Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет5/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
full

Ақылбек С. Қисса Марғуба. – Қазан, 1911. 4-б.
15
 Сонда, 14-б.
16 
Сонда, 17-б.


22
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Зарқұм» сияқты мифке толы қиссада Ғали дəріптелінеді. 
«Қыз Жібектің хикаясында» он үш қыз, бір бəйбішеден Жібектің 
сымбатының асыра суреттелуі сияқты, көптеген батырлардың күшін 
бір-бірінен асыра айту арқылы солардың бəрінен Ғалидың күші ба-
сым екені көрсетіледі. Жанəбіл, Мəһəбіл, Қайсар – барлығы да асқан 
батырлар. Соғысқа қатысушылар ішінде бойы екі жүз кез дəулер 
де бар. Ғали батырлардың кейбірін аспанға атады, олар жерге түсе 
алмай, шырқ айналып жүреді. Ол бір ұрғанда екі жүз адамды бір-
ақ өлтіреді, қара судай қан ағады, Зұлфықарымен жерді тіліп өтіп
Көкөгіздің мойнын кесе жаздайды, оның бір өзі күллі дүниені ойран 
еткендей, «майдан жеріне келіп» қаһарланғанда:
Бұл дүние шарқ-шарқ даң боп кетті,
Бұларды көрген халық таң боп кетті.
Қара жер қалт-қалт етіп қақ айрылып,
Арасы жер мен көктің шаң боп кетті
17
, – делінеді. 
Шығыс сюжетті қиссалардың бірі – «Қасым Жомарт»:
Ал енді мен сөйлейін сөздің басы,
Жиһанда Жомарт болған Əбілқасым.
Мұндай қызық əңгіме дүниеде жоқ
Осы отырған жамағат жұрт тыңдасын
18
, – 
деп бастайды.
Қиссаны ғажайып уақиғалардан кенде етпеу құнтталады. 
Қасымның қазынасын аралаған Бағдаттың патшасы Һарун-Рашид 
«жапырағы кəуһар алтын ағаш, тық-тық қақса ішінен тары саулап 
лезде сарай толтырған «жұдырықтай құты», үйіліп жатқан асыл тас, 
ақ меруерттен соқтырылған дуал, «айналасы бес жүз қадам» күміс 
толған сарай» көріп таң-тамаша болады.
Қасым жомарттықпен жұртқа жақпақ. Ол қазынаның бос шірімей
көпшілік игілігіне жұмсалуын ойлаған, «жанын меймандарға пида» 
еткен, мейірімділігін асырған адам бейнесінде көрсетілмек. Адалдық, 
арамдық жайын баяндау арқылы ғибратты ой айтылмақ. Осыған 
орай дастандағы көрсетілген адамдардың бір парасы – екі жүзді, 
қиянатшыл, арамза болса, екінші парасы – моральдық еңсесі биік, 
əділетшіл жандар болып сипатталмақ. Шығармада Һарун-Рашид, 
оның əйелі Зүбайда, уəзір Жағфар, Қасым жəне махаббатына мəхкəм 
Дардана адамшылық уəкілі болып көрінсе, Немахрам, Абуалфанақ 
патша, оның уəзірі жаман жолға түскендер ретінде бейнеленеді. 
17 
Қисса Зарқұм. – С.-Петербург, 1888. 43-б.
18 
Шайхысыламұлы Ж. Қисса Қасым жомарт. 1913. 2-б.


23
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Бұлар Қасымды қорқытып, «бір айда үш мың ділда» алып тұруға 
келіседі. Аздан кейін азырқанып, «қазынаңды түгел көрсетпедің» деп 
дігір салады. Патша «қайтсең де Қасымның қазынасын алып кел», – 
деп қызына бұйрық береді.
Шапшаң бар деп қызына ашуланды,
Өзі жаһил болған соң көңілі қанды.
Көрмей келсең, бауыздап өлтірем деп,
Қасымның шешесіне апкеп салды
19
.
Абуалфанақ пен оның уəзірі, Һарун-Рашид патшаның Қасымды 
Басраға патша қоймақ болғанын естіп, Қасымды «отыз құлаш 
құдыққа» салады. Бір өлімнен құтылған Қасым қашан Һарун-Рашидті 
көргенше, қыр соңына түскендер азабынан құтыла алмай жүреді. 
Шығармадағы əйелдер байлыққа, мəртебеге қызықпай, ажарына, 
адамшылығына қарап адам таңдаған, сүйіктілері үшін қиыншылыққа 
төзе білген, адал арманына жеткендер болып көрсетіледі. Солардың 
бірі Мысыр патшасы қанша қыспаққа салса да көнбей, адал ниетінен 
аумай, ақыры Қасымға қосылған Дардана туралы:
Ақ бетінде кіршік жоқ,
Айдын көлдің қуындай.
Екі көзі жарқылдап,
Аузынан шыққан лебізі,
Сары алтынның буындай,
Шашы сүмбіл секілді,
Қоғалы көлдің құрағы.
Бой нұсқасын қарасаң,
Бектердің мінген пырағы
20
, –
делінеді.
«Дүниеңді үлестіре-үлестіре кедей боларсың» дегендер сөзін 
мақұлдамаған Қасым қандай шешімге келгенін Һарун-Рашидке ай-
тып: «байлыққа мəз болмай, жомарттық жолына түссем, қазынамның 
пайдасын əркім көрсе екен», – дейді. Оның жайын Жағфар былай 
түсіндіреді:
Қасымға ғарыптары келеді екен,
Бəріне тамақ, киім береді екен.
Жаяуға ат береді кімсің демей,
Тірі адам ондай болмас қарындасқа,
19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет