197
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
на да ұқсамайды. Айтысқа Абайды сөзге қосып отырған Сара емес,
Əріп ақын. Əріп Нұрғаным мен Базаралы арасында болған жайды
да сөз етіп, өлең шығарған. Құнанбайды, Абай жағындағыларды
мысқылдаған болатын.
Əріп болсын, басқа болсын, дөрекілеу сөз айтып, іліп, жұлып
өлең шығаратындарды, «сенімі жоқ серменделерді»
замандастары
ішінен Абай аз кездестірмегендігін айтады. Олар ибасыз сөздермен
ақынды қапа еткен сияқты. Сондықтан Абай:
Жас өспірім замандас қапа қылды,
Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды.
Тұрлау қылып еш нəрсе басқара алмай,
Сенімі жоқ серменде өңкей жынды
368
, –
деп əдейі айтқан ба дейсіз.
Абай өзара татулықты жоғары санап, аяқтан алыспай, жала жа-
уып күндеспей жүрген замандастарды көргісі келді:
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,
Тілеуі, татулығы бəрі – сату.
Көкірегінде қаяу жоқ,
қиянат жоқ,
Қажымас, қайта айнымас, қайран тату
369
.
Абай ақылға көнбейтіндердің лаңы тарап, өзінің олардан безер
болғанын да айтады, мұңайғандық та білдіреді.
Өлген молда, туған жер жібермейді,
Əйтпесе, тұрмас едім осы маңда, –
деп те қынжылады. Ақын мұңайсын, қынжылсын бірақ баянсыз
уайымға
беріліп кетпеген, ел түзетпек ісін ұмытпаған.
Жұртым-ай, шалықтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып сөздің ішін, –
деп айтқан ақылға құлақ салып, дұрыс жолға түсіп, өркендеуді тіледі.
Ұлы ақынды ол кезде бағалай білмегендер, оған кесе-көлденең
болғандар оның адал жүрегін жаралаған:
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда.
Əсіресе, патшаға жағынғандар, арызқор пысықтар, шен-
шекпеншіл мансапқорлар, ескішілдік, діншілдік көксегендер,
халық қамын ойламайтындар Абайға өш болады.
Ақынның сөзін
тыңдамаушылар да алдымен солар болды, олар Абайды талай өкінішті
іске ұшыратты. Абай:
368
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы, 1957. І т. 161-б.
369
Сонда, 197-б.
198
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Осы жасқа келгенше,
Өршеленіп өлгенше.
Таба алмадым еш адам
Біздің сөзге ергенді, –
десе де ақынның сөзін тыңдаушылар, сонау кездің өзінде аз болмаған,
оның терең сөзіне түсіне бастағандар заман озған сайын халық
ішінен көбейе түседі. Абайдың 1909
жылы шыққан шығармалары
ел ісіне назар аударғандардың, ақындық іздегендердің ойын оятып,
көкейіне қона бастайды. Абайдың халық қамқоры екенін көріп,
оны ардақтайтындардың бірі есебінде ойын айтқан Айдақожаұлы
Баймағамбет былай жазады:
Кешегі айтылғалы Абай сөзі,
Əркімнің мəлім болды сыр-мінезі.
Білмегенге қараңғы қайда жүрсе,
Білгендер əдетінен болды
Енді ойласақ мақсұты елдің қамы
«Қара қазан сар бала» таңдағаны
370
.
Абай ұлықтар, болыстар, патшаның
оң көзі жандаралға өзінің
ел қамқоры адал адам екендігімен жақпады. Сол кездің содыр-
лы оязы, жазықсыз Абайды католошкеге де тапсырған. 1903 жылы
жандаралдың əмірі бойынша Семейдің жасырын іс жүргізетін, пəле
іздеп тіміскілейтіндер, полиция адамдары Абайдың үйін астаң-
кестең етіп тінтеді. Ойлаған материалдарын таба алмай, дымы құрып,
Абайдың жұрт қадірлеген адам екендігінен айбынып, жазаға кіріптар
етуге батылдары бармайды.
Өтірік, ұрлық,
Құрысын, көзің ашылсын, –
деген Абай сөздері үкімет адамдары құлағына анық шалынбаса да,
бірақ олар Абайдың үкіметке жат адам екенін сезген сияқты.
Талай
ауыр тауқымет көтерген, қиянатты істер мен өкініштерді
басынан асып жабыққан, жасы ұлғайған Абайдың кеселдерге төтеп
беруі де қиын болып, ажары қайтып көңілі түсе бастайды.
Сұм дүние тонап жатыр ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?
Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір,
Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!
371
–
370
Айдақожаұлы Баймұхамбет. Шын мақсұттар. – Семей, 1915. 2-б.
371
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы,
1948. 204-б.
199
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
деп ол кездегі өкінішті өмірдің өрге бастырмай қажытқанын айтып
мұңаяды. Абайдың осы ауыр халының үстіне бір зор қайғы қосылды.
Сүйікті баласы Мағауия қайтыс болды. Уайымы үдеген Абай күрт
түсіп кетеді, күннен-күнге қайғы арта түседі. Ұйқы ұйықтау, ас ішу,
сөйлесу қалады. Емделіп сауығудың өзін ұмытады. «Көрші Дағанды
болысындағы Бөжей дейтін қазақ докторын əкеліп еді. Ол
кісі бір
ақ дəрі берді. Дəріні көрді де, əкем ішпеймін деген ишарамен басын
шайқады»
372
, – дейді Уəсилə.
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым» деп, халқына зор еңбек
сіңірген ұлы ақын өзінің туып-өскен жері Сарыарқада 23 июльде
1904 жылы қайтыс болады.
372
ҚазССР ҒА архивы, п. 599. 56-б.