Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет40/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 72-б.
276
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 1948. 72-б.


140
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Шыншыл əдебиеттің əсерлі, жігерлі келіп, өмірді ба-
тыл сынағандығын көреміз. Бұл тектес əдебиет тозығы жеткен 
формацияның, ескірген əлеуметтік қарым-қатынастардың тамы-
рын солдырып, құнын келтіруге жұмсалды. Үстемдікке екпіндеген 
шыншылдық көзқарастың өркендеуіне бөгет болатын, жағдайсыз өмір 
əсерінен құтылу реалистік түсінікке берілген ақын -жазушылардың 
барлығына тəн десек, олар шынды айтып, тұрмыстың кемшілігін 
əшкерелеу арқылы пікір таратты. Өмірге бөгет жасайтын надандықтан, 
алға бастырмайтын əлеуметтік шырмаудан құтылуды ойламайтын 
керексіз ұғымды, салтты қостаушыларды ескерген Абай:
Жігермен, сілкін,
Қайраттан, беркін,
Деп насихат бергенде –
Ұятсыз, арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан
277
, –
дейді. Дұрыс насихатқа түсінбеушілік, ескіліктің керексіз ісіне 
əуесқойлық өмір шындығын түсінбеу – мəні кеткен ұғым түсініктің 
салдары сақталуынан деп түсінеді. Абай өз заманының іріткісі болған, 
алауыздық, берекесіздік, жағымсыз тұрмыстан шыққан адамдар ісін 
ескереді:
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой
278
.
Абай əлеуметшілік ой білдіріп, шынды айтып, неден қашып, неге 
ұмтылу жөніндегі пікіріне жұрт назарын аудармақ. Əдетке айналған 
өтірік шағымға үйірлікті, босқа таласушылықты, жау жоқ жерден жау 
іздеп, аңдысып жүрушілікті əшкерелеп енді қор болудан бас тарта-
тын уақыт жеткен жоқ па деп қынжылады.
Шындықты айтуды арман еткен Абай ақындық дəуір өткізген, 
бір кездегі қазақ халқы өмірі, тұрмысы, халқы жайында ойларын 
айтқан, қазақ ақындарының шыншылдық, реалистік түсініктен 
ауытқып, əділ ой айтуды ескермей, орынсыз мақтау, не даттау ісіне 
салынғандығына наразылық білдіреді. Əркімге арнап «мақтау өлең» 
айтқан, «мал үшін тілін безеп, жанын жалдап» жүргендерді, шынды 
277
 Құнанбаев Абай (Ибраһім). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 1948. 89-б.
278
Сонда, 72-б.


141
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
айтып үйренбей, ақындығын əлеуметтік мəселелерге, халық игілігіне 
арнамай, сөз құнын кетіріп жүрген «қайда бай, мақтаншаққа» ар-
нап өлең айтқандарды қатты сынайды. Олар туралы: «Кетірген 
сөз қадірін жұртты шарлап», – дейді. Ода, диферамба секілді 
өлең айтуға тақыстанғандықтан, мақтамақ болғанын жұлдызға ма, 
күнге ме, неге теңерін білмей сасқан ақынға Абай еш ұқсамайды. 
Абай жалпақтап мақтау ісіне салынуды өзінің қабілетті бойына 
лайық көрмеген. Көрген шындығын айтпай бой тасаламаған ақын. 
Сондықтан да оның жазғандарынан зор шындық, жігерлілік, əділдік 
сезіліп тұрады, ақын өмір ісіне көзді жұма қарамай, ойын, түсінігін 
ашық айтады. Абай мақтау ісіне рабайсыз салынғандық – ақынның 
кешпес зор кемшілігі, ондайлар өмірдің шындығын айтпай, тек елес 
қуғандар, өз қадірін түсіріп жүргендер, атақ іздегендер, ел қамын 
ойлағандар емес деп түсінеді. Абай реализмінің бір өзгешелігі, осы 
əлеуметшілік, жігерлілік, шыншылдыққа, сыншылдыққа байланыс-
ты келген.
Абай ел ішіндегі əкімсымақ, болыссымақ, əлдеқандай ресми 
күшке айналған, халыққа зəбірін тигізген пысықтардың кім екенін 
бұқараға түсіндіреді. Заманына сай талай, талай құнды, əсерлі 
жігерлі ойлар айтады, шындыққа толы шығармалар жазады. Ол сол 
кездің кейбір ақындарынша утопияға берілмейді, өмірдің шындығын 
көлеңкелемей ойын батыл айтуды өзінің зор міндеті санады, шын-
ды айтумен халықтың сана-сезімін оятам, өсірем деп білді. Көргенін 
көпшілікке түсіндірмек болды, өмір жөніндегі терең түсінігімен 
халықты прогреске үгіттеді. Сол кездегі қазақ өміріне байланысты, 
жағдайсыз сұр өмір туғызған адамдардың мінезін, ісін терең түсіне 
білді де, олардың өзгешеліктерін шыншылдыққа, сыншылдыққа са-
лып жасырмай айта білді. Сөйтіп ол өмірді реалистікпен көрсетуді 
өзіне міндет санады. Абай ақындық ісін саудалағандардан аулақ 
жүруді ескерткендей болып, шындықты айту оңай емес, ерлікті, 
қырағылықты керек ететінін ескерткендей. Ақын:
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға
Шиыршық атар толғанар.
Əділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін
279
, –
279


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет