168
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Шымырлап бойға жайылған.
Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған.
Толғауы
тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
б) Бойы былғаң,
Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан:
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өлеңдердегі айшық, бунақ, тармақ, буын, ұйқас, интонация,
қайым өлең, қара өлең, не жырлардың өлеңдік өзгешелігінен басқаша
келгендігін көресіз. Абайдың мұндай өлеңдер жазуы, оның зор талабы,
өлең жазудың ақындық тəсілін таба білгендігіне байланысты келген.
Абай шығармаларынан кездесетін
шумақтар ерекшеліктеріне ой
жіберіңіз.
1. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлының» шумағы 4 тармақты
шумақтың ұйқасы: аа ба үш бунақты, көп буынды.
2. «Қартайдық, қайғы ойладық ұлғайды арманның» шумағында 4
тармақ, басқы тармақтың буын саны 13, соңғы 3 тармақтар 11 буын-
нан келген. Шумақтың ұйқасы аа ба, əр тармақ үш бунақтан.
3. «Болыс болдым мінекидегі» шумақтың тармағы 4, бірінші,
үшінші тармақтар ұйқассыз, екінші, төртінші тармақтар ұйқасқан.
Үш тармақ 7 буыннан, соңғы тармақта 8 буын, екі бунақ бар.
4. Ет жүрегім өртенді,
От боп жанып,
Жалын шашып
Ішіме.
Иттей қормын,
Зармын,
Сен үздің ғой желкемді, –
деген шумақты алсаңыз, мұның ұйқасы: аббвгга.
Бірінші жолда екі
бунақ 7 буын, 2-ші, 3-ші жолдарда
бір бунақ, 4 буын, 4-ші жол бір
бунақ, 3 буын, 5-ші жол бір бунақ, 4 буын, 6-шы жол бір бунақ, 2
буын, 7-ші жол екі бунақ, 7 буын.
5. «Желсіз түнде жарық айдың» тармағы төртеу. Шумақтың
ұйқасы: абаб. Бірінші тармақта 7 буын (буынды
дауысты дыбысқа
169
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
қарай бөлгенде), 2-ші тармақта 8 буын, 3-ші, 4-ші тармақтар 7 буын-
нан. Əр тармақтардың бунағы екіден.
6. «Бай секілдіде» 6 тармақ бар, ұйқасы аабееб. 1-ші, 2-ші
тармақтар бір бунақты 4 буынды, 3-ші тармақ екі бунақты, 7 буынды,
4-ші тармақ бір бунақты, 5 буынды, 5-ші тармақ бір бунақты, 4 буын-
ды, 6-шы тармақ екі бунақты, 7 буынды.
7. «Ата-анаға көз қуаныштың»
тармағы жетеу, ұйқасы: абабсес.
Бірінші тармақ екі бунақты 9 буынды, екінші тармақ екі бунақты,
8 буынды, 3-ші тармақ екі бунақты 9 буынды, төртінші тармақ екі
бунақты 7 буынды, 5-ші тармақ бір бунақты, бес буынды, 6-шы
тармақтар бір бунақты, 3 буынды.
8. «Тайға міндіктің» шумағында 9 тармақ бар (Абай жазғандарының
ішіндегі ең көп тармақтысы). Шумақтың ұйқасы: забсебггг. 1-ші, 2-ші
тармақтар бір бунақ, 4 буыннан, 3-ші тармақта екі бунақ, 7 буын, 4-ші,
5-ші тармақтарда бір бунақ, 7 буын, 6-шы тармақта екі бунақ, 7 буын,
7-ші тармақта бір бунақ, 5 буын, 8-ші, 9-шы тармақтарда бір бунақ, 3
буын. Бұл мысалдарға қарағанда жазғандарының шумақ, тармақ, бунақ,
ұйқастарының неше түрлі болып келгенін көреміз.
Абай шығармаларын
тексерсек, оның өлеңдерінен 5 буынды, 4 буынды, 8 буынды кейде екі
буынды (арбап, зармын) бунақтар да кездеседі. Шығармаларының
шумағы 4, 6, 7, 8, 9 тармақты болып келген. 13, 11, 7, 4, 3, 2 буын-
ды тармақтарды да табамыз. Дана ақын Абай өлең жазудың жолын
жеңілдетіп, сөйлер үйлесімін тауып, неше алуан, айшық, тармақ, бунақ
ұйқас түрлерін жасайды.
Ақындық туралы терең ойын ескерткен Абай:
Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып көзін ашпақ.
Үлгі алсын
деймін ойлы жас жігіттер
Думан-сауық ойда жоқ əуел баста-ақ
320
, – дейді.
Терең ой, сезім айтуға икемді ұстарған тіл жасау мəселесіне ақын
көп көңіл аударды. Сөзінің, ойдың тек қызғылықты болып келуін
ғана қанағат көрмей, думан-сауық секілді нəрселерге арнап өлең
жазуды бойына лайық санамайды, терең ой керекті сезім туғызған
шығармалар
жазуды талап етеді, əуен қуып, жеңіл атақ іздеп өлең жа-
зудан сақтанады. Абайдың сөздерге көркемдік, мəнділік беріп, бұл
жөнде көп жаңалықтар табуы ақынның ойды кенейтін тіл ұстарту
ісімен ұштас жатады, ол ақындық тəсілдер табуды құнттайды. Тіл
320
Достарыңызбен бөлісу: