181
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Безумство храбрых – вот мудрость жизни! О смелый Сокол! В бою
с врагами истек ты кровью... Но будет время – и капли крови твоей
горячей, как искры, вспыхнут во мраке жизни и много смелых сер-
дец зажгут безумной жаждой свободы, света! Пускай ты умер!.. Но в
песне смелых и сильных духом всегда ты будешь живым примером,
призывом гордым к свободе, к свету! Безумству храбрых поем мы
песню»
335
, – дейді.
Абай халықтың жақсы тұрмысқа жетуін аңсады. Өмірдің
жағымсыз жақтарын аямай сынап, бұқараға ақыл айтып, дұрыс жол
сілтемек болды. Күйкі өмірдің күңгірт жағын көруге шебер қырағы
ақын өмір қиыншылығы басынан асып, кейде мұңайды да. Берекесіз
жағдайдың түпсіз тереңге айналып, ұшығына жеткізбей созылып бара
жатқаны ақынның ойына күдіктер туғызса да, Абай жарық күннің
келуін күтіп, ерліктен, келешектен зор үміт күтеді. Дүние өзгермек
деп түсінді, қиыншылықтан шошынып, жасып, күрестен ерліктен
бас тартуды шегіншектік, қайратсыздық деп түсінді. «Жамандықты
кім көрмейді. Үміт үзбек қайратсыздық, дүниеде еш нəрседе баян
жоқ екені рас: жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары
қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз
келмеуші ме еді»
336
. Ауыр күндер үнемі созыла бермес «үміт үзбек»
қайратсыздық деп білді. Ерлікке, оптимистикке шақырды, ауыр
өмірдің, жамандықтың баяндап қалмайтынын ескертеді. Ақын догма-
тизмге, фанатизмге қарсы келіп, өмірдің өзгеретіндігіне сеніп, дүние
құбылыстарына тарихи көзқараспен келе білгендігін аңғартады,
ғибратты терең пікірлер айтты.
Абай оқыса, білсе, үйренсе, сауатын ашса, тек соның өзімен
ғана халықтың қолын есеге жеткізуге болады, жарық дүние
көреміз деп, басқа тілек қоймаған ақынға ұқсамайды. Зорлық жа-
сап отырғандардан құтылмай, ұлы қайрат көрсетіп қарсыласпай,
тек ағартушылық жұмысы арқылы теңдікке, бостандыққа жетіп, ер
еркіндейді деп отырған Абайды көру қиын. Ұятың мен арың оянсын,
ерлігің, намысың күшейсін, халықтың қамы үшін, ерлікті, елдікті
алып, күйзелтіп отырғандармен, аямаған үкіметпен күресе біл демек.
Өмір өзгерісін тек хат-қара танушылық жұмысымен болудан ғана
күтпей, əлеуметтік системаның тікелей өзгеруінен де күтті. Өзгеріске
ерлік арқылы, халық тəуелділігін жойып отырғандарды аластату
арқылы жетесің деп түсінгендікті көресіз.
335
Достарыңызбен бөлісу: