173
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Мысалдарға қарағанда: қара өлең, мақал, жұмбақ, жырларда
сезілген ырғақ, шумақ, бунақ, буын, ұйқас интонация түрлері Абай
шығармаларынан өздеріне лайықты орын тапқандығы байқалады.
Абай қазақ поэзиясынан керектігін ала біліп, тəртіпке келтірілген
өлеңдер шумағын, ырғағын жасайды. Бұрын бар ырғақтар Абай
шығармасынан орын алып, түрленіп ақындық зор мəн алып, толық
түрге келіп, көзге айқынырақ түсетін болады. Абай бар элементтерді
дұрыс пайдаланып ақындық білдіруге қолайлы, ой айтуға керекті
неше алуан шумақтар жасайды, алуан ырғақты өлеңдер жазады.
Халық поэзиясының керекті дəнін алып, өз поэзиясына қосады,
өлеңдердің жаңа түрлерін береді.
Абай, əрине, өзінен бұрынғы ақындардың өлең жазу тəсілін
жақсы білді. Өз басы өлең жазудың түрлі тəртібін жасады.
Өлең деген – əр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, қолайлы жарасымы.
Сөзі тəтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
325
–
деді.
Өлеңді ескіше жазудың жолынан еш аумай отыруды Абай
ақындығы қаламады. Сондықтан көзқарасы, сезімі өзгеріп, кемелден-
ген Абай күрделі ой, терең сезімін білдіруге керекті өлеңдер түрін
іздеді жəне ол түрді таба білді. Абай шумақ, тармақ, ұйқас түрлерін
көбейтіп, түрге түр қосып, қазақ тілінде өлең жазудың жолдарын
көрсетті, ақынға түр табудан гөрі ой табудың қиын екенін ескертті,
ой, сезім, əн жаңалығы бар жерде түр табудың қолдан келмейтін қиын
мəселе емес екендігін өз ақындығымен дəлелдегендей өнер көрсетті.
Қазақ тілінің ырғақтық, интонациялық қасиетін көрсетерліктей тама-
ша шығармалар жазып, ақындығы бар адамға, қазақ тілінде шумақтың
сансыз түрін жасауға болатындықты өз ақындығымен көрсете білді,
өлең жазудың даңғыл жолын салды.
Жақсы ой, терең сезім түрлерін қара өлең, жыр шумақтарын,
ырғақтарын пайдаланып та жазуға болатындыққа таласудың қажеті
шамалы, бірақ бұдан барып ойына сай өлең шумақтарын, ырғақтарын
іздеме, ескі тəртіптен шықпа деген ой тумауы керек. Ескі үлгіні пайда-
ланып та, жаңадан өлең түрлерін жасап та, жақсы шығармалар жазуға
болатындықты аңғарған жөн. Бұл жөнде Абай дұрыс жол көрсетті,
керекті ақындық тəсілдер жасады. Ақын көп шығармаларын өзінен
325
Достарыңызбен бөлісу: