Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет51/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 77-б.
315
Сонда, 71-б.


166
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Абай қазақ даласының өткен кездегі өзгешеліктерін айқын 
аңғартатын өлеңдер жазды. Күз, жаз кездеріне арналған тамаша пей-
заждар берумен бірге, өзінің шығармаларында адамдар сипатын жа-
сады, шынды айтып ақындық ойын, сезімін білдіру үшін неше алуан 
тəсілдер қолданады. Қазақ тілінде пікір айту, қазақ сөздерін қалай 
қолдану, өлеңнің түрлі айшықтарын, ырғақтарын табу, тіл ұстартып, 
ақындық өнер көрсету ісіне көп көңіл қойды. Өзінен бұрын болған 
ақындар шеберлігінен пайдалана білді, көркем сананың жетілуіне 
көмектесті. Абайдың бұл жөндегі еңбегі – қазақ халқының көркем 
əдебиеті үшін ұшан-теңіз зор еңбек, мағыналы еңбек. Абай: метафо-
ра, эпитет, аллитерация, ассонанс, теңеулердің неше алуан түрлерін 
жасады. Ойды, сезімді ақындықпен білдірудің тəсілдеріне үйретті. 
Тек сөзге сөзді ұйқастырғыштықты ақындық деп санамаған Абай:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жайлы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келер айналасы
316
, –
деді. 
Іші алтындай бағалы, сырты күмістей таза өлең жазуды талап 
етті. Өлеңнің мазмұнына сай түрі болсын, құр қызықтыруға арналған 
өлең жазбай, əділетті ой, терең сезімнен туған өлеңдер жазуды 
құнттайды.
Қазақ сөздеріне терең мағына жəне көркемдік бере біліп, ол 
сөздердің орнын, орайын тауып қолдану ісіне Абай көп көңіл бөлген. 
Абай шығармаларының қайсысы болсын – орнымен айтылған 
мағыналы көркем сөздерге толы. Абайдың сөздерге мəн бере 
жаңғырта айту жөніндегі шеберлігі, оның жаңа пікір, ұғым, сезім 
білдіру талабынан көрінеді. Абай ойын ақындықпен айтуды арман 
етеді, оқушының көкейіне қонарлық əсерлі сөз тауып, көр-жер, «жоқ-
барды» термей, үлгілі өлеңдер жазуды құнттайды:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін
317
.
Жарасымды, əсерлі, жігерлі сөздер тауып, солардың келісті бо-
лып көркем түрде құралуын ескереді. Кемеңгер ойдың, терең сезімнің 
иесі Абай, ойына лайық сөздерді қазақ тілінен таба білген. Халықтың 
ойымен, сезімімен есептесе отырып, өз ақындығын өсірді, бұқараға 
316
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 66-б.
317
Сонда, 96-б.


167
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
жат сезім, ұғымдардан өзін аулақ ұстады, халық тілінің қалпын, сы-
нын бұзбай ақындық өнер көрсетті, ұшқалақ ақындарша тіл бұзып, 
өрескелдік жасаған Абай жоқ. Абайдың анау жазғаны қазақ тілінің 
заңына қайшы келіп тұр дерлік дерек табу қиын. Абай бұқараға 
түсінікті, əсерлі тілмен жазуға шебер, сөз арасын «бөтен сөзбен» 
бұзудан бойын аулақ ұстады.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бишарасы...
Сөз айттым Əзірет Əлі, айдаһарсыз,
Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қаз
318
, –
деп жазған ақын: келісімсіз өрескел сөздер қолданудан сақтандым 
– кейбір ақындарша – «алтын иек сары ала қаз» деген сияқты дəйексіз 
сөздер айтып, асыра сілтеп ұрыншақтанбадым демек.
Абай халықтың ойын, сезімін өсіре, тереңдете айтады. Бар сөз, 
бар ұғымды өз шығармаларында қалай пайдаланудың тəсіліне жүйрік 
екенін білдіреді.
Алқыны күшті асаулар
Ноқтаға басы керілді
319
, –
деп жазған Абай, осындай өлеңдерінде ащы ойын білдіру үшін, 
көбінесе малға айтылатын «асаулар», «ноқтаға» деген сөздерді 
дұрыс пайдаланып, ол сөздерді менменсінгендерге арнайды. Асауды, 
ноқтаны күнде көріп жүрген мал өсірген қазақтарға Абай сөздерінің 
кімге арналып тұрғанын түсіну қиын емес. Абай сөздердің орайын 
тауып, орнымен қолдана білетін ақын екенін көрсетеді.
1. Ит көрген ешкі көзденіп
2. Өмір сəуле көрсетер, судай тұнық.
3. Оған ақыл арам без
4. Талаптың дəмін татуға, –
деген сияқты жолдар Абайдың сөз қолдану жөніндегі шеберлігінен 
туған. Терең ой сезім сөздер мағынасын өресіне жеткізе жаңаша 
қолдануды керек етеді. Сондықтан Абайдың сөздерді былай қолдануы 
оның заманындағы өзге ақындардан басқалығын, дарындылығын 
көрсетіп тұрады. Абай шығармаларынан мынау үзінділерді оқып 
көріңіз:
а) Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
318


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет