Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет16/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   107
Байланысты:
full

 Шайхысыламұлы Ж. Мұңлық–Зарлық. – Қазан, 1909. 17-б.


58
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Жалың сұлу Күлсары ат,
Күлтеленген жібектей.
Сипатыңа болайын
Мал түспеген түбектей.
Танауыңа болайын
Түбі түскен шелектей.
Шу, жануар, шу деді.
Ескен желдей гуледі.
Қарсақ жортпас қалыңнан
Қарғып өтіп барады.
Түлкі жортпас талайдан
Төтелеп өтіп барады
76
, –
деп сипаттайды.
Шығарманың ертегілеу келетін жерлерінің бірінде Күлсары ат-
пен орғытып келе жатқан Зарлық «ойнақтап тұрған алдында бір биік 
тау» көреді. «Бұл жақтың тауы көшіп жүреді екен-ау» деп ойлайды, 
сүйтсе, бұл қозғалып тұрған тау емес, Қара дəу үйінің желпілдеген 
түндігі екен. Жүйткітіп келген Зарлықтың алдынан Құралай сұлу 
шыға келеді. Зарлық пен Қара дəудің арасында үлкен егес болады. 
Зарлыққа Қызыр жəрдемдесіп, оған «жүз елу ердің қуатын» береді.
Зарлық батыр ал сонда,
Қара дəуді сүйретті,
Сүйреткі қылып үйретті.
Шеттік шеңгел, тікенге
Өкпе, бауырын түйретті.
Тасқа таумен соқтырып,
Қабырғасын күйретті.
Соқты тасқа денесін,
Дырылдатып келеді.
Қара дəудің торғайын
Шырылдатып келеді
77
.
Зарлық дəудің басын кесіп, «ернін тесіп, ағашқа басын асып», 
Күлсары атқа мініп, Құралайға келеді.
Мұнан соң Мұңлықты іздеп тауып, ақырында аман-есен ата-ана-
сына қосылады. Қастық еткен əйелдер мен мыстан кемпір жазаланады.
«Мұңлық–Зарлық» көркемдігі жағынан алғанда хикаялар ішінен 
айрықша орын алғандай, оның тілі таза, «Шаһмаран», «Сейпілмəлік», 
76
 Шайхысыламұлы Ж. Мұңлық–Зарлық. – Қазан, 1909. 24-25-бб.
77
Сонда, 26-б.


59
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
«Жүсіп–Зылиха» сияқты тілі солғын емес, олардағыдай шұбар, 
ала-құла жерлер кездеспейді. Бұлардан көркемдігі, тіл тазалығы 
жағынан «Бозжігіт» те бір саты жоғары. Бұл нұсқа суреттеу шеберлігі 
тұрғысынан алғанда, «Мұңлық–Зарлықпен» тең түсе алады. Рас, 
«Мұңлық–Зарлық» ертегі түрінде құрылған, ол «Бозжігіт» секілді 
халықтық поэма сипаттас емес. Сүйтсе де, «Мұңлық–Зарлық» – хикая 
болып басылған шығармалардың ең бір таңдаулысы.
Шығыстық сюжетке негізделіп құрылған əдебиеттік үлгілердің 
тақырыптық-идеялық сарындары жағынан болсын, уақиғаға эпи-
зодтар беру, түрлі ақындық тəсілдері, көркемдік өзгешеліктері 
жөнінен болсын, қазақ халқының ауыз əдебиетіне орайласып, 
үйлесіп келетіндері аз емес. Осы дастан, поэмалардың бірталайынан 
еркіндікті, бас бостандығын, махаббат теңдігін аңсаған жастардың 
келбеті көрінеді. Олардың адалдықты, ар-намысты жоғары ұстау, 
опасыздық, зорлық-зомбылықты, жауыздықты əшкерелеу сарындары 
да қазақ əдебиетінің озат идеяларына үндесіп, түйісіп жатады.
Қисса, хикаялар ертедегі, өткен замандағы əдебиеттің, шығыс 
халықтары əдебиетінің алуан өзгешеліктерін, өмірді қиялдап, əсірелеп 
көрсетушіліктің қилы-қилы түрлерін, шексіз бай тамаша көркем 
фантастиканың үлгілерін танытуы жағынан да айрықша құнды.
Қисса, хикаялар көптеп тарағандықтан, олар қазақ əдебиетіне 
бір жаңа арна болып қосылады. Қазақ əдебиеті өзбек, тəжік, 
түрікмен, татар, əзербайжан жəне басқа шығыс халықтарының əдеби 
нұсқаларымен молыға түсті. Бұл шығармалардың жақсы таңдаулы 
үлгілері қазақ əдебиетінде дастан, əңгімелі поэма түрінің дамуы-
на əсерін тигізбей қойған жоқ, бұл салада ақындық дəстүрлердің 
орнығып, өрістеуіне себебін тигізді.
Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи сияқты ұлы 
классиктертерінің шығармалары қазақ арасына кең жайылуы 
əдебиеттің дамуы ғана емес, сонымен бірге бүкіл қазақ мəдениетінің 
дамуында да елеулі уақиға болып табылады. Бұл қазақ халқының 
көршілес туысқан халықтарымен мəдени қарым-қатынасының 
күшейе түсуіне де себепші болды.
Қазақ əдебиетіне осы кезде қосылған аңыз-ертегі, дастандардың 
көпшілігі түрік тілдес халықтардың арасына тараған, белгілі болған 
шығармалар. Мысалы, татар əдебиетінде татар ақындары ертеден дас-
тан етіп жазған «Жүсіп–Зылихамен» бірге «Бозжігіт» пен «Таһир–
Зуһра» сияқты шығармалар да дастан болып көп жайылған.


60
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Ел арасында шығыстық дастан, қисса, хикая сарындас 
шығармалар да туды. Əрине, олардың бəрі бірдей идея-көркемдік 
жағынан бағалы, тың туынды дəрежесіне көтеріле алған жоқ. Де-
генмен, қазақ əдебиетіне шығыстан келіп кірген ертегі-аңыздар мен 
дастандардың қазақ ақындарының творчествосына едəуір ықпал 
еткені сөзсіз. Шығыстан келген ертегі-аңыздар, дастандар өз алдына 
бір мол сала. Əрине, бұл саладағы шығармалардың бəрі бірдей құнды 
емес, бүгінгі заманның тілек-талаптарына үнемі сай келе бермейді. 
Оларды тереңдеп тексеріп, сын көзімен қарап бағалау, маңыздыларын, 
толымдыларын сұрыптап алып, əр жақты терең талдау – əдебиет та-
рихын зерттеу ғылымының күрделі міндеттерінің бірі.
* * *
Қисса-хикаялардың бір саласы – шығыс сарындас болып келсе, 
көптеген қисса-хикаялар қазақ халқының өз өміріне лайық келеді. 
Бұлардың ішінде «Құламерген», «Дотан Құбақанбайұлы», «Қыз 
Жібектің хикаясы», «Айман–Шолпан», «Фершіл қыз», «Серғазы», 
«Ихсан–Мəрия», «Еңлік–Кебек», «Топжарған», «Бақтияр» т.т. бар. 
Олардан бір кездегі қазақ өмірі, оның түрлі уəкілдері, ісі, күйініші, 
сүйініші, арманы, айтыс-тартысы көрінеді. Олар əдебиеттік, тарихтық 
мəн алған, кезінде оқушыларын көркемдік сезімге, əлеуметтік ойға 
баулыған, қазақ əдебиетінің кемелдене түсуіне көмектескен, реалистік 
сипат алған, заманының құнды туындылары.
«Құламергеннің» халық арасына тараған нұсқалары бар. Аңызды 
өлеңмен өңдеп жазғандығын айтқан автор: «Шығарманың қара сөзін 
«назымға» айналдырып, сөзге тіздім
78
, – дейді. Мұнда сөз болған адам-
дар əлдеқандай жақсылық, жамандық уəкілдері ретінде сипатталады. 
Құламерген, оның баласы Жоямерген зорлыққа көнбеген, жауына кегін 
бермеген ерлер. Құламергеннің сауықшылдығы ескертілген сөзден:
Астына құлакер ат мініп жүрер,
Құс алып, қаршыға сап дəурен сүрер.
Қызықтың неше түрлі бəрі өзінде
Бүркітпен күндіз-түні ит жүгіртер
79
, – 
деп оқисыз. Жоямерген əкесінің үмітін ақтаған, қиыншылықтарды 
жеңе білген адал ұл ретінде бейнеленсе, некелі əйелге көз сүзген 
жан, күйеуінің тұрмысын олқысынып, ханға тиіп, қарық болмақ, аяр 
кемпірдің азғыруына еріп, Құламергенді мерт етпек болған Айым 
жамандық уəкілі ретінде беріледі.
78
Құламерген. – Қазан, 1912. 24-б.
79
Сонда, 2-б.


61
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Айым дарияның жағасында басын жуып отырғанда, шашы 
жидіп түсіп, дарияға ағып кетеді. Ауына оралған Айымның шашын 
балықшы тарту ретінде ханға сыйлайды. Шашқа жұрт таңданады. 
«Дүниенің жамандығы түбін тескен» аяр кемпір: «Некахлап ұлыңды 
маған қоссаң, шаштың жайын айтып берем», – деп ханды ойландыра-
ды. Хан мен кемпір келіседі. Айымды азғыруға келген кемпір оның 
«қаңғырып, бір аралда өтті күнім» деп назаланған сөзін естіп, «шашы 
ұзын, ақылы қысқа» əншейін əйел екенін біледі. Айым хан жағынан 
келгендерге көмектесіп, Құламергеннің қолын байлатады, өлім қаупі 
төнген кезде, мергенді ажалдан аман алып қалған Жоямерген бола-
ды. Айымның, ханның масқара болғаны, кемпірдің жазасын тартып 
өлгені айтылады.
Ертегілік сипат алған Жоямерген алысқан батыр туралы:
Жүріп келер үлкен тау,
Тау дегені бір батыр.
Келіп көзін салады.
Аспанменен күрескен,
Бұлтпенен тірескен
80
, –
делінеді.
Құламергенге арналған уақиғадан Жоямергенге арналған 
уақиғаның ертегілігі басым. Жоямерген жалғыз көзді жалмауызды 
өлтіреді, оны дарияның бетінде қалқыған бір қуық жұтып қояды, 
сөйтсе, бұл қуық жер астын мекен еткен патшаның əдейі жіберген 
сиқыршысы екен. Жоямергеннің ерлігін көріп, оған қызы Күнсұлуды 
қолынан қоспақ екен. Жоямерген патшаның ойлағанындай ерлік 
көрсетіп, қанша адамдарды тойғызатын теңіз астындағы қазанды 
алып келіп, Күнсұлуды алады.
«Құламерген» ертектік сипат алған, шығыстық сарыннан құр 
емес десек те, ол, негізінде, қазақ өміріне байланысты туған ертегілер 
мен батырлар жырын да еске алады. Əке жолы – балаға үлгі, айыпты 
апасын төркініне апарып тастап, оның орнына сіңлісін алу, астындағы 
атымен батырдың тілдесуі сияқты қазақ фольклорына тəн мотивтер 
кездеседі.
Ертегілі оқиғаларға мол хикаяның бірі – «Дотан Құбақанбайұлы». 
Шығарманың түпнұсқасы бұрыннан бар екенін ескерткен автор:
Басында ертегі еді мұның өзі,
Осындай ғып, біреудің айтқан сөзі.
80
Құламерген. – Қазан, 1912. 10-б.


62
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Қисса қып шығаруға лайық көрдім,
Жүсіпбектің бұ да бір салған ізі
81
, –
дейді.
«Дотанда» Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Жалмауыз кемпір 
сияқты ертектерде кездесетін мифтік кейіпкерлер орын алған. Кейде 
батырларға ұқсап кеткен Дотанның Тайбурылы сияқты тұлпары бар.
Алтыншы таудан ары асып,
Жетінші тауға жанасып.
Қарсақ жортпас қалыңнан
Қарғып кетіп барады.
Түлкі жортпас түбектен
Түнде кетіп барады...
Ауыздығын Көк тайы
Басып кетіп барады.
Аузынан көбік бұрқырап
Шашып кетіп барады
82
.
Шығармада «Тоғыз күн, үш ай жол жүріп, азғана емес, мол жүріп, 
Ерегіскен дұшпанның қанын судай шашады, Арыстандай жүректі, 
Жолбарыстай білекті, Ойынды еті бұлтылдап, Бота тірсек, бос мойын, 
Аузынан көбік шашады, Қабағынан қар жауып, Кірпігінен мұз төгіп, 
Жауған күндей сіркіреп» деген сияқты фольклорға тəн дағдылы сөз 
оралымдары жиі кездеседі.
Дотанның əкесі Құбақанбай шығарманың алдыңғы бөлімінде 
дəулеті асып, көп ұлды, көп қызды болғанына, байлығына масаттанған, 
шет жайлап, қиыр қонған, елден жырақ жүрген адам болып көрінсе
шығарманың кейінгі бөлімінде оқшау қалғанына өкінген, көп орта-
сында болуды аңсаған адам.
Балаларым ер жетіп,
Ел көрем бе деп едім.
Ойлаған ойым баршасы
Ағып кеткен сел болды
83
.
Күнікей Дотанның неше жыл зарығып, аңсап келе жатқанын 
түсінде көреді.
Садаға нияз қылады,
Патша қызы Күнікей.
81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет