Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет60/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 
1948. 226-б.


184
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
кездестіруге болады. Өмірін іздену, білмегенді білу, шындықты айту 
ісіне арнаған ақын парықсыз жүргендерге назаланады:
Жар тасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Одан да шықты жаңғырық.
Естісем үнін,
Білем деп жөнін,
Көп іздендім қаңғырып.
Баяғы жартас – бір жар тас,
Қаңқ етер, түкті байқамас
338
.
Адал сөзіне құлақ салмаған, тілін алмаған, жартастай қаңқ етіп, 
түкті байқамайтындарға ызаланады. Олардың «үнін» білсем деп көп 
ізденеді. Жақсы ниетім зая кеткені ме деп қауіптенеді. Өйткені, тек 
жаңғырық естілгені болмаса, алды-артын ойлап үйренгендерді көре 
алмайды.
Оқта-текте ойына түйткіл кіріп, Абай ұлы ісінен шаршағандық 
білдіреді:
Жүрегім менің – қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден,
Қайтып аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң əр неден
339
.
Абай бұл шығармасында ақындық жан толқынын жасырмай айтып, 
ой тебіренткендей əлдеқандай назаланған сезім білдіреді. «Қиянатшыл» 
дүниенің əділетсіздігін, қиыншылығын көріп, ауыр жағдайда 
жүргендігін, досы аз, дұшпаны көп екенін естіртпек. Өмірі жəбірлікке 
түсіп, жүрегі «қырық жамау» болып, адал ісін дұрыстап іске асыра ал-
май, талапқа жол жоқ, лажсыз қор боп жүрген адамша сөйлейді:
Өлді кей, кейі – жау,
Кімді сүйсе бұл жүрек.
Кімі – қастық, кімі – дау
Сүйенерге жоқ тірек
340
.
Абай өзінің негізгі прогресшіл пікірі: «Жамандықты кім көрмейді 
үміт үзбек қайратсыздық... Қары қалың қатты қыстың артынан, көгі 
қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» деген сөздеріне қайшы 
келіп, «сүйенерге жоқ тірек» деп уайымдайды.
338
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 92-б.
339
 Сонда.
340
Сонда, 229-б.


185
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Кейде:
Сөзімді ұғар елім жоқ,
Моласындай бақсының.
Жалғыз қалдым – тып тыныш
341
, –
дейді.
Абай сырласа, мұңдаса сөйлеп, ауыр халін ескертетін бір 
өлеңінде:
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не қылдым япырмау?!
342

деп маңайын қоршаған, жолын кес-кестеген, бір күн тату, бір күн жау 
адамдардың бабын табудың амалы қайда? Істесім осындайлар бол-
са, не өндірмекпін? – деген сауалдар қояды. Береке бермейтіндердің 
бір тобын ескеріп, ондайлардың «өз үйінде өзендей» күркіреп, бос 
дауға келгенде «бəйге атындай аңқылдап» үдей түсіп, күрделі іс кел-
се: «Шабан шардақ жəне шəу» іші шірік, сырты дардиған, пайдалы іс 
қолынан келмейтін жандар екенін түсіндіреді.
Абай өкінішін де, қаупін де, мұңын да бүркемей ашық айтады, 
ойында мүлтік жоқ жанға ұқсап, басқаны беттетпестей пікір айтуды 
ақындық, адамшылық қабілетіне лайық көрмеген. Басқалардың еркімен 
ой ойлап, əрекет істеуіне тыйым салмай, пікір қысымшылығын жасаудан 
сақтанады, аяғын ауыс баспайтын адам болатындығына күмəнданады:
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жəй, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
343
Көп ойланып, көп толғанып, көп мəселелерді өзінше шешіп, 
бірбеткей ой айтудан сақтанған Абай:
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым кінə қойма
344
, –
деп қиын жағдайда əлеуметтік жұмыс атқарып, талай талқыға түскен, шарқ 
ұрған кездері болған ақын екенін ескереді. Абай кей шығармаларында 
341


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет