Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет14/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   107
Байланысты:
full

 Шайхысыламұлы Ж. Жүсіп–Зылиханың мəселесі. – Қазан, 1918. 59-б.
59
 Сонда, 59-б.


51
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Ақыры Жүсіп Мысырға патша болып, Зылиханы алады. Жүсіпке 
қосылған соң, Зылиха жасарып, «құдайдың құдіретімен» көркем сұлу 
болып, толықсып шыға келеді.
«Сейпілмəлік» пен «Жүсіп–Зылихаға» махаббат тақырыбын 
баяндау жағынан жалғас, ұқсас болғанымен, олардан оқшау тұрған 
шығармалар «Лəйлі–Мəжнүн», «Таһир–Зуһра» жəне «Бозжігіт». Бұлар 
ертегі-аңыз үлгісінде емес, дастан-поэма түрінде құрылған. Əсірелей 
бейнелеу, көркем фантастика бұларда да мол орын алғанымен, діни, 
мифтік қиял жағы əлдеқайда аз, өмірді нақтылы түрде суреттеу жағы 
басым келеді.
1907 жылы жазылып, 1923 жылы «Шолпан» журналында 
шыққан «Лəйлі–Мəжнүн» Фзули нұсқасы бойынша қазақшаланған. 
Бұл дастанда бір-біріне туа ғашық болған жастар арасындағы шексіз 
махаббат жайы айтылады. Шығармаға ғажайып уақиғалардың мол 
кіруі оның өз алдына бір өзгешелігін аңғартқандай. Мəжнүннің, яғни 
Қайыстың келбетінде айрықша бір белгі бар:
Келбеті бұл баланың өзгеден жат,
Бір көрсең, көргің келер неше қабат
Бетінде бек сүйікті бір нұры бар,
Қыласыз ықтиярсыз шын махаббат
60
.
Лəйлі мен Қайыс нəресте кезінің өзінде бірінен-бірі таса болса, 
тынышы кетіп уанбайтын болады. Қатал əке Лəйліге қатты тыйым 
салады. Ғашығын көруге лажы болмай, қасіретке ұшыраған Лəйлі:
Мен зарладым бұл жерде,
Қайысқа үнім жетер ме.
Жалынсам соққан желдерге,
Сəлемді алып жете ме
61
, –
деп қамығады. Тағатын тауыса сөйлеген қыздың махаббаты да бір 
алуан болып баяндалады.
Бөгет болғандардың ісі жанына батып, зор ғашықтықтың ауыр 
салмағы əлсіреткен Қайыс есіне Лəйлі түскенде «аузынан жалын 
шығып», осынау бір ғашықтық оны кейде есінен тандырады, жұрт 
Қайысты Мəжнүн атандырады.
Лəйлі деп зарланады ұзақ түнге,
Жүдеді қайғысы асып күннен-күнге.
Ғашықтық ішін өртеп, диуана боп,
Қор болып адамдықтан шықты мүлде
62
.
60
ҚазССР архиві. «Лəйлі–Мəжнүн». 187-б.
61
Сонда, 188-б.
62
Сонда, 189-190-бб.


52
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Мəжнүн өзін, сөзін ұқтыра алмаған, қиянатшыл ортадан 
жақтаушылар таба алмай, терең махаббатын түсіндіре алмай, жынды 
атанып, дұрыс ісіне бола теріс көрініп жүрген сияқты. Ол қауымнан 
шығып, даладағы ұшқан құс, жүгірген аңға қосылып та кетеді. «Зарын 
естіген мақлұқтар Мəжнүннің қайғысына ортақтасып, шуылдаса, сол 
зарға үн қоспаған, зорлықшыл топ кім? Мəжнүннің қаңғып кетуіне 
кім кінəлі?» деген сұрақ та қойылады. Мəжнүн кейде əлдеқандай 
шарапат иесі жан болып та көзге түседі. Ол біреуге қиянат жасап, 
өрескел мінез көрсетіп, жынды атанбайды, əділ ісіне жол берме-
гендерге қарсы болғандығы үшін жақпай, жат көрінеді. Ол бірде 
заманының зорлығына көнбеген бүлікшіл адам болып та көрінгендей. 
Оны Мекеге апарып, Бəйтолланың қасиетті тасынан шипа күткізген, 
табиғаттан тыс күш бар деп əуреленген, құдайдың кереметіне сен-
гендер ойына қосылмаған да сол Мəжнүн сияқты. Жынды атандыр-
са да, Мəжнүннің махаббатын аңсап, құштарлығы арта түскен Лəйлі 
тұрады:
Сөйлесті аспандағы айды көріп,
Жүресің жердің бетін сен тексеріп.
Бір күнде дүниені шарқ ұрасың,
Мəжнүннен қуантсаңшы хабар беріп
63
, –
делінеді.
Лəйлі–Мəжнүн уақиғасы туралы шарықтата, əсірелей айтылған 
ертегілі жайттар да кездеседі. Лəйлі мен Мəжнүнді ерекше жан-
дар етіп көрсетпек болған, əріден келе жатқан ескі ақындар салтын 
сақтағандық та байқалады, сондықтан да артықша махаббат иесі 
Лəйлі мен Мəжнүннің өзгеге ұқсамайтын істері əдейі сөз болады. 
Көп күндер кездесуге лажы болмаған, ғашықтығы шектен асқан екі 
жас бірін-бірі көргенде күйіп-жанып, жақын жуықтаса, араларынан 
от шығатын болады.
Барады жақындаса, жанып-күйіп,
Денеге болар емес дене тиіп.
Екеуі шыдай алмай, талып кетті
Аузынан алған екен бірер сүйіп
64
.
Бұлардан басқа да ғажайып істері сөз болады. Қайтыс болған 
Лəйлінің моласына Мəжнүн келген кезде, жас қабір ашылып кетеді, 
тілегі қабыл болған Мəжнүн жарын құшып, қасында мəңгі қалады. 
Сөйтіп, Лəйлі мен Мəжнүн «көз бұрмай, көңіл бұрмай, мінез бұзбай», 
63
ҚазССР архиві. «Лəйлі–Мəжнүн». 192-б.
64
Сонда, 193-б.


53
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
адал арманына кір жұқтырмаған, бір жасында табысқан ғашықтар бо-
лып сипатталады.
«Таһир–Зуһра» нұсқаларының бірін жариялаған Əлқадыр Ора-
заев шығарманы «жеңіл тіліміз – ноғай, қазақ тілінде жаздым» дейді. 
Уақиғаның көп жері қара сөзбен баяндалған. Таһир мен Зуһраның 
ғашықтық сезімі, ойы, мұңынан аңғарылған сөздер өлең түрінде ай-
тылады. Зуһраны еске алған Таһир:
Шын хақиқат жарымды,
Көрер күнім болар ма?
Қараңғылы қара орман
Өтер күнім болар ма?
Қара бұлт басымнан
Кетер күні болар ма?
65

деп өзінің қиянатты өмірдің қиыншылығына ұшырағанын баяндай-
ды.
Таһир мен Зуһра да Лəйлі мен Мəжнүн сияқты бір-біріне 
бала күндерінен ғашық. Олар қанша азап, түрлі тосқауыл көрсе де, 
серттерінен таймайды. Армандарына жете алмай, дұшпандық еткен 
жауыз адамдардың қолынан жазықсыз қаза табады.
«Зуһраның қабірі үстіне ақ гүл өсіп, Таһирдың үстіне қызыл гүл 
өсті, уал ғарип малғұнның үстіне қара тікенек өсті»
66
деген сөздер 
қиянатшыл, қатал адамдарды мінеп-сынау екенін айқындай түседі.
«Бозжігіт» Радлов бастырған нұсқасында қазақтың халық 
поэмасы «Қозы Көрпеш – Баян сұлуға» өте-мөте жақын. Дастанда 
Бозжігіт пен Қарашаш махаббат істерінде бастан асқан дүлей күш, 
өмір əділетсіздігіне, қатал бұйрықтың кесіріне ұшырап, арманда кет-
кендер болып сипатталады. Қарашаш сұлу махаббаты үшін қандай 
да болсын қиыншылыққа төзіп, атаққа, байлыққа, ханшалыққа 
қызықпаған, таңдап тапқаны жолында құрбан болуға серт берген қыз 
болса, Бозжігіт те Қарашаш үшін жанын пида етеді.
Хан болып, өмір жүргізу Бозжігітті қызықтырмайды, оның арма-
ны – түсінде көрген Қарашашты іздеп табу. Лəйлі–Мəжнүн, Жүсіп–
Зылиха, Таһир–Зуһралар сияқты адал ғашық болуды мақсат етеді.
Қарашашты есіне түсірген Бозжігіт:
Біз еліңе барғанша,
Дидарыңды көргенше,
Лəйлі менен Мəжнүндей
65
Қисса Таһир–Зуһра. – Қазан, 1907. 25-б.
66
Сонда, 63-б.


54
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Сабыр қылсақ керекті...
67
Зылиха мен Жүсіптей
Сабыр қылсақ керекті
68
, –
дейді.
Бозжігіт пен Қарашаш қазақ өміріне де жат адамдар емес 
сияқты. Өлім жазасына бұйырылған Бозжігітті іздеп, сұрау сала кел-
ген Қарашаш:
Түйе келіп боздайды,
Ботасы оның бар ма екен?
Бота көзді Бозжігіт,
Бұл ойында жоқ па екен?
Сиыр келіп мөңірейді,
Бұзауым деп жылайды
Бишараның бұзауы,
Бұл ойында жоқ па екен?
69

дейді.
Бозжігітті іздеп жүрген Қарашаш ботасынан айрылып боздаған 
түйе, қозысынан айрылып маңыраған қой, бұзауын іздеп мөңіреген 
сиырмен салыстырыла бейнеленеді.
Бозжігіт Қарашашпен кездесу жолында жүріп, көп 
қиыншылықтарға ұшырайды. Қарашаштан басын аяп, ізгі арманын 
аяққа басатын адам емес, неге болса да төзіп, қайтсе ғашығын көріп, 
арманына жетіп тынбақ.
Көрмегенді көрдім мен
Табандарым ойылып,
Қолдарым мүлде сойылып
70
, –
дейді.
Көп жылдар кездесе алмай, «санамен сарғайып», сағынышы шек-
тен асқан, алғаш рет бір-бірін көріп, қуанысқан екі ғашық – Бозжігіт 
пен Қарашашқа мына сөздер арналады:
Бірің – тоты, бірің – бұлбұл,
Жар болыпсың, жар-жар!
Бірің – алтын, бірің – күміс,
67
Бозжігіт. – Қазан, 1881. 3-б.
68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет