186
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
қажығандығын,
уайымын мұңын айтса, ол айтқандары тек ақынның өз
мұңы, уайымы емес еді. Ақын елмен бірге мұңайды, қауіптенді. Абайдың
күдіктері мен мұңы: бұқараның олай бір қарап, былай бір қарап, қараңғы
түнде қалай беттеуіне қанығы түсінбей жарық сəуле көруді тілеген,
даңғыл жол таба алмай жүрген, мұңға, қауіпке, дағдарысқа ұшыраған
көпшілік мұңы сезіміне байланысты келгені байқалады.
Абайдың мұңы
мен үні халықтың мұңы, үнімен ұштас жатады.
Тірегіміз, сүйенішіміз, келешегіміз қайда? Күніміз не болмақ?
– деп аңсау ел мұңымен қабысып жатпай ма? Сондықтан ақынның
бұл тектес айтқан ойлары, оның тек қара басына ғана арналған еді
деп кесіп айту да қиын. Бұл секілді сезім түрлері сол кездегі халық
ауыртпалығынан шыққан. Ондайлар: заман уайымы, мұңы, зары,
күдігі – бұл күдік сол кездегі қазақ халқының дағдарысы өмірімен
байланысты келген.
Абай іздену жолында қиыншылықтарға ұшырады,
қайраттылық,
қажырлылық, əділдік, адамшылық көрсетті. Көпке игілік тіледі. Ал-
уан-алуан терең мағыналы қорытындылар жасады. Халық жағдайы, са-
насы, өресі, шамасымен есептесіп іс істеуді құнттады. Даурыққа салы-
нып, далақтап, халықты күйзелтіп, берекесін алып, оны борбайсозды
етуден сақтанды. Көптің ойын, тілегін, үйренген өмірін шорт кеспей,
оның жақсы-жаман түсініктерін еске ала отырып,
дұрыс жолға сабыр-
мен бастауды жөн көрді. Тіпті түсінбей бара жатқандарға арнап:
Қайран сөзім қор болды...
Самородный сары алтын
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне
345
, –
десе де, «сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты» деп күйінсе де,
өмірден торығушылықтан, бос қынжылудан пайда жоқ екеніне көзі
жетіп, мəселеге терең түсінген Абай: Қайрат қыл, намыс пен арды
ұмытпа. Келешектің
жадыраған жазына жетуге ұмтыл, білмегеніңді
біл, дүниенің сырын ашу талабын жаса, қиыншылықтан қорқып, «үміт
үзбек, қайратсыздық» деп өрлендірді. Ерлікті, бірлікті əлсіретпей,
жұртты ғылым-білімге шақыру, жарқын болашаққа сену шарт деп,
халықтың бостандыққа жетуін арман етеді.
* * *
Абай қазақ халқының рухани қысымға ұшырап, патшалық тəртіп
жұрттың діңкесіне тиіп, қалың бұқара қамығып,
бостандықты аңсаумен
345
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы, 1957. І т. 42-б.
187
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
болған кезде ақындық дəуір өткізді. Үкіметке жағынып, шен-шекпен
алғандар, ел ішінен шыққан жуандар, пысықтар тобы – тұрмыстың ауыр
салмағын шаруаларға артқан. Өздері əкімдік, байлық, атаққа ие болып,
өмірдің қызығын көрушілер еді. Олар көптің көңілін, көзін алдап та,
зорлық-зомбылық жасап та алуан істер жүргізетін.
Осы күнде осы елде дəнеме жоқ,
Мейір қанып, мəз болып қуанарлық, –
деп жазды Абай. Жақсы-жаман
істерін жұртқа мақұлдатып, қарсы
келгендерді айламен де, күшпен де көндірудің тəсілін қолдана білген,
сөйтіп бой бермей кеткендер болған.
Абайдың ақындық ой сезімі ерте оянады. Медреседе шəкірт бо-
лып жүрген кездерінің өзінде өлеңдер шығарады, Фирдоуси, Фзули,
Науаи сияқты атақты ақындардың шығармаларынан алған əсері бо-
йынша « Иузің – рəушан, көзің –гəуһар», «Əлиф дек ай иузіңе ғибрат
еттім» деп басталатын өлеңдер жазды.
Фзули, Шəмси, Сəйхали,
Науаи, Сағди, Фирдоуси,
Хожа Хафиз – бу һəммəси
Мəдəт бер я шағири фəрияд
346
, –
деп Абайдың ол ақындардан мəдет күткен кездері болды. Абай бұл
шығармаларында
араб сөздерін көп қолданады, тілін шұбарлап
бəйітсымақтау өлең жазғандық білдіреді. Кейін ақындық өресін
аңғарған Абай Шығыс ақындарына тек сырттай еліктеп, мұндай
шығармалар жазудан бас тартады, қазақ ұғымына, тіліне, өміріне,
поэзиясына жат келеді-ау деген сөздерден сақтанады.
Əуелі аят, хадис, сөздің басы,
Қосарлы бəйітсымақ келді арасы
347
, –
деп
орынсыз сөздермен, тіл шұбарлап, бəйтсымақ өлең жазуға
мақтанып жүрген ақындарды сынады.
Құнанбай Абайды медреседен ерте шығарып алады. Оның
балалық шағынан байқалған сөз тапқыштығы, тұрақтылығын көріп,
түрлі істерге араластырады, ер жетіп үлгермеген Абайға ауыр жүк ар-
тады, сенімді көмекші болатын, орнымды басып, əмір жүргізетін осы
балам болады деп, үміттенеді. Сонымен Абай 13
жасынан бастап-ақ
ауыл арасы, ел арасы даулы істерге қатыса бастайды. Əкесінің ондай-
мұндай тапсырмаларын орындап үйренеді, жол-жора айтып, билер-
346
Достарыңызбен бөлісу: