183
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
заманына қарай келешекке қарай тыңнан күш-қуат алып, халықтың
игілігіне жарарлық қасиеттерге ие болып отырмақ. Абайдың
гуманистік, демократиялық, моральдық, бостандық, достық, ерлік
көксеп айтқан терең мағыналы ойлары құнын жоймақ деудің керегі
не? Абай шығармаларының тарихи мəнімен есептессек, оның айтқан
армандарының кешегі тарихи мəні мен бүгінгі тарихи мəні, келешек-
те қандай мəн алуы мүмкіншілігін ескерсек, ақынның қырағылықпен
айтқан ойларының шегі дəл анау ғасырда бітер деп меже жасау, бос
талас болар еді.
Абай шығармаларында айтылғандар – өмірдің ішкі-тысқы терең
көріністері, халықтың арманы, сондықтан оның айтқандары сол халық
өмірінің даму тенденциясымен қабысып жататын мүмкіншілігін еске-
ру қажетсіз емес, бүгінгі ескерткен Абай ойлары ертеңгінің қамына да
арналып тұрады. Абай үнемі бірқалыпты жақтап, соны тілеген догма-
тиктерге ұқсамайды. Ол ізденген, білмегенді білуге үнемі талаптанған
ақын, өмірдің əуені, жағдайы, өзгерісі, сол өзгерістің түбі, əлдеқандай
тенденцияның неге барып тірелетіндігімен есептесе отырып, пікір ай-
туды құнттаған. Абай өмір ағысына қарап, алға көз салуды құнттайды.
Өз үнін халық үнімен қоса біліп, сол халықтың мұң-мұқтажына сай
ойын, арманын зор ақындықпен айта білді де, айтқандарын халыққа
жеткізді, бұқараның тілегін оқушыға түсіндіре білді.
Абай өмірдің көрініп тұрған тек бергі жағын ғана білуді місе
тұтпай, дүниенің белгісіз сырын ашу талабын жасау оған бет беруді
құнттап, мəселеге терең қарап, үйрену зор қасиет деп білді. «Дүниенің
көрінген һəм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе,
адамдықтың орны болмайды»
337
, – деді. Абайдың бұл секілді ойлары
оның негізгі көзқарасымен байланысты келгендігін көреміз. Абай
объективтік дүние бар, оның ашылмаған сырын ашуға болады, па-
расат күшіне сену керек деп түсінгендігін аңғартады. Ақиқат бар,
бірақ сол ақиқатқа бірден жетпейсің, шындыққа жетудің кезеңдері
көп, жалықпай іздеп, сол кезеңдерді біле отырып, дұрыс жүріп үйрен
демек. Ақын іздену ісіне салғыртсымай, тек бүгінгі білгенге мəз
болып, əлдеқандай түсініктің бақи құлы болып жүрмей, өмір ісіне
айтылғандарға сын көзімен қарап, өзінің де, өзгенің де ізденгіш, сын-
шыл болуын тілейді.
Абай шығармаларынан бір-біріне қайшы, ақынның негізгі
көзқарасына, терең түсінігіне үнемі үйлеспейтін ой сарындарын
337
Достарыңызбен бөлісу: