Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет32/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107
Байланысты:
full

 Тоғжанұлы Ғ. Абай. – Алматы, 1935. 50-б.
231
 Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы жəне Абай поэзиясы тілі. – 
Алматы, 1948. 33- б.
232
Сонда, 4-б.
233
Сонда, 4-б.
234
 Сонда, 152-б.


123
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Өмір құбылыстарын көркемдік жүйеге, шындыққа сəйкестендіру 
тек көргенді өз қалпында тізе беру ме? Шын реализм, көркем əдебиет 
осы ма? Өмір ісіне не көтеріңкі, не шаттық, не өкінішті, не бəсең, 
не кеміте сезім білдірудің айыбы неде? Əсірелеу қолдану реалистік 
түрде көрсетуді жақтаған адам, əсірелеумен бірге теңеу метафораны 
да жатсынбақ, өйткені бұлардан əсірелеу сезілмей ме? Басқа реалист 
ақындардың не реалист Абайдың «Құйрығы шаян, беті адам», «Сен 
де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген метафорасын-
да əсірелей ой білдіру жоқ па? Ендеше мəселенің негізі сол лито-
та, əсірелеу, метафораны өгейсітуде емес, оларды қай ақынның қай 
өреде орынды, орынсыз қолданып, ақындық шеберлігін көрсете алған 
дəрежесінде емес пе? Мұндай мəселе қойылған жерде, əсірелеу, теңеу, 
метафораның көркемдік идеялық мəнін ескерткен де жөн емес пе?
Абай реализмін түсіндірмек болған Қ.Жұмалиев бұл жөнінде 
ұшқары сөздер айтқан. Метафора, əсірелеулердің ақынның 
дүниетануына байланысты келетінін аңғарған да жөн.
Абайдың:
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, –
деген метафорасының себепсіз тумай, бұдан Абай ақындығын 
аңғарумен қатар, оның ғылым-білімге, ағартушылыққа үгіттеген, 
халықты жарқын өмірге бастамақ болған адал арманына байланыс-
ты келгенін көруге болмай ма? Абай шығармаларынан эпитет, ме-
тафора, аллегория түрлерін тауып қана қоймай, олардың Абай 
творчествосындағы идеялық, көркемдік, тарихтық маңызын түсіндіру 
ісіне назар аудару жөн емес пе?
Абай туралы жазған Ахметов Зəкидің «Лермонтов и Абай» 
атты еңбегінде ақынның Лермонтовтан аударған шығармаларының 
көркемдік идеялық ерекшеліктері, екі ақынның өзара творчестволық 
қарым-қатынасы сөз болады. Автор нақтылы деректерге сүйеніп, 
нəзік талғаулар жасайды, фактілер көтермейтін қиялға бармай, орын-
ды, нанымды топшылаулар береді, осыған орай еңбектің ғылымдық 
сапасы арта түскен, көзге түсетін бір нəрсе – автор Абай, Лермонтов 
шығармаларын мұқият зерттеп, салыстырулар жасап, фактілерден 
шығуы мүмкін қорытындыларға шақтап ой айтқан, артық тенден-
ция, жорамалдарға жол беруден сақтанған, Абайдың Лермонтовтан 
аударған шығармаларының көптеген сырын ашқан, ақынның Лер-
монтовтан алған үлгі, өнегесі, мəні түсіндірілген. Бұрын Абай өлеңі 
деп жүрген шығармалардың Лермонтовтан аударылғанын дəлелдеген 
(«Құлақтан кіріп бойды алар», «Ал, сенейін, сенейін» т.т.).


124
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Абайдың ақындық өнерінің бір тамыры Лермонтов творчество-
сында жатқаны, оның орыс мəдениетін қадірлегені, сол халықтың 
озық ойлы адамдарынан нəр ала білгені, сөйтіп шеберлігін шыңдай 
түскендігі көрсетіледі.
«Знакомство Абая с идеями русских революционных демокра-
тов и классиков литературы явилось мощным фактором, определяю-
щим дальнейшее его идейное развитие»
235
, – деп Ахметов Зəки орын-
ды айтады. Лермонтовтың тар өмірдің құрсауынан құтылуды арман 
еткен ақын болғаны мəлім. Өз заманында сұр өмірге тап болған Абай, 
бір кезде өзіндей өкінішті өмір көрген, түсінігі, сезімі, мұңы ұқсас 
келген Лермонтовтан өзіне керекті ақындық нəр іздеуі мүмкін еді, екі 
ақынның өздеріне тəн тарихтық, идеялық, ақындық ерекшеліктерін 
де түсіне білу, Абай 1880–1904 жылдары қазақ жағдайында ақындық 
көрсетті.
Абайдың ойына, сезіміне, əлеуметтік мақсатына керекті ақындық 
қуатты Лермонтов шығармаларынан аз таппағаны, оның кейде Лер-
монтовты еркін аударып, одан пайдаланған мотив, сарынды өзінше 
жаңғырта айтатыны, реалистік түсінігінің тереңдей түсуіне Пушкин 
шығармаларының нəр бергені дұрыс түсіндіріледі. Абайдың Лермон-
товтан аударған шығармаларының əлеуметтік көркемдік зор мəні 
ескеріледі. Абайдың оригинал сөзіне, ойына аса ұқыптылық білдіріп, 
көркемдігін бір де кемітпей, қазақ тілінде оқушысына шебер жеткізе 
білетіндігін де дұрыс дəлелдеген Зəки Ахметов: «Горные вершины» 
переведены полностью. Перевод этот («Қараңғы түнде тау қалғып») 
является одним из самых замечательных созданий Абая. Казахское 
произведение поистине достойно русского образца»
236
, – дейді.
Абайдың дін уəкілдерін сынап:
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сəлдесі.
Мал құмар көңілі бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?
237

деген сөздерінің замандық, идеялық, көркемдік өзгешелігін, сары-
нын Лермонтовтың дін уəкілі монахты сынап «Исповедьте» айтқан:
Я верю, обещаю верить,
Хоть сам того не испытал,
235


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет