Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет50/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   107
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 135-б.
311
Сонда, 137-б.


163
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба,
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма
312
, –
деп тұжырады.
Абай ойын келелі сөзбен айтуды құнттайды, көп сөзділіктен 
қашып «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» беруді көбірек 
ескереді – бұл оның айрықша бір ақындық өзгешелігі. Өлеңдерінде, 
прозаларында қағида, ереже, мақал, мəтел, афоризм ретінде 
айтылған жолдар жиі кездесіп отырады. Сөздерін мақалдап, 
мəтелдеп айтушылық ескі би, ақын-шешендердің ежелгі салты-
на айналып, олар халық даналығынан туған, мəтел, мақалдар мен 
пікірлерін дəлелдейтін, өздері тарапынан да ережелі сөздер үлгісін 
берген. Атақты жырау Бұқар да ойларын, келелі сөз мақал, өсиет 
түрінде айтқан. Бұқардың:
1. Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар,
Қара көзден нұр тайса,
Бір көруге зар болар.
2. Қатын алма төреден,
Қатын алсаң төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы болар ер жанды.
3. Сыйламаған күң қылар
Өзін тапқан ананы.
4. Өтірікті шын қылған,
Ол алланың қызыл көзді пəлесі.
5. Сыпайы сыр білдірмес
Ақырын ғана бүлк етер, –
деген сөздері, өсиет, ережелі, келелі сөз ретінде айтылғаны, əрине, 
беп-белгілі.
Абай əріден келе жатқан, осындай бір ақындық тəсілді ескерусіз 
қалдырмаған көрінеді, өлеңдерінде, прозаларында мақал, мəтелдерді 
көп қолданумен қатар, ол өз тумысынан да талай тамаша ақындық 
формулалар жасайды:
1. Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
312
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 233-б.


164
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
2. Терін сатпай телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бəрін болды аларман.
3. Елдегі еркек,
Босқа 
селтек,
Қағып елін қармады.
4. Қу тілмен қулық сауған заңы құрысын!
5. Қай жеріңнен көңілге қуат қылдың,
Қырқы артылмас болған соң мінсе қырқың.
Ақынның стилі жөнінен келгенде, осындай сөздер Абайдың 
ақындық өзгешелігін аңғартумен бірге, оның жазғандарын жандан-
дырып, ойшыл, дана ақынның өзіне келісіп те тұрады. Жəне оның 
ақындық формула жасауға шебер екендігі аңғарылады.
Орыстың атақты жазушысы Грибоедов пен Абай арасында да 
ақындық тəсіл жөнінен ұқсастық сезіледі. Грибоедовтың «Ақыл аза-
бы» атты шығармасын алсаңыз – мақал, мəтел, ақылдық формула, 
афоризм сияқты болып келетін сөздер сол шығарманың өзгешелігін 
аңғартумен қатар Грибоедовтың «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай 
түйінін» айтуды ескертетіндігі байқалады:
1. Век нынешний, и век минувший:
Свежо предание, а верится с трудом.
2. Да мочи нет: мильон терзаний.
3. Повыкинь вздор из головы,
Где чудеса, там мало складу.
4. Служить бы рад, прислуживаться тошно.
5. Подумаешь как счастье своенравно.
6. Вот например, полковник Скалозуб:
И золотой мешок, и метит в генералы.
7. Прошедшего житья подлейшие черты
Да и кому в Москве не зажимали рты
313
.
Абай да, Грибоедов та ойды тиімді сөзбен сарқа айтады. Өмір 
құбылыстарын қорыта айтуға шебер. Абай афоризмдері жəне 
фəлсафалық ойларын білдірген тамаша сөздерінде де осындай бір 
өзгешелігін көрсетеді:
1. Əкенің баласы – адамның дұспаны,
Адамның баласы – бауырың.
2. Биік мансап – биік жартас, ерінбей
Еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп
Ұшып қыран да шығады.
313
 Грибоедов А.С. Горе от ума. 1956. 16, 17, 32, 35, 46, 95-бб.


165
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
3. Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел,
Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – 
Інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
Абай шығармаларын, қай жағынан алып тексерсек те, оның ел 
өмірін терең сезінген, ащысын да, тұщысын да татқан ақын екені 
көрінеді. Абай аудармаларында да, басқа ақын сарынына қарап жазған 
шығармаларында да халықтық қалпын жоймайды, өз өзгешелігін 
сақтап отырады. Ой, сезім ақындық əдісі, шеберлігі – барлығынан 
да өз сипатын бұзбайды. Ақынның шебер жазылған шығармалары 
халықтық ерекшеліктерін көрсетіп тұрады. Ондай шығармаларды 
тек қазақ арасында өсіп, сол өмірдің егжей-тегжейін білмеген ақын 
жаза алмас та... «Желсіз түнде жарық ай» – шап-шағын өлең. Ақын 
сахараның бір кездегі қалпын зор ақындықпен суреттейді. Заманы-
на лайық бір тамаша сурет көрінеді. Жарастықпен кездескен жастар, 
жарық ай, сыбырласқан жапырақтар, жаңғырығып үн қосқан тау – 
барлығы шағын өлеңге сыйып өте бір түрге келген.
Желсіз түнде жарық ай,
Сəулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
314
, –
деп ақын өмірді шағына, шартына келтіре тамашалай суреттейді. 
Осылай тау-тасты да поэзияға айналдыра, жандандыра сөйлейді.
Абай бай мен кедей, жаз, күз туралы не басқа шығармаларында 
да қазақ өмірінің айқын суреттерін береді. Оның əр өлеңінен ел 
өмірінің əрбір бейнесі, мезгілі көрініп тұрады. Дарындылықпен айта 
білген суреткер ақын екенін көресіз.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Тойғаны ма білмеймін, тоңғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашып, тай жарысқан...
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін
315
, –
деген ақын қазақ өмірінің бір кездегі өзгешелігін көрсетумен бірге 
сол өмірдің шебер суреткері екендігін білдіреді.
314


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет