59
Бүгінгі таңда əлемде кең өріс алып отырған көпмəдениетті
білім
берудің басты мақсатын айқындауды ғалымдар бірнеше тұрғыда
қарастырады. Американдық ғалымдар, мысалы, ең бастысы,
американдық
қоғамның əрбір мүшесі өздерінің нəсілдік, ұлттық, əлеуметтік, гендерлік,
мəдени жəне діни айырмашылықтарына қарамастан, білім берудің барлық
деңгейінде сапалы білім алуы деп санайды. Ресейлік
зерттеушілер мұндай
білімнің негізгі мақсаты өскелең ұрпақты мəдени өзгешеліктерге құрметпен
қарауға тəрбиелеу жəне көпмəдениетті ортада өмір сүруге даярлау деп
есептейді.
Отандық ғалым-педагогтар көпмəдениетті білім берудің басты
мақсаты:
- ұлттық құндылықтарға (ана тілі, төл мəдениеті, тарихи жады, салт-
дəстүрлері жəне т.б.) ұқыпты қарауға тəрбиелеу;
-тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлармен
қамтамасыз ететін
мəдени ерекшеліктерге деген оң қарым-қатынасқа тəрбиелеу;
-əлем мəдениетінің негіздеріне бейімдеу жəне басқа халық өкілдеріне
құрметпен қарауға тəрбиелеу;
Тағы бір ерекшелік: Қазақстанда көпмəдениетті тұлғаны қалыптастыру
мен дамыту міндеттерін көпмəдениетті білім беру жүйесімен қатар,
этностық-мəдени бiлiм беру саласы да атқарады.
Көпмəдениеттi тұлғаны қалыптастыруға
бiлiм беру жүйесi арқылы
барынша тиiмдi қол жеткiзуде. Бұл міндетті орындауда көпмəдениеттi білім
жəне этностық-мəдени бiлiм жүйелері үлкен рөл атқарады (3.9-кесте).