Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет48/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 119-б.


159
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
шайқаймыз», – деп ондайда көлгірсімей, ұнатқан адамын қарсы алып, 
ақжарқындық білдіретін, махаббат ісінде бойын байсалдылыққа 
жеңдіру талабын жасамақ болған қызды көресіз. Бұл кейіпкерден 
«Қақтаған ақ күмістейдегі» əйелден басқа мінез көрсетіледі. Бұл 
сұлулығына пансынған əйелге ұқсамайды, көркім деп менменсімейді, 
сымбатыма сай мінезім, адамшылығым болса екенді ескертеді. 
Əйткенмен, мұның ғашықтық сезімінде əлдеқандай бір ерекше 
өзгешелік те бар, оның «шал сипаған етімді құрт жесін» деп ашынып 
барып əрекет жасаған қызға ұқсамайтын жақтары аз емес. Қыз: «Біз 
де əркімді байқаймыз» деп, оңай махаббат табуды ар көретіндігін, 
адамшылық бар жерде ғана табысатындығын аңғартады. Жауған 
қардай таза пиғылын, өте бір нəзік сезімге бояй келіп сырын айтады. 
Сөйте тұра, сұлудың:
Сіз – бір сұңқар шаһбаз,
Жер жүзінен алған баж
Біздей ғарып есепсіз
Есігінде жүр мұқтаж
303
, –
деп жігітті рабайсыз көтермелеп, өзін есікте жүрген адам ретінде 
бағалап, ресми атаққа, буға жығылып, «жер жүзінен алған баж» 
шаһбаздан аяры болмай, өз аясын тарылта:
Сенсіз маған жат төсек
Болар бейне көрмен тең
304
, –
деуі, шаһбаздардың əкімін екі ету еркінен келмей «біздей ғарып 
есепсіз, есігінде жүр мұқтаж» деуіне қарап, өз басы еркіндігі, теңдігін 
жете сезбеген, болмаса өз теңін тауып, ғашығымен бірдей дəрежеде 
болуына көз салмаған ба дейсің.
Хан қолында харап болған əр қыздың кейбір артықша мінездерін 
бұл қыздан да көру қиын. Бір қыз: шаһбаздар мен ханның буына 
жығылмай, ерлік пен шын теңдік, еркіндік іздесе, екінші қыздан дəл 
сондай мінез көру қиын.
Абай шығармасынан талай-талай адамдарды көреміз: сабыр-
сыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, еңбексіз еркінсіген «бір шолақ пен 
серкесіп» жүргендер, терін сатпай телміріп көзін сатқандар, қырқын 
мінсе қыры артылмайтын жұпыны жандарды көресіз. Елге, ұлыққа 
бірдей жағып, есебімді тапсам дейтін ел бүлдірген екіжүзді əкімдерді, 
оның атқа жеңіл телпекбайы старшын, шабармандарды, олардың 
тұрпайы мінездерін көресіз.
303
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 106-б.
304
 Сонда, 105-б.


160
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Айттым сəлем қаламқастан» күйрек жанды, өмірге деген түсінігі 
көтеріңкілеу жігіттің ой, сезім, махаббаттық арманы, оның өзінше 
адамшылыққа ұмтылған адал ниеті аңғарылады. Ол ғашығына:
Сенен артық жан тумас,
Туса туар – артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас
305
, –
дейді. Ғашықтығы жөпшеңгі адамға ұқсамай, жарын ерекше сезіммен 
қарсы алғысы келеді. Таңдап алғаны дүниеде теңі жоқ жан. Ойын 
өрістете келіп:
Қылығында жоқ оғат,
Қарап тойман жүз қабат.
Ыстық тартып барасың,
Бір сағаттан бір сағат
306
, –
деп тағатын тауыса сөйлейді. Осынау бір ғашықтық – дүние 
рахатының сарқылмас таза көзі, мəңгі саясы сияқты, барлық қасиет 
бір қыздың басынан табылып, енді ондай жан еш жерде жоқ. Өмірде 
бір-ақ рет ғашық болуға жаралған жанға ұқсап, енді мұндай сезім 
қайта келмейтіндігін баяндаған жігіт:
Бір өзіңнен басқаға
Ынтызарым айтылмас, –
деп тұжырады.
«Жарқ етпес қара көңілім» мен «Айттым сəлем қаламқастың» 
шумақтарын салыстырсаңыз, аңғартылған ой мен сезім бір-
бірінен айнымайды. Бірыңғай сөзбен айтылған ғашықтық сезім. 
Шығармалардың бірінде:
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірə сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да
307
, –
десе, екіншісінде ғашықтығын білдірген жігіт: дүниеде сенен артық 
жан тумайды, туса да өзіңнен артылмайды, басқа жанға «ынтықтығым 
айтылмас» дейді. Екеуі де ғашықтық жайында ойымызды осындай 
бір мəнде айтайық деп келісіп қойған секілді.
305


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет