Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет3/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
full

Серікқазы Қорабай,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент



13
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
ҚИССА-ХИКАЯЛАР
ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
əдебиетінің зерттелмеген күрделі мəселелері көп. Ғылым жұмысына 
пайдаланбаған, пайдаланудың орайын таппаған саналуан көркем 
шығармалар бар. Оларды ғылым елегінен өткізу – қазақ əдебиетінің 
даму жəне идеялық-көркемдік өзгешеліктерін байқау, өткен-кеткенін, 
қазіргісін, келешегін пайымдау үшін өте қажет.
Социологияға аса ден беріп, əдеби нұсқалар туралы жалпыла-
ма пікір айтуға əдеттенгендіктен ада болу шарт. Əдебиет процестері 
өзгешелігін, түрлі ақын-жазушылардың өздеріне тəн айырмасын 
(халықтық, тарихтық, көркемдік, стильдік, тілдік т.т.) анықтау ісіне 
назар салмай болмайды. Ал, шынында, əр халық əдебиетінің əр 
заманғы, əр дəуірге қарай даму өзгешелігі бір ыңғай болмайды. Əр 
халық əдебиетін жалпы түрде сөз етумен шектелмей, алдымен оның 
өзгешелігіне үңілген мақұл. Ол өзгешелікті заманындағы əдеби 
кейіпкерлер, шығармалардың композициялық, тілдік тəсілдерінен де 
аңғаруға болатындығын шамалаған жөн.
Қазақ əдебиеті барлық жанрда кемелдене түсті, дүние жүзі əдебиеті 
деңгейіне көтерілген көркем шығармалар туғызды. Ал осы өскелең 
əдебиет Қазтуған, Асан, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Шортанбай, Махамбет, 
Мұрат, Алтынсарин, Абай, Шəңгерей, Сұлтанмахмұт тағы басқа дарын 
иесі көптеген қазақ ақындары поэзиясынан, көркем фольклорынан, сан 
қилы қисса-хикаялардан нəр алмаса, қазіргі дəрежесіне жетпес еді.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам?! – 
деген Сұлтанмахмұт саналы, сəулетті өмірге ұмтылған. Абай да, 
Сұлтанмахмұт та қазақ халқының бостандық алып, оның мəдениеті, 
əдебиеті күрделеніп, көркейе түссе екен деп тілейді. Олар өздерінің 
асыл ойын, адал арманын, өрелі поэзиясын жас ұрпаққа мұра етіп 
қалдырды.
Шығыс үлгісінде жазылған қисса-хикаялар аз емес. «Шəкір–
Шəкірат», «Бозжігіт», «Қасым–Жомарт», «Баһрам», «Лəйлі–


14
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Мəжнүн», «Қырық уəзір», «Жүсіп–Зылиха», «Сейпілмəлік», «Əзім», 
«Масғұт», «ҚиссаРүстем», «Ескендір» сияқты сандаған хикаялар 
бар. Шығыс сарындас дастандармен қатар, қазақ өмірінен алынып 
жазылған хикаялар саны да арта түскен. Бұл кезде қазақ халқына руха-
ни азық болған Абай, Алтынсарин, Сұлтанмахмұт шығармаларымен 
қатар, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік–Кебек», «Ай-
ман–Шолпан», «Қалың мал», «Қыз көрелік», «Гүлқашима» тағысын 
тағы көптеген шығармаларды жұрт ынталана оқыды. 1903 жылы 
«Капитан қызы» қазақ тіліне тəржімаланды. Таққа қауіп төндірген, 
шаруаларды қостап, патшаға қарсы шыққан Пугачевтің айдынды 
ісімен таныстырған Пушкин шығармасы қалайда қазақ əдебиетіне 
игі əсер етпей қалмаған. Пушкин, Лермонтов, Крыловтан аударылған 
шығармалар, түрліхикаялар, əңгімелер, романдар қазақ əдебиетін 
молықтыра түсті, көркемдік өресін көтерді.
Қазақ əдебиетінің дамуы жөнінде орыс оқымыстылары, 
жазушылары да елеулі еңбек етті. Олар қазақ əдебиеті мен орыс 
əдебиетінің қарым-қатынасын жақсартуды ойлады, қазақ өмірінен 
əңгімелер, очерктер жазды, қазақ фольклорының түрлі нұсқаларын 
кезінде жинап, жариялады, шама-шарқынша қазақ халқын орыс 
халқымен, өзге елдермен таныстырып та азаматтық борышын атқарды, 
қазақтарға жантартқан сөздерін айтты. Бұл орайда В.Ушаковтың, 
В.Дальдің, В.Радловтың, Г.Потаниннің, Н.Веселовскийдің, 
Ф.Достоевскийдің, Г.Гребенщиковтың, Н.М.Ядринцевтің, П.Ин-
фантьевтің, Д.Ивановскийдің тағы-тағылардың есімдері еске түседі. 
Екі ел арасында қызмет атқарған орыс оқымыстыларымен қазақ 
халқының ақын-жазушылары достаса білді. Шоқан, Ыбырай, Абайдың 
орыс жолдастарымен ақылдаса, тізе қоса отырып жүргізген істері қазақ 
халқының мəдениетінің, əдебиетінің дами түсуіне игі əсер етті.
Сонау əріден келе жатқан мəдени байланыстың айрықша бір 
сапаға жеткен шағын қазақ совет əдебиеті үлгілерінен көресіз. Бұл 
шақта қазақ əдебиеті жетіле түсті, оның даму бағдары да өзгерді. 
Шоқан, Ыбырай, Абай, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Радлов, По-
танин арқылы басталған əдеби байланыс жемісті болды десек, 
М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Горький, В.Маяковский, 
Л.Соболев, М.Шолохов, басқа да көрнекті есімдер орыс халқы мен 
қазақ халқы əдебиетінің гүлдене түсуі, дами түсуі жөнінде ғибратты 
істер, жақсы үлгі көрсетті. 
Жыл асқан сайын өткендегі əдебиет мұралары ғылым та-
разысынан өтіп, өзінің лайықты бағасын алып келеді. Осының 


15
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
нəтижесінде революцияға дейін туған талай-талай əдеби шығармалар 
жұртшылықтың рухани игілігіне айналды. Алайда бұл саладағы 
жұмыстарымыз қанша күрделі, маңызды болғанмен, əлі де халықтың 
қажетін толық өтеп отырмыз деу қиын. 
Зерттеушілер назарына түспеген əдеби мұралардың бір сала-
сы – қисса-хикаялар. Кезінде көптеген хикаялар жазған ақындардың 
еңбектері зерттелмей, бағаланбай келді. Олардың көпшілігі ауызға 
алынбайды. Қиссалардың бəрінің көркемдік нəрі жоқ, қазақ 
əдебиетінің өсуіне, қалыптасуына септігін тигізбеген, көркемдік 
сезімге баулымаған, тек қисынсыз уақиғалар жиынтығы емес. Олардың 
ішінде өз заманының шындығын, ақындығын белгілі дəрежеде көрсете 
білген, шығыс əдебиеті үлгілерімен таныстырған құндылары да аз 
емес. «Лəйлі–Мəжнүн», «Бозжігіт», «Мұңлық–Зарлық», «Баһрам», 
«Қасым–Жомарт», «Шəкір–Шəкірат», «Таһир–Зухра», «Сейпілмəлік», 
«Қыз Жібек», «Айман–Шолпан», «Еңлік–Кебек», «Фершіл қыз», 
«Шайтанның саудасы» сияқты көптеген қиссалар бар. Қисса 
жазғандардың еңбектенгендігін мына бір мысалдан байқауға болады:
Қисса жазып отырам күніменен,
«Қырық уəзір» қиссасымен он бір еді
Соңында «Марғұбаны» қылдым əзір.
Ахметкəрім құлақ сал сөзімізге,
Жеті қисса жазып бердім өзіңізге
1
.
Заманында шығыстық сюжетке шығармалар жазғандардың 
қатарында Абай, М.Көпеев, Ақылбек бин Сабал, Ю.Мəулекей, 
Ш.Жүсіпбек, Шəді, Жанұзақ ақын, т.т. бар. Бұлар – кітаптары баспа 
бетінде жарияланғандар болса, шығармалары қолжазба күйінде 
қалған ақындар өз алдына бір төбе.
Қиссалардың сюжет, стиль, тіл ерекшеліктерін, Шығыс 
əдебиетімен тарихи байланысын зерттеу қазақ əдебиеті тарихы 
үшін қажетсіз емес. Заманына қарай көркемдік сипат алған бұл 
тектес шығармалар кезінде оқушыларына рухани азық болған, 
əділдік, əділетсіздік, жақсылық, жамандық істердің алуан түрімен 
таныстырған.
Қиссалардың бəрі шығыстық сюжетті жаңғыртпайды, қазақ 
өміріне орайлас келген қиссалар да бар. «Қисса Құламерген», «Қисса 
Дотан Құбақанбайұлы», «Қисса Қыз Жібек», «Қисса Ихсан Мəрсия», 
«Қисса Серғазы», «Қисса Фершіл қыз» т.т. Революциядан бұрын 
шыққан қазақ жырлары да «қисса» деген атпен жарияланған. Түрлі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет