185
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Кейде:
Сөзімді ұғар елім жоқ,
Моласындай бақсының.
Жалғыз қалдым – тып тыныш
341
, –
дейді.
Абай сырласа, мұңдаса сөйлеп, ауыр халін ескертетін бір
өлеңінде:
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не қылдым япырмау?!
342
–
деп маңайын қоршаған, жолын кес-кестеген, бір күн тату, бір күн жау
адамдардың бабын табудың амалы қайда? Істесім осындайлар бол-
са, не өндірмекпін? – деген сауалдар қояды. Береке бермейтіндердің
бір тобын ескеріп, ондайлардың «өз үйінде өзендей» күркіреп, бос
дауға келгенде «бəйге атындай аңқылдап» үдей түсіп, күрделі іс кел-
се: «Шабан шардақ жəне шəу» іші шірік, сырты дардиған, пайдалы іс
қолынан келмейтін жандар екенін түсіндіреді.
Абай өкінішін де, қаупін де, мұңын да бүркемей ашық айтады,
ойында мүлтік жоқ жанға ұқсап, басқаны беттетпестей пікір айтуды
ақындық, адамшылық қабілетіне лайық көрмеген. Басқалардың еркімен
ой ойлап, əрекет істеуіне тыйым салмай, пікір қысымшылығын жасаудан
сақтанады, аяғын ауыс баспайтын адам болатындығына күмəнданады:
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жəй, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
343
Көп ойланып, көп толғанып, көп мəселелерді өзінше шешіп,
бірбеткей ой айтудан сақтанған Абай:
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым кінə қойма
344
, –
деп қиын жағдайда əлеуметтік жұмыс атқарып, талай талқыға түскен, шарқ
ұрған кездері болған ақын екенін ескереді. Абай кей шығармаларында
341
Достарыңызбен бөлісу: