Шайхысыламұлы Ж. Дотан Құбақанбайұлы. – Қазан, 1915. 37-б.
82
Сонда, 7-б.
83
Сонда, 32-б.
63
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Бір баланың тілеуін,
Ғашықтықпен тілейді
84
.
Қыздың ақын ағасы Шорман «ұнатсаң, Дотанды жатсын-
ба» дейді. Қарындасының теңіне баруына көмектеспек. Күнікей
əкесі Шынтемір ханның, оны қостағандардың қаһарын көтеруден
үрейленбеген өр қыз ретінде бейнеленеді.
Дотан – қарадан шығып, ел билеген, Қалдан бастатқан қалмақ
басқыншыларына тойтарыс берген, елді жаудан қорғап алғыс алған.
Күнікейдей аруға қосылып, арманына жеткен адам болып көрінеді. Ол
Күнікейді жеті жыл сарыла іздейді. Қызды зорлап алмақ болған Жа-
зира ханды ерлікпен өлтіреді. Орман би «Жалғыз жүрген жолаушыға
жол берме, ол орындай алмастай шарт қойып, құтылалық», – деп,
Шынтемірді үгіттейді. «Балуаны балуанымызды жықсын, аты аты-
мыздан озсын, жаяу жарыста бəйге алсын» дегенді сылтау етеді.
Дотан шарттарды түгел орындайды, уəде бұзған Шынтемір хан
Күнікейді көрсетпей, жасырып қояды. Мұны Саққұлақ біліп отыра-
ды. Дотан көзбайлаушысын жіберіп, Күнікейді жолшыбай жалмауыз
кемпірдің қастығынан да құтылып, аман-есен қайын жұртына келеді.
«Бақтияр»:
Сөйлесем, тілім, сенің дүлдүл шағың,
Бұйрықсыз кім алады кімнің бағын.
Жамағат құлақ салып тыңдасаңдар,
Сөйлейтін «Бақтиярдың» бір бұтағын
85
, –
деп басталады.
Азатбақыт ханға баруға Жамал біраз толқыса да, ханға тиіп
ханша атанады. «Қызымды рұқсатсыз алды» деп кектенген ханның
уəзірі қол жинап, егес шығарады. Уəзір жағына төтеп бере алмай, ба-
сына қауіп төнген хан жан сауғалап, беті ауған жаққа қашады. «У
құдық» деген жерге жетеді. Қарбалас үстінде жолшыбай ханша боса-
нып, нəрестені «інжу тонға орап, тастап кетеді». Иесіз қалған баланы
қарақшылар тауып алып, асырап ер жеткізеді.
Бақтияр жазықты болып, қапасқа түседі. Көп жатпай босанады,
хан қолында тұрып, өзі де, ісі де жағады.
Атты үйретті, малша айдап қайырмайды,
Күн санап бала жағып, байырлайды.
Қылса жұмысы, сөйлесе сөзі тойғысыз
Ханым да, хан да көзін айырмайды
86
.
84
Шайхысыламұлы Ж. Дотан Құбақанбайұлы. – Қазан, 1915. 13-б.
85
Бақтияр қиссасы. – Уфа, 1911. 3-б.
86
Сонда, 23-б.
64
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Бақтиярдың соғыс кезінде қалып қойған ханның өз баласы екені
мəлім болады. Оның еңбексүйгіш, мал баққыш жігіт болып өскені ай-
тылады.
«Бақтиярда» шығыс сарындас қиссаларда кездесетін шалқыған
фантазия, кереметті уақиғалар жоқ. Онда Бағдат, Басра, Мысыр,
Рум, Шам шаһарлары аталмайды. Қызға түсінде ғашық болып,
қиыншылықтарға ұшырап, азап шегіп жүрген Бақтиярды көрмейміз.
Ол айдаһар, дəулермен алыспайды, ол тұжырымдылығы, сөзге
ұсталығы, шаруашылдығы, «не ұйқы, не жүрістен жалықпаған»
еңбекшілдігімен бағы ашылған адам бейнесінде беріледі.
Шығармадан шығыстық сарын тіпті сезілмейді демесек те, бірақ
уақиғаны баяндаудағы қолданған əдебиеттік тəсіл, сөз орамдар үлгісі
қазақ фольклоры үлгісіне сəйкес келген.
«Қарабектің» бас қаһарманы – асқан батыр. Оның қолын тек
арыстанның жон терісінен істеген төрт қанжыға ғана байлайды.
Қарабек қалқанды аспанға допша атады. Оның адамша тілдесетін қой
мойынды құла тұлпары бар. Ол жауын көрсе, қылышы ұзарып кететін,
бір мың қолды жалғыз өзі қырған, əйел намысын, ел намысын, ер на-
мысын қорғаған, жұрттардың тыныштығын, татулығын жоқтаған ай-
бынды батыр болып көзге түскендей. Ол Қараманның Ханбибі үшін
қан төгіспек болғанына наразы, содырлыққа жол бермейтінін айтады:
Ей, Қараман, Қараман!
Сен атсаң да, мен атпан.
Сенен бұрын мен тимен
87
.
Анасының түсінігі бойынша да Қарабек – «жақсылық жолын
қуған», елге еңбек етуді арман еткен ер. Баласы қолға түсіп, өзгелерден
жəрдем болмай, кəріптікке ұшыраған ана аузына мына сөздер түседі:
Қаса батыр туғансың,
Жақсылық жолын қуғансың...
Сыртың да сұлу құба тал,
Жалғызым менің ақ сұңқар.
Қайтіп енді күн көреді,
Артыңда қалған кемпір-шал
88
.
Хикая аңғарынан қазақ, қалмақ тату тұрып, қыз алысуы сөкет
емес, елдердің батырлары жауласып, жұрт тыныштығын бұзбауы ке-
рек деген ойға мегзегендік те байқалғандай.
87
Қисса Қарабек. Қазан, 1881. 10-б.
88
Сонда, 30-б.
65
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Қараман Қарабектің «ішкен асы тамағынан көрінген, алпыстағы
шалдың тұла бойы еріткен, қылышымен сүйдірген» сұлу апасы бар
екенін біліп, соған құштар. Қыз үшін соғыс ашқан Қараман жолы бол-
май, қолға түсіп қалады.
Қараманның аянышты сөзіне Ханбибі «сұлудың тұла бойы
кетті еріп» делінеді. Ханбибінің сұрауы бойынша, Қараманды
Қарабек босатады. Қыз бен жігіттің арасына берік махаббат ор-
намай, олардың ажырасқаны айтылады. Қараман Ханбибінің
қаталдығын, туысқанға мейірімсіздігін, жазықсыз Қарабекті
өлтірмек болған əділетсіздігін көріп, одан безінеді, батырлар өзара
ұғысып, татуласады.
Шығармада Ханбибі қатты сыналады, оған «есер туған сұм
қыз» деген ат тағылады, ол əдебінен жаңылған, Қараманға деген
құштарлығы ибадан асқан адам бейнесінде көрсетіледі. Қарабекке
қиянат жасағандығы үшін Ханбибі жаза тартады. Хикаяға
моральдық мəн берілген сөзде: «өз жамандығың алдыңнан шығып,
өкінбе, жігіттер, жамандықты қылмаңыздар, Ханбибінің қылғанын
ойлаңыздар»
89
, – делінеді.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – қазақ арасына мол тараған, жарқын
үгітті жастардың терең махаббатын, теңдік үшін табанды күресін, бір
кездегі қазақ өмірін, салт-санасын көрсететін, көрнекті көне нұсқаның
бірі. Жыр уақиғасы түркі тілдес елдер арасына да тараған (башқұрттар,
алтайлықтар, т.т.). Оның əр кезде жазылған, не жарияланған үлгілері
ішінде Ə.Дербісəлин, И.Н.Березин, Н.И.Ильминский, В.В.Радлов,
Шөже, Жанақ арқылы мəлім болғандары бар. Бұл нұсқаларда бірде
Қозы мен Баянның жазықсыз қазаға ұшырағаны сөз болады. Алай-
да көптеген нұсқалар Қозы мен Баянның қайғылы өмірін баяндайды.
Оларға ортақ сарынды:
Қозы Көрпеш – Баянның болған шағы,
Таза гүлдей ашылып, толған шағы.
Қозы Көрпеш өлген соң, Баян да өлген,
Сондай болсын əркімнің алған жары
90
, –
деген сөздер аңғартады.
Қозы мен Баян жеті ғашықтардың бірі есебінде де ауызға алы-
нады. Баян қас дұшпаны Қодардан өжеттікпен өш алған, қанды
қанмен жуған қыз бейнесінде сипатталады. Ол Зуһра, Лəйлі,
Сақыпжамалдарша жауынан кек алмай кетпейді.
89
Қисса Қарабек. Қазан, 1881. 32-б.
90
Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1959. 98-б.
66
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Əкеме сеніп еді сенің күшің,
Құл болдың есігіме менің үшін.
Шоқ белбеу, алтын айдар мырза қайда,
Шұнақ құл, өлтіремін соның үшін
91
.
Қодарды «құдықтың ернеуіне бауыздап» кек алған қыз ісіне
сүйсінген жыршы: «Еркектей қыз болса да, сұлу Баян, Өлтіріп, Қодар
қуды намыс алды»
92
, – дейді.
«Қозы Көрпештің» бір нұсқасында бар мотив, эпизод, жол-
дар, не сөздер екіншісінде түгел кездесе бермейді. Жыр əр кезде, əр
айтушының аузынан өтіп өңделгендіктен, өзгерістерге ұшыраған.
Жанақ нұсқасындағы:
Балталы, Бағаналы ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл аман бол,
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер аман бол....
Сегіз сай тау бетінде, сала аман бол,
Халайық, қалған елдің шалы аман бол.
Қарабай қайын атаң сенен қашты,
Жөргекте Қозы Көрпеш бала аман бол
93
, –
деген жолдардың басқа нұсқалардан оқшаулау тұрғаны байқалғандай.
Бір нұсқада Ай, Таңсық, Мамабике, Қаракөз аттары кездессе,
екінші бір нұсқада бұлар жоқ. Баянның моншағы түсіп қалған жері
– Моншақты, қарқарасы қалған жер – Қарқаралы атанған еді деген
сияқты түсіндірулер де нұсқалардың бəрінен кездеспейді. Қодар бір
нұсқада Ноғайлының көп мырзаларының бірі Шақшақ байдың бала-
сы, енді бірде ол көп құлдарға қожалық етеді, тағы бір нұсқада Қодар
– аты-жөні белгісіз бір кірме. Қодардың кім екенін білмек болған Ай-
бас сұрағына Қарабайдың қыздары:
Қодардың атасы жел, анасы жел,
Кез болған бар далада өзі ғайып
94
, –
деп жауап береді.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» көне нұсқаларының бірі деп, оның
1879 жылы Қазанда жарияланған нұсқасын айтуға болады. Мұнда ба-
тыр жырларына тəн ерекшелік аз сезіледі. Онда мифтік элементтер
де онша көп орын алмайды. Қозы Жебірейілмен ұшыраспайды, ол
91
Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1959. 50-б.
92
Сонда, 50-б.
93
Сонда, 221-б.
94
Сонда, 231-б.
67
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
«қылышымен шапқылап», таудан жол салмайды, оған аты тіл қатып,
періштелер түсінде «ғаян» бермейді. «Бір ұйықтаса, он төрт күн, он
төрт түн»
95
ұйықтамайды. Оны Бабатүкті Шашты Əзіз тірілтпейді,
бұл нұсқа шығыстық сюжетке жазылған қиссаларға тəн ғажайып
уақиғалардан да тазара түскен.
Қозы күрең атына мінді дейді,
Құрсай садақ беліне ілді дейді.
Періштелер түсінде ғаян беріп,
Қосыларын Баянға білді дейді, –
деген сияқты жолдарды көп ұшыратпайсыз. Бұл нұсқа өзінің қазақ
өміріне жанасымды келген табиғи қалпымен көрінгендей. Оның за-
манына қарай тіл көркемдігі де кем емес. Мұнда Шөже нұсқасында
орын алған діни сарын да аз. Уақиғаның толықтығы, көркемдігімен
айрықша бағалы Жанақ нұсқасында кездесетін, жырдың көнелігіне
онша жанаспайтын:
Тал шыбықтай бұралған өзі көркем,
Мінеки, оны айтатын келді жерім.
Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян,
Сипаты жаннан асқан ол бір өрім.
Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты
Шашының ұзындығы тізін басты.
Гүл төгілер аузынан меруерт тісті
Аппақ көрік маңдайы, қылығы наз
Малың түгіл, басыңды берсеңдағы аз
96
, –
деген жолдардың, əрине, «Қозы Көрпештің» түпнұсқасын жаңғырта
айтуға байланысты келгені байқалады.
Қозы Көрпеш пен Баянның тумай жатып атастырылуы бір
кездегі қазақ салтына мақұл көрінсе де, ондай құдалық екі жастың
өзара сүйіспеншілігі бар жерде өзін ақтамақ деген ой да сезіледі.
«Қозы мен Баян бірін-бірі көрмесе де, тек əкелерінің күн бұрын
атастырғаны үшін ғана сырттай ғашық болысады, демек, «ежеқабыл»
дəстүрін өздерінің жеке бастарының сезіміне негіз етеді. Əрине, бұл
əдет-ғұрып ескілік санадан шыға алмаған көпшіліктің дəрменсіздігін
көрсетеді
97
делінсе де, уақиғаның даму, аяқталу процесіне қарағанда,
түптеп келгенде, Қозы мен Баянның берік махаббатына дəнекер
болған, алдымен олардың тең келіп, қалтқысыз ұнатысқаны, Қозы
95
Қозы Көрпеш – Баян сұлу (Березин нұсқасы). 88-б.
96
Сонда, 227-б.
97
Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1959. 13-б.
68
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
да, Баян да бір-бірінің айрықша қасиетіне, адалдығына құштар.
Егер олар пиғылдары жарасқан адамдар екенін түсініспесе, онда дəл
жырдағыдай ынтызарлық бұл екеуінің арасынан табылмауы мүмкін
екендігін жыр жоққа шығармайды.
Сұқсырдай сұлу Баян толып өсті,
Қызымды жетім ұлға бермеймін деп,
Сарыбай жұртыменен тұра көшті
98
.
Қозы ержеткенше Баянға атастырылғанын білмейді. Ол ойнап
жүріп, өрмек тоқыған кемпірдің жібін үзіп кетеді.
Атаңның атастырған кетті жарың,
Жүгірмек, неге ойнайсың бармай жүріп.
Жөнелді Қозы Көрпеш ойнамай көп,
Көңіліне кемпір сөзін қылады кек
99
, –
делінеді.
Баянды іздеп таппақ. Оның шешесі: «қартайған мені, тоғай
толған қой, түйе, жылқы, алты қанат үйіңді кімге тастайсың, жол-
шыбай тоқсан қатер бар, Аюлының он бөрі, Қиюлының қырық бөрі
бар, олардан қалай өтерсің, таңдап жүріп, басқа қыз ал», – десе, Қозы
көнбейді.
Ісіне Қозыкенің жұрт таң қалды.
Қолына жау-жарағын сайлап алды.
Сөздерін анасының тыңдамай-ақ,
Бозын мініп, Шұбарын жолға салды
100
.
Алыстан аңсап келген Қозыны Баянның қалай қарсы алғаны,
олардың ыстық махаббаты көрсетілмек.
Қозыны алып келді, үйге кірді,
Құдайға сұлу Баян шүкір қылды.
Көрген соң Қозыкені есі кетіп,
Тұра алмай орнынан үш ұмтылды
101
.
Жарасқан жастарға қастық жасап, олардың адал ісін күндеген
Қодар жайы көп сөз болады. Қодар аңдаусызда амалмен Қозыны
өлтіреді.
Көрген соң Қозыкені аттан ұшты,
Басы жоқ құр денесін барып құшты,
98
Қисса Қозы Көрпеш. – Қазан, 1879. 3-б.
99
Сонда, 3-4-бб.
100
Сонда, 6-б.
101
Сонда, 9-б.
69
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Баянның зар еңіреген дауысымен
Айналып əуе аспан жерге түсті
102
.
Қодар ең алдымен топастығы, өр көкіректігі, түйсіксіздігі,
мақтаншақтығы, рақымсыздығымен көрінеді. Ол сұмдық істен
тайынбайды, мекерліктен де құр емес. Қозыдан хабар əкеп тұратын
шафағатты торғайды «Баянның жау жеңгесі» жүнін жұлып қинағанда,
торғайдың «шоқ» деп өлгенін естіген Қодар:
Кім ап кетті осы жұрттың ақыл-есін,
Таба алмайды һеш ойлап мұның несін.
Бозторғайы Баянның «шоқ» деп өлсе,
Шоқтеректің түбінде жатқан сынды
103
Торғайдың «шоқ» дегені шоқ терек деп
Баралық жұрт жиылып, жүрің дейді
104
.
Сөйтіп ол Қозының жасырын жатқан жерін оп-оңай аңғарып,
сол жерден табылған Қозыны өлтіреді. Тасырлығын көрсеткен Қодар
Баян мен Қозы сүйіспеншілігін сезіп, бұлқан-талқан болады:
Көңілі қыз Баянның жай тауыпты,
Кешегі алып қашқан қызың Баян
Сарыбай Қозыке атты бай тауыпты
105
.
Қозыны аңдаусызда атып өлтіргенін жасырып, «оны күшім
жетіп, жекпе-жекте өлтірдім» деп мақтанады. Қодардың жанына сай
сырт бітімі де дөрекі.
Қодардың өзі дырдай, сөзі дырдай
Жүреді жанның бəрін көңліне алмай.
Өзінің денесінің молын қара,
Сыңар ғана жұдырығы қол ағаштай
106
.
Қозы өліп, қасіретке ұшыраған, кегі асқан Баян қалайда Қодардан
өш алмақ. Баян оны «Қодар батыр» деп те дардитып қояды.
Қодар сұм мұны айтқан соң күлімдейді,
Баянның алдағаны білінбейді
107
.
Қодар Баянға су алып беру үшін шыңырауға түседі, оны қолға
түсіріп, енді құтылмасын білген Баян:
102
Қисса Қозы Көрпеш. – Қазан, 1879. 10-б.
103
Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Алматы: ҚазақССР ҒА баспасы, 1959. 88-б.
104
Қисса Қозы Көрпеш. – Қазан, 1894. 15-б.
105
Сонда, 11-12-бб.
106
Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Алматы: ҚазақССР ҒА баспасы, 1959. 226-б.
107
Сонда, 121-б.
70
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Мені сүйер ауызың қайсы десе,
Мінеки, деп құл ернін қимылдатты
108
.
Баянға жазылмас жара салғаннан кейін де арсыздықпен үмітін
үзбеген Қодардың ісіне жаны күйген Баянның бір ісі туралы мынаны
оқисыз:
Мені сүйер ауызың осы ма деп,
Ыржитып жоғарғы ернін кесіп алды
109
.
Пышақты шұрқылтайдан қолға алды.
Жеткізіп жетесіне былғап алды.
Шырағым, Қозыке жан, разы бол деп
110
.
Қодар Баянның дүниеқор, мейірімсіз əкесіне жағып, оның қызын
алмақ. Қыз оны ұната ма, ұнатпай ма, мұнымен есептескен Қодар жоқ.
Антұрған, білдірмейді Қодар жасып,
Əр жерден жүз кісілік құдық аршып.
Су шыққаннан су шығар құдығынан
Суы жоғын толтырар меспен тасып
111
.
Қодардың осынша құлшынып, əлектенуіне байдың: «малымды
шөлден аман-есен алып шықсаң, сүйген қызың Баянды мен берейін»
деген сөзі себеп болады. Ол «əке айтты болды, Баян менікі» деп
қасарысқаны үшін де көпке жексұрын болады.
«Қыз Жібектің» бір нұсқасы 1894 жылы С.-Петербургте «Қисса
Қыз Жібек», 1900 жылы Қазанда шыққан «Қыз Жібектің хикаясы»
негізінде бірін-бірі қайталайды. 1894 жылғы нұсқада өз кінəсынан
жекпе-жекте өлген Қорен ханның құнын қуа келіп, ел шаппақ болған
көп қолға Сансызбай, Жібек жағындағылардың тойтарыс бергені ай-
тылмайды. 1900 жылғы нұсқа:
Қыз Жібектен сөз қозғап,
Қызығына тоялық.
Сыры кеткен жерлерін
Жаңғыртып қайта боялық
112
, –
деген жолдармен басталса, 1894 жылғы нұсқа «Əлқисса, төменгі
Меке жолында жеті тылсым дария бар дейді, ошал дарияның бəрі
Черным море дегенге құяды екен»
113
, – деген сөздермен бастала-
108
Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Алматы: ҚазақССР ҒА баспасы, 1959. 112, 122, 123-бб.
109
Сонда, 225-б.
110
Сонда.
111
Сонда.
112
Достарыңызбен бөлісу: |