Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет29/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107
Байланысты:
full

МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ
Мөңкеұлы Мұрат – заманына қарай қазақ поэзиясына елеулі 
үлес қосқан. Махамбеттен үлгі алған өршіл ақын. Мұрат поэзиясы 
ресми саясат шеңберінен шықпай, жағымталсып үгіт айтумен атын 
шығармақ болған жасық, жасқаншақ поэзия емес, халықты ерлікке, 
бостандыққа шақырған, патша мен ханның шаруаларға жасаған 
зорлық-зомбылығын, əділетсіздігін көріп, ашына жырлаған ақын.
Мұрат Кіші жүз ішінде аты көп тараған даңқты ақынның бірі. 
Ақынның əлі де болса қағаз бетіне түспей, жұрт аузында жүрген 
шығармалары болуы мүмкін. Мұраттың өмірі, істеген ісі, еткен 
кəсібі туралы керекті мағлұматтар өте аз. Қазақ ССР Ғылым акаде-
миясы кітапханасының қолжазбалар қорында Мұраттың отыздай 
шығармалары бар («Үш қиян», «Қалмақтың қарғысы», «Əттең бір 
қапы дүние-ай!», «Қарасай Қази» т.б.).
Мағлұматтарға қарағанда, Мұрат 1842 жылы туып, 1906 жылы 
опат болған. Мұрат бала кезінде мұсылманша бірер жылдай оқып қат-
қара танығаннан кейін, енді қайтып мектеп есігін ашпайды, оның əрі 
қарай оқып жүйелі білім алуына еш мүмкіндік болмайды. Мұраттың 
шешесі Қырықжылқы əнші, əрі ақын екен. Мұраттың бала күнінен 
ақындықты аңсауына бір жөннен себеп болған, оны алғаш ақындыққа 
баулыған сол өз шешесі болса керек.
Мұрат ойынан өлең шығарып айтуды 7 жасынан бастапты. Қол 
қайырып жүрген Мұратқа кездесіп қалған Бархат би Мұрат өлең 
шығарады дегенді естіп жүреді екен, сынамақ болып:
Ойнайды қара суда құты балық,
Жолықпай бұл баладан құтылалық.
Тайлақтай қой соңында жүгіресің
Əкеңді жас басыңнан жұтып алып
181
, –
дегеніне Мұрат:
Ойнайды қара суда құты балық,
Жолықпай біз де шалдан құтылалық.
181
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 1303. 10-б.


98
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Көлбектеп ат үстінде сен де жүрсің
Ағаңды алдыңдағы жұтып алып
182
, –
деп жауап береді.
Баланың жауабына ырза болған Бархат болашақ ақынның 
ендігəрі қой-қозы соңынан жүруін тоқтаттырады. Мұрат былайғы 
өмірінде ақындық ісіне мүлде беріледі, ел ішінде аты шығып, ауызға 
ілінген ақындармен айтысқа түседі. 1870–1880 жылдар арасында 
Жаскелең, Жантолы, Ізім шəйір, Жылқышы сияқты ақындармен ай-
тысып, бəрін де жеңеді.
Қазақ халқынан мəдениеті, əдебиеті, өнері жоғары тұрған 
халықтардың тілін біліп, солардың білім қорын толық пайдалануға 
шамасы келмеген Мұрат қазақ тіліндегі кітаптарды ғана пайдаланады, 
оған ақындық үлгі болған, көбінесе, қазақтың мазмұнды, бай көркем 
фольклоры болады. Мұрат қырыққа келгенше ақындармен жиі айты-
сып отырған көрінеді де, елуге аяқ басқан Мұраттың айтыстары азая 
бастайды, алды-артын ойлап ақындық өресін барлаған Мұрат түрлі 
толғаулар, тарихи жырлар жазу ісіне көбірек беріледі. «Қалмақтың 
қарғысы», «Сарыарқа», «Үш қиян» сияқты шығармалар жазады. Ауыл 
арасы айтыстар кеміп, халықтың өткендегі кезі, қазіргі халі, келешегі, 
тағдыры туралы өзінше ойларын айтуды құнттайтын болады.
Заманына наразылық білдіріп көп шығармалар жазған Мұраттың 
айтқандары үнемі бір жерден шыға бермейді. Оның ойында кездесетін 
қайшылықтар аз емес. Мұраттың көнерген ұғымнан алыстап кетпей, 
мыңнан-мыңнан жылқы айдап, жүзден-жүзден нар байлап, кəде са-
йын тоқты өскен заман-ай деп, əлдеқандай бір өмірді көксеп, оны 
əсірелей суреттеп күңгірт ой білдірген шақтарын көрмеуге болмайды.
Табаны жерге тимеген,
Маңдайы күнге күймеген.
Салқамдары тұлпардан өзге мінбеген,
Салтанатқа салпы ерінді нар артқан, –
деп осындай бір кезді жырлаған Мұрат ел байлыққа бөленіп еркі 
өзінде болса екен, жер-суынан айрылмаса екенді тілеп, қиялын 
шарықтатып көрсе де, бұқараға деген ниетін адал ұстаса да, бірақ 
адал арманының өмірге жанасымды болып, оның іске асуы туралы 
түбегейлі қорытынды жасау оның ақындық өресіне шақ еді дей ал-
маймыз. Ол келешек нысанасы айқындалып, сара жол тапқан ақын 
болып көрінбейді. Мұрат жуандарды, патшашыл ханды, биді, байды 
əшкерелеп, олардан қысым көрген, жер-суынан сырылған, кедейлен-
182
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 1303. 10-б.


99
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
ген шаруаларды жақтады, өкіметтен жəбір көргендерді патша мен 
ханға қарсы үгіттемек болып Исатай –Махамбеттің ісін қостады, 
солардың ісін, өмірін үлгі етті.
Өткен кездегі ақындардың айтыс үстінде əдет, тəсіл көрсететіндігі 
мəлім. Ақындардың біреуі қолына домбыра алып, біреуі гармонь 
алып жырласа, өзінше бір əдеттен құр болмаған Мұрат, «алқа ал-
дында өлең айтқан кезінде», «алдына жастық алып немесе қолына 
тостаған ұстап, болмаса, «Телпекпен аузын қағып отырып» айтысатын 
болған. Даңқты ақын санатына жеткен Мұратқа кейбір адамдардың 
əлдеқандай легендалық сипат бергісі келгендігі де байқалады. Мұрын 
ақын Мұрат туралы: «Мен Мұраттан өлеңді қалай айтып кеттің де-
генде айтқаны: «Бір күні түсімде бір жиын той болған екен, сол тойда 
отырған ақсақалдар маған өлең айт деді, мен білмеймін дегенде, жоқ 
сен білесің деп болмады, сол арада телпегімді қолыма алып, айғайды 
салып, өлеңді қоя бердім, оянсам түсім екен, ертеңінде тұра сала 
өлеңді айттым, аузыма сөз түйдектеп түсе берді», – дейді.
1880 жылдары Мұрат Нарында, Маңғыстауда болады. Жайық 
бойындағы қазақтарды аралап, ел өмірі туралы толып жатқан 
əңгімелермен танысады. Мұраттың тұрмысына, жасынан ел аралап 
айтысқа түсіп үйренген ақындық өміріне өзгеріс кіру жөнінде 1880 
жылдар кезінде Жайық бойындағы қазақтардың ақтаяқ болып жұтауы 
айрықша əсер етеді.
Мұрат жүрген жақтың қазақтары жұтап, Маңғыстауда 
тұратын қазақтарға қарай жан сауғалап үдірей көшеді. Сол мекен 
аударғандардың ішінде Мұрат та болады, осы халін ескерген ақын:
Жетелеп ақ түйені жаяу кеттік,
Көрмеген бұрын-соңды асу жерге
183
, –
деп жазады. Осы күйзелістен кейін жасы ұлғайып қалған Мұраттың 
бұрынғыша ақындық салтанат құру, ду-думанға қатынасу, айтыстарға 
түсу ісі бірте-бірте кемиді. Қатын-баланы асырау, кедейшілікпен 
күресі, шаруаға былай да қыры жоқ ақынға оңай тимейді жəне жұтап 
қалған ауыл-аймақтан Мұратқа болысатындар да сиреп кетеді, бұл 
жағдайда Мұраттың денсаулығы де өте нашарлайды, жоқтықтың сал-
дарынан ұзамай алпысты асып қайтыс болады.
Мұрат: «Көк ала шекпен жез түймелерді» шенейді. Ол 
шаруалардың жер-суға, еркіне ие бола алмай, байлық пен молдықтың 
бəрі өктемдік еткендердің, жуандар, бектер, ақшалылар қолында 
болғанын көреді.
183
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 97. 61-б.


100
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Əділетсіздік күшейіп, дəрмені кетіп, бағынышты болған 
көшпенді шаруалар надандық қоршауында болды. Қазақ ішінен өрби 
бастаған қаскүнемдерге, «көк ала шекпендерге», елге басшылық ет-
пегендерге Мұрат наразы. Халықтың қамын ойлап алуан ойға түскен 
Мұрат, əлдеқандай бір өзгеріс күтеді, ерлік тілейді, бұқараның алып 
күші дұрыс арнаға түссе, сол күш елді аман алып қалар ма екен? 
Қиянатшылардың бетін қайтарарлық қайрат көрсетілер ме екен?
Өгіз тауда өкіртіп
Он екі жанды өлтірген.
Дегеніне келтірген
184
, –
сияқты заман болар ма деп тілейді, хандарды, зұлымдарды дегеніне 
келтіріп, жаманшылықтарын алдарынан шығаруға жарарлық 
батырлықты аңсайды, сол батырлықты ең алдымен халықтан 
күтіп, ақын айтқанын алдымен елге арнап айтады, жұртты ығыр 
қылғандарды, ақ патшамен ауыз жаласып, халық берекесін 
кетіргендерді шеней сөйлейді. Шаруалар əкімдердің тепкісіне түсті, 
өктемдер қол-аяқты байлады, күнкөрісті əлсіретті, праводан айырды, 
аңдыған дұшпан соңыңнан тіміскілеп қалмайтын болды, көнбеске 
көніп кеткеніміз бе?!
Дұшпан – тазы, біз – түлкі,
Қашсаң ерікке қоймайды.
Інге кірген, суырып,
Құлғанадай қадалып,
Қазынасы кең, құдайым!
Сақтайсың сəлемет
185
, –
деген ақын қамыға, назалана, қауіптене сөйлейді. Ауыр халден 
құтқарарлық не күш барын іздеп қиналады. Шынымен жұрт жадап, 
ашылмас тұманның ішінде қалғанымыз ба? Еңсесі түсіп тұрған қалың 
бұқара əр жерде жем болып, қиянатшыл қырсықтардың опасыздығын 
көріп жүрмек пе? Халық халін ойлап, бір дұрыс əрекет жасалмаса, ер 
өзін-өзі билей алмайтын болса, төрелердің қорлығында, патшалықтың 
шылауында жүріп күн көрем деу не місе?! Ұлықтар, болыстар, «сым-
пыстар» халықты адастырды, елге, кейінгі ұрпаққа кесірлі қауіп 
туғызатын да солар деп түсінеді. Бұл заман түзік емес, бұзықтығы, 
озбырлығы көп заман. Неше алуан əділетсіздікті өрбіткен заман. Соны 
көрмей, айтпай отыра аларсың ба?! Елге еткен қиянатты көре тұра жа-
сыру ақындық арға жата ма?! Сөзімді естігендер оянар, бұзық заманды 
184
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 97. 111-б.
185
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, ТƏИ, п. 8. 21-б.


101
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
түзік заман деп далақтап, қара басы қамын ойлап, аман жүруді қанағат 
көргендерге, шен-шекпенге сатылғандарға бір тыйым болар деген үміт 
жасайды. Елге ор қазып жүргендерді алдымен аластамасақ, қаулай 
бастаған кеселдерден сақтанбасақ, сайып келгенде, қор боласың.
Ақырғы түпке келгенде,
Бəріңді алды түп-түгел.
Көк ала шекпен жез түйме
186
, –
деген жолдар арқылы олардың қолына қараған күнің қараң, берекені 
шайқап қадірді кетіретін сол «жез түймелерден», сырты жылтырап 
іштей сорғандардан, құлғанадай жабысқан халық жауынан сақ бол 
деген ой айтады.
Заманның жайсыздығын үстете түсетін тағы бір жағдай, ақшаның 
күшіне сүйеніп, қараулығын, қайырымсыздығын, надандығын, арам-
дығын өткізіп, дандайситындар бар, бұлар да халықтың қасы:
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі бұл болды.
Шыр көбелек айналып,
Заманының адымы,
Заманың мұндай сұм болды
187
.
Елдің адал ұлдары бағаланбай, алдымен солардың көзге түрткі 
болуы, мəдениеттен шала қалғандық үлкен шырмау болып тұрғанын 
ақын өзінше түсінеді. Ағартушылық ісі шындап қолға алынып, жас 
ұрпақ өнерленіп көзі ашылса, бір қара көрерміз есеге, ел еркіндікке, 
мəртебеге жетер ме екен деп үміттенеді. Білім алуға ынталанғандардың 
алдымен нені ойлауы керек екені туралы:
Адасар көзсіз адам жүрген жолдан,
Адассам жетелерсің алып қолдан.
Халықтың адасқанын бастамасаң
Биіктен не пайдаң бар кеудең толған
188
, – дейді.
Мұрат ұлыққа жағынып, патшаға бас иіп, билікке кеуде толып, 
настанған, мастанған, халық мүддесіне жат, атаққұмар оқығандарға 
сенбейді: «халықтың адасқанын» бастауды ойламайтын оқығандарды 
елдің адал ұлы деп есептемейді. Мұрат қазақ халқы қатарлы жұрттың 
бірі болса екен деп тілейді, өзінше көптің көңілін оятып, көзін ашсам 
деп талаптанады. Дегенмен, Мұрат көп мəселелерді күңгірт түсінеді. 
Халықтың ауыр халдан қалай құтылуының лажын таппай қынжылады; 
186
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, ТƏИ, п. 8. 22-б.
187
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 97. 98-б.
188
Сонда, 98-б


102
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
кейде үмітсіздікке беріледі. Мұрат ханды қалмаққа қарғатты 
(«Қалмақтың қарғысы»), білім алуды, өнерлі болуды, еркіндікке жетуді 
аңсады, неге еңсені көтермейміз, ынжықтық басқаны ма? Намыс қайда? 
Халықтың қамы қайда? «Екі бұты таралған» сымпыстары – патшаның 
көмекшісі шенділерден жақсылық күтпе деген қорытынды жасайды.
Мұрат қазақ арасында өздерінше əкімдік құрып, патшалықтың оң 
көзі саналатындардың бірі болыстарды ажуалап, оларды ащы сөзбен 
аластайды, зияны көп, достығы аз əкім сымақтарды əшкерелейді. 
Мені мадақтап өлең шығаршы деген Қаражанға: «Ар жағында, бер 
жағында жоқ», тек сені «Қызылқоғаның болысы деп мақтайын ба?»
Əкеңіз бізге мəлім Құлбас еді,
Тыпырлап қол-аяққа тұрмас еді.
Шілдеде қой жұмыр құр болады деп,
Көк дəрі күкіртпенен қоймас еді!
189

деген Мұрат мақтау сөз күткен болысты көзбе көз ажуалайды, əкім мені 
жазаға кіріптар етер-ауды есінен шығарып, айтарын тайынбай айтады.
Баспағын тоқтысымен Үйшікке айдап,
Құтырды күз басынан Есентемір
190
, –
деп Есентемір болысты келекелесе, сол болыстың сөзін сөйлеп, 
ниеттесі болып жүрген Далабай би туралы:
Өзі шикі қатты етті,
Кеспей салып аузына.
Құдайым неден кетірді
Қарт кісінің сабырын?
191
– 
деп түйреп өтеді.
Оның сазайын тартқызған өңешінен өтпеген шикі ет жеген па-
расы болды-ау деп, ет аңдыған, ел аңдыған, табақ-табақ ас алдынан 
кетпейтін, қоғамдық мүддеден жұрдай, жегенге тоқ, ішкенге мас бо-
лып жүруді ғана білетін, сол кездің парақор надан биін мазақтайды. 
Есенғали болысты əкесімен екеуін бірдей мысқылдаған Мұрат:
Боранбай мал бақпайды, ас бағады,
Қасынан төсегінің баспағады...
Мизамда көнді жеген ит көзденіп
Əкең Боранбай, басына қаптың аузын жастанады
192
, –
дейді.
189 
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 1303. 85-б.
190
Сонда, п. 97. 84-б.
191
Сонда, п. 9. 85-б.
192 
Сонда, п. 1303. 58-б.


103
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Сөйтіп, Мұрат: «сымпыстар, болыстар, қалтасына сеніп 
шайқақтаған байлар, пысықтар» көк ала шекпен жез түймелерге бас 
имейді, оларды əшкерелейді, бұлардан құтылу үшін, ер намысы, бірлік, 
ерлік керек, білім алып өнерлі болмай, қатарға қосылып халықты 
бостандыққа жеткізіп болмас деген сияқты қорытындылар жасайды.
Мұрат өз кезіндегі ақындар салты бойынша айтысқа талай түскен. 
Бірақ, ол тек «мал үшін тілін безеп» қайдағы мақтаншақтарды іздеп 
барып, мақтау өлең айтуды кəсібі еткен, сөйтіп өз қадірін көтерген, 
халық мұңынан өзін алыстатқан ақынға ұқсамайды. Ақын əлдеқандай 
мақтау өлең айтса, ол алдымен айтқанын адамшылыққа арнайды.
Мұрат айтыс өлеңдерде сөз тапқыш, шешен, ажуаға шебер, ел 
арасы, ру арасы мəселелерінің егжей-тегжейіне жетік екенін білдіре 
отырады – мұның өзі ол кездегі айтысқа түскен ақындарға қажет 
қасиеттің бірі – деп есептелген. Айтысқа түсіп үйренген ақынға 
ата-бабаның жөн-жосығы, кім үлгілі, кім үлгісіз, кімнің түбі шикі, 
кімнің қандай міні бар, ауызға алып мадақтарлық не бар дегендерді, 
түгел біліп отыруы қажет болып, білмегенін көп білетін көнелерден 
үйреніп, түсініп алуы шарт болған. Осыны пайдасына жарата білген 
Мұрат, өзінен жасы үлкен, тəжірибесі мол Жылқышымен айтысар ал-
дында, оны қай жағынан кінəлауға болатындығы туралы Есет биден 
ақыл сұрап алады, сөйтіп Жылқышыны жеңеді. Мұрат əсіресе жас 
кезінде айтысқа түспес бұрын білмегенін сұрап алып, даярланып ба-
рып айтысатын болған.
Мұратпен алқа алдында айтысқан ақынның бірі – Тыныштық. 
Мұраттың бұл айтысы көп жөннен ақынның басқа айтыстарынан 
басқашалау келген. Мұрат өзге айтыстарында айтпақ болған ойын, 
айтысқа тікелей керек-ау деген сөздерден бастаса, бұл айтыста 
айтысушылардың сөз етуіне шарт болып есептелмеген жалпылама 
жайтқа орын берілген. Мұрат айтыспай жатып, сыпайы қонақ болып 
ел аралап жүргенін бір сөйлеп алады, жолшыбай жүрген жерлерінде 
сауық құрып, бір ауылға түстеніп, бір ауылдан шай ішіп, сайрандап 
жүріп келгенін де айтады.
Тап болдық Құлшардікінде піскен шайға,
Түстендім Шерен деген бір ағама
193
.
«Қай үйге түсіп қонақ болатынымыз туралы жолдастармен ал-
дын ала келісіп қағаз жазып уəделестік» дегендерді де айтады. Сөйтіп 
айтыс өлеңдерінің дəстүрлі түріне қатысты шамалы сөздер де ауызға 
алынады. Сөз таластыруды енді ғана бастаған Мұрат: «қауымыңа 
193
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, ТƏИ архивы, п. 8. 1-б.


104
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
бүгін келіп жеттік, тісі қайтқан кемпірмен айтыстырам деулерің 
қорлық емес пе?» деген сияқты сөздермен Тыныштықты қағыта 
сөйлейді. Тыныштық:
Өмірің өте шығар пелде-пелде,
Білмейді пелде еткенін кей серменде.
Сен қашып айтыса алмай қашқан күні,
Артыңнан шапан берген мен кемпірге
194
, –
дейді де, бұдан кейінгі сөзінде Нұралыны мадақтайды. Мұрат алған 
шапан адал сыйлық емес-ті, мақтаған Нұралының жұрағатын:
Өзінің қарындасын алып қашып,
Құсайын матектіктен тентіреген
195

деп сынайды.
Сондайларды да көтермелейсің деп Тыныштықты бір бөгеп тас-
тайды. Бұдан əрі олар руларын мадақтасу сөздеріне кіріседі, «кім 
жақсы, кім жаман» едіге көшеді. Сөзден ұтпақ болған Тыныштық Жо-
лым, Тілеубай дегендерің «Нарыннан күн көре алмай сасып өткен» 
қонысы қонып əзер күн көрді деп Мұратты кінəлайды. Мұрат бұл 
адамдарды ақтап, кімді кінəлауды білмей жандалбас еткесін, олар:
Жерінде көкжал бөрі болып өткен,
Нарында хан баласын иттей сабап
Ер еді дүниеде қолы жеткен
196
, –
деп кінə артады. «Жол білмейсің, ерлік жасаған адамдарды қадірлей 
алмағандығың осы емес пе?» – дейді. Ақындардың айтысы осы жерге 
келгенде шиеленіскен шегіне жетеді де, сөзден ұтылғандығын сезген 
Тыныштық, кезекті сөзінен бас тартады.
Мұрат бір жақтан келе жатып жолшыбай бір қызу тойға тап 
болады. Той болып жатқан үйге кірсе, үй іші толған қыз-келіншек. 
Олардың ортасында «қыздарға сүйкеніп», Ізім шəйір өлең айтып 
отыр. Сол кезде бір келіншек Мұратты нұсқап: «өне бойы бізді қағыта 
бергенше, анау жігітті қосып өлең айтшы», – дейді. Бұл сөзден кейін 
Ізім шəйір айтысты руларын мадақтаудан бастап: «Мен, Қарамын! 
Қара бура Тамамын», – десе, өзінің айбарлы ақын екендігі туралы:
Алдымнан келсең аламын,
Артымнан келсең шаламын.
Қара қасқа қабанмын
Кім жолайды шегіме?!
197
– деп жырлайды.
194
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, ТƏИ архивы, п. 8. 1-б.
195
Сонда, 3-б.
196
Сонда, п. 8., 1-б.
197
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 1303. 83-б.


105
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
«Келген жігіт кімсің, жөніңді айт?» дейді. Мұрат Ізімнің сөзін 
қағып алып, бұрмалай түсіндіріп, қыз-келіншек жиылған көп алдын-
да оны масқаралайды: «рас, сен Қарасың, оны несіне мақтан етесің? 
Қара болсаң далада, қарайып тұрған моласың, рас Қара бура Тамасың, 
оның несін мəртебе көрдің? Тама келімсектердің бірі емес пе? Ал 
Бурамын деп өзіңді жатып көтермелейсің. Бура болсаң шөп жейсің, 
басқалардан көп жейсің, Қара қасқа Қабанмын деп екіленесің, рас» 
деп əжуалайды.
Қара қасқа қабансың,
Қабан болсаң шошқасың,
Шошқа болсаң торайсың,
Өзің торай болған соң,
Менен нені сұрайсың
198
, –
деп аты-жөнін айтпайды, орайлы сөз айтып Мұратқа енді жауап 
қайтарған Ізім де болмайды.
Мұраттың айтыстары түр, мазмұн, құрылыс, сөз саптау 
жақтарынан əр алуан. Оның Тыныштықпен айтысы бір түрлі бол-
са, Ізім шəйірмен айтысы екінші түрі, əр айтыстың өздеріне тəн 
өзгешеліктері бар. Мұрат сан айтысып, ақындығы, тапқыштығы, орай-
лы сөз, ащы сөз, ажуа сөз, ілме сөз, кекету, даттау, мақтау, қалжың 
сөздерге шебер екендігіне көре айтысқан ақындарды сөзден ұта бер-
ген. Мұрат мақтау сөздер айтудан тіпті құралақан ақын десек те, 
бірақ ол мақтаса, батырлықты, əділдікті, намысқорлықты «Таласқан 
жар шетінде шенді əкімді» өгіздей байлап сабаған, «Нарында хан 
баласын иттей» қорлағандарды мақтаныш етеді, даттаса, Құсайын 
сияқты «өзінің қарындасын алып қашып», нəсілсіздік көрсеткендерді, 
əкесі ас қорыған болысты, асқа қақалып күлкі болған биді, озбыр-
шыларды, ел берекесіне жарамаған, намысы жоқ сатылғандарды 
даттайды, айтыстарында да араны ашылған арсыздарды аластайды. 
Сөздеріне əлеуметтік мəн беруді үнемі ұмытпаған Мұрат «Қайда бай 
мақтаншаққа» арнай мақтау өлең айтуды өзінің ақындық қабілетіне 
лайық көрмеді.
Мұрат қазақ шаруалары шеттеді деп түсінеді. Патшалықтың, 
жуандардың арам ісіне көнбеуді міндет етеді. Шаруалардың келе-
шектен үмітін жойып, пəңгіртіп ұстамақ болғандарға қарсы көпті 
жақтап, жігерің жойма, берекеңнен айрылма, жасыма, бостандыққа 
ұмтыл, озбырлардың табанына түспе деген сияқты ойларын айтады. 
Алды-артын ойлаған, жасы ұлғайған Мұрат «Үш қиян», «Қазтуған», 
198
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 1303. 83-б.


106
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Қарасай –Қази» сияқты шығармаларын жазады, көптеген ойын 
халық алдына салмақ болады.
«Үш қиянда» «Еділдің бойы – Қанды қиян, Жайықтың бойы – 
Майлы қиян, Маңғыстаудың бойы – Шанды қиян» осы үш Қиянның 
бойын жайлаған, мал өсірген шаруалардың өткен-кеткен, қазіргі 
халін еске ала келіп, Мұрат өзінше бір шолу жасайды. Қандай едің? 
Қандай халдесің? Басқа түскен қауіп бар, қара құстай үймелеген 
дұшпандарың бар, өңмеңдеп жұрт берекесіне өңешін созғандар бар, 
халық қамын ойлап ерлікке қол созыңдар демек болады. Шығармасын 
заманның өтімді, əсерлі, жігерлендіреді-ау деген сөздерімен жазады. 
Тыңдаушының рухын қозғап, оны қайраттандыруды ескеріп, жар сала 
сөйлейді. «Естерек ұлы Тарғынның жері», «Қарақыпшақ Қобыланды 
Тұлпар мініп келген жері», «Қырық таңбалы Қырым, он таңбалы 
Үрім, он екі баулы өзбек, он сан ноғай дəурен сүрген жер», «Ердің 
соңы Исатай бармағын тістеп өткен жер», осы жердің берекесін 
кетірген сатқындар, төрелер бар деп түсінеді.
Мұрат Қобыландыны, Тарғынды, Исатайды ауызға алса, олар 
еңбегі сіңген, дұшпанға қарсы тұрған, халықтың бостандығын, 
бірлігін, тірлігін сақтаудан басын аямаған, қорғаныш болуды ойлаған 
үлгілі ерлер еді деп ауызға алады.
Заман ісіне көп көз салып, заман озған сайын өмірдің бір 
қалыптан екінші қалыпқа өзгеруі мүмкін, өмірдің қалпы үнемі 
сақталып отырмақ емес, ал қазіргі заманның бізге деген өзгерісі, бер-
ген жаңалығы бұрынғыдан пəлен қиса жайсыз болуы қалай? Елдің 
берекесі неге кете бастады? Заманның озғаны бізге неге азап болып 
тұр? Бұл өмір ілгері барған сайын, біздің бақытымызды көтеру орны-
на, үмітімізді кеміте бермек пе? Осының бəрі тек қана заманның ісі 
ме, болмаса бұзылған адамның ісі ме? – деп те ойланады.
Заман азып не қылсын,
Ай орнынан туады,
Күн орнынан шығады,
Мұның бəрі адамнан
199
, –
деп, өзінше бір алуан қорытынды жасайды. Заманды арам ниет 
адамдар бұзып отыр, азапты көрсек сол адамдардан көріп отырмыз, 
жамандықтың бəрін ылғи заманға арта берудің өзі дұрыс емес, енде-
ше заманымызда көріп отырған зорлықшыларды, азғындарды аластау 
керек. «Заман осындай болды!» деп көнбеске көніп, мүлгіп жүрмейік, 
жол табайық, ерлік етейік деген ойға меңзейді.
199 
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 8. 20-б.


107
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Мұраттың ойынша, ел еңсесін түсіріп бара жатқан нəрселер: 
шаруалардың шеттеуі, бірліктің, ерліктің, намыстың кемуі, 
«сымпыстардың» көбеюі, тұла бойды буып тұрған пəленің міні, міне, 
осылар екендігін батырып айтады:
Киім кисе жеңі жоқ,
Етегі бар да белі жоқ,
Қатпа болған түйедей,
Киеңкі болған биедей,
Ел биледі бір сымпыс
Екі бұты таралған.
Осындай бір алуан пенделер, періштесініп жүріп, халық арасына 
індет таратты деп түсінеді.
«Қазтуғанда» мал өсірген қазақтардың анау бір заманда 
күйзеліске ұшырап, бір толқыған кезі сөз болады.
Қазтуғанның кейінгілердің қамын ойлап, қайғырған жан екені 
ескертіледі. Қазтуған болашаққа өкси қарап өкінген, адам болып та 
суреттеледі. Ол: «Арбаға мəстек» жегіп күн көріп, байтақ жерден шы-
нымен айрылғанымыз ба?
Нарын-ай, сені қайтейін
Жатып қалған боз тайлақ
Жардай атан болған жер !
Жабағылы боз тоқты,
Мың қой болып өрген жер!
200
«Малдың қызығына батып осындай ырыс қонған қоныстан, 
енді көз жасты төге-төге кетуіміз керек пе?», – деп қайғыланады. 
Мұраттың түсіндіруінше, Қазтуған тек бас қамын ғана ойлап наза-
ланбайды, ол көптің ауыр жүгі басына түсіп, сол көпке дұрыс жол 
таба алмай, ақыры трагедияға ұшыраған жан сияқты. Қазтуған:
Мен секілді ерлерді,
Жаратты ма екен құдайым?! – 
деп қайғырады, оның қайғысы кейінгі ұрпақты пəле-құладан аман 
алып қалудың қайғысы болып суреттеледі.
Мұраттың зер салып жазған елеулі шығармасының бірі – 
«Қарасай –Қази». Бұл шығармада Мұрат өзінше ең керекті-ау деген 
мəселелер жөнінде пікір айтуды құнттайды. Ел қорғаны боларлық, 
жауға қылыш алып қарсы шығудан бас тартпайтын, халқы үшін аян-
байтын қайратты ер ісін арман етеді.
200
Мұрат шығармалары. Қазақ ССРҒА ТƏИ архивы, п. 8. 128-б.


108
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Мұса бидің Тобаяқ, Тілек, Алшы, Смайыл деген балалары бола-
ды, олар Орақ батырды күндейді.
Ақкөңіл, сенгіш Орақты алдап, құрулы тұрған алмас қылышқа 
түсіріп жаралайды, сол ауыр жарадан Орақ опат болады. Орақтың 
артында қарт анасы Қараүлек, бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр əйелі, 
Қарасай, Қази, бір қызы қалады. Жараланған Ораққа сəлемдесе кел-
ген батырдың досы Ақмырза оның сұмдардың кесірінен мұндай халге 
ұшырағанына қатты қайғырып, Орақтың ел қорғаны ер екенін айтып:
Қош аман бол, жан досым,
Ұжмақтың болшы төрінде
201
, –
деген сөздерінен өзінің адал ниетін білдіреді. Досына жауап қайтарған 
Орақ ел қамы үшін жанын аямағандығы туралы:
Қос-қос орда, қос орда,
Қосылып қонбас менен соң...
Жарлылардың жаз аты
Жалдана алмас менен соң
202
, –
деп жұртты алаламай ұстап, əсіресе, жарлыларға көп болысқандығын 
айтады.
Орақтың сексен беске келген анасы Қараүлек:
Аждаһаның тынысын
Қолын салып барлаған,
Сүйткен менің Орағым?
Аюдай ақырған Орағым,
Күндей күркіреген Орағым!
203
деп жоқтайды.
Сондай ерге қастық жасап, араға іріткі салған, Орақтың өліміне 
ортақтасқан Смайыл Тобаяқтар тобын кінəлайды:
Қарауыл басы қол басым,
Жортуыл басы жолбарысым...
Орағымды өлтірген
Қалау мен Сары оңбасын!
204

деп қарғайды. Кешпес кінəсін мойындарына ала сөйлеген Алшы, Смайыл, 
Тобаяқтардың екі жүзділікке салынған арсыз жандар екенін көрсетпек 
болған Мұрат оларға Қараүлек атынан тектен-тек лағынет айтқызбайды, 
қарт ананың алдында жазықтарын мойындарына алдырады.
201
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 8. 25-б.
202
Сонда, 25-б.
203
Сонда, 27-б.
204
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ТƏИ архивы. п. 7. 28-б.


109
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Смайылдар: «Арыстан туған Орақтың Біріміз еш қадірін білмедік, 
ақырында күндеп жүріп, оны қазаға ұшыраттық», – деп көлгірсиді. 
Бұл арада кесірін тигізген, баққұмар, күншілік, жалақор Смайыл 
сияқтылардың айыбы ашылады. Ондайлардан жиренуді талап еткен 
ақын Қараүлек сөздерінде, Орақтың өзіне айтқызған сөздерде батыр-
ды көпшіл, жарлыларға болысқыш адам етіп көрсетпек болады.
Орақ жарының алдында да айрықша қадірлі, сондықтан оның 
əйелі: «Аяғым ақсақ, көзім соқыр болса да, алшақтаттың мені Орақ», 
ерлігің, халықтың қамын ойлаған қамқорлығың қандай еді?
Ел шетіне жау келсе,
Атың мініп сайланып.
Алмас қылыш байланып,
Мен барайын дер еді, –
дейді.
Сөйтіп, Орақ елдің есендігін іздеген, жауға жанын аямай қарсы 
шапқан, анасының, əйелінің, Ақмырзадай досының алдында құрметті 
адам болып көрсетіледі, мұнымен бірге ел бірлігін, бұқараның қамын 
ойлаған батыр Орақтай болсын деген бір ой да айтылады.
Шығарманың алдыңғы бөлімі Орақтың жазықсыз өлгендігін, 
оның адал батыр болғандығын баяндайды да, бұдан əрі қарай əке 
жолын қуған Қарасай мен Қази əңгімесі басталады. Қарасай, Қази 
жақсы əкенің орнын өксітпеген адал батыр ұлдар болып сипаттала-
ды. Орақ дүниеден қайтыс болғаннан кейін бас-көз болып, балаларын 
дұрыс жолға бастап, халық қамын ойлап үйрену, қажырлы болу ісіне 
тəрбиелеген Қарасай мен Қазидың өз анасы болады. Орақтың əйелі ел 
үшін жан аяуды ездік көреді, егестің ебі келген жерде жалғыз қызы 
Қибаттан оның қимас аяулысы емес.
Ат көңіліңе жараса,
Жалғыз қызым Қибатты
Жалғыз атқа бердім деп,
Айналайын, Қарасай!
Налыма оған сен дейді
205
, –
деген жолдар жау жолына шыққан Қарасайдан аяйтыны болмай-
тындығын білдіреді. «Қибатқа атастырсаң ғана атымды беремін 
– деп, ноғайлының Көкше деген шалына қарындасыңды беруге 
көнгендігіңді шам көрме, қалайда атты алып, жолыңнан қалма, ел 
игілігі үшін ерлік ет» деп ақыл береді. Смайылдар жауға аттанды 
дегенді естіген Қарасайдың шешесі намысын үстете түседі, анау 
205
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ТƏИ архивы. 39-б.


110
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«бассыздар» кетіп бара жатқанда, сен үйде қалып, «жүзіме қара сал-
дырып», бұғып қалғаның бар деп назаланады.
Кешегі Орақ кезінде
Орнын басар ма екен деп едім
206
, –
деген ана баласынан батырлық күтеді. Мұраттың ойынша, бұл жерде-
гі ана отбасы, ошақ бұты мəселелерінен аса алмаған, таяз ойлы ана 
емес, бұл ана, балаларын қырандай ұшырып, дұшпанына қайрап 
салмақ болған, халық қамына жарамаған ұлға ырза емес ана. Сөйтіп 
Мұрат Қарасайдың шешесін көптің қамын ойлаған дана ана етіп 
көрсетпек болады.
Шешесінің айтқан сөздері Қарасайға қатты əсер етеді, жолынан 
қалып, масқара болмау үшін қайтсе де əкесіндей ерлік көрсету үшін, 
өзіне жарамды ат тауып мінуі керек, өйткені батырдың жолы болуы 
үшін сенімді серік – ат.
Мінер атым осы деп...
Көк бұйра атқа ер салды.
Ермен бірге жем салды,
Арқандап қойса көк бұйра
Балуан таудың басында
Өзінен өзі зең салды
207
.
Батырлар жырында көп кездесетін, атымен иесін сөйлестіру деген 
сияқты əдісті Мұрат та қолданады. Ол өзінің ескі ақындардан кейде, 
алыстап кетпейтіндігін аңғартады. «Қарасай–Қази» уақиғаларының 
талай жерлерін батырлар жыры салтына салып жырлайды. Бірақ 
Қарасайдың Көкбұйра аты Қобыландының Тайбурылдай аяғының 
астындағы көк тасты сазбалшықтай илеген, тым ертегі түрде сипатта-
лады демесек те, Көкбұйраның күдерден күдер аса жөнелгенін Мұрат 
əсірелей суреттейді.
Бірінші күдер асады,
Аспанға тозаң шашады.
Екінші күдер асқанда,
Бұйраның бауыры селденді.
Үшінші күдер асқанда,
Қолтық еті бөлінді...
Теңгелдің терең суының
Ортасынан кез келді,
Екпініне шыдамай
206
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ТƏИ архивы. 35-б.
207
Сонда, 40-б.


111
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Су арнадан қашады...
Жетінші күдер асқанда,
Көзі кетті қызарып,
Тілі кетті ұзарып,
Аш қарсақтай бұлтарып
Ор қояндай жалтарып
208
.
Қарасайдың асқан ерлік көрсетіп, талай қауіптен аман жүруіне 
оның Орақтай аруақты батырдың баласы болғандығы да көп көмек 
сияқты. Қарасай мен Қазидың Бөріханмен қалай соғысқаны, олардың 
ұйқыдан талығып, аттан түсіп қалғаны айтылады. Қарасай мен Қазиға 
аян беріп, жатып қалған орындарынан тұрғызып, жауын жеңуге деме-
ген Орақтың аруағы болады.
Қарасай мен Қазидың Бөріханмен жекпе-жекке шығуы жөнінде 
берілген сипаттамаларда батырлар жырында кездесе беретін сөз ора-
лымдарын қолданушылық бар десек те, əңгіменің тым ертегіге айна-
лып кетпеуінен сақтанғандық та байқалады, айтқанын өмір көрінісіне 
жанастыру талабы жасалған. Мұны Алшы, Смайыл, Тобаяқтар жа-
йында айтылған сөздерден де сезесіз.
Қорқақтардың үрейленгіш келетіндігін ескертпек болған Мұрат, 
сол қорқақтықты алдымен Смайылдар басынан көріп, олардың 
қалмақтан қашқандығы туралы:
Қалмақтың қолын көрген соң,
Көп екенін білген соң,
Қайтуға бетін бұрады, –
дейді. Олар атыспақ болып келген жауының жай-жағдайын, күшін 
білмей жатып, тек қарасын көріп ығысады. Мұндай іс, əрине, 
күншілдікке келгенде есе бермейтін, жау көрсе, еңбектеп қалатын 
Смайылдарға лайық, өйткені ондайлар үрейленгіш. Олар алғашта 
майдан ашпақ болып өрекпісе де, өздерінің лажсыздығына бағынып, 
қашумен қоймай, еріп келген көп қолды да бірге ала жөнеледі.
Смайылдар жаудан қашып, масқара болуы былай тұрсын, 
Қарасай, Қазиды да кетейік деп үгіттейді – міне, осылардың бəрі 
Смайылдардың кенеусіздер екенін толық дəлелдеп беруге керекті 
фактілер ретінде беріледі. Бас сауғалап қашуды ар көрген, басына тас 
түссе шыдамақ болған, ұяттан өлімді артық санаған, ел үшін ерлік 
етуді аңсаған Қарасайдың аузына мынау сөздер түседі:
Солқылдаған ақ найза,
Басыма сайғақ болсын деп
208
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ТƏИ архивы. 44-б.


112
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Оң қарыма ілгенмін
Жанды құрбан айтқанмын!
Қайтпаңыз, көп қайтпаңыз?!
209
Мұндай сөздер, əрине, Смайылдар аузынан шықпайтын 
Қарасайға тəн сөздер. Сөйтіп Мұрат түрлі кейіпкерлердің өздеріне, 
ерекшеліктеріне лайықты сөздер айтқызып, олардың жайын, мінез-
құлқын бір-бірінен айыра көрсетпек болған. Олардың ісін Мұрат 
тек жалпылама түрде баяндап жатпай, əрқайсысының өздеріне хас 
сөздерін береді. Сондықтан да Қарасаймен Смайылдар сөздері бір-
біріне ұқсамайды, неге десең, олар ой, арман жақтарынан əр алуан 
жандар, біреулері ел берекесін ойласа, екіншілері қулық-сұмдықты 
місе еткен іріткі салушы, жаны жасық, өзі пасық жандар болып 
көрінуі қажет болған.
Смайылдар кетіп, Қарасайдың қасында Естерек ұлы Тарғын 
қалады. Олардың көп жауға төтеп бергендігі, жолдары болып егесте 
жеңіп шыққаны баяндалады. Қарасай Тарғынмен ақылдасады, жау 
жақтың көп-азын сұрайды, жауап берген Тарғын:
Қалмақтың қолы көп екен,
Көп болса да шөп екен
210
, –
деп, Қарасайды өрлендіре жауап береді. Ол тек қара көріп қаша 
жөнелген Смайылдарға ұқсамайтындығын білдіреді, неде бол-
са соғысқа кіруді мақұл көреді, өйткені ол да Қарасайдай намысты 
ер. Дəл осы кезде ағасын іздеп Қази келеді. Қарасай інісін аяп, қайт 
дейді. Көнбеген Қази:
Қайт дегенде қайтпаймын,
Атымның басын тартпаймын,
Қорқуды жолдас етпеймін!
211
деп ақыры ағасының қасында жауынгердің бірі болып қалады. Ол 
да «қорқуды жолдас» етпейтін, əкесі Орақ, ағасы Қарасай, Тарғын 
сияқты ерлердің бірі болмақ, жастайынан ұя көргендік білдіреді.
Қарасай, Қазидың алдынан: «алты құлаш ала атпен қарауыл 
қарап жүрген», əрі батыр, əрі хан Бөріхан шығады, ол:
Ер кейпіне қарасам,
Асық ойнап доп атқан,
Ертеңменен шешесі
Ұйқыдан əрең оятқан
212
, –
209
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ТƏИ архивы. 49-б.
210
Сонда, 49, 51, 52, 53-бб.
211
Сонда.
212
Сонда, 49, 51, 52, 53-бб.


113
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
деп Қарасай мен Қазиды қомсынады, олардың атыспақ, шабыспақ бо-
лып келгеніне таңданады. Бөріхан Қарасайды үрейлендірмек болып:
Кеудем темір, бөксем тас,
Мені неғып аларсың!
213

деген жолдар арқылы «атақсыз өліп қаларсың, ақылға келіп, аман-
есеніңде еліңе қайт» деген сөздерін айтады. Батырлар арасында 
бола беретін сөз шайқасулар басталады, олар қылыш, найзаларын 
қолдарына алып айқаспас бұрын бірін-бірі сөз жекпе-жекте жеңбек. 
Қарасай:
Қара өгіздей даусың бар,
Кеудең темір, бөксең тас,
Тас болсаң да маған бор.
Көрген жерден көк шалып
Түртті ме, сені бəлем сор?
214

деп реніш білдіріп, «соқтыға сөйлейсің, ибаң жоқ, дөрекі жан екенсің 
деп Бөріханды кінəлайды. Осы сөздерінің өзімен ол жандыхан-
ды бір жасытып тастамақ, рухын түсіріп, жүрегін шайылдырмақ, 
айдындырмақ. Бұдан кейін Қарасай шайқаспай кетпейтіндігін, айдын-
ды Орақтың баласы екенін ескертеді.
Кеудеден кетер жан үшін,
Жерге тамар қан үшін
Атамның атын жасырман
215
.
«Жасың үлкен, жол сенікі », – деп қасқиып тұрып, Бөріханға ке-
зек береді. Екі батырдың жекпе-жекке шығуын сипаттауға арналған 
сөздер батырлар жырында кездесе беретін сөздер тəрізді. Бөріханның 
Қарасайды атып құлатпақ болғаны сипатталады:
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды...
Алтынды ердің қасы деп,
Қақ жүректің басы деп,
Кірісінен өткізіп,
Толықсып тұрған Қарасайды
Толғап қалмақ ұрады
216
.
Бөріханның оғы Қарасайға дарымай кетеді. Ендігі кезек 
Қарасайға тиеді. Оның кезегін қоярда-қоймай Қази сұрап алады. 
213
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ТƏИ архивы. 49, 51, 52, 53-бб.
214
Сонда, 53-б.
215
Сонда, 55-б.
216
Сонда, 56-б.


114
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Өйткені Қазидың ерлігі осы арадан көрінуі керек, бұғанасы қатпаған 
жас болса да, оның да қолынан келерлік ерлік бар. Қазидың да осал 
емес екендігін көрсету үшін мынау сөздер айтылады:
Екі атпады бір атты,
Табанға салып ширатты.
Бөріхандай ханыңды
Алты құлаш ала аттан
Он бес жасар Қази құлатты
217
.
Сөйтіп Орақ, Қарасай, Тарғын, 15-гі Қази бəрі ел үшін жан 
аямай ерлік етуді арман етеді, шеттен жау шықса, қарсы тұруға 
«мен барайын» дейтіндер солар. Олардың ерлігі, намысқорлығы, 
халықтың бүтіндігін тілейтіндігі, көптің жолына басын салуға даяр 
тұратындығы үлгілі, ғибратты істер болуы керек деген ой айтылады. 
Сондықтан да Мұрат Смайылдар тобын сұрқия етіп, Орақ, Тарғын, 
Қарасайды берекешіл ерлер етіп сипаттамақ болған.
«Қалмақтың қарғысы» – Мұрат шығармаларының бір 
көрнектісі. Ақын бұл шығармасында елдің сыны, сəні кетіп бара 
жатқандығына, алауыздық тауып, қазақ, қалмақтардың өзара 
татулығы шайқалып, олардың «ақ патшаға» қалай жем болғандығын, 
өздерінше əкімдік құрып дардиған қазақ қалмақ төрелерінің бір-
біріне айтқанын, патша əмірінен қалтырап үрейі ұшқан қазақтың 
ынжық ханын, оның рақымсыздығын баяндайды. Ақын осындай 
бір уақиғаны жұртқа түсіндіру жөнінде шебер сөз, мағыналы ой, 
қолайлы сюжет табады.
Қалмақтың бір төресі патшаға қылмысты болып, тұтқынға 
түседі. Қазақ ханының ордасында айдалмақ болып жатады. Қалмақ 
төресі тұтқыннан құтылу жолын ойлап, қазақ ханына жалынады:
Байдан ассын байлығың,
Тастан өтсін жарлығың.
Жан ұядан шыққанша
Заманның көрме тарлығын
218
, –
Мына пəледен құтқар деген сөздерін айтады. Патшаның 
жарлығын екі ету қолынан келмейтін қарау хан:
Зарласаң да кетесің,
Екі етуге амал жоқ
Патшадан келген əмірге
219
, –
217
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ТƏИ архивы. 60-б.
218
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА, ТƏИ, п. 8. 123-б.
219
Сонда.


115
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
деп қасарысады. Үмітінен еш қайран болмаған қалмақ төресі ыза кер-
неп орданың есігін жамылып тұрып, қазақ ханына қарғыс айтады. 
Менің басыма келген күн ертең сенің де басыңа келер, өз сұмдығың 
өз түбіңе жетер, «сен де мендей тұтылып, қолға түсіп күйерсің!» 
сатылғандығың алдыңнан шығар, патша əлі өз шырқың бұзар:
Көзіңде жасың буласын,
Бұл айдауда мен кетсем.
Екінші айдау келгенде,
Өзің бір қолға тұтынып
Қатын да балаң шуласын!
220

деп лағнат айтады.
Сөйтіп Мұрат патшаға жағынған, сатылған арам ханды, надан 
ханды əшкерелейді.
Мұрат «Қалмақтың қарғысы» арқылы береке ойламайтындарға 
деген наразылықтарын ашына айтады, халыққа тырнағын сұғып, 
қастығын жасап баққан озбырлардың, қазақ пен қалмақтан 
шыққан төресымақ, əкімсымақтарды бір-біріне қалай айдап салып 
егестіргендігін, ұлт араздығын туғызып, іріткі салмақ болғандығын 
көрсетпек. Көп елдер əділетсіз патшадан жауыр-жапа шегіп отыр, он-
дай елдерден шыққан төрелер, əкімдер бір-бірін жаулап бүлініп жүр, 
айдасқан масқарашылдық істеріне қарашы?! Демек, болады.
1880 жылдары Мұрат Маңғыстау қазақтарының арасында тұрады. 
Тоғыз болыс бас қосқан үлкен топ ашылады, бұл топқа Мұрат та келеді. 
Топ ішінен бір қабілетті адам – ел арасы ақындарының Мұратқа «тілі 
тиіп» жүргенін естиді екен. Мұраттың сағын сындырмауды дұрыс көріп, 
«топ алдында өлеңді Мұрат бастасын, біздің өлеңшілер Мұратқа өресі 
жететін болса, артынан айтар, өресі жетпейтін болса, отырған жерінде 
отырып, қалар» дегенді айтады, сонымен өлеңді Мұрат бастайды, ақын 
сол топ алдында «Сарыарқаны» айтып береді. Мұрат «Сарыарқада» 
қазақтардың анау бір өткен кезін, қазіргі халін баяндай келіп, арманын, 
өкінішін, ақылын, уайымын топтап айтып бермек болады.
Мұрат табиғат суреттерін беру, əйел, еркек арасында боларлық 
түрлі уақиғалар, ғашықтық мəселелерін баяндау, шығыс сарындас 
қисса-хикая жазуды қуаттамаған.
Ал Мұрат замандастарының қисса, хикая жазғандары аз емес. 
Ибраһим Құнанбаев та шығыс сарындас «Ескендір», «Масғұт», 
«Əзім» сияқты шығармалар жазады. Бұл реттен Мұрат қазақтың ол 
кездегі ақындарынан өзгешелеу бір бағытта болған. Мұрат не жазса, 
қазақ өмірінен алып жазуды өзінің міндеті етеді.
220
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА, ТƏИ, п. 8. 124-б.


116
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Пəни жалған заманда» деп басталатын шығармасында Мұрат 
ел ішіндегі түрлі адамдардың немен əуестенетіндігі туралы ой 
білдіреді, бір кездегі қазақ тіршілігінің түрлі жақтары еске алынады. 
Əркім сүйген кəсібі мен қолынан келетін істің соңына түссін, бірақ 
ісің бойыңа лайық болсын, өмірдегі түрлі адамдардың өздеріне жара-
сымды істер бар, өресіне түсінбегендер өзгеге өрескел көрініп, келеке 
болып қалуы мүмкін, əркімнің жұрт ішінде орнын таба білуі ибаға, 
жөнге жататын іс деп біледі. Жүйрік ат, алғыр құс, ер жігіт, сұлу 
қызға не лайық екенін сөз етеді.
Садағын сала байланса,
Астана жұртын айланса
Бес қаруын белге ұрса
Қарындас үшін қан жұтса
221
, –
деп көп үшін өзін құрбан ете білсе, халық үшін қайрат көрсетсе, ба-
тыр елін қорғай білсе, мерген жаза баспайтын атқыш болса, қыз сұлу 
ат жүйрік, құс алғыр, жігіт сəнді болса – осылардың бəрі елдің көркін 
келтіреді дегенді айтады.
Өтірік, ұрлық
Үкімет, зорлық,
Құрысын! Көзің ашылсын,
Ұятың, арың оянсын
222
, –
деген Абай сөздері Мұратқа да сыйымды сөздер. Мұрат өкіметтен 
зорлықтан, қорлықтан құтылып, халықтың көзі ашылуын, ұят, ардың 
оянуын, еркіндікке арам қолын салғандардың құруын тіледі, əлеумет 
мұңына ортақ болғандарды көргісі келеді.
«Намысқорлық, əділдік, батырлық қолдан келмей жүр, құны 
кеміп машықтанған адамдар арасына азғындық кіріп, бір-бірін 
шеттетіп, бір адам бос қиялға салынып, бір адам зиянға бастап, 
күншілдік көбейді, көп атада азған бар, балықтай басы сасыған 
біз бəйтерекке асылып, жан қармап шырылдаған бір «бозторғай» 
болғанымыз ба? Елдікті ойлап, əрекет жасау қайда?» – деп те 
толғанады. Мұрат əмірін жүргізген əкімдер, шен-шекпенге сатылған 
сұрқиялар, басын күйттеп елді сатқандардан үміт күтпе, деген ойла-
рын айтады. Мұраттың мұндай ойларын «Əттең бір қапы дүние-ай!», 
«Үш қиян», «Қалмақтың қарғысы», «Қазтуған», «Сарыарқа» сияқты 
шығармаларынан мол сезуге болады. Мұрат патшадан, ханнан, сым-
221
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА, ТƏИ, п. 8. 96-б.
222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет