Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет42/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 31-б.


145
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
қоғам күресінде, өмір ісінде қолданған жолы, жақтаған көзқарасы, 
істеген ісі, көздеген мақсатын терең зерттеп, мəселенің шын түйінін 
шешуге айрықша назар салмай, үстірттікке салынушылықтан 
адам баласының алға басуы, халықтың түсінігі тереңдеп санасы 
өсуіне келетін зияннан басқа пайда жоқ. Мəселеге осылай қараған 
Абай, неше алуан адамдардың не істеп, не ойлап, не əрекет жасап 
жүргендіктерін зор ақындықпен айтады. Халыққа зиянын тигізіп 
жүргендерді əшкерелейді, халық қамын ойлап, ұлы қайрат көрсетті.
Көрсеткен адамдардың ісін білмесең, түсін жөнді білуге бол-
майды. Шынында, жағдайға қарай өмір құбылысын көрсете білу, 
адам баласының ісін, мінез-құлқын тап басып айту деген не? Бұл 
мəселелерге бір шарт боларлық нəрсе, көрсеткен адам тек қана дара 
жан болмай, ол адам жағдай туғызған қоғам адамы болуын ескеру ке-
рек. Мысал үшін айтқанда бір кездегі адамның мінез-құлық əрекеті, 
ісі басқа бір заманның ыңғайына бейімделсе, онда шындықтың 
көрсетілмегені, бұлай етіп көрсеткен кейіпкерлерге ой шын 
қанағаттанбайды. Көрсетіп отырған кейіпкерлердің өмірде орны бар 
болмаса, тек бір қиялдан туған болуы, не өмірдің көмескі көлеңкесі, 
не сол өмірдің құр елесі болуы мүмкін. Кейіпкер белгілі бір тари-
хи жағдайға сəйкес болмаса, дұрыс көрсетілген болып шықпайды. 
Сондықтан көрсетілген кейіпкер өмірге жанастығы болғанмен, бірақ 
ол кейіпкерден нағыз шындықты көруге болмайды, бұл хақиқи 
шындық емес.
Өмірге жанастығы бар шындық пен хақиқи шындық жайы сөз 
болғанда, бұл екі ұғымның шекарасына көз жіберіп, сол екі ұғымдардың 
көркем шығармаларда орны бірдей деуге болмайтындығын ескер-
ген жөн. Белгілі жағдайдан туған тарихи шындықты көмескілеп, 
үстірт көрсету, сол тарихи шындықты көркемдік санаға сүйеніп 
бере алмағандықтан, өмір ісінің шын байымына бара алмағандықтан 
шығады. Сондықтан бір дəуірдің, небір жағдайдың адамын екінші 
бір дəуірге, не жағдайға ауыстырудың шындыққа қайшылық 
келтіретіндігі байқалады. Мəселеге дұрыс түсінген Абай белгілі бір 
заманның өміріне лайықты адамдар сипатын көрсеткенде, ақындық 
тəжірибесі, кең парасатына сүйеніп, белгілі бір адамдар басындағы 
ерекшеліктерін терең түсіндіреді.
«Болыс болдым мінекиде» Абай сол кездегі болыстар кейпін 
көрсетеді. Партияласып күн кешкен, «өзі – зəлім, зəкүншік» болыстар 
мен пысықтардың түрлі істеріне арнап:


146
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Əлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап
281
, –
десе, шығарманың енді бір жерінде, болыстардың содырлы мінезі 
жайында:
Боқтап жүрмін барқылдап,
Кейбіреуге таяғым
Тиіп те кетті сартылдап
282
, –
дейді. Абайдың бұл қадап айтқан сөздері, болыстардың көзге 
түсерліктей нақтылы мінездерін бұлжытпай суреттейді, ақын өзінің 
сыншыл, шыншыл екендігін аңғартады.
Салтыковтың «Господа Головлевысын» алыңыз. Салтыков 
бұл шығармасында, орыстың дворяндары, сол Головлевтер өмірін 
суреттейді. Щедрин ол өмірді құнарсыз кертартпалық қалпын Иу-
душка мен Арина Петровналар сипатын жасау арқылы көрсетеді. 
Іруге айналған дворяндар өмірін бұлай етіп көрсету – шынды айту, 
өйткені Салтыков көрсетіп отырған сол дворяндар өмірінің айрықша 
бір өзгешелігі – ол өмірдің кертартпалығында еді, өмір ісіне ыңғайы 
жоқ сөлекеттігі мен топастығында еді. Салтыков мəселенің негізгі 
жағынан келіп көрсеткен, адамдарды дұрыс бағалаған, дұрыс сынаған.
Бүлінуге бет алып, тұрмыстан анағұрлым қалып қоюшылар 
уəкілі Головлевтер еді, мұны Щедрин жақсы білген, бұған қарағанда 
Салтыковтың тарихи жағдайға қарай, соған сəйкес кейіпкер бергенін 
көреміз. Салтыковтың бір қасиеті, ол көрсетем деген адамдардың 
мінез-құлқын терең зерттеп, сол адамдарды туғызған тарихи 
жағдайды дұрыс түсінуінде.
Атақты жазушы Гончаров Обломовтардың тарихи 
өзгешеліктерін, жағдайға сай етіп көрсетеді. Обломовтың қандай 
ортадан, қандай өмірден шыққандығын терең дəлелдей келіп, 
Илья Ильичтің үй іші тəртібі секілді елеусіз көрінетін нəрселерді 
де ескерусіз қалдырмайды. Жазушы өмірді көрсетуге өте шебер 
екендігіне көре, кейіпкердің өзгешелігін оқушыға түсіндіре біледі. 
Обломовтың үй іші көрінісі туралы Гончаров былай деп жазады: 
«Суреттер жанында шаң сіңген фестон секілді қабырғаға жабысқан 
281


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет