақтабан шұбырынды»; «Бұланты шайқасы»;
«Қалмақ қырылған»; «Шүршіт қырылған»; «Қырғыз қырылған»;
«Талқан соғысы»; Абылай хан заманындағы батырлар; «Абылай
аспас Сарыбел» және т.б. М.Ж. Көпейұлы жазбаларындағы ХVIIІ
ғасырды баяндайтын Сарыарқа тарихының оқиғалары Абылай за-
манына байланысты көптеген тарихи аңыз-әңгімелерді қамтып
жатқан үлкен бір тарихи дәуір. Осы кездегі қазақ батырларының
данқты ерліктерін сипаттаумен қатар, көптеген ежелгі жыр-аңы-
здарда кездесетін мұндағы этнографиялық фактілерде өзінше құн-
ды. Осы Абылай заманындағы тарихи әңгімелердің бір тобы батыр-
лардың әскери соғыс өнері мен әскери тәртіпті сипаттайды. Соның
бірі Абылай ханның өзінің іс-әрекеттері арқылы, оның қол астын-
дағы батырларының ерлік пен өрлік, намысқойлық қасиеттерін
сынауы, түн ортасында, ақ түйе сойып, абызды алдыртып батырдың
көрген түсін дұрыс жорытқызуы, бір зираттың көрдің ішіне өзінің
сарбазын жасырып батырдың ержүректілігін сынауы т.т. Даңқты
батырлардың ішінде Олжабай батыр, Жасыбай батыр, Малайсары
батыр, Жазы батыр, Бөгенбай батыр туралы деректер әсіресе толық.
Қазақ шежірелеріндегі бұл кезеңге байланысты мәліметтер не-
гізінен қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбы-
рынды» оқиғалары желісімен қатысты айтылады. Тарихи дәуірді
уақыт тұрғысынан реттеуге орай қалыптасқан шежірелік дәстүрде
осы екі ғасыр аты көп аталатын тарихи тұлғалармен байланысты-
рылады. Бұл тарихи дәуір туралы шежірелік дәстүрде қазақ ханда-
рымен қатар жүрген тұлғалар өз дәуірінің тарихи шындығын жы-
рға салған жыраулар болғаны белгілі. Жыр дәстүрінің өзі атқарған
қызметі жағасынан шежірелік дәстүр жатқызғанымыз өте дұрыс.
Шежірелік жады мен дәстүрлі тарихи сана осы маңызды әлеумет-
тік-мәдени қызметті атқарған жырау мен жыршы арқылы іске
асқан. Мысалы, Бұқар жырау халықты жаудан сақтаған батырлар-
ды былай дәріптейді ғой:
Қалданменен ұрысып,
Жеті күндей сүрісіп.
Абылайдың қасында,
Бастарын бай тігісіп.
Сондай ауыр жорықта,
Қанды жаумен соғыста.
Бірге болған батырлар,
Мыналар еді егесіп:
– 30 –
Қарақерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгембай,
Беті қайтпас арыстар
Шақшақұлы Жәнібек,
Сіргелі қара Тілеуке,
Қарақалпақ Қылышбек,
Текеден шыққан Сатай, Бөлек,
Шапырашты Наурызбай,
Қаумен, Дәулет, Жәпек батыр қасында,
Бақ-дәулеті басында.
Сеңкібай мен Шойбек бар,
Таңсыққожа, Мамыт бар.
Қасқараудан Молдабай,
Қатарда жақсы қалдырмай,
Есенқұл (Айнақұл) батыр ішінде,
Өңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты.
Қалдан ханды қашырып,
Шеп салған жерін бұздырып,
Ұрысты қатты қыздырып,
Қасым ханның шешесі
Хан Абылай алған-ды.
Жабы деген қалмаққа
Тырнағын қатты батырды.
Бұзылып қалмақ кеткен соң,
Өңкей батыр жиыл деп,
Хан Абылай шақырды.
Бір төбеге жиылды,
Құм төбедей үйілді.
Бөліске олжа түссін деп,
Хан Абылай бұйырды.
Батыр дегеніміз кім? Батыр – ол айбатты қаһарман, жігер-
лі, асқан рухты жан жаужүрек ер, Батыр дегеніміз орасан зор
күш-қайраттың иесі әрі айбынды ерен жауынгер. Батырлық қаси-
ет ел қамын ойлау, жер мен елді жаудан қорғау үшін жанын
қиюға әзірліктен туады. Батырлар жауын жеңу үшін түрлі әске-
ри амал-айланы қолдана алатын болған. Батыр қазақ қоғамында
белгілі бір әлеуметтік рөл атқарған халық өкілі. Батырлар басқын-
шылық заманда жаугершілік, ел қорғау қызметін жүзеге асырса,
бейбіт мезгілде рубасылық қызмет атқарып, елдің әлеуметтік-саяси
– 31 –
өміріне белсенді араласқан. Билермен, ақсақалдармен бірлесе ел
мүддесі үшін ханға қызмет жасаған. Ел ішіндегі шаруалармен қа-
тар, еларалық қатынастарды дамытуға үлес қосқан. Хан сайлау-
да, басқа да жиындарда батырлардың қатысуы міндетті болған,
олардың даусы маңызды саналған. Елшілік, жаугершілік делега-
циялардың құрамында атақты батырлар болған. Әсіресе XVIII ғ.
жоңғар шапқыншылығына қарсы ұйымдастырылған ұлт-азаттық
күресте батырлардың маңызы өте жағары болды. Атап айтсақ
Шұбыртпалы Ағыбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек,
Уақ Баян, Бәсентиін Малайсары, Қаракерей Қабанбай, Балтакерей
Тұрсынбай, Он сан Орта жүзге ұран болған сүйіндік ер Олжабай,
Ағынтай, Қарасай, Наурызбай және, т.б. батырлардың жасаған
ерліктері халықтың есінде сақталды. Қазақ халқының тағдыр-та-
лайында батырлықтың үзілмеген тұтас тарихы бар. Батырлардың
біршамасы әрі батыр әрі би болған шешендік сөз иелері, ұрпағына
насихат айтқан тұлғалар болған. Мәселен, Қаз дауысты Қазыбек
би өзі би әрі батыр болған. Құлық Жалаңтөс батыр ел ішінде билік
айтуымен де танылған,
Жасаған жалғыз тілегім:
Еліме берік бірлік бер,
Еріме ерік тірлік бер,
Жеріме биік шынар бер,
Ұлыма адал сыңар бер,
Қызыма көрік, ақыл бер,
Жан қиысар жақын бер.
Ерімнің басын еңкейтпе,
Алла ажалын ерте етпе,
Тұлпарына қанат бер,
Бес қару жарақ бер,
Сұр жебе бұзбас сауыт бер,
Қалғытпайтын қауып бер,
Байтағым үшін жан пида,
Қиынға салсаң салып көр, – деген.
XVIII ғасырда қазақ даласында орын алған негізгі тарихи оқиға
қазақ-жоңғар арасындағы соғыстарға байланысты болғаны белгілі.
Сарыарқа өңірінде ХVІІІ ғасырда орын алған негізгі тарихи оқиға-
лардың желісі төмендегідей сипатта айтылады: «тарих ақтарғандар
1643 жылдың шамасында қалмақ дәуірлеп көтерілді деседі, 1723
жылы Қалдан Шерін Ташкентті билеп, тағын Ташкентке орнатқан
деседі. Бұл қалмақ дәуірі көтерілген кезде Ұлы жүз Қоқан жаққа,
– 32 –
Кіші жүз Қиуаға қарап кетті деседі». Қазақ халқының ерлігі көп-
теген тарихи, батырлық жыр-дастандардың тақырыбына айналға-
ны да белгілі. Қазақ елінің өткендегі тарихында елеулі із қалды-
рған, дүркін-дүркін үзілістермен қоса жүздеген жылға жалғасқан
қазақ-жоңғар соғысын жазуда оқушылардың қалың көпшілігіне
арналған еңбектерде 1729-1730 жылдардағы Аңырақай шайқасы-
на дейінгі кезеңде 1711, 1718, 1723-1727 жылдардағы қазақтардың
жоңғарлармен соғысын жазғанда қазақтың елін, жерін қорғау, ерен
ерліктерін төмендетуге болмайды.
Жалғыз қалмақ қана емес, Ресей империясының да қазақтың
кең байтақ жеріне, қалай көзі қызарып, қызыққаны, сол үшін
көшпелі және жартылай жабайы жоңғар жұртының қолтығына су
бүркіп, қазақ даласына қалай айдап сала бергені тарихта көп ай-
тыла бермейді. Әсіресе өзіне дейінгі алпауыт мемлекеттердің өзге-
лерді отарлау саясатын зерттеп, солардың ең құйтұрқы тәсілдерін
меңгерген патшалы Ресей билігі қазақ даласын екі жақ бүйірден
қыспақтатып, ұзақ жылдар бойы үздіксіз шапқыншылыққа ұшы-
ратып, оның жұртын қансыратып барып, әбден титықтатқан соң
ғана бас салып, болымсыз шығынмен билеп алу саясатын ұстан-
ды. Бұл басқаны, оның ішінде қазақ еліндей үлкен елді ұлан-ғай-
ыр даланы басып алудың ең ұтымды түрі еді. Қазақтың өз жерін
ерлікпен қорғағаны туралы көп айтылады. Қазақтың тарихшысы
М.Ж. Көпейұлы: «Біздің қазақ бұл Сарыарқаға қайта ие болғаны
Абылай хан заманынан аз–ақ ілгері. Бұл қазақ әлдебір иесіз жатқан
жерге текке келіп ие бола қалған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ
білектің күшімен кеше қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай,
Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан
кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаумен алысып, жатпен
соғысып, күні–түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын
нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жаумен жағаласқанда оққа
ұшып, өліп, сөйтіп қайтарылып алынған жер еді
Ф.А. Щербинаның материалдар жинағында: «Шідерті өзенінің
жоғарғы жағында, уездің оңтүстік-батыс бұрышындағы «Шүр-
шіт қырған» қыраты мен уездің оңтүстік-шығысындағы «Қалмақ
қырылған» тауы – қазақтар мен қалмақтар арасындағы Павло-
дар уезінің жерінде болған сондай қырғындардан қалған мәңгілік
ескерткіш», – дейді. Ф.А. Щербина, қазақ батыры, қамал бұзғыш
Олжабайдың ерекше бір қасиеті жайында мынандай дерек кел-
тіреді: «Олжабайдың тастан қашалған бейнесі ретінде сақталған сол
соғыстың ескерткіштері қазіргі уақытқа дейін бар. Қазақтардың
– 33 –
айтуынша, оның жеңіске жеткен жеріне ескерткіш қоятын әдеті
болған». Олжабай батырдың қалдырған ескерткіштерін қазіргі Ақ-
мола, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Шығыс Қазақстан облы-
старынан да кездестіреміз. Қазақтардың өз жерін, туған елін ер-
лікпен қорғағаны туралы Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген
тарихи еңбектерде де айтылады. Қазақ халқының жоңғар хандығы
жойылғаннан кейін өз ата жұртына қайта келіп орныққаны туралы
мәліметтер XVIІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басына жата-
тын ауызша аңыздарда, шежірелерде айтылатын болған. Ақбеттау
және Далба ұлысының тұрғындары – Сүйіндік рулары – Ташкент
маңында өмір сүріп сонда қайтыс болған Айдаболдың 7 ұлынан та-
райды. Айдаболдың кіші ұлының немересі Абылай ханға қызмет
қылған Олжабай батыр 1730 жылдары шамасында Баянауыл таула-
рына келіп қайта орнықты. Олжабай батыр бастаған ұландар қазақ
жерін өзіне бауыр басып қалған қалмаққа кезігіп, бірнеше жыл
созылған соғыстан кейін жау оңтүстікке ығыстырылды. Ата-баба-
дан асыл мирас болған киелі жер босатылды. Сол уақыттағы қа-
зақтың қалмақпен салған шайқастары туралы ақындар талай жы-
рланған.
1729 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ-жоңғар
соғысының аса ірі шайқасында қазақ жасағы қалмақтарға екінші
рет күйрете соққы берді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңырақай
шайқасы» деген атпен белгілі болады. Қазақ жасақтарының қимылын
үйлестіру жүгі Әбілқайыр ханға түсті. Көптеген қазақ батырлары
соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Мұнда Жолбарыс хан,
шапырашты Наурызбай батыр, ошақты Саурық батыр Ұлы жүз
қазағының жасағын, қанжығалы қарт Бөгенбай, малғозы Олжабай
батыр, шақшақ Жәнібек батыр, қаракерей Қабанбай батыр, бәсентиін
Малайсары батыр Орта жүз жасақтарын, тама Есет батыр, шекті
Тайлақ батыр, Кіші жүз жасақтарын басқарып, қолбасшылық, соғыс
өнерлерін көрсеткен. Шайқаста қазақ батырлар жекпе-жек ұранын
тастап, жеке соғыс салған. Көптеген атақты батырлар соғыста қаза
тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң
жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай
жөңкіле қашты. Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының
рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.
Бұл уақытта Әбілмәмбет хан, Қаздауысты Қазыбек би, елдің
көмекей әулиесі Бұқар жырау, еліне қалқан болатын Нияз, Бөген-
бай, Жалаңтөс батырларымен танымал болған заман. Әбілмәмбет
ханмен және Абылай сұлтанмен қатар Орта жүзге билігін жүргізді.
– 34 –
Бұл уақытта осы өңірдің тарихында аты әйгілі тұлғалар көп бол-
ды. Сайдалы Нияз батыр, малғозы Олжабай батыр, бәсентиін Ма-
лайсары батырлар да бар. «Ақтабан шұбырынды» қазақ халқының
есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды. Қалмақтардың
қуылуын түгелімен ержүрек Олжабай батыр мен оның даңқты ханы
Абылайға қатысты. Шідерті өзенінің жоғарғы ағысындағы Шүр-
шітқырған тауы және Қалмақ қырған тауы қазақтың қалмақпенен
жүргізген соғыс ескерткіші болып қалды. Шүршіт деп қазақтар
әдетте қытайлықтарды атайды, бірақ кейде бұл атау қалмақтарға
да қолданылатын болған. Бұл жерлер қалмақтардың соққы тапқан
жері. Оларды Қара дөңнен асырып қуғаннан кейін Олжабайдың ұр-
пақтары Баянауыл және Далба таулары сияқты ең шұрайлы жер-
лерді мекен етті. Ал Олжабай батырдың өзі Баян тауларында Жасы-
бай көлінде қоныстады. Олжабаймен ұрпақтары мен бірге бұл арада
құлболды, қаржас ұрпақтары қыстады. Абылай бастаған қазақ жа-
сағы шегіне отырып, тиімді соғыс тәсілімен титықтатып барып, ше-
шуші соққы бергенге ұқсайды. Қытай әскеріне осы жолғы қантөгіс
Шүршіт қырылған атанып жүрген жерде жасалғанға ұқсайды. Ал
бұл соғыста үлкен колбасшылык жасаған Олжабай батыр болғаны
тарихи дастандардан, қазақ шежірелерінен анық белгілі. Олай бол-
са қытай әскербасылары куәландырып отырғанындай, оларға шүр-
шіт қырылғанда берілген шешуші соққы Баянаула шатқалдарының
үстінде шегініп отырып дайындалған. Сол замандағы кескілескен
ұрыстың қаһарманы Малайсары батырдың қонысы қазіргі Ақши-
ман елді мекеніндегі Қарашеңгел жазығы. 1756-57 жылдардағы
Қытайдың шабуылшы әскерімен болған ұрыстың қолбасшылығы
Олжабай батырға жүктеліп, Мәшһүр Жүсіп айтқандай, сол жеңі-
стен соң, он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай атануы орынды.
Бұл кезде Бөгенбай қартайған, ал Олжабайдың 46-47-дегі қамал бұ-
зар кемелді жасы болатын. Қалдан Сереннің қос қызын ағалы-інілі
болып екеуі алған.
Мырзағұл батыр Анайұлы – батыр. «Арғы атасы сұралса, ізгі
өткен Мырзағұл, Анайды, Қаржастың қасқа-жайсаңы Анайдан өр-
біп тарайды» деген Мәшһүр Жүсіп шежіресінде. Анайдан 5 бала
– Нияз, Мырзағұл, Құл, Құдайкұл және Жәдігер туған. Шорман
әулетінің атасы Мырзағұл болса, Сәтбай әулетінін атасы Жәдігер
болып келеді. Мырзағұл батырдан Шорман би, одан Шоқанның ана-
сы Зейнеп, Мұса мырза Шорманов. Мырзағұл батыр бір шайқаста
жау қолына түсіп, оның артынан кенже, 14 жасар інісі Жәдігер
іздеп барса керек. Баланың ержүректілігіне риза болған қалмақтар
– 35 –
ағасын босатып, жас Жәдігерге қыздарын қосып берген екен. Мы-
рзағұл батырдың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесе-
несінде жерленген.
Олжабай батыр Толыбайұлы (1709-1783) – есімі әйгілі, айту-
лы батыр. «Қызылтаудың бауырында «қалмақ қырған» деген жер
бар. Жасыбай оққа ұшқан жолы Ер Олжабай бас болып аттанып
қалмақты сол жерде қойдай қамап, қазақтың қалмақты ақырғы
қырған жерің осы болған соң, “қалмақ қырылған” атанған. Сонан
соң қайтып Сарыарқаны қалмақ көре алған жоқ. Баянаула тауын
ерлікпен алған Жасыбай мен Олжабай батырлар еді. Жасыбай өліп,
Олжабай қалған. Олжабай батыр Жасыбай тауының асуында Жа-
лаңтөс деген баласын қыстатып, Олжабайдың өзі асуда төрт қыс қы-
стаған. Ереймен тауында «Олжабай қаласы» деген жер сол Олжабай
батырдың дүниеден өткен жері. «Мың сөзден бір сөз, ата-бабасының
қаны, қойдың қанындай алып берген жерінен үрім-бұтағы, балала-
ры көзінің жасын төге-төге, қаңғып кете берді де, бет ауызы түкси-
ген, басы қуықтай бүрсиген, к...і ешкінің құйрығындай шүршиген
бір жұрт иесіз жатқан жерді иелене берді» дейді Мәшһүр Жүсіп.
«Олжабай батыр» деген мақалада Ә. Марғұлан: «Қазақ елі аш-жа-
лаңаш босып кетеді. Ақтабан шұбырындыда Кіші жүз Жайық бой-
ына, ал Орта жүз алдымен Самарқанд, Бұқара төңірегіне барып
тыныштық таппай, одан ауып Ырғыз, Торғай бойына тоқтайды»
– дейді. Кейін арғын балалары жауды жеңіп, ата қоныс, бабабалар-
дың ескі жұрты – Қу-Қазылық, Кен Қазылық, Баянаула, Ереймен,
Қарқаралы, Көкшетауға оралып келеді.
Қолбасшы, ел ағасы ер Олжабай,
Жер-жерден қол жияды ер Бөгенбай.
Қарқабат, Қарауыл мен Найман, Керей,
Келеді Қыпшақтан ол ер Қошқарбай.
Ақылды батыр кісі Сары, Баян,
Бәсентиін Малайсары ол данышпан.
Шақшақұлы атақты ер Жәнібек,
Қаракесек қадірлі би ол Қазыбек.
Мейрамға ұран болған ер Олжабай.
Аралап ер Олжабай бәрін көрді,
Тауына Баянтаудың тағы келді.
Бетегеден ат жүрмес сондай шүйгін,
Бұл жерді талай жерден тәуір көрді.
Қыстауы болды сонда Баян тауы,
Қалмақ боп тұр қазақтың сонда жауы.
– 36 –
Жаз жайлауы Ерейменнің сырт жағында,
Құланөтпес, Қушоқы деген тауы.
Абылай көшіп, Қорықтың Ащысуына орда тікті,
Алуға Сарыарқаны болды үмітті.
Олжабай қалмақтардың туын жықты
Баянның арасында бір асу бар.
Орта жүз рулары, соның ішінде бес Мейрам балалары бұрын қыста
Қаратау, Сырдария бойын қыстап, жазда Арқаны жайлайды екен.
Кейін қалмақтар көз аларта берген соң Толыбай – Олжабай бастаған
Айдабол тұқымы Арқаның таулы, орман–тоғайлы, өзен-көлді жер-
леріне үй салып, қора соғып, қысы-жазы қыстау-жайлаудан алыстап
кетпейтін болған. «Олжабай калмақтарды ығыстырып, олардан бо-
саған жерлерді Айдаболдың жеті ұлынан тараған ұрпақтарына бөліп
берді. Өзі Малқозы тұқымымен әуелі Ақкелін, Семізбұғы, Қарағайлы
бұлақ (Ақшоқы), Шалқар, Аққұдық, Арқалык, Қызылағаш, Қурай-
лы бойын жайлайды.
Кейін қытайлардан қауіп туғанда ол өзінің қыстауын Баянаулаға
ауыстырып, Жасыбай көлінің жағасына қоныстанды. Содан былай
ескі қыстауы, негізінен, күзеу болып қалады да, тек кейбір жылдары
ғана Ақкелін тауын қыстайтын болады». Осы аталған жер-суларға
қазақ руларының бұл тұңғыш келуі емес, «Ақтабан шұбырынды-
дан» кейінгі жаудың қол астынан соғысып босатып, қайта оралауы.
Өйткені Сарыарқа аталатын қазақ даласы қазақ халқының неше
кетіп, неше келген жері, қанымен суарып, сүйегімен өңделген ежелгі
атамекені. М.Ж. Көпейұлының еңбектерінде қалмақ басып алған
қазақ жерінің басқыншылықтан соғыс арқылы босату жайы тура-
лы көп жазылған. Ол: «Баянаула тауын ерлікпен алған Жасыбай
мен Олжабай еді.. Дүние деген шіркін көшпелі екені осы екен. Қа-
зақтың тұлпар мініп, ту ұстаған кейінгі үрім-бұтағына олжа қылған
батыр, енді ақырында мұжықтың поселкесінің аты болды. Ереймен
тауында «Олжабай қаласы» деген қала сол Олжабайдың өлген жері,
мың сөзден бір сөз, ата–бабасының қаны, қойдың қанындай ағып
берген жерінен үрім–бұтағы, балалары көзінің жасын төкті, руға
кете бер дейді де бет аузы түксиген, басы қуықтай бүрсиген, көті
ешкінің құйрығындай шүршиген бір жұрт иесіз жатқан жерді ие-
леніп алды».
Қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан босатып алу оңайға
түспеген. Олжабай, Бөгенбай, Жазы, Малайсары сияқты қазақ ба-
тырларының ерлікпен соғысқа түсіп, жауға тойтарыс беріп, соққыға
жығып, жеңіске жеткені халық арасында осы уақытқа шейін жыр–
– 37 –
аңыз болып айтылады. Қазақ батырларының ерлік тарихы бүгінгі
ұрпаққа үлгі-өнеге, үлкен тәлім.
Олжабай батырдың туған жері Тәуке ханның тұсындағы Түр-
кістан қаласы, әкесі Тәуке ханға қызмет істеген көп билердің бірі,
тарихта Толыбай деген атпен белгілі болған. Шешесі – ұлы жүз
Төле бидің туысы, Қаратай батырдың қызы Есенбике. Одан 1709
жылы Олжабай батыр туып, Сарыарқаны Абылаймен бірге басқа-
рып отырғанда 1783 жылы Ереймен тауында қайтыс болады. «Ол-
жабай батырдың тарихқа белгілі бола бастаған кезі «Ақтабан шұ-
бырынды, алқақол сұлама» тұсы. Жеті жыл ұдайы жұт болып, ел
аштықтан қырыла бастайды, осы кезде құба-қалмақ қазақ еліне
шабуыл жасап, 1721 жылы, әкесі Толыбай Түркістан үшін болған
шайқаста қалмақтың қолынан қаза табады. Жетім қалған он үш
жасар Олжабай Түркістанда тұра алмай, жоңғарға бағынып оты-
рған нағашысы Қаратайдың үйінде өседі.
Он алты жасқа толысымен Олжабай батыр жоңғарға тістене ка-
райды. «Жоқ, мен оларға бағынып отыра алмаймын, мен тау қы-
раны Олжабаймын» деп, өзіне ат қояды
. Ел шаруасы тәуір бола
бастаған соң, қару-жарақ соқтырып, үш жүздің сарбаздарын жинай
бастайды. Атақты ерлер Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, дулат Өтеген батыр, Малайсары,
Жанатай, Жасыбай, көкжал Барақ, билер, Төле би, Қазыбек би,
Бұқар жырауларға қосылып, қол жинап, Түркістанды басып оты-
рған жоңғарларды шабады. Дұшпандарын Сыр бойындағы қалалар-
дан қуып шығып, Жоңғар тауынан асырады. Олжабай батыр жеңіл-
ген Ғалдан Сереннің екі сұлу қызын – Лагба мен Лабаны алып, көп
сый-сияпатпен елін қайтады. Лабаны өзі алып, Лагбаны Бөгенбайға
тартады. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында өксіген ел, жаңадан
ес жинап бір, тыныс алады, Алыптың ерлік істерін халық ерекше
бағалап, Олжабайға арнап ұлы той жасайды. Оған Абылай, Әбіл-
мәмбет төрелер, Қазыбек би, Бұқар жырау қатысады.
«Ақтабан-шұбырынды» кезінде Әбілхайыр, Сәмеке хан, Әбілмәм-
бет үшеуі елді биікке көтеріп, қалмақты Сыр бойынан, Жетісудан
қуып шыққанына сонша разы болады. Олжабай батырға «Он сан
Орта жүзге ұран болған ер Олжабай» деген атақ береді. Той үстін-
де Иассауи мазарында көп заман сақтаулы тұрған алтын балдақ,
бүкір қылышты Әбілмәмбет Олжабайға әкеп сыйға тартады. Бұл
бүкір қылыш әуелде Әмір Темір көрегендікі болыпты, оны мешітке
сыйға тартқан екен, содан Олжабай батырға мұра болады. Олжабай
батырдың құба қалмақты екінші рет шапқаны Баянауладан 50-60
– 38 –
шықырым қашықтықта орналасқан, бүгінгі «Қалмақ қырылған»
тауы деп аталатын жерде болған оқиға. Ғалдан Серен Абылайды
қолға түсіру мақсатында он мың әскер шығарады. Амалдарын асы-
рып қаламақ жағы 1741 жылы Абылайды тұтқындап, қалмақтар
өз әскерін Ертіс жағынан шығарып, Сарыарқаны тегісімен басып
алуды көздейді. Ең алдымен Қарқаралы, Баянаула даласын алуға
бет бұрды. Бұл мақсаттарға кедергі еткен Олжабай батырдың осы
кездегі ерлік істері еді. Олжабай батырдың қасында қыпшақ Жазы
батыр, апасынан туған жиені Жасыбай батыр бірге болған. Сонда
қалмақ ордасында Абылаймен тұтқында бірге болған Малайсары
батыр туралы шежіреден бір үзінді: Тұтқында жүрген Абылай хан
жүріп-жүріп келіп отырар мезгілде Малайсары батыр шекпенін
жерге төсеп, астына жайып қойған, Абылай хан соның үстіне оты-
рады екен. Ежен хан: «мұнысы несі, қазақ, ұнамайтын істі істейсің
дереу» дегенде, Малайсары батыр айтыпты: «Абылай – ханымыз,
сұңқарымыз, тұғырымыз. Сұңқар тұғырына қонбай, жат жерге
отырмайды» депті.
1757 жылы Олжабай батыр оларды алдап бір жерге жатқызып,
астыртын үш жүздің атақты ерлерін жинап, қырғын соғыс ашуға
кіріседі. «Он сан» қол жинайды. «Әмірсананың ізіне түсіп көрейік»
– деп, қытай әскерін қырға шақырады. Қазір «Шүршіт қырған» деп
аталатын Шідерті өзенінің аңғарында қытай әскерін қоршап, соғыс
ашады, оларды тегісімен жусатып қырады. Олжабай қытайдың
ауыр әскерін қиратып, елге аман-есен келгенде үш жүздің баласы
қосылып ол кісіге арнап үлкен той жасайды. «Шүршіт қырған»
қазір Қарағанды облысы, Осакаровка ауданының күншығыс бетіне
тұр. Сол арада халық жиналып, «Он сан Орта жүзге ұран болған ер
Олжабай» деген ат беріпті. Олжабай батырдың ерекше ардақталуы
әсіресе қытайға қарсы Талқы қамалындағы соғысқа да байланысты.
Қол алдында келеді ер Олжабай,
Есітіп қарсы жүрді хан Абылай,
Тайкөкке мініп алып, бата бер деп,
Сұрайды Абылайдан ер Олжабай.
Күн жарқырап шықан соң еркін, барып.
Тұра шапты қақпасын «Олжабайлап»
Бес күн болды бұзғалы Олжабайдың,
Талқы асуын мықты оба, Темір қақпа.
Барлық соғыстарда Олжабай батыр әскерге дем беріп, биік тас
үстінде ту ұстап тұратын болған. Олжабай соғыс майданында ту кө-
теріп, әскерге айбат беруші. Сонымен қатар, ел арасындағы билік,
– 39 –
шаруашылық, ел басқару ісіне қатынасқан. Бір күні Олжабайға
Әбілмәмбет ханнан шапқыншы келіп, қалмақтың Сарым батыр
бастаған қалың қолы Ертіс бойындағы бәсентиін мен найман ауыл-
дарын шауып, малдарын талап жатыр деп хабарлайды. Олжабай
батыр дереу аттанады, жолда соғысып жатқан бәсентиін Сырым-
бет батырға жолығады. Жау шетіне жетісімен-ақ екі жүздей кісіні
бастап соғысқа кіреді, бірақ бірінші күні сәтсіздікке ұшырап, бір-
сыпыра жауынгер сарбазынан айырылады. Келесі күні айналып,
қалмақтардың сыртынан шығып, қамсыз отырған дұшпанды тас–
талқан қылады, қонтайшының бас батыры Сарымды байлап алады.
Қолбасынан айырылған қалмақ қонтайшысы тағы да бітім сұрайды,
достығын ұсынады. Олжабай ұсынысты қабыл алып, Сарымды бо-
сатады. Кейін Қалдан Сереннің шақыртуымен қырық жолдасымен
барып бітім жасасып қайтады.
Абылай шайқаста қолға түседі. Олжабай батыр қаһарланып
қалмақ қонтайшасының ордасына шабуыл жасайды. Орданың бас
батыры Шарышты байлап алады. Майданға Қалдан Сереннің өзі
шығады. Олжабай қонтайшының қолынан мылтығын атып түсіреді.
Ерлігі мен мергендігіне тәнті болған Қалдан Серен Олжабай баты-
рға алтын жабдығымен арғымақ ат мінгізеді, Абылайды тұтқын-
нан босатады. «Ойлап ем қақпа бұзған кандай қазақ, сындырып
мылтығымды салдың азап. / Қан төгіскен кырғынды тоқтатайық,
арамызда татулық жүрсін ұзақ», – деп, Қалдан хан бітім сұрайды
және бұдан былай бір-біріне тиіспеуге «ақ мылтықтың аузын жа-
лап» ант беріседі. Осы бітімнен кейін Олжабайдың абырой-атағы
бұрынғыдан да асып, атақ-даңқы «он сан Орта жүзге ұран болады».
Олжабай жалпақ жауырынды, орта бойлы, басы шүйделі, қалқан
құлақты, қалың қабақты, айбарлы батыр бейнесінде сипатталады,
мінезі кішіпейіл және сабырлы болған дейді. Жасы он төртке жет-
кен шақта-ақ жұрт оған үлкен үмітпен қараған. Олжабайдың батыр
тұлғасы сондай – ол ат үстіне мінгенде ең мықты деген аттың өзі
теңселіп кетеді, ат үстінен еңкейгенде, қолы жерге жетеді екен.
Олжабай батыр туралы әдебиет өте бай. Ең ғажайып әдемі жыр-
ды ол кісі дүние салған соң бірінші рет жырлаған орманшы руынан
шыққан атақты Сақау ақын. Ол да Бұхар жыраудың дәстүрінде
болған ойшыл ақын. Оның «Ер Олжабай» деген кітабы Қазақ Ғылым
академиясының кітапханасында сақтаулы тұр. Олжекеңді екінші
рет жырлаған баянауылдық Көтеш ақын, әр уақыт Шоң бидің қа-
сында болған жыршы. Омбыда керей Тұрлыбек Көшентегі үйінде
болғанда «еліңнің тарихта болған жақсы адамдарын жырлай бер-
– 40 –
ші» дегенде, Олжабай батырдың ерлігін көркем тілмен суреттеген.
Олжабай батырдың тарихына ерекше көңіл бөлген М.Ж. Көпейұлы.
Ғалымның XIX ғасырда жазған қолжазбасы «Он сан орта жүзге
ұран болған ер Олжабай» деген әңгімесі Ғылым академиясының
кітапханасында сақтаулы. Орыс тілінде ол туралы қазақ аңызын
бірінші рет жариялаған ғалым Ә. Марғұлан. Баянауылдағы Қалмақ
қырған тауын зерттеп жүріп Олжабай кезінде қазақпен қалмақтар-
дың қырғын соғыс ашқан хикаясын жазып алады. Баянауыл жерін
аралап жүріп көптеген тарихи әңгімелерді жазып алғандардың
бірі Г.Н. Потанин болды. Олжабай батыр туралы жырларды жа-
зып алған Орталық Қазақстанды зерттеуші, Петербургтің профес-
сор Ф.А.Дербин болған. Олжабай батырға арнап ақындар көптеген
поэмалар шығарды.
Шерубай батыр Биболдыұлы (1693-1812) батыр. Орта жүз жері-
не қалмақтардың шабуылы кезінде (1721-1730) Тоқбура Қарекеұлы
жасы алпысқа келіп қалса да ел жиып, жауға қарсы ту көтерген.
Шерубай оның қолбасшы батыры болған. Хас батырлығы, өлше-
усіз ерлігі туралы ел аузында әңгіме көп. Қарағанды облысының
Шет және Бұқар жырау ауданының жері арқылы ағатын Шеру-
бай-Нұра өзені батырдын атымен аталған.
Жазы батыр – қыпшақтан шыққан Абылайдың атақты ба-
тырларының бірі. Ол туралы дерек ауызекі тарихи дәстүрде зама-
нында мол болғанымен, қағаз бетіне түсіп сақталғаны аз. Мағзұм
Ахметұлы арабша жазылған шежіре дәптерінде: «Қыпшақ Жазы
батыр мен Бәсентиін Малайсары батыр Абылайдың соғысында са-
дақ атып, жақ тартып, батырлық көрсетіп жаннан кешіп жүрген.
Абылайда бұл екеуінен күшті, асқан батырлары болмаған. Жазы
мен Малайсары келе жатқанда жаудың беті қайтып, үріккен қойдай
болыпты. Қазақ жасағы қалмақпен соғысқанда қалмақты қойдай
қырып, қалмақтың қызы менен қатынын жетім қылатын батыр-
лары Жазы менен Малайсары екен. Жазы батыр жақ тартқанда,
оның оғы нендей тас темірден өте шығады екен. Бір күні Абылай
батырларының күшін сынау үшін жеті балтаны қатар қойып, осы-
дан атындар дегенде, сонда Абылайдың басқа батырларының оғы
бір-екі-ақ балтадан өте шығыпты. Абылай Жазының күшін сынау
үшін, ішіне шеге мен жүн араластырып тігіп, қына артқан жеті
түйені қатар қойып, сонан жақ тартқанда Жазының оғы онан да
өте шыққан. Жазының хас жасөспірім кезінде қалмақтың ханы
Сыбанның Шарш деген батыры болған. Шарш өз заманында
аса мықты болған жауып тұрған оқты тындамайтын жүректі екен.
– 41 –
Шарш зордың зоры екен. Басқа әскерден келе жатқанда иығы мен
мойны бір кез алып тұрады екен. Оны келе жатқанда анадайын
белгілі екен. Қайраты, күші мол жоңғар болса керек. Шарш
(Чаршы) келе жатқанда қазақтар үрке қашатын болған. Шар-
шқа қазақтан жекпе-жекке келетін батыр болмаған. Қазақтың
қолын қиратып, қайратын сөндіріп, қанын судай шашып тұрған
мезгілде, қазақтан Жазы, Малайсары батырлар шыққан. Жазы
он тоғыз жасында ат үстінде батырлық қылған. Бір соғыста қал-
мақтың Шаршы батырына қарсы қазақтан Жазы батыр шығады.
Бұрыннан «менің бетіме кім шығады» деп, биманас ағып жүрген
Шарш «мен, мен» деген тәубәсіз біреу екен, бір салып жығамын»
деп ойлап, найзасын бір салып өте береді. Жазы аттан жығылмай
сау қала берді. Кезек Жазыға келді. Шарш Жазының аман
қалғанына «нағып қалды» дегенде, бетін бұрып алып «сен қай
баласын, менің ұрғаныма шыдап қалған» деді. «Менің кім
екенім не керек, мен бала екенімді қаруласқанда айтарсын,
менің атым Жазы, арманда қалмай естіп кет» деп, қос қолдап
тұрып көк желкеден бір салып өткенде Шаршы аттан өкіре
құлады. Шарштың аты ойнап шыға берді. Қалмақтар оны көріп
көбі жан-жаққа быт-шыт болып қашты. Қазақ батырлары қашқан
қалмақты соңынан қуып, қойдай қырып, шауып, шаншып, қира-
тып, қанша аттын саймандарын олжа қылып, үлкен қарық бол-
ды. Абылайдың сол жолы үлкен жолы болып, мерекеге батып,
қуанып қайтқан соң, алды болды. Екінші бір соғысында қазақ
әскері тағы жеңіп, Абылайдың қолдары олжа алған соң, соғыстың
ақырына қарамай, кейін елге қайтып кетіпті.
Ежен күнде тұтқындардың жанына барып тұрады екен. Бір
келіп күні Ежен «әу Абылайдың батырлары, қалмақ Шарш батыр-
ды қайсың өлтірдің?» – деп сұрады. Еш қайсысы жауап бермегенде
Жазы батыр: «Шарш, Шарш жұлып алғандайсың, Шарш батырың-
ды салып, омақата құлатып, мойнын үзіп, жанын дозаққа жіберуші
мен!» – деп, ұшып тұра келді. Ежен Жазының батырлығына сүй-
сініп мойнын иіп, басын бұлғап «мон-мон» депті. Қалмақтың «мон-
мон» дегені қалмақ тілінше «жөн-жөн» дегені екен. Жазы батыр
Сілеті бойында, Бестөбе маңында болған сұрапыл соғыс кезінде
зеңбірек оғынан мерт болған.
Баймырза батыр (1700-1770 жж. ш.) – қаракесек руынан
шыққан батыр, шын аты – Кенжебай. Мол дәулет біткен аса ауқат-
ты, атымтай-жомарт адам болғандықтан, Баймырза атанған де-
седі. Қара қылды қақ жарған әділ шешен, жоңғар-қалмақ шапқын-
– 42 –
шылығы тұсында ерлік көрсеткен батыр. Жаз жайлауы – шұрайлы
Баймырза сайы, Шоқай, Нұра өзендерінің бойында болған. Елді ме-
кен, ауыл, осы кісі есімімен аталған.
Нияз батыр. Сайдалы Барқы Нияз батырдың ата-тегіне келсек,
қазақ шежіресі бойынша ол Арғын Алтайдан тарайды. Сайдалы руы
Сүгірәлі және Арыстан деп екіге жіктеледі. Арыстаннан Мамадай-
ыр, Мамашық, Тоғызақ, Барқы өрбиді. Нияз батыр қазақ жерінің
тарихын алғашқылардың бірі болып хатқа түсірген П.И. Рычковқа
көптеген мәліметтер берген адам. Қазақ хандарының шежіресін
Әбілмәмбетке дейін таратып берген де, қазақ руларының ара-қа-
тынасын айтып түсіндірген де, оңтүстіктегі қазақ қалаларының
жағдайы туралы әңгімелеп берген де Нияз батыр. Бұл мәліметтер
кейіннен П.И. Рычковтың «Орынбор топографиясы» атты еңбегіне
арқау болды. Орта жүз ішінде Нияз батырдың беделі өте жоғары
болған. Маньчжур тіліндегі Қазақ тайпаларындағы отбасы саны ту-
ралы тізім дәптерінде: 1758 жылы Нияз батырдың билігінде арғын
ұлысының алтай атасынан 3000 отбасы, абақ-керей ұлысының
500 отбасы болғаны жазылған. Басқа рубасылардың қарамағында
шаңырақтардың саны анағұрлым аз. Аталған жылы арғын ұлысы-
ның қанжығалы атасының – 2000 шаңырағы Бөгембай батырдың
қоластында, Тарақты руының 400-ге жуық отбасы Наймантай ба-
тырдың қарауында, Қазыбек би қаракесектің 2000 шаңырағын, Ба-
рақ батырда көкжарлы найманның 1000 отбасылары ғана болған.
Нияз батыр қыс айларын Түркістанда өткізгенімен, жаз жайлауға
Ақтау, Ортау, Қызылтауға, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің бойына,
Қорғалжын көліне, Қарқаралыға, Қазылыққа көшіп келіп, қоны-
стап жүрген. Жоғарыда аталған Маньчжур тіліндегі Қазақ тайпа-
ларындағы отбасы саны туралы тізім дәптерінде: «Биыл (яғни, 1758
ж.) алтай арғындарының Қазыбек би, Нияз батыр сынды адамда-
ры Қарқаралы, Қазылық жерлеріне қоныстанған» - деп жазған.
Жоңғармен соғыста елдің басын біріктіруге Нияз батыр зор күш
жұмсады.
Құлық Жалаңтөс батыр (1696-1771 жж. ш.) – жоңғар-қалмақ
соғысында қаһармандық көрсеткен, ерлігі аңызға айналған батыр.
Ел қорғау науқаны, аласапыранға ерте араласқан Жалаңтөс ба-
тыр қазақтың жаугершілік тарихында жиі айтылып аты танылған
Жидебай батыр, Сеңкібай батыр, Қасабай батыр, Есей батыр, Жа-
рылғап батыр, Байзақ батыр, Мұратай батыр, Аю батырлардың қа-
тарлы болған. 1711-12, 1714, 1718, 1723-25 жылдардағы жоңғар
шапқыншылығында халық басына түскен төзгісіз ауыртпалық,
– 43 –
алапат қырғын әкелген. Зерттеуші Ж. Қашқынов, М. Баймұқанов,
және т.б. Жалаңтөс батыр Түркістанды азат етуде Қаракерей Қа-
банбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, әлтеке Жидебай батыр,
табын Бөгенбай батыр, тарақты Байғозы батыр, малғозы Олжабай
батыр, Жасыбай батырлармен бірге тізе қосып шайқасқаны туралы
шежіре хаттаған. Бұланты шайқасында Жалаңтөс батыр жас сар-
баз шоғырын топтастырып, ерекше ерлік көрсеткен. Сол шайқасқа
Жидебай батыр, Қасабай батыр, Байзақ батыр, түйте Жарылғап
батыр, керей Есей батыр, қожағұл Торақ батырлар да қатысады.
Жалантөстің батырлық әрекеті нағашысы қанжығалы Бөгенбай
батырдың тәрбиесі. Жастайынан атақты батырдың қасына ерген
Жалаңтөс, бірге жүріп соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген. Қаз
дауысты Қазыбек би қалмақ ханынан құн даулай барған сапарында
Жалаңтөсті ақылшы әрі айбар есебінде қоса ерте барады.
Жалаңтөс батыр бастаған шайқас – Сарыарқаның құтты өңірі Қа-
рағанды маңында, Нұра мен Соқыр арасында орын алған. Бұл кезде
Жалаңтөстің ерлік дабысы кең тараған екен. Соғыста жау жеңіліс
табады. Жалаңтөстің қасында біраз батырлар аянбай кескілескен,
жан алысып, жан беріскен. Қанды арпалыс кезінде батырдың көзі-
не жебе қадалғанда да айқас тоқтамаған. Бір көзінен айырылған
Жалаңтөс айбары туралы дабырайта айтылып, оны әйгілі ету үшін,
батыр есімін ел Соқыр батыр лақабына айналдырған. Сондықтан,
жау садағы тиіп азат етілген жердің өзен суы Соқыр деп айтылады.
Арқада Жәмші өзені суы кермек,
Күресі жер ананың нәрін бермек.
Мекені Жалаңтөстің осы маңда,
Қорғаған жаудан елін найза сермеп...
Қазақта арқа деген бар ғой кезең,
Маңында Қарағанды Соқыр өзен.
Жалаңтөс, Соқыр батыр бір-ақ адам,
Табасын сол маңайдан іздесең, – дейді.
Жалаңтөс батырдың намысты ту етіп ұстаған ерлігі, елдікті
сақтаудағы өрнекті тағылымы мен өсиеті батырға арналған дастан,
өлең-жырларда насихатталды. Қазақ халқы «Артымызды сүйек
айырсын» деген серт болады, ажырамас туыстыққа ұлассын деген
жақсы тілек-үміттен туған ұлттық қасиет. Жалаңтөс батыр тек-
тілікті тұрақтандырып, тұқым тазалығын сақтап қалу үшін керей
Құс Жәнібек батырға бір қызын ұзатады. Батырдың балуандығы ба-
ласы Алтай мен Рүстемге дарыпты. Шөбересі Ахмет те жауырыны
жерге тимеген балуан атанған. Сөз ұстау қасиеті кейін ұрпағы ақын
– 44 –
Жабасқа қоныпты. 1996 жылы 16 шілде күні Шатырша тауы сыр-
тында (Ақтоғай), батыр жерленген төбе басына мазар тұрғызылып,
аруақ құрметіне ас берілді.
Жәңке батыр Шобалайұлы. Шобалай, Шобай, Ақай, Төкей,
Ерсімбек, Мәмек. Ерсімбек өспеген. Шобалайдан Жәңке батыр,
Өміртай. Мұнын ұрпағын Қожаберген деседі. Жәңке батыр 104
жасқа жетіп дүние салған, 14 ұлға ата болған. Балаларының бәрі
де өсіп-өнген. Абылай хан заманында болған билердің қақ маңдайы
болған. Жалай мен Жәңке батыр да үш табылды дейтұғын Жәңке
батыр осы. Жәңке батырдан кейін Жанақ би болған. Өз тұсында
Жанақ деп ешкім атын атай алмайды екен, «Жәке, Жәке» деседі
екен. Бұл кісі «аттым» десе, мал да, жан да мұрттай ұшады екен.
Қаһарлы Жанақ, доғал оқ Жанақ атаныпты. Өзі біреуге ренжісе:
– Әй, жаным, ақшолаққа оқ салдырайын демесең, тыныш жүр, –
дейді екен. Тоқсан бес жасында, ел жайлауға кешіп бара жатқанда
Сілетінің бойында дүниеден өтіп, Сарытөбе деген жерге қойылып-
ты. Жәңке батырдың қалмақ қатынынан Татан, Шөкей, Құлмырза,
Тікей, Қабыл бес ағайынды. Бұлардың ұрпағын күні бүгінге дейін
бес қара дейді. Үшінші қатынынан Босмойын, Биікбас, төртінші
қатынынан Алдияр, Байбарақ, Қожам, Сейт. Осы он төрт ұлды би
баласы дейді. Күліктің көбі осылар болады, – деп Мәшһүр Жүсіп
жазған.
Аралбай батыр Әлібекұлы (1685-1778) – жоңғарлармен соғыста
қол бастаған батыр, он бір-он екінші атаға жеткен бүгінгі ұрпағы
ру аты Аралбай батыр есімімен аталады, есімі ел аузыңда қалған
белгілі батыр Алтай руынан тарайды. Аралбай, қарпық Барғана ба-
тыр, тарақты Наймантай батырмен үзеңгілес дос болған. Қанжыға-
лы Бөгенбай батырдың Айбике (кейін мінезіне орай Кежек атанған)
деген қарындасын алып, Өмір деген бір ұл туған. Аралбайдын бәйбі-
шесі Айса Ұлы жүз Сиқым-Жаныс Төле биге аталас адамның қызы
екен. Бұдан туған Құттыбай, Жоламан, Тоты балалары бір рулы ел
Сырт Аралбай атанады, Аралбайдың үшінші әйелі Тансұлу Танақы-
зы, одан Байтоқа, Сеңкібай, Бәйтелі, Жабағы, Жабық туған. Бұлар-
дың әркайсысы рулы ел, бір-бірімен қыз алысуға жеткен. Аралбай
батыр Түркістанда жерленген.
Сәмен батыр. Сәмен Шағанайұлы Ботбайдың Шағай деген
руынан шыққан Абылайдың замандасы. Қалмақтар қазақты шауып
кеткенде, Сәмен жылқы бағып жүреді екен. Абылай елге қол жи-
нап, ұрыс салуға аттанайық деп хабар береді. Елде ер кіндікті қал-
май, барлығы барады. Сәмен екі қарақызыл дөненнің түнде тілін
– 45 –
буып жібереді екен. Елмен бірге қалмаққа барады. Қалмақтар ...
қамалды жеті тұстан қабат шөгеріп тастаған екен. Сәмен Абылайға
«қалмақтың қамалы екен, оны бұзайын» деп тілек сұрайды....
Қорыта айтқанда, қазақ шежіресінде жоңғар басқыншылығы ту-
ралы тарихи деректер мол. Сол шежірелік деректердің бір қабаты
көшпелілер тарихының әскери, соғыс тарихында ерекше аты ата-
латын тарихи тұлғалар туралы әңгімелерді дәстүрдің өзіне лайық
қалыптасқан баяндау стиліне орай қалыптасқанын аңғарамыз. Ха-
лықтың санасында жалғасын тапқан шежірелік деректердің міндет-
ті мәдени-әлеуметтік қызмет атқарғаны анық. Бірақ ол мақсатты
түбегейлі орындау мақсатында шежірелік деректердің баяндалуын-
да әртүрлі нұсқадағы ауызекі мұралар да, тысқы тарихнамалық
дәстүр төңірегінде қалыптасып, сырттан енген тарихи дерек үл-
гілері қатар болғанын аңғардық.
Достарыңызбен бөлісу: |