Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет46/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 59-б.
293
Сонда, 60-б.
294
Сонда, 59-б.
295
 Сонда, 320-б.


154
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
жеткізе сөйлейді. Ресми күштің бірі – болыс, Абайдың қатал сынына 
ілігеді. Əлсіздің сөзін салғыртсып тыңдамайтын, өзінен жоғарының 
алдында құрдай жорғалайтын, сайлау келді, ояз келді дегенде 
құты қалмай үрейленетін, малын шашып жалпақтап жүріп болған 
болыстығынан айырылып қалам ба деп қалтырап, əбігерленген бо-
лысты көресіз. Абай шығармасынан өз елін күйзелтуге бапандай, 
халыққа жақсылық істеу қолынан келмейтін, сыртқы айдын жоқ, 
үрку, үркітуден аса алмаған адамды көреміз. Өзіне өзі назаланған 
болыстың ояз бардағыдай елді қысып, үркітіп ұстай алмаймын, 
көпшілікті еркіндетіп тізгінді босатып аламын деген ойы :
Сияздан соң елімді,
Қысып алып кетпеймін
296
, –
деген жолдар арқылы айтылады.
«Қаталдығым жетпейді, сондықтан айтқанымды орындатарлық 
əкім бола алмадым» деп те өкінеді. Өзінен үміт үзген ол:
Кəтелешке көбейді,
Сөгіс естіп, тозды жан,
Мынау елді ұстарлық
Кісі емеспін, кел құтқар
297
, –
деп өз сырын өзі ашады. Жоғары мəртебелі ұлықтар қаһарынан 
шошығандық оның халін əбден əлсіретеді. Кешегі арындаған 
əкім, енді болыстығынан қашып құтылуды ойлайды, «мынау елді 
ұстарлық» шамам жоқ деген қорытынды жасайды. Мұндай болыстың 
заман көтеріп, өзіне өзгелерді бағындырып жүргені болмаса, шы-
нында, халық игілігіне жарамайтын күйкі, күлкі жан екені көрінеді. 
Мұндайлардың бірі шен-шекпені, бірі пысық деген аты, бірі тағы 
бір керексіз қасиеттермен өмірден орын алғаны айтылады, заман 
туғызған бұзарларды көресіз.
Абай шығармаларында жайы баяндалған жағымсыз адамдар, 
шетінен өмірдің сыртқы, ресми жағына берілген, халыққа пайдасын 
тигізбей жүріп, мəртебе алғандар болып келді. Олардың үстіндегі 
жалтырауығын, шен-шекпенін, дандайсыту үшін берген атағынан 
айырсаң, ар жағында ештеңе қалмайтын, алтын жүгінен айрылған 
есек құсап қадірсіз болып қалатын жандар екені дəлелденеді. 
Мұндайлардың есек басымен «Жаббарқұл мырза» атануға құмар 
баянсыз іске жармасқан, ерлігі, əділдігі, адамшылығы жоқ, бер-
296
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 81-б.
297
 Сонда, 82-б.


155
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
ген атаққа мəз болып, далақтап содырын тигізген жандар екені 
аңғарылады. Абай «ащы тіл, улы сиясын», əсіресе, осындай бір құны 
жоқ құныстарға арнайды.
Абай ащы сөздерін түрлі əуенге, əдістерге салып қолданған. 
Ақын жайын баяндамақ болған кей адамдарды əуелі бір көтеріп 
тастағандай, дандайсытқандай болады да, артынан құдіретсінгендерді 
күрт түсіріп, қауқиған сырттары болмаса, ішінде нəрі жоқ қуыс кеуде-
лер екенін түсіндіреді. «Өз үйінде өзендей күркіреп» мығымсығандар, 
күрделі іс келсе, шөмиіп қалатын, мақұл іс қолдарынан келмейтін, 
саналы ойдан аулақ адамдар болып шығады. Шен таққандар тек бер 
жағы жылтырап, халыққа пайда тигізуді ұмытқан, жəбірлігін өнерін 
көргендер екені түсіндіріледі.
Абай басня үлгісінде жазған бір шығармасында сауда-саттық 
жасап, бір жақтан келе жатқан қырық-елу қос керуендер жайын сөз 
қылады. Үстіне артқан алтынына бола, керуендер есектің үстіне шаң 
жуытпай артық жем беріп, жүнін сипап, шетінен бəйек болып, оның 
алдында шөптей жапырылып, атты теуіп, адамды тістесе де, қарсы 
келмейді, керек десе, кейбіреулері есектің салпиған құлағынан да 
сүйеді. Тамам қостың байлары есектің қасынан шықпай үйіріліп-
шүйіріліп жүргені. Осындай сый құрметтің салдарынан есек əбден 
дандайсып кетеді. Керуендер оның өрескелдіктеріне де көнеді:
Ол жай жүрсе жұртта жай,
Ол желсе, жұрт желеді
298
.
«Жаббарқұл мырза» атанған бұл есек алтыны үстінде жүргенде 
есе бермейтін, айбарлының бірі болып кетеді. Бір күні есектің үстінен 
алтын жүгі алынады. Алтын жүгінен айырылған, өз басының құны 
жоқ, қолынан іс келмейтін есек туралы мынаны оқимыз:
Алтынды бір күн бай алды,
Есектен жұрт та түңілді.
«Жаббарқұл» аты жоғалды,
Боқ тасуға жегілді
299
.
Сөйтіп кеше ғана талайлар алдында бас иген, жарамсақтанған 
есек енді атағынан айрылады. Оның қасында жалпақтағандардың 
бірі қалмайды. Есек қаз қалпына қайта барады, бірақ дəуірлеген 
кезінде, есек те өнер көрсеткен еді: атты теуіп, адамды тістеген-тін, 
«Жаббарқұл» атанған еді.
298


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет