Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет4/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
full

Ақылбек С. Қисса Марғуба. – Қазан, 1911. 34-б.


16
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
қиссаларда халықтың əдебиеттік өрісі, тұрмысы, салт-санасы, əдет-
ғұрпы көрінеді.
Өткен кезде қазақ əдебиетінен айрықша орын алған, жұрт қызықтап 
оқыған, мол тараған қиссалардың бір тобын «Жеті ғашық жырлары» 
деп атаған. Олардың істерін сүйсіне баяндаған қазақ ақындары аз емес. 
Қиссалардан мəлім болған бұл ғашықтарды əнге қоса жырлағандар 
қатарында Ақан сері, Əсет сияқты əнші-ақындар да бар. Əсет:
Сенің үшін түнгі ұйқым,
Кəміл төртке бөлсем-ай!
Сейпілмəлік, Жамалдай
Қасіретіңе көнсем-ай!, – 
десе, сүйіспеншілік жайын сөз еткен Ақан серінің «Тағрипың» деген 
шығармасынан мынаны оқисыз:
Көп жүріп, жиһан кешті Сейпілмəлік,
Жамалды Иранбақтан іздеп барған.
Ғашықтық майданында шаһит болып,
Бозжігіт Əнуз үшін қандай болған.
Бұлардың зар тартқаны Лəйлі, Мəжнүн,
Ізденіп, ақырында мансап қонған
2
.
Ғажайып істерге, түрлі фантазияға толы жеті ғашық жырларында 
жайы баяндалғандар бір-бірі үшін пида болған, кейде арманына жет-
се, кейде өмірі өксіп, жазықсыз қазаға ұшырағандар болып сипатта-
лады. Бұрынғының ақындары бұл ғашықтардың саны жетеу десе де, 
олардың саны жетімен шектелмейді. Əсет ақын бір шығармасында 
Хасен, Сейпілмəлік, Бозжігіт, Таһир, Мəжнүн, Баһрам, Дарлықайын, 
Бəдіғұлжамал, Зылиха, Шырын, Зуһра, Лəйлі, Гүлəндам аттарын ата-
са, «Қисса Баһрамнан»:
Мехнаттың жолын көріп, қосылыпты,
Ол Зылихаға тағы да Жүсіп, Садық.
Екінші, ғашық болған Лəйлі, Мəжнүн,
Ойласам боз-байға етпейді құйын.
Заманың жылдан жылға құбылады,
Япырмай, қыз-бозбала солды күйің.
Үшінші, ғашық болған Ғабділмəлік,
Адамзат көп қырылды жолда өліп.
Атасы Шаһбал пері Иранбақта,
Қосылады Сақыпжамал көңілі тынып.
Төртінші, ғашық болған ол Зияда,

Қазақ əдебиетінің тарихы. – Алматы, 1961. ІІ т. 309-б.


17
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Жандырған ғашық отын құдауанда.
Хорлыны мұратына жетіп алған,
Солардан мирас қалды талай жанға.
Бесінші, Ғайнижамал батыр ханнан,
Таратамыз сөйлеп-ақ құлақ салсаң.
Пəридің екі бірдей қызын алған,
Болады кімнің пəни үшбу жаһан.
Алтыншы Құсайын ғазы – Шаһарбану,
Қосылған екі асыл зат меһрибану...
...Жетінші ғашық болған ер Баһрам
3
, –
деп оқисыз. 
Жеті ғашықтардың бірі деп есептелген Баһрам – «Үш жүз түйе 
Нияз берген» бақшасында бұлбұл сайраған, мың сарай салдырған 
«шарбағын меруертпен» безендірген, жеті түрлі ел билеген, Түркістан 
шаһарында өмір жүргізген Кіші ханның сұрап алған жалғызы. Ол 
Лəйлі, Мəжнүн, Зияда, Хорлы сияқты ғашықтардың бірі есебінде 
көрсетілмек. Ер жетіп ел билеген Баһрам «халайыққа түзу жол 
көрсетті», «ерлігі Баһрамның жаннан асқан, Бір-бірлеп баян қылсам, 
һəр бір дастан
4
делінеді.
Аңға шыққан Баһрам алтын киік көреді, киікті қуа-қуа жапан 
түзге шығып кеткенін білмей қалады, сөйтсе, оның қуып жүргені пері 
қызы Гүлəндамның алыстан мұнарланып көрінген нұры екен.
Нұры екен Гүлəндамның алтын киік,
Адамзат кетер емес көзі қиып.
Ер Баһрам ғаріп жанын қылды пида,
Жүреді амалы жоқ, іші күйіп
5
.
Пері патшасы Фағфурдың қызы Гүлəндамға қанша адам ғашық, 
олардың кейбірінің үміті ақталмай, ішқұса болып, қайғыдан қартайып, 
диуана болып кетеді. «Гүлəндамды ойлама, жолда жын-періден бос 
өлерсің» деген шалдың қауіпті сөзі Баһрамның жүрегін шайылдыр-
майды:
Гүлəндамды алмасам,
Дертке түсіп өлермін
6
, –
деп күйінеді.
Баһрам арманына азап көріп жеткен, қайыспай қауіпті істерге 
төтеп берген адам болып бейнеленбек. Ол Гүлəндамды іздеп, сан алу-

Қисса Баһрам. – Қазан, 1908. 2-б.

Сонда, 4-б.

Сонда, 7-б.

Сонда, 11-б.


18
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
ан қатерге кездеседі: «ұзындығы мың құлаш» айдаһармен, «тоқсан 
қарыс құлағы бар» дəуменен не жайынмен алысады, бəрін де жеңеді. 
Ол сол сапарда жүріп талай елге тəртіп те орнатады. Оның əділдігіне 
ырза болған Сафар патша:
Сен қылдың бұл ерлікті адам қылмас,
Саған жаман сөйлеген өзі де оңбас
7
, – 
деп Баһрамға алғыс айтып, тақ ұсынады.
Баһрам халқына, ата-анасына ардақты. Ол арманына ерлікпен, 
адалдықпен жеткен əділ басшы еді делінбек. Гүлəндамға қосылып, 
үлкен той жасайды.
Жетім-жесір бəрі де майға тойды,
Қайғының, қасіреттің бəрін жойды.
Неше жерден патшалар жұртын жиды,
Той қылып, сансыз қара малды сойды.
Сарғайып сары белден таң атады,
Екі сұлу алтын үйде бір жатады
8
.
«Зияда–Шаһмұрат» та ғажайып уақиғаларға толы. Онда Зияда 
мен Хорлыдан басқа да ғашықтар жайы сөз болады. Олардың ішінде 
Шаһмұрат, Лəзəтбал бар. Бұлар да Хорлы, Зияда сияқты түсінде 
көрісіп, бірін-бірі жұбатып жүреді. Хорлыны он жыл іздеп, Зияда 
дүниенің төрт бұрышын кезеді.
Ғашықтықтан маған жеткен қасіретті оқ,
Түсімде бір қыз салды ішіме шоқ.
Мекенін сапар жүріп іздемесем,
Жанымнан үйде отырып үмітім жоқ
9
.
Зияда «толқыны Қап тауындай» теңізден өтеді, «от көрмеген 
жалаңаш халықтарды» көріп, «адам сойып, қонақ шақырысқан» жан-
дар арасында болып, азапқа ұшырайды. Көп жолдастарынан айры-
лып, елсізде жалғыз қаңғиды. Қиыншылықтарды жеңіп, Хорлыға 
қосылып, арманына жеткен Зияда туралы:
Хорлыны ғашық болып, он жыл іздеп,
Дүниеден қызық көріп өткен жері
10
, –
делінеді.
«Гүлшат–Шеризаттың» тілдік, композициялық, тағы басқа 
ерекшеліктеріне қарағанда, шығыстық сарынды бұлжытпай сақтауды 

Қисса Баһрам. – Қазан, 1908. 19-б.

Сонда, 50-б.
9
Қисса Зияда–Шаһмұрат. – С.-Петербург, 1891. 7-б.
10 
Сонда, 50-б.


19
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
үнемі ұмытпағандық шамалы. Шығармада Бағдат, Шынмашын атта-
ры аталып, уақиға сол жақта болып жатқан сияқты болғанмен, қалайда 
автор əлде қандай дерлік түп нұсқаға өзінше өңдеулер кіргізіп, əділдік, 
ғашықтық жайында өз ойын ұсынбақ болған сияқты. Қиссада жайы 
баяндалғандардың жаманшылық уəкілдері дегендері, сайып келген-
де, жазасын тартып, жеңіліске ұшыраса, жақсылық уəкілдері болып 
көрінгендердің əділ ісі қалай аяқталғаны түсіндіріледі. Дүниеге са-
тылып, зұлымдық істегендер, кісі қанын жүктеген мансапқорлар 
əшкереленеді, жазықсыз өлген анасының қасында, иесіз жерде жалғыз 
қалған Шеризатты үш жасынан беске келгенше арыстан асырап, адам 
қауымына қосады. Шеризаттың асқан батыр, мархаматшыл, кешірімшіл 
болғаны, махаббаты берік, өзіне сай Гүлшаттай жар тапқаны сөз бола-
ды. Жендеттер қолынан қаза тапқан ханым елде қандай қасиетті адам 
ретінде сипатталады, өлгеннен кейін де кеудесінен «бұлақтай аққан 
сүт» үш жылға дейін таусылмайды. 
Өлтіріп, өңшең жауыз тастап кетті,
Өлі жан тірі жаннан қорек етті.
Еш нəрсе сүттен басқа қорек қылмай,
Талпынып, екі мен үш жасқа жетті
11
.
Автор «Гүлшат–Шеризат» қиссасын ғибратты ойын ортаға салу 
үшін жазғанын айтады. Адам басында боларлық əділетті, əділетсіз 
істердің жайын түсіндірмек, «қаралы ғарыптардың» көңілін ашпақ, 
атақ іздеп, араны ашылған жандарды əшкеремелемек, махаббатын 
ақтап, əділдік іздеген жастарды мадақтамақ.
Шеризаттың əкесі қайтыс болар алдында қол астындағыларын, 
жақындарын, таныстарын жинап: «тілеп алған баланың дүниеге келуін 
көрмей, о дүниеге сапар шекпекпін. Ханымнан ұл туса, орнымды ба-
сып, патша болсын, қыз туса, қабағын шыттырмай тəрбиелеп, сүйгеніне 
қосыңдар, тағымды уəзірім Парақзатқа қалдырдым», – деп өсиет айта-
ды. Парақзат патшаға берген уəдесінен таяды, «ханым ұл тапса, тақтан 
айрылғаным ғой» деген ой көкейін теседі, оны арамдық басады. Уəзірдің 
бұйрығы бойынша, «толғағы қысып отырған» ханымды иенаулаққа апа-
рып, кескілеп өлтірген жендеттер табанда арыстанға тап болып, түгел 
өледі. Жендеттер өлтіріп болғанша, босанып үлгерген ананың омырауы-
на өрмелеп, шырқырап жылаған нəресте жайы сөз болады.
Əкеден, анадан бірдей айрылып, жетім қалған Шеризат ер жетіп
ел аралап, жолға шығады. Шешесін өлтірген уəзірдің еліне келеді. 
Сарайда сайран салып жатқан уəзірдің қызы Гүлшат аруды көреді.
11
ҚазССР ҒА архиві. П. 1173. 296-б.


20
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Гүлшат сынды қара қыз,
Қалам қасты нұрлы жүз.
Ақ бетіне пар келмес,
Сарт тоқыған аппақ бөз
12
.
Гүлшаттан дəмеленіп жүрген бір жігіт еркімен табысқан жастардың 
жасырын кездесіп, шаттық жасап жүргенін біліп қояды, бұл жайды 
қыздың əкесіне жеткізеді. Уəзір Шеризаттың жазасын тартқызып, 
алып келу үшін қанша нөкер беріп, Алмас, Қоймас атты екі алыбын 
аттандырады. Шеризат соғыс үстінде алыптарды, олардың нөкерлерін 
қырады. Тығылып қалған бір -екеу ғана Шеризаттың қаһарлы айбы-
нын, көрсеткен күшін патшаға айтып барады. Оның өлген патшаның 
тірі қалған баласы екені мəлім болады. Үрейі ұшқан уəзір жерге бас 
ұрып, Шеризаттан кешірім сұрайды. Шеризат оны зынданға салды-
рады, басын алмақ. Бұл іске ара түскен Гүлшат Ақжүністің Қартқожа 
өмірін шола сөйлегеніндей, Шеризаттың өмірін, ерліктерін шұбырта 
айта келіп, тіріні өмірден айыру оңайма, жамандықты жақсылықпен, 
кешірімшілікпен жең, ол өзі де əділетсіздігінен сазайын тартты, адам 
қанын жүктеме, қаһарлықты арттырумен шыққан мүйіз қайсы?
Қылыш ұстап болаттан,
Жеті жасқа жетпей-ақ,
Оздың шығып санаттан.
Кəмшат бөрік басыңда,
Барлық қыздар қасыңда.
Дұшпандарың жеңгенде,
Қане, мүйізің шыққаны?
13
, –
дейді.
Гүлшаттың қаталдықты, қаһарлықты кешірімшілікпен жеңіп 
үйренуді қостайтын адам екені көрсетілмек. «Көңілім ашылғандай 
қисса айтып берсең, əкеңнің жазығын кешем» деген Шеризатқа 
Гүлшат Мəһимəнзал сұлудың бастан кешкен уақиғасын айтып береді. 
Оның жолына бөгет болып, кесірін тигізген адамдар кінəсін қалай 
кешіп, қан төкпей қайырымдылық көрсеткендігін үлгі етеді. Ертегі 
айту үстінде Гүлшат кейде Шаһаризадаға да ұқсап кетеді. Ғибратты 
істер жайында ертегі айтып, ойын өткізген əйел болып та көзге түседі. 
Ақжүністен, Шаһаризададан тəлім алғандығын аңғартқандай болған 
Гүлшат Шеризатты ақыры ақылына көндіреді.
Кінəсіз əйелді қорлаған арсыздар жайын баяндаған қиссаның 
бірі «Марғубаны» түгелдей шығыстық сарында жазылған деу қиын.
12
ҚазССР ҒА архиві. П. 1173. 294-б.
13
Сонда, 303-б.


21
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Түркістан шаһары тұрғыны Мұратсалих əйелі Марғуба сұлуды 
жамағайын інісіне тапсырып, өзі ұзақ сапарға кетеді. Опасыздық жа-
сап, жеңгесін мазалаған Мұратсалихтың інісі:
Мен саған жүзің көріп, болдым ғашық,
Айтамын арызымды аузым ашып.
Тұрсам естен кетпейсің, түнде түстен,
Сарғайды зағфрандай өңім қашып
14
, –
деп жалбарынады. Сөзі өтпей, кектенеді. Марғубаны бұзылған əйел 
деп қазыға жамандап, таспен атып өлтіру жазасына бұйыртады. Бұл 
қорлықтан аман қалған Марғубаның басқа да көрген көп азаптары сөз 
болады.
Шығармада шығыс сарындас қиссаларға тəн ғажайып, ертегілі 
уақиғалар кездеспейді емес. Марғуба бір жөннен əйелдер ішінен 
шыққан Жүсіп сияқты, оны көргендер шетінен ғашық болып қалады.
Жиылып керуен бəрі келді дейді,
Дидарын Марғубаның көрді дейді.
Жүзде болса, керуен, мың да болса,
Көрген соң, бəрі ғашық болды дейді
15
.
Марғуба некелі əйел екенін айтып, ғашық болғандардың бірде-
біріне уəде бермейді. Оны зорлап, қорқытып алмақ болғандар ісі 
əшкереленеді. Марғуба əуелгі ері Мұратсалихты көп жылдар тоса 
білген, əйелдік əдебін сақтаған, қиыншылықтарға төзіп, ақыры 
күйеуін тапқан жар ретінде көрсетілмек.
Марғуба ісінен ертегілік жайттарды да аңғарасыз. Ол 
дұшпандарының қорлығынан табиғаттан тыс күш көмегімен де 
құтылып жүреді. Оған қиянат еткеннің бəрі ажалынан бұрын өлсе, 
бірі соқыр болып қалады, оған əлде қандай шарафаттылық беріледі.
Ақсақ келіп бата алса, аяқ бітті.
Саңырау келіп бата алса, құлақ бітті.
Жарлы келіп бата алса, малды болып,
Қатынның талай жерге даңқы шықты
16
.
Қисса жазған ақындар шығармаларында Мысыр, Басра, Бағдат, 
Рим, Шам қалалары, араб, үнді халықтары аты жиі кездеседі. Ғали, 
Зарқұм, Ғұмар, Мəді, Хасен, Құсайынға табиғаттан тыс күш, артықша 
қасиет беріледі. Олар жайында жазған шығармаларын кей ақындар 
дінмен астарлайды.
14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет