Закриянова Асия Файзрахманқызы 403 «ә» тобы Қазақ тілінен фонетика тарауын оқыту



бет6/18
Дата22.03.2023
өлшемі382 Kb.
#75673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Дауыстылардың жіктелу кестесі





Жақтың қатысына

Ашық

Жартылай ашық

Қысаң

Тілдің
қатысына

жуан

а




о

ұ

у

Ы




жіңішке

ә

е

ө

ү




І

и

Еріннің

Қатысына


Езулік

еріндік

езулік

Қазақ тіліндегі 12 дауысты дыбыстың (а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы., і) жазылу емлесін оқыту үшін оларды жуын жіңішкесіне қарай салыстырып үйреткен жөн, өйткені оқушылардың жазбаша жұмыстарныда жуан және жіңішке дауыстыларды бірінің орнына бірін алмастырып жазып қою кездеседі.


1)А-ә әріптерінің дұрыс жазылуы сөздің дыбыстық құрамына байлагысты. Бұл екі әріпті дұрыс жазу үшін, олардың бірінің орнына екіншісінің жаңылыс жазылуынан оқушыларды сақтандыру керек.
Сөздер қалай естілсе, солай жазыла бермейтіндіктен, олардың дұрыс жазылу үлгілері көрнекті түрде үйретіледі:
Мысалы: дүдамал – дүдәмәл емес.

Ә әрпінің бірінші, екінші, үшінші буындарда жазылуын былай көрсетуге болады.





Бірініші буында

Екінші буында

Үшінші буында

әл, әр, әже, әділ, әрекет, мәжбүр, дәстүр, сән т.б.

Сірә, кінә, іңкәр, кінәрат, күнәһар

Есенәлі, Сұлтанәлі, бейкүнә.

2) О-ө әріптері сөздің бірінші буында көбірек қолданылатыны мысалдармен көрсетіледі:


Ор-өр, оз-өз, от-өт, оң-өң, т.б.
О әрпі екінші және соңғы буындарда, оның өзінде байырғы сөздерде емес, орыс тілі арқылы енген бірен-саран сөзде ғана қолданылатынын мына мысалдармен көрсетуге болады: кино, домино, бюро, т.б.
Ал ө әрпі екінші және басқа буындарда естілсе де, жазылмайтынын былай саылстырған жөн: бөледі (естілуі – бөлөді), көлем (естілуі – көлөм). Мұндай жағдайда сөздердің екінші, үшінші буындарында ө естілгенмен, е жазылатынын оқушыларға ескертіледі.
3) Ұ, ү, у әріптерін оқушылар жазба жұмыстарында бір-бірімен көп шатастырады. Сондықтан бұл үш әріпті бір-бірімен қатар салыстырып оқытудың пайдасы бар. Оларды бір-бірімен салыстырғанда, сөздердің мағыналарына дұрыс жазылудың қандай дәрежеде әсер ететіні аңғарылады:
Ұн – үн – ура,
Ұр – үр – уық.
Осы мысалдар арқылы бұл әріптерді бір – бірінің орнына ауыстырып жазуға болмайтынына көзін жеткізу керек.
Ұ, ү әріптері сөздің бірінщі буында көп қолданылатынын айта келіп, біраз сөздің екінші буындарында жазылатыны былайша көрсетіледі: Ұ, ү әріптерінің екінші, үшінші буындарда жазылуы.
Ұ ү
мазмұн, мәжбүр
бұлбұл, дүлдүл
мақұл дәстүр

5) Ы, і әріптерінің емлесінен оқушылар жиі қателеседі. Бұларды бірінің орнына екіншісін жаңылып жазып қоюмен қатар оларды жазылмайтын жерге орынсыз жазып қою да кездеседі.


Сөздің соңғы буынында тұрған ы, і әріптерінен кейін дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы, і әріптерінің сусып түсіп қалатынын, яғни жазылмайтынын, көрнекі түрде түсіндіру қажет.
Орын – орны ерін – ернеу
Ауыл – аулы оқы – оқу
Ерін – ерні жылы – жылу
Сондай-ақ кейбір сөздерге –ақ, -ек жұрнағы қосылса, негізіндегі ы, і әріптер сусып түсіп қалатынын мына мысалдар арқылы түсіндірген жөн: Қорық – қорқақ – қорқып, Үрік – үркіп – үркек.
Дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Қазіргі қазақ тілінде мынандай 25 дауыссыз бар: б, в, г, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң» дейді де, бұларды топтастырған кезде щ әрпін қосады. Дұрысы, щ — дыбыс емес, әріп. Ол созылыңқы ш (немесе қос ш) дыбысының таңбасы, транскрипцияда оны ш: түрінде таңбалайтыны айтылды. Қазақ тіліндө щ әрпі тек ащы, тұщы, кеще сөздерінде жазылатыны белгілі. Дұрысы, қазақ тілінде қос ш түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі: апппы, кeшшi, ішші, ұшшы, башшы (басшы), ашшы (асшы), жашша (жазша), ташша (тазша), қышша (қызша), Қошшан (Қосжан), Дошшан (Досжан), ашша (ашса), кешше (кешсе), түшшү (түсші), тұшшы (тұзшы), бішше (бізше) т. б.
Жоғарыдағы үш сөздің щ-мен жазылатыны, шамасы, түбір мен қосымшаға ажырамайтындығынан болса керек.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар — консонантизмдер (лат. consonans — дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқындалып, бір ізге түсіп болған жоқ. Жоғарыда дыбыс, фонема туралы түсініктен бір ғана т-ның төрт түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік (ат) ,жіңішке езулік (ет), жуан еріндік (от), жіңішке еріндік (өт). Осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәрінде дө бар. Ал у тек жуан еріндік (у ) және жіңішке еріндік (у ) түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә. Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингармотиптен немесе 66 сингармо дауыссыздан құралады» [11]. Олар: б, г,ғ, д, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в, ф, х, һ, ц, ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар — жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар.
Буын жігінде келген фонемалардың жуаны жіңішкеріп, жіңішкесі елеусіз түрде жуандап жатса, керісінше, қ-ның к-ге, к-нің қ-ға өтуі біршама психологиялық дайындықты көрек етеді. Сонда ғана қ, к, г, ғ, дыбыстарының қатысуымен аралас (жуанды-жіңішкелі) болып жүрген сөздерді үндестікке бағындыруға болады. Мәселен: кәзір-іқазыр, кәдірі-қадыр, кәлпесі-қалпе, қабірі-қабыр, кәситі-қасиет, кәндені-қанден, кауіпі-қауып, көрекі-қорек т. б.
Қысқасы, қ, к, ғ, г дауыссыздарын әзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады. Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны — 37. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонемалық қасиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті бола­ды. Алайда бұл фонемалық қасиет орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан-жіңішке боп) фонема бола алмайды.
Азынаулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар — он бес: б, г, д, ж, з, и, к, л, м9 н, р, п, с, т, ш.
Қазақ тіліндө бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар — бесеу:
р, қ, ң, у, Һ.
Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыс­сыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч.
Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі.
1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
а) унділер: л, м, н, ң, р, й, у;
ә) уяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з;
б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч.
¥яңдар мен қатаңдар үнсіздер делінеді.
Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық тудырмайды. Алғашқы 10 әріптің үшеуі (а, э, е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы болып шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын жақсы білу керек.
Яғни, б, в, г, ғ, д, ж, з – п, ф, к, қ, т, ш, с
Үнділер — жетеу. Үш жерде жеті — 21. қалған дыбыстар (х, һ, ц, ч) қатаңдардың қатарынан орын алады. Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың жәнөе салдырдың қатысуы дәрежесіне байланысты. Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайды).
Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана балағa, уызға, атқа, асқа дегендерге жеке қосымша ғ, қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қou айтуда неге ағешкі, қарағай болып кетеді деген сұрақтарға нақты жауап беруге болады.
2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай
да үш топқа бөлуге болады:
а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц,
ч, м, н, ң;
ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж. з, һ, ғ, л, у, й, х,;
б) Діріл дауыссыз — p.
Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыс­сыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.
3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қа
рай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді:
а) ерін (лабиалъ) фонемалары: п, б, в, ф, м, у;
ә) тіл (лингвалъ) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң, л, р, й;
б) көмей (фарингалъ) фонемасы — Һ.
Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) және ерін мен тіс (ф, в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п, б, м) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады.
Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады. Тіл фонемалары үшке бөлінеді:
а) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р;
ә) тіл ортасы: й;
б) тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х.
Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т. б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның практикалық мәні де аз.
Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерінің қатысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен, қан, қон сөздерінің соңындағы н дыбысы қосымша жалғанған кезде ң (айтылуы қаңға, қоңған) кейде м (айтылуы қаммен, қомбады) болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесін үйрету.
Үнді дыбыстың ішінде й дыбысын дауысты и дыбысымен алмастыру бұлардың бірінің әрпінің орнына екіншісінің әрпін жазып қою кездеседі. Мұндай қатені болдырмау үшін бұл екеуінің жазылуы салыстырылады:

И й
Иса Йемен


Оқиды ойнайды
қияды тыйылады
М, н, ң әріптерін кейде бірінің орнына екіншісін жазып қоюды болдырмау үшін, мынадай жағдайды ескеру керек:
а) Жұмаға дейінгі күн аттарында н әрпі жазылады: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі.
ә) Оңтүстік диалектісінде өлең дегеннің орнына өлен деп айту кездеседі. Қазақтың әдеби тілінде өлең деп жазылатыны еске алынуға тиіс. Ң әрпі сөздің басында қолданылмайды.
2. Ұяң және қатаң дыбыстардың әріптерін дұрыс жаза алмау кездеседі.
Б, в, п, ф әріптерінің дұрыс жазылуын мысалдармен салыстырып үйрету керек.

Б в п ф
Бала вагон поезд фабрика


Бөле вокзал поэзия Фазыл
Бота Алпысов пән буфет
Г-ғ, һ-х, к-қ әріптерін жазғанда, бірінің орнына екіншісін шатастырып жазбау үшін, олар ауысып келген жағдайда сөздердің мағыналарының бұзылып кететіні ескертіледі. Оқушылардың жазбаша жұмыстарына ғ әрпінің белдемшесін жазбай кету, қ әрпінің сирақшасын жазбай кету кездесіп отырады. Мұндайф қателерді болдырмау үшін жаттығу жұмысын көбірек жүргізіп, жаңылыс жазылған әріптердің элементтерін түзу жазуға дағдыландыру керек. Ғ әрпі сөздің соңында қолданылмайды.
Һ-х әріптерін алмастырып алмау үшін салыстырып үйретіліеді:
Һ х
Қаһарман хал
Қаһарлы хат
Еһе халық
Гауһар кітапхана
аждаһа асхана

Ц, ш, ч, щ әріптерінің жазылуы нақты мысалдармен көрестіледі: центр, циркуль, шаш, Чапаев, борщ.


Ц, ч әріптерінің орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатынына көңіл аударылып жаттығу жұмыстары жүргізілуі керек.
Щ әрпінің байырға сөздерде және орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерде ғана жазылатынын мына сөздер арқылы көрсетуге болады:
Ащы, Щорс, тұщы, кеще.
Дауыссыз дыбыстар әріптерінің емлесін үйреткенде, ерекше көңіл бөлетін мәселе – қосарланып келген дыбыстардың жазылуы. Оқушыладың жазба жұмыстарында қосарланып келген дауыссыз дыбыстардың біреуі түсіріліп жазылатыны байқалып жүр. Мұғалім мұндай қатені болдырмас үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу керек. Жаттығу жұмыстарының түрлері әр қилы болуы мүмкін: көшіріп жаздырту, оқыған кітаптарынан мысалдар таптыру, диктант жаздыру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет