Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет45/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 17-б.
290
Сонда, 55-б.


152
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Қазақ арасында əлдеқандай əлеуметтік орын алып, өздерінше 
елге билік жүргізгендерге Абай айрықша көз салады, оларды 
«пысық» деп атайды. Сол кездегі жағдайды еске алсақ, пысықтар, 
əрине, қазақ өмірінен недəуір орын алған-тын. Патша тарапынан, 
ұлықтардан, болыстардан көрген жəбірліктері аз болмай жүрген 
бұқараға пысықтар азапты аз тартқызбаған-тын. Пысықтар – не 
ақыл иесі, не шаруаның кəсіптің адамдары емес, олар – дау-шар, 
қулық-сұмдық, жалақорлықпен күн көріп, біреуді алдап, біреуді 
қорқытып, біреуді егестіріп, біреуге жалпақтап жағып, бедел алып, 
амалын асыруға машықтанған бір топ жандар болып көрсетілген. Ел 
бүлдірген пысықтар өзара бір-бірінен қалыспауды да ойлайды. Олар 
– «қу» деген ат алуға құмарлар. Олар «құржаңдаған» Абыралы, не 
өсегін айта алмай шатысып жүрген Жамантайдың Көжегі де емес, 
олар – заманына, ортасына қарай сасық қулыққа жүйрік, айласы бар 
азғындар, өздерінше ептілік білдіріп, сұмдығын асырып, сөздерін 
өткізе білгендер еді. Қулар, пысықтар туралы Абай мынадай бір 
мағлұмат береді:
Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады...
Өтірік, өсек мақтанға
Ағып тұрса, бейне су.
Ат шапаннан кем көрмес
Біреу атын қойса «қу»
291
.
Пысықтар ауыл арасы билікті уысынан шығармай, сөйтіп барып 
өзінен жоғары ұлықтармен жарасып, жұмыс бітірген кісімсіп, кəсіпсіз 
еңбексіз өмірін амалмен, арамдықпен ақтап жүргендер еді, елді ығыр 
ету, дау-шарды көбейту ісіне шеберленгендер еді. Абай пысықтардың 
неше түрлі мінездерін көрсетеді, олардың «сабырсыз, арсыз, еріншек, 
көрсе қызар жалмауыз, егессе ауыл шабам» деп өрекпитінін айтады. 
Жаман ісін жасырып, «жоқ нəрсені» айтып, тампыстықпен мекерлігін 
арттырып, нəуетекситін жандар екенін халыққа түсіндіреді.
Абай көрсеткен пысықтардың алуан-алуан істері бар, ел 
тиыштығы бар жерде олардың оты өшіп, күлі сөнеді, жолдары бол-
май, желігі азаяды. Ал партияшылдық көбейіп, дау-шар үдесе, күні 
туып дəуірлей бастайды, ақын ондайлардың халық тынышын алған 
арамтамақтар екенін айтады:
291
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 58-59-бб.


153
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Ел тыныш болса азады,
Ерігіп өле жаздады
292
, –
деген сөздер де соларға арналады.
Абай шығармаларында шындықтың бетін ашып, заманы туғызған 
адамдардың өздеріне лайықты істерін, əрекетін, психологиялық 
өзгешеліктерін бұзбай айтып береді. Ақын өрескелдіктерді 
əшкерелейді, бірақ сөздерін құр кекесінге айналдырып, өмірге жат ой 
білдіріп, шындықты бұзып жібермейді, бос тенденцияға салынбайды, 
көп көкейіне қонарлық, халық құлағына сіңісті боларлық керекті ақыл 
айтады. Халыққа зиянын тигізген пысықсымақ, əкімсымақтардың 
жайын жақсы түсінген Абай:
Харекеті – əрекет,
Өзі оңбаған ант ұрған,
Кімге ойласын берекет?
293

деп өктемдік жүргізгендердің кесірін тигізгеннен басқаға жарамай 
жүргендігі айтылады:
Мал мен бақтың дұшпаны,
Кеселді пысық көбейді
294
, –
деп қынжылады. Күн көріс, мəдениеті, келешегі əлсіреген халықты 
іштей жеген пысықтар мен қулардың қараңғылыққа бастап, ел аяғына 
тұсау салып келгендігі ескеріледі. Жалғанға, мақтанға, өшпенділікке 
салынып, шынның бетін бояғандар, даурыққа беріліп далақтағандар, 
қай жерде жем бар деп жан-жағына алақтағандар, көппен есептеспей 
əкімсігендер, арам ойлы, тар пиғылды, халық мүддесіне жат жан-
дар айыбын ашады Абай. «Болыс болғандар өзі қулық арамдықпен 
болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам 
қуларды қадірлейді»
295
, – дейді.
Абай ауызға алған: пысық, қу, болыс, шабармандар, тағы-
тағылар заманының адамдары екенін əрбіреуінің өздері білдіріп 
тұрады, олардың түрлі ерекшеліктері көз алдымыздан өтіп жата-
ды. Абай оларды көрсетсе, сонымен бірге өмірді көрсетеді, өмірді 
көрсетсе, сонымен қатар адамдарды көрсетеді.
Абайдың болыстарға арналған көлемді шығармаларының бірі – 
«Болыс болдым мінеки». Ақын бұл шығармасында ащы сөзін өресіне 
292


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет