Молда Ақыт Ұлымжыұлы. Əбият Ғақлия. – Қазан, 1909. 10-б.
485
Меңдіханұлы
И. Малдыбай. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 951. 50-б.
486
Сонда, 55-б.
245
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Басына қиыншылық түскен қыз аузына мына сөздер түседі:
Шалқыған туған айдай өміріме,
Сұм бақыт аямастан қайғы жапты.
Жаз шыққан жайнап жүзге мен бəйшешек
Басымды қырау соғып қаза тапты
487
.
Жібектің өз теңі Сəліммен кеткені, Малдыбайдың ойы орындал-
май масқара болғаны айтылады. Шығармадан тағы бір көрінетін адам
– Қалқаш. Ол ұйқыдан бас көтермейтін бос жүру табиғи қалпына
айналған жалқау. Оның үй-іші жүдеу, өйткені бар бас көтерер Қалқаш
кəсіпсіз өмірге мүлде салынған. Ол əйелі, шешесі, баласы қамын
ойламайды. Қалқаштың шешесі: «Ай, қасқа балам-ай, қасқа бала!
Бұл ұйқыға тоярың да жоқ, күндіз де ұйқы, түнде де ұйқы, не деген
ұйқы» деп налиды. Өміріне өкінген Қалқаштың əйелі: «О... шіркін-ай,
қорылда, пірім, қорылда, əйелдің пірі ер дейді ғой... Құдай-ай ішейін
десең тамақ жоқ, киейін десең киім жоқ»
488
, – дейді. Қалқаш қоғамның
Малдыбайдан да сорақы бір жаны есебінде бейнеленеді. Малды-
бай қалай да шаруасын ұқыптап, бірдеңе-бірдеңе іздейді, істейді, ал
Қалқаштың ештеңеге зауқы соқпайды, ол ең болмаса тамағын асы-
рай алмаған, жұмыстан қашқан, нағыз жатып ішер жалқау ретінде
көрінеді.
«Тілмаш» пьесасында көрсетілген адамдардың бір тобы
əлдеқандай жаңа өмірден үміттенгендер болса, екінші тобы өмірдің
керексіз жағынан қол үзбегендер. Анар, Жандарбек, Төрехан тілмаш
бір жақ, Арыстанбай, Мариям, Ахметбек бірыңғай.
Анар Мариямды құтты орнына тезірек қондырмақ. Ол қызының
оқуға ынталанғандығына ырза емес. «Қыз басыңнан законшы бола-
йын деп пе едің, жоқ поп болайын деп жүрсің бе. Төрехан кімнен кем,
соған бар, өзі тілмаш, өзі бай»
489
дейді.
Орысша білгендігін сатып, параға құныққан Төрехан, Жандарбек
өздерін патшаның оң көзі деп те есептейді. Ым-жымы бір бұлар арыз
қуғандардан артық ақша алып, қалтасын қалыңдатады. Жандарбек
қарапайым адамдарға ұлықтық көрсетуді мəртебе көреді. Қорқытсаң
ғана олар қадіріңді біледі деп түсінеді. Қастасқанның үстінен арыз
жазып, айдатудан тайынбайтындығын да мақтаныш етеді.
Төрехан, Жандарбек сияқтыларға пара тасып жалбақтайтын-
дардың бірі – Нығыметжан. Ол тілмаштарды жылы сөзімен жібітпек
487
Меңдіханұлы
И. Малдыбай. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 951. 67-б.
488
Сонда, 64-б.
489
Тілмаш. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 951. 124-б.
246
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
болып, оларды «төре» дейді. Даулы істерді пара беріп тындыру-
ды кəсіп етеді. «Законшы» атанғанын мадақ көреді. «Тілмаштарға
айтқан бір сөзінде: юк, юк, бізге іш аяқшы бірсе болғаны, құдайға
мың шүкірлік. Сіздердей ағайын төрелер арқасында Нығыметжан за-
коншы атандық. Сол һəм бізге нағмет, хатқа дəулет»
490
, – дейді.
Мариям, Ахметбек надандыққа төзіп, ішкен-жегенді ғана місе
ету шеңберінде қалмақ емес. Мариям: «кімді көгерткелі жүрміз,
жалғыз жеп-ішу ме? Үлкендер айтқанның дұрыс-бұрысын түгел
құптамақпыз ба? Əркімнің қара басының билігі өзінде. Өзім етсем,
не өкінішім бар»
491
, – дейді. Ол Төрехан, Жандарбек ісінен түңіліп,
жақсы өмірдің саңылауын таппақ. Кімде кім арманы, ойы, тілегіне сай
ғамал етсе, сөзді зорлап өткізу қалса, қоғамнан қалауына қарай əркім
орын алса деп қиялдайды. Ахметбек пен Мариямның ақылшысы
Арыстанбай: «Мен сендерге айтқанымды орында деп қыстамаймын.
Əркім өз ақылымен ойлап, өз көңілімен жаратып, өз қолымен істеуі
керек»
492
, – дейді.
Арыстанбай өзгенің өзінше ойлап үйренуіне көмектеспек. Ол
орысша оқып тілмаш атанғандардан «мынау жақсы дерлік бір адам да
шыққан жоқ. Олар жұрт пайдасын ойламай тек өз құлқынын іздейді.
Ана тілінде оқытып жас буынды тіршіліктің тура жолына салу керек,
жаман, жақсы сонда ажыратылады. Жұрттың маңызы сонда бетіне
шығады»
493
, – дейді.
Көп күші булықпай сыртқа шықса, саналылар көбейсе, əркім өз
қалауына қарап əрекет жасарлық жағдай туса екен деген сияқты ойын
айтады.
Шығарманың уақиғасы Мариям жəне оны жақтаушылар
жеңісімен аяқталады. Мариям Төрехан тілмаштың торына түспейді.
Оның Арыстанбаймен кеткенін естіп, бүлінген Төрехан: «Қызы
Арыстанбаймен кетеді, əке-шешесі білмегенсиді, заман өзгерсе сен-
дейлерге өзгеріп жүр. Бұл қорлағанды жүз есе қып қайтармасам»
494
,
– деп бос даурығатын болады.
«Манап» заманына қарай тарихи маңызы, əдебиеттік орны бар
шығарма. Шығарманың негізі, теңдік іздеп қорлыққа, əділетсіздікке
көнбеген, қарапайым ортадан шыққан Гүлбаһрамның қайғылы
тағдырына арналады.
490
Тілмаш. Қазақ ССР ҒА архивы, п. 951. 131-б.
491
Сонда.
492
Сонда, 128-б.
493
Сонда, 128-б.
494
Сонда, 133-б.
247
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
«Манапты» жазғандардың бірі Мұхаметғали шығармада қазақ
əйелінің құлдықта қор болып жүргенін, қазақ қызының надан ата
қолында ойыншық болғанын, адамның гүлі болған əйелдерді мал ор-
нына сатқандығын көрсетеді. «Манап» болған уақиғадан алынып жа-
зылды. Бұл уақиғаның шын қаһарманы осы күнде тірі. Текес өзенінің
бойындағы көшпелі ел бұл істі əлі ұмытқан жоқ», – дейді.
Пьесада Гүлбаһрам, Атамқұл, Ұсақ, жас қыздан үміттеніп
өзеуреген шал Əлімбек бай, дүниеқор молда, парақор тілмаш, «аһ,
егер де біз начальник болсақ, байлардың керегін берер едік, үстімізге
қадірлі шекпен киер едік»
495
, – деп қиялдаған Ахмет: «жұмыстан от-
тан қашқандай қашу қалып, жер жыртсақ, егін шапсақ, қала салып
отырсақ жақсы болар еді», – деп армандаған палуан жайы сөз бола-
ды.
Пьесадағы персонаждың бірі Ұзақ – қиянатшыл, қияңқы. Ол
малды дұрыс бақпадың деп қойшыны бауыздайды, айтқаныма
көнбедің деп жазықсыз жас қызды» ағып жатқан суға атады. Қалың
малға қызығып, шал байға жалғыз қызы Гүлбаһрамды зорлап бермек
болады. Ол туралы: «Өз өмірінде қылған осалдығының шегі жоқ:
ұрлық қылған, жұртты талаған, сөйтіп надан көшпелі халық ішінде
батыр атанған», – делінеді. Зұлымдыққа құныққан Ұзақ: «Билер
менің алдымда қалтырап тұрады, тыңдамаған кісіні менің аяғыма
жығады. Мен тілесем, біреуді абақтыға салады», – деп мастанады.
Гүлбаһрамды Ұзақтың тұзағынан қалай құтқарудың лажын таппай
қамыққан ана: «Көзімді көп жудым, бірақ сумен емес, ыстық көз жа-
сымен жудым. Əкең сені малға сатпақ, айтқанына көнбесең, өлтіреді,
сен үшін жан тəніммен қайғырам, бақытты болса екен деп тілеймін»,
– деп зар илейді.
Қауіп-қатердің қандайын болса да қарсы алмақ Гүлбаһрам
əйелдер басына қара тұман орнатқандар ісіне көнбейді, өз анасы
өмірін, қазақ қыздарының теңсіздікте өткізген күндеріне налиды.
Келеді қатты дауыс құлағыма,
Білмеймін жел далада зулады ма?
Тоғайда яки тауда мекен еткен
Жолбарыс жаралы боп жылады ма?
Далада жел үрлейді дауыл емес,
Жаралы жолбарыстың даусы емес,
495
Достарыңызбен бөлісу: |