Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет15/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   107
Байланысты:
full

 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч. ІІІ. – С.-
Петербург, 1870. 342-б.
69
Бозжігіт. 1881. 30-б.
70
 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч. ІІІ. – С.-
Петербург, 1870. 360-б.


55
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Тас болыпсың, жар-жар!
Бірің – айдүр, бірің – күндүр,
Қайғырмаңыз, жар-жар!
Заман ақыр болғанша,
Айрылмаңыз, жар-жар!
71
Бұл «жар-жар» қазақтың салт жырларында кездесетін «Бір 
толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!» немесе «Алып келген ба-
зардан қара насар, жар-жар! Қара құйрық сəукеле шашың басар, жар-
жарға!» ұқсас келуінен Бозжігіт пен Қарашаш уақиғасын баяндау-
да «жар-жар» айтып, қошемет көрсету дəстүрін пайдаланғандықты 
көреміз. «Жар-жар» айтуды салт еткен ескі кездегі қазақ өмірінің 
елесі көрініп, шығарманың шығыстық сарыны бəсеңдей түседі.
Шеттен келген, аты жоқ, атағы жоқ біреуге қызымды бермеймін деп, 
Қарашаштың əкесі қарсылық етеді, қызын өзі қалаған адамына қоспақ. 
Бұл шешімді білген Қарашаш қатты қайғырады, «сүйгенімнен айырма» 
деп зар илейді. Əділетсіздік ісін ханның бетіне шоқ қып басады. Бозжігіт 
«ел тонау үшін келмеген, ғашықтық жолында жүріп, адал арманы үшін 
еткен талабына қиянат ету жөн бе, оны өлімге бұйыру зұлымдық емес 
пе? Көрмес соқыр, естімес саңырау жандардың күні екен» деп ашынады.
Бозжігітті қорғап:
Мойнына қылыш салған жоқ,
Найза, қылыш жанға алып.
Балта, пышақ қолға алып,
Əкеңізді өлтірген
Дұспаныңыз бұл емес
72
, –
дейді.
Таңдап табысқан жолдастардың жолына кесе-көлденең келіп 
отырған қатал жанға өздері секілді таза махаббат, əділдік іздеген 
жастар атынан наразылық білдіреді. Қарашаштың сөзіне құлақ 
салмаған мейірімсіз хан қапысын тауып Бозжігітті өлтіреді.
Бозжігіт ғашықтық жолын қуған, нəзік сезім иесі болғандықтан, 
оны бейнелеу ерекшеліктері, теңеу, суреттеулері де осыған сай алы-
нады. Бəрі де Бозжігітті биязы, пəк адам қылып көрсету, жазықсыз 
қаза болып, арманына жетпей кеткен осы адал жанға жылы, аянышты 
сезім туғызу тілегіне бағындырылған.
71
Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч. ІІІ. – С.-
Петербург, 1870. 362-б.
72
 Сонда, 360-б.


56
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Бұлбұл құстар сайрайды,
Қызыл гүлі жоқ па екен?
Қызыл жүзді Бозжігіт
Бұл ойында жоқ па екен?
73

деп, Бозжігітті бақшаның аясында өскен қызыл гүлге теңейді.
Бозжігіттің аяусыз ажалға ұшырағанын баяндауда Қозы Көрпеш 
өлімін суреттеумен үндестік бар екені сезіледі. Баян мен Қарашаштың 
қайғылы халінде де ортақтық, бірлестік аз емес. Баян сияқты Қарашаш 
та қатал əке, тұрпайы өмірдің кесіріне кездеседі. Арманда кеткен 
сүйікті жарының ақ өлімін барынша құрметтеп, адал махаббатынан 
айнымайды. Қозы Көрпешті өлтіріп, Баянды мұқатпақ болған Қодар 
«ал, байыңның басы деп тастағанда», «Баян жайды етегін жерге сал-
май» деген сөздерден Баянның таза сүйіспеншілік сезімі, жарын шын 
сыйлап, қастерлейтіндігі, табалап, мазақ етпек болған қас-дұшпанға 
табандылық көрсете алғандығы қаншалықты əсерлі көрінсе, осындай 
қасиеттерді Қарашаштың бойынан да көреміз.
Торқаға қанды басын орап алды,
Үйінен алтын-күміс қолына алды.
Жарына там тұрғызу ойына алды
74
.
Ғашығынан айрылған Қарашаш ендігі ауыр күйікке төзе алмай:
Шын жарымнан қалғам жоқ,
Жалған жарға барғам жоқ», –
деп жанын өлімге қиды, өзіне пышақ салып, аяулысын құшақтап 
өледі.
Сөйтіп, Бозжігіт те, Қарашаш та ескі қатал, қатыгез заманның 
зорлығына, əділетсіздігіне төтеп бере алмайды, бірақ мойын сұнбай, 
адалдығын, ар-намысын берік ұстап, сүйіспеншілік сезімін таза 
сақтайды.
«Мұңлық–Зарлықтың» қазақ əдебиеті дəстүрлеріне «Бозжігіттен» 
де көбірек қабысып, төл шығарма тəрізді болып кеткенін көреміз. 
Бұл ондағы кісі аттарынан да, шығарманың сюжет желісінен, сурет-
теу ерекшеліктерінен де көп жерде белгі беріп, айқындалып тұрады. 
«Мұңлық–Зарлық», бір жағынан, қазақтың ертегі-аңыздарымен са-
рындас келсе, сонымен бірге онда батырлар жырында кездесетін сөз 
оралымдары мен бейнелеу тəсілдері кеңінен қолданылған.
Он сан ноғай елінде Шаншар деген хан болады. Ол көп қатын 
алады, бірақ жетпіске жеткенше бала көрмейді. Теңіз жағасында 
73
Бозжігіт. 1870. 339-б.
74
Сонда, 339-б.


57
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
қамыстан салған күркені паналаған, балық аулап күн көрген, 
қорғанышы жоқ кедей Жаудыр шалдың жалғыз қызы Айымды алады. 
Айым бір ұл, бір қыз табады. Оның көп күндестері мыстан кемпірге 
егіз туған нəрестелердің көзін жоюды тапсырады. Мыстан сəбилерге 
қастық істейді. Иен таудың ішінде қалған нəрестелерді киік емізеді, 
олар елсіз жерде жеміс жеп, тағы болып өседі. Ұлдың аты Зарлық, 
қыздың аты Мұңлық болады. Күндерде бір күн Зарлық киім тауып 
кию үшін Күлмес ханның еліне қарай жол тартады. Ұзақ шөлден өтіп, 
отыз күн жол жүріп, шаршаған Зарлықтың алдынан Күлсары атқа 
мінген, қару-жарағын асынған, ит жүгіртіп, құс салып жүрген Күлмес 
хан кездеседі. Жабайы өскен, тəртіп-тəрбиеден хабары жоқ, ұсқыны 
жат Зарлықты ханның қасына ергендердің бірі шауып тастамақ та бо-
лады. Бірақ хан дат айтуға Зарлыққа сөз береді. Зарлық:
Қайырлы хан дегенге,
Сұрап келіп тұрыппын.
Шарайна, белдік, қалқанды,
Сұрап келіп тұрыппын
Астыңда тұлпар атыңды
75
, –
дейді.
Қаңғып жүрген баланың именбей ханның сауыт-сайманын
астындағы атын сұрауын өрескел көрген Күлмес хан мырс етіп 
күліп жіберді. Зарлыққа еш жауап бермейді. Ханның қасындағылар: 
«Сандырақ сөздерге күлгеніңіздің мəні қалай?» – деп сұрайды. Сон-
да Күлмес хан: «Ол баланың əкесі бізден он қиса артық хан еді, бұл 
күнде оның зарығып көрген ұлы жаяу-жалаңаш қаңғып жүр, соған 
күлдім», – дейді.
Зарлық бұл сапарында бір асбасшыларға кездесіп, асын ішіп, 
ақшасын төлемей кетеді, ол ақша төлеу дегеннің не екенін білмейді. 
Дүкен аралап, ұнаған шапанды рұқсатсыз киіп, жабайылық мінез 
көрсетеді. Мұңлыққа арнап бір шапан алмақ болып, дүкенге келген 
кезде, дүкенші қарсылық етіп, араларында ұрыс-төбелес шығады. 
Осы арада Зарлық өзінің күшін танытады. Оның күшінен айдынған 
Күлмес хан жалғыз қызы Құралай сұлуды Зарлыққа беретін болады. 
Қызды күйеудің қасына əкелуге бір топ əйелдер Құралай тұратын 
сарайға барса, сұлу жоқ боп шығады.
Құралайды Қара дəудің алып қашып кеткенін білген Зарлық 
Күлсары атқа мініп, қызды іздеп жол шығады. Қара дəудің басын 
алуға аттанған Зарлықтың Күлсары аты:
75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет