Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы,
1948. 72-б.
117
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
пыстардан, жез түймелерден, жебір билерден жиренді.
Ерлігі бір қазақтың Махамбеттей
Мұны да аңсыз жерде жазымдады,
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Таршылық біздің басқа қабындады
223
, –
деп халық үшін патшаға, ханға қарсы шыққан Исатай мен Махамбетті
жоқтады, егіле сөйлеп ерлікті, бостандықты, əділдікті аңсады.
223
Мұрат шығармалары. Қазақ ССР ҒА ТƏИ архивы, п. 8. 86-б.
118
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басындағы қазақ
ақындары ішінен Абай айрықша орынға ие болған ақын. Абай
қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуі жөнінде ора-
сан еңбек етті. Абай тұлғасы – ойқастап оқшау тұрған ұлы тұлға.
Өткенді, қазіргіні, болашақты барлай Абай жазған шығармалар қазақ
халқының көркем əдебиетінен айрықша орын алады. Абай терең ойға
толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
Абайдың əлеуметтік ісін жоғары бағалап, оның халық қамқоры
ақын екенін түсіндіргендер өткен ғасырда да болған. Ақынның аузынан
шыққан сөздер қолжазбадай, кітаптай, ауыздай, əндей Қазақстанның
байтақ жерінің түкпір-түкпіріне, алуан шалғайына, қиырына тарады, ел
оны арманымызды айтқан ақын деп білді, бір сөзін мыңға балап оқыды.
Абай – ақыл үйреткен, мұңымызды білдірген, ойымызды жеткізген,
дұшпанымызды əшкерелеп, «құйрығы – шаян, беті – адамдардың» бет
пердесін жыртқан, жуандардың зұлымдығын көрсеткен, дұрыс жолға
бастап, сəулелі өмірге жөн сілтеген, жұрт қамын ойлаған жанашырымыз,
қайраткеріміз деп түсінді. «Абай айтыпты» десіп ақынның жазғандарын
зор ықыласпен оқитындар көбейе түседі.
Алайда Абай шығармаларын жан-жақты зерттеп, ақынның еңбегіне
терең түсіну ісі совет дəуірінде басталды. Əсіресе Октябрь революция-
сынан кейін қазақ халқы əлеуметтік іс, өнер, білімге жұмыла берілді.
Дұрыс бағаланбай келген асыл мұралар, озық ойлы адамдар тарихтан
сыйлы орын алды, əділетсіздік шаңы басқан қымбатты қазыналардың
беті ашылды, ғасырлар бойы жарыққа шыға алмай булыққан халықтың
рухани күші кең тыныс алып үдей түсті, еркіндік алу елдің еңсесін
көтерді, халықтың өткен-кеткеніне назар салу ісімен бірге, Абай
шығармаларының маңызына түсіну үшін керекті ынта артты.
Абай – бір дəуірдегі қазақ халқы рухани байлығының зор
қазынасы. Сондықтан да қазақ халқының бір кездегі арманы, өмірі,
мəдениеті, көркем əдебиетін түсіну жөнінде Абай туралы керекті
түсінік болудың мəні зор. Ұлы Абайдың айрықша өзгешелігінің бірі
– ол, əсіресе, қазақ халқының неше алуан рухани байлығын бойына
мол сіңіріп, сол байлықтың керектісін ақындық ісіне арқау ете білді.
119
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Абай өз мақсатын, ел арманын ойын зор ақындықпен əсерлі көркем
тілмен түсіндірді. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп халық
игілігіне барлық саналы өмірін жұмсады. «Мыңмен жалғыз» алысты.
Абай шығармалары жиі-жиі басылып келді. Ақын туралы
пікір айтушылар, сын, əдеби зерттеулер жазғандар саны өсуде,
Абай шығармаларын əдебиет зерттеушілері ғана емес, ғылымның,
өнердің басқа саласында еңбектенгендер де зерттеуде: Ə.Тəжібаев,
Х.Бекхожин (ақындар), Т.Тəжібаев (психолог), М.Ақынжанов,
Т.Шойынбаев (тарихшылар), К.Бейсенбаев (философ). Абай
айтқандарының толық түсіну ісі заманымыздың сан зерттеушілері на-
зарын аударумен бірге, келешекте қазақ мəдениеті, өмірі, əдебиетін
зерттегенде, Абай шығармаларының терең сыйы айқындала түспек.
Абай туралы С.Мұқанов, Ə.Марғұлан, Б.Шалабаев, М.Қаратаев,
А.Нұрқатов айтқандарын бағалай білу қажет, ақынның жарқын
бейнесін жұртқа жөндеп көрсетпей, көлеңкелеген зерттеуші, сыншы-
лар да болды. Абайды қазіргі өреде түсіну ісі оңайға түспеген. Кей
сындардың шалағайлығын шамалаған да жөн.
Абай қазақ халқынан шыққан өзге ақындардың қай-қайсысынан
болсын көп зерттеліп келеді. Ол туралы айтылған алуан-алуан ой-
лар кейде бір-біріне қайшы. Абай мəселесі жан-жақты тексеріліп,
ғылыми өреге жеткен түрде түгел шешілген деу қиын, даулы, таласты
пікірлер бар, талай-талай күрделі зерттеулер керек. Айтылып жүрген
ойлардың керектігін дұрыс қорытып, жүйеге келтіріп, кейіннен
табылған материалдардың ғылыми шешу табуы қажет. 1959 жылдары
архивтерден табылған тың материалдардың бірі – Абайдың өзіне тəн
дерлік үлкен көлемді бір шығарма, екіншісі – «Қозы Көрпеш–Баян
сұлудың» бір нұсқасы, үшіншісі – Абайдың тікелей қатысуымен жа-
зылып, заманында кітап болып шыққан, сол кездегі қазақ тұрмысына
арналып жазылған түрлі ережелер.
1909 жылдан 1918 жылға дейін, одан бері Абай туралы
1930 жылдары жазылған мақалалардың əлдеқандай əдебиеттік
историографиялық, библиографиялық, мағлұматтық мəні болғанмен,
ғылымдық сапасы төмен жатқаны байқалады. Абайдың ақындығы ту-
ралы жазылғандардың ғылымдық құны арта бастап, Абайды дұрыс
зерттеу жолға қойыла бастаған бір шағын 40-жылдардан былай
айқынырақ аңғарасыз. Əрине, Абайды бірден біліп, оның əлеуметтік,
ақындық еңбегін көрсету ісі бір ұрпақтың айтқандарымен аяқталмақ
емес. Абайды сырттай түсіну бар да, ғылыми түрде зерттеп, терең
түсіну бар. Əйтеуір түрлі ниет білдіру бар да, өре жетпей өкінішті
120
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
ой айту бар. Абайдың ақындығын социологиялық көп сөзге көміп,
дəлелсіз жорамалдар жасап, оны жат етіп көрсеткендер болды. Ақын
творчествосының тарихтық, идеялық, көркемдік маңызына түсінбеген
бірбеткей шалағай сын үлгісін Ғ.Тоғжанов айтқандарынан көреміз.
Ғ.Тоғжанов Абайды байшыл, ұлтшыл, алпауыт демейсің деп
С.Мұқанов пен І.Жансүгіровты сөгеді. «Ілияс Абайдың ұлтшыл
еместігін дəлелдеймін деп бірсыпыра шатақ сөздерге килігеді, үлкен-
үлкен, саяси қателер жасайды»
224
, – дейді.
Абай туралы ойын айтқан М.Əуезовті сынап: «Оның Абайға
берген бағасы марксшыл сынына қабыспайды.. Мұхтар Абайды бай-
шылдар көзімен көреді... Қолданған əдісі идеалистердің əдісі»
225
, –
дейді. Ғ.Тоғжанов фактыға сүйеніп дұрыс қорытынды жасаудан гөрі,
жорамалын ұсына береді, ойы бір бөлек, факты бір бөлек жүреді,
деректерді сұрыптап əділ ойға жол беру ескерілмейді, артық тенден-
ция мен жалған қиялдың ыңғайына ереді. Абайдың реализмі туралы,
дəлелсіз, дəрменсіз ойын былай баяндайды: «Абайдың шындығы,
реализмі бай шындығы, бай екендігінде еді. Абай қанша реалист бо-
лып шындықты айтам десе де, оның шындығы қанаты қысқа, өзі тар
бай шындығы еді».
Ғ.Тоғжановтың Абай туралы жазған кітабында басшылыққа
алған негізгі ойы – қандай ақын болсын заманның, шыққан ортасының
«құлы», туған əкесінің «ұлы». Əр адам өз ортасы мен табына бақи
шегеленген. Өйтпеске олардың лажы да жоқ. Кім ескі өмірде туса,
сол өмірдің жаршысы. Бір өмірден екінші өмірдің нышаны сезіліп,
демократиялық ой туып, ортасының тілегінен асып, соның шеңберінде
ғана қалып қоймайтын, озық ойлы адамдар, ақындар болады деуге
оның аузы бармайды. Ескі тұрмыстың өзінен жаңа тенденция көрініп,
болашақ жарқын өмірдің жасыл жапырағы, гүлі байқалуы өмір
заңына тəн табиғи нəрсе екені ескертілмейді. Абай Құнанбайдың
баласы болғандықтан, ол ескі өмір аясынан аса алмақ емес, жарқын
өмірге қол созып, демократиялық идеяға келіп, оның адал арманды,
бұқарашыл ақын болуына жол жоқ. Өйткені Ғ.Тоғжановтың ойын-
ша, Абай – ортасының «құлы» Құнанбайдың ұлы. Сондықтан ав-
тор: «Абай Құнанбайдан да озды. Құнанбай көбінесе аталығына,
жұдырығына, ежелдегі байлық мықтылығына сенсе, Абай бұлардың
үстіне законшілдігін, білімділігін қосты»
226
, – дейді.
224
Достарыңызбен бөлісу: |