Закриянова Асия Файзрахманқызы 403 «ә» тобы Қазақ тілінен фонетика тарауын оқыту



бет5/18
Дата22.03.2023
өлшемі382 Kb.
#75673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Казак тилинен фонетика тарауын окыту

1. Тілдің қатысына қарай:
а) Жуан (гуттуралъ) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;
б) Жіцішке (палаталъ) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е. у, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріліңкірейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң — сингармонизмді (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.


2. Еріннің қатысына қарай:
а) Еріндік (лабиалъ) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
б) Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор.
Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі (яғни сингармонизм заңы) тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.


3. Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә;
ә) жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е;
б) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда бірбіріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.
Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік (вертикаль) бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. Өйткені тіл жақтың қалпына қарай жоғары, төмен қозғалатылын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу (по горизонтали) және тік (по вертикали) бағытта қозғалуына қарай жіктеледі.
Қазақ тілінде, сондай-ақ барлық түркі тілдерінде осы уақытқа дейін дауыстыларды ашықтар (а, ә, о, өу е) және қысаңдар деп екіге бөліп келді, біздің оқулықтарымызда әлі де осылай.
А, ә фонемаларының ашықтығы еш күмән тудырмайды. Ал о, ө, е дауыстыларын солардың қатарында қарау ойлануды керек етеді.
Орыс тілінде о және е фонемалары жартылай ашыққа жатады және олардың алдынан әнтек у, и дауыстылары қосамжарланып, о, е түрде айтылады делінеді.
Қазақ тіліндегі о, ө, е дауыстыларын Ә. Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг (лат. қос дыбыс) дыбыстар деп бөліп қарайды.
1980 жылғы кітабында е = й + і (йі), о=у+ұ (уұ), о=у+ ү (УҮ)» әнтек айтылатын, и, у дыбыстарының күші 40% болатынын эксперимент жолымен дәлелдейді (17—21 бет).
Кейінгі (1991) еңбекте де, е, о, ө дифтонгтар делініп, олардың бірінші сыңары үнді й, у, екінші сыңары жалаң қысаңдар ы, і, ұ, ү екені нақты анықталған (тек ы әрпі қате жазылған).
Қазақ тілінде сөздер й, у үнділерінен басталмайтыны белгілі. Сөйте тұрып, олардың е, о, ө дауыстыларының алдынан әнтек қана селбесіп келетіні қалай? Орыс тілінде ғой олар (и, у) дауысты.
Біздіңше, е, о, ө -нің алдынан селбесетін й, у емес (йел, йер, уол, уон, уөрт, уөн), ій, ұу, үу (ійел, ійер, ұуол, ұуөн, ұуөрт, үуөн).
Егер мұны объективті шындық деп танысақ, онда бұл (о, ө, е) дауыстыларды ашықтан гөрі қысаң деп қараған жөн болар. Алайда бұлардың нағыз қысаңдардан (ұ, ү, ы, і) өзгешелеу өзіндік ерекшеліктерін де ескеру керек. Атап айтқанда:
1. Кейбір екі буынды сөздердің екінші буынындағы (дауыссыздар қоршауында тұрған) қысаңдар дауыстылардан басталатын қосымша жалғанғанда түсіп қалады. Мысалы қорұқ: қор-қа, қорқ-ақ, қорқ-ып, қорқ-ыңқыра, қop-ыт, қорқ-у; үрүк: үрк-е, үрк-ек, үрк-іп, үркі-ңкіре, үрк-іт, үрк-у; қырық: қырқ-а, қырқ-ыл, қырқ-ын, қырқ-ып, қырқ-у; ірік: ірк-е, ірк-іл, ірк-іңкіре, ір-кіс, ірк-іп, ірк-у.
Ал ө, е дыбыстары екінші буында ешқашанда түспейді. О дыбысы байырғы сөздерде тек бірінші буында ғана айтылады, қалған буындарда кездеспейді.

  1. Қысаң дыбыстар кірме сөздерге жамалып (протеза жасап) айтылуға бейім. Мысалы, ұрұқсат, үрүстем, ырақмет, ірәсім, ырас (рас), үстел стол), танкілер т.б. Сондай-ақ бұлар сөздердің екінші буынында көмескіленіп (редукцияға ұшырап), әлсіз айтылады. Мектеп оқушылары жазуда оларды аңғармай қалатыны да содан. Мысалы, жұдырық, құмра, көкірек, құдірет, азырақ, қатынас, адыраңдау, тәжірибе, қасірет, қабiлет т.б. Мұндай қасиет ө, е дыбыстарында жоқ дерлік. Рас о, е дыбысы да бірер сөзде протеза түрде кездеседі: орыс (рус­ский), орамал (румал), ораза (руза), ережеп (раджап).

Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жіктегенде елеулі белгі ретінде ұйқастың жасалуын ескеру керек. Өлең ұйқастарын жасауда буын құрамындағы дауыстылардың жақ қатысы жағынан деңгейлес болып келуі өте маңызды. Сонда ұйқасатын сөздердің буындары бірыңғай не ашықтардан (а, ә), не қысаңдардан (ұ, ү, ы, і) тұрады екен. Ал е, о, о дыбыстары әлгілердің ешқайсысымен де ұйқаса алмайды, тек өзімен-өзі, мәселен, о дыбысы: даңғой, жан той, байланған ғой (Абай) түрінде ғана ұйқасады. Мұның өзі бұларды жартылай ашық дауыстылар деп қарауды қажет етеді. Түркі тілдері фонетикасын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастыратын соңғы бір іргелі еңбекте де бұлар жартылай ашық түрінде танылған [10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет