Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет44/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 204-б.
286
 Сонда, 113-б.
287
Сонда, 114-б.


150
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Абайдың ащы сөздері орынды ой мен шындықты айтуға 
жұмсалады. Ақын біреудің жайын айтқанда шектен асып, шындықты 
бұзып, өмір ісіне жанаспайтын нəрселерді сөз етіп, көрерлікті көргісі 
келмей, көз жұмып, сөзін орынсыз сықақ, өрескел кекету, бос ажуаға 
айналдырмайды, ақындық қабілетін сақтай біледі, сондықтан оның 
айтқандарынан сықақ айтудың өрескел түрі емес, шындық сезіледі. 
Ақынның ащы сөздері, өмір құбылыстарының алуан жақтарын дұрыс 
көрсетіп тұрады: өз емеурініне тартып, субъективтік түрде пікір 
айтуға салынғандықтан Абай аулақ.
Абай өз заманының өмір құбылыстарын терең түсінген. Ол сол 
кездегі қазақ жағдайын тек сырттай білмей, қатысып, халықтың та-
лай күйініштерін басынан атқарған, елмен бірге қуанған, елмен бірге 
күрсінген, өкінген.
Абай жағымсыз адамдарды сипаттағанда, тек олар-
ды сықақтайыншы деген жеңіл ойға бармайды. Шынында, сол 
сипатталғандардың өмірдегі орны, кескіндері мен істерінің өзінде 
өрескелдік сықақ сөздерді керексітіп тұратындық бар еді. Олар 
сөз болса, бір жағынан, өмір өрескелдігі уəкілі ретінде сөз бола-
ды, ал кейіпкердің сықаққа тұрарлық жат мінездері көрсетіледі. 
Оның айтқандары сол кездегі жағдайсыз өмірдің арқауын босатып, 
əлеуметтік құнын кетіріп, ірге тасын тезірек құлатуға арналады.
Абай «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлыда» шығарманың 
алдыңғы бөлімінде кей адамдарды сырт жағынан, пішін жағынан, 
мүсін жағынан суреттейді де, шығарманың аяқ бөлімінде олардың 
өрескел мінездері, қарапайымдығы қатты сынға түседі. Абай жаны 
тиыш, жағасы бос, өмірдің ауыр еңбегінен аман, шаруаға үйренбеген, 
не бір білім ісіне кіріспеген, не бір кəсіп іздемеген, татымды жұмысқа 
жол ашылмаған, байшігеш ортаның, заманына қарай мəпеленіп өскен 
ісі, мінезі келіспеген сұлулар туралы былай жазады: «Бұлардың 
кейбірінің мінездері еш нəрсе білмегенсіп бұртақтаған. Кейбірі жай-
дары, ашық боламын деп орынсыз адамдармен жыртақтаған»
288
.
Абай сипаттап отырған «жұп-жұмыр ақ торғайдай мойыны 
бар» сұлулар: жерден сынық шөп алмай ерке өскен, қой сауып, жүн 
иірмеген, мал бағып, күнге күйіп те көрмеген, сəндікке, мəпеленуге 
салынудан əрі бармаған əлдеқандай саяда өскен жандар. Сөйтіп сырт 
келбеті келіскендердің келіссіз мінездері де паш болады, тəрбиесіне, 
адамшылығына, өнерлі болуына жол ашылғандық айтылады.
288
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 2-б.


151
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Абайдың ащы сөзімен жазған шығармасының бірі – 
«Абыралыға». Мұнда дінге беріліп, тақуалығын бетке ұстағанмен, 
құдайға құлшылық етудің ережелерін жөнді білмей, пұшайман болып 
жүрген адамның жайы сөз болады. Сондай бір босқа əуре Абыралы-
ны ажуалаған Абай:
Намаз шамның артынан,
Құржақ-құржақ етеді.
Жерұшық берген кісідей
Тоңқаңдай ма не етеді
289
, –
дейді. Абай бұл шығармасында айтқанын мағынасыз шарж, бос 
мазаққа айналдырып алған дей алмайсыз. Шығарманың сатиралық 
күші, ақындығы болыстарға арналып жазылған шығармалармен бара-
бар болмаса да, бірақ бұл шығармада заман шындығы, өмір көрінісі, 
адам мінезі жоқ, мұндағы айтылғандар орынсыз күлкі, бос ажуа деу 
қиын. Абай Абыралыны ажуалайды, сонымен бірге шындықты ай-
тады. «Кəлқаусарды» айтып, намаздың алдын біліп, артын білмей 
тақуасынып, сонысын мадақ көрген заман адамының бір мінезін Абай 
дұрыс көрсеткен. Абыралы сияқтылар бір кезде бірлеген емес, əр 
ауылдан кездесетін, сондықтан Абайдың айтқандары бір ғана Абыра-
лы емес, талай Абралыларға арналған еді.
Абай ел арасында саны өсіп, берекесіз іспен əуреленген сидаң 
жігіттерге көз тігеді. Шаруаға қыры жоқ, халыққа тиер пайдасы
көмегі жоқ, ауыл аралап тегін тамақ, тегін киім, тегін ат іздегендерді 
сынайды. Сөйлесе – бет-аузын жүз құбылтқан, «жұрт құтыртқан», ан-
тын, арын саудалаған, мойнын бұрса – қоразданып қараған, өмір ісіне 
олақ, ішін түземей, сыртын түзеткен, өзінше маңғазсынғанмен сиқы 
жоқ, сыңар жақ бояма адамдардың жайын түсіндіреді. Ондайлардың 
сырын жақсы білген ақын өмірге керексіз адамдарды халыққа жат 
етіп көрсетіп, елдің олардан безінуін мақұл көреді. «Қу шалбар – 
қулығына болған айғақ» жандардан не пайда, не үміт демек.
Абай сүйреңдеп өсек айтып біреу мен біреуді шағыстырып, араз-
дастыруды өнерім көргендерді көп алдында масқаралайды.
Жантайдың баласы Көжек деген,
Əркімге өсек тасып безектеген.
Досын келіп досына жамандайды
Шіркінде ес болсайшы сезед деген
290
.
289


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет