Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет59/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107
Байланысты:
full

Горький М. Повести и рассказы. – М., 1954. 109-б.
336
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 
1948. 367-б.


182
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Абай ғылым, өнер, ерлік – бостандық алу үшін, халықты ауыр 
халден құтқару үшін жұмсалсын деп тіледі. Сондықтан елдің адал 
қойнына арам қолын сұққан сұмдарға қарсы шығуды қажет деп 
біледі. Өмірдің неше алуан құбылыстарын зерттеп, қазірге, өткенге, 
келешекке көз салып, қараңғылықтан құтылумен бірге, өзгеріс жасау 
ісіне шақырады, келешектен үміттендірді.
Абай қоғам өміріне прогресшілдік оймен қарауды құнттап, өмірге 
терең түсініп, оның неше алуан құбылыстарына, өзгешеліктеріне 
айрықша зер салмаса, қоғамдық системаны өзгертіп, үкіметті 
жоюдың алдағы бір міндет екенін ескертпеген болар еді. Абай 
əсіресе, осы ойына жұрттың назарын аудара сөйледі. Абай тағдыр 
ісіне сеніп, алладан пəрмен күтіп, өмір əйтеуір бір өзгерер, оңдалар 
деген сияқты емексіген ойдан аулақ ақын екендігін білдіреді.
Абай ресми адамдарға ұқсамаса, жанбай жатып сөнуге 
құмарланып, оязға қызмет қылма, мансапқа қызықпа десе, оқығанның 
бəрі бірдей халық игілігіне жарайды дегендіктен айтпаған. Ол 
оқығандар арасына шек қоя сөйлейді. Абай айтқандарына сырттай 
түсініп, оның ойларына зер салынбаса, ақын пікірінің байыбына бар-
май жатып, Абай тек ағартушылықты қостаған ақын еді деп қалу 
ғажап емес. Абайдың көптеген пікірлерімен есептессек, Абай үгітінің 
прогресшілдік тенденциясы неге меңзейтіндігімен санассақ, оның 
айтқандары өрісін тарылта ой айтуға болмайды.
Абай көзқарасының нақтылы тенденциясына, ол тенденцияның 
келешек өрісіне көз салсақ, оның тұтынған жолына шек қоя сөйлеу, 
Абайдың адам баласын һаманда прогреске үгіттегенін түсінбеушілік 
болар еді. Ақынның терең мағыналы өсиетінің замандарға керекті 
маңызын еске алу қажет. Ақынның шығармаларынан байқалған терең 
ойлардың заманына қарай реңк алып, орын теуіп, адам баласы өмірі, 
халық жағдайы мұқтажына жарап, іске асатын мүмкіншілігімен, 
қай ойының қайда бастайтындығына назар салу керек. Абай 
айтқандарының өмір ісін дұрыс жаққа беттету, өзгерту жөнінде 
өтетін əсері, тигізетін көмегі, Абай айтқандарының болашақта қалай 
əсер етерлік мүмкіншілігі еске алынуы жөн.
Ұлы ақынның ой өрісі бір ғана жағдайдан, заманнан аспайды деп 
күдіктену қисынсыз, ақын шығармаларының тарихи əлпетін байқауға 
назар аудармау бірбеткейлік болар еді. Абай шын мағынасында халық 
мүддесінен рухтанған ақын, сондықтан оның тілектері, айтқан арман-
дары, халық мүддесінің іске асып, дамуымен бірге үйлесе іске асып 
отырмақ. Абай шығармаларында айтылған терең ой, күрделі пікір, 


183
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
заманына қарай келешекке қарай тыңнан күш-қуат алып, халықтың 
игілігіне жарарлық қасиеттерге ие болып отырмақ. Абайдың 
гуманистік, демократиялық, моральдық, бостандық, достық, ерлік 
көксеп айтқан терең мағыналы ойлары құнын жоймақ деудің керегі 
не? Абай шығармаларының тарихи мəнімен есептессек, оның айтқан 
армандарының кешегі тарихи мəні мен бүгінгі тарихи мəні, келешек-
те қандай мəн алуы мүмкіншілігін ескерсек, ақынның қырағылықпен 
айтқан ойларының шегі дəл анау ғасырда бітер деп меже жасау, бос 
талас болар еді.
Абай шығармаларында айтылғандар – өмірдің ішкі-тысқы терең 
көріністері, халықтың арманы, сондықтан оның айтқандары сол халық 
өмірінің даму тенденциясымен қабысып жататын мүмкіншілігін еске-
ру қажетсіз емес, бүгінгі ескерткен Абай ойлары ертеңгінің қамына да 
арналып тұрады. Абай үнемі бірқалыпты жақтап, соны тілеген догма-
тиктерге ұқсамайды. Ол ізденген, білмегенді білуге үнемі талаптанған 
ақын, өмірдің əуені, жағдайы, өзгерісі, сол өзгерістің түбі, əлдеқандай 
тенденцияның неге барып тірелетіндігімен есептесе отырып, пікір ай-
туды құнттаған. Абай өмір ағысына қарап, алға көз салуды құнттайды. 
Өз үнін халық үнімен қоса біліп, сол халықтың мұң-мұқтажына сай 
ойын, арманын зор ақындықпен айта білді де, айтқандарын халыққа 
жеткізді, бұқараның тілегін оқушыға түсіндіре білді.
Абай өмірдің көрініп тұрған тек бергі жағын ғана білуді місе 
тұтпай, дүниенің белгісіз сырын ашу талабын жасау оған бет беруді 
құнттап, мəселеге терең қарап, үйрену зор қасиет деп білді. «Дүниенің 
көрінген һəм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, 
адамдықтың орны болмайды»
337
, – деді. Абайдың бұл секілді ойлары 
оның негізгі көзқарасымен байланысты келгендігін көреміз. Абай 
объективтік дүние бар, оның ашылмаған сырын ашуға болады, па-
расат күшіне сену керек деп түсінгендігін аңғартады. Ақиқат бар, 
бірақ сол ақиқатқа бірден жетпейсің, шындыққа жетудің кезеңдері 
көп, жалықпай іздеп, сол кезеңдерді біле отырып, дұрыс жүріп үйрен 
демек. Ақын іздену ісіне салғыртсымай, тек бүгінгі білгенге мəз 
болып, əлдеқандай түсініктің бақи құлы болып жүрмей, өмір ісіне 
айтылғандарға сын көзімен қарап, өзінің де, өзгенің де ізденгіш, сын-
шыл болуын тілейді.
Абай шығармаларынан бір-біріне қайшы, ақынның негізгі 
көзқарасына, терең түсінігіне үнемі үйлеспейтін ой сарындарын 
337


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет