191
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
сайлайды. Абай сол топ үстінде
көп адамдарды ырзаластырып, даулы
мəселелер туралы əділ билігін айтады. Ел ішінде қолданып жүрген
түрлі ережелердің қазақтар өміріне дұрыс келмейтіндігін де сол топ
кезінде бір ескертеді. Абай сахара қазақтары өміріне лайықтап түрлі
ережелер шығару ісіне қатысады.
Əйел мəселесіне айрықша назар аударған Абай:
Біреудің қызын алып малға сатып
Баяғыны іздеген қандай құрғыр
353
, –
дейді. Ойына бекемдік білдірген Абай іс жүзінде де əйелдерден көмегін
аямаған. «Мұқа Абай ауылына кеңшілік жай емес, қысылшаң хал
үстінде пана тілеп барған еді. Өз ағайынының
біреуінен қалған жесір
əйелге ғашық болып, соны əмеңгеріне тигізбей алып қашады да, Абай
ауылына барады. Бұл кеткен соң, жуан ағайыны артындағы үйін ша-
уып алып, пəле басталады. Абай сондайлық ауыртпалығына қарамай
Мұқа мен келіншекке ара түсіп, бастарына азаттық əперіп, артын өзі
жайластырып, өнер иесі Мұқаны өзіне дос етіп, туыс етіп алады»
354
.
Абай əділдігімен көзге түссе, мəні кеткен салт-сана ісіне қарсы
болғандығымен «баяғыны» көксегендерге жақпай да жат көрінеді.
Кертартпалар Абайға наразылығын арттыра түсетін.
Абайдың дұрыс
ақылы, өнегелі істері жұрт арасына тарауынан олар тіксінетін. Билеп-
төстеп қалған жуандар дұрыс болсын, бұрыс болсын түрлі дау-шар-
дан, ескірген түсінікті қолдаушылықтан өздеріне бедел тауып, азық
тауып үйренгендер болса, Абай алдымен солардың қасы болды.
Өмірдің шірік тамырына балта шапқан Абай ісі оларды үрейлендірді.
Жұрт танып, ел ағасы болған Абай түрлі тілдерде, кітаптар
оқып, білімін молайта түседі. 1870 жылдары «патша ағзамға»
жақпаушылардың бірі Михаэлиспен танысады. Михаэлис сол кездің
көзі ашықтарының бірі есебінде Абаймен
сан рет пікір ауысып
мəслихаттасқан. Үкіметке сенімсіз көрінгендердің бірі Долгопо-
лов та Абай ауылында болған. Абай Михаэлиспен таныспас бұрын
өз бетімен талаптанып рухани азық жимаған еді, көзін ашпаған еді
дерлік дерек бар ма?! Ақынның білімі артып, ойы өрістей түсуін –
алдымен оның өз халқы рухани мұрасын игеріп, терең түсініп, батыс,
шығыстың ұлы адамдары шығармаларын талмай оқып, молая түскен
тəжірибесіне сүйене отырып, қажетті қорытынды
жасай білгендігінен
көру керек.
353
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы,
1948. 32-б.
354
Сонда, 44-б.
192
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Абай Семей кітапханасынан ақындар, философтар, ғалымдар
жазғандарымен танысады. Шығыс, батыстың құнды мұраларына
бірдей ықылас қойған.
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп, –
деп өмір құбылыстарына терең түсіну талабын жасайды. «Ойландым,
ерте ояндым» деген.
Абай ауылына келгендердің сылтаулары көп: біреулер даулы іспен
келсе, біреулер ақыл сұрай,
біреулер көмек сұрай, біреулер көрген,
білгенін айту үшін келген. Ақындар, əншілер, күйшілер, ертегішілер –
бұлар өз алдына бір сыйлы қонақтар болып, ақынның аулы кейде түрлі
өнерпаздардың бас қосатын құрметті орны болып та кетеді.
Абай біреуді сынап, не өзін, балаларын бөгде адамдарға сыната-
тын бір əдеті бойынша ауылында қонақ болып жатқан Долгополовпен
əңгімелесіп отырып: «өзімді, балаларымды сынап беріңізші», – дейді.
Долгополов Абайдың дана адам екенін айта келіп: «Ғылымға ет ауыр-
тып, еңбек қылмаса, қолға түспейді.
Сіздің балаларыңыз оншалық
етіп ауыр еңбек етіп не қылсын. Еңбексіз-ақ, өзі – хан, өзі – би. Сіздің
ауылдың төбесі көрінбейтін алысқа кетсе, сонда адам болады»
355
, – депті.
Ата беделін бетке ұстап, оқымай-ақ елдің құрметті адамы
болушылық – ол кездегі қазақтардың бойына сіңген бір нəрсе бол-
са, осындайдың салдарынан Абай уақытында оқи алмай ақындық
жұмысын кеш бастады:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды
мезгілінен кеш сермедім
356
.
Абай көптеген мəселелер туралы қызықты, мағыналы əңгімелер
айтып, жастардың оқу-білімге деген ынтасын арттырып, айтқандарын
түсіндіріп, «ұқпағандарыңды сұрап алудан жалықпаңдар» деп отыра-
ды. Егер жастар, шəкірттер сұрау қойса, зор ықыласпен,
қолма-қол
жауап береді, ондай сұрауларға нем кетеді қарамаған:
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға
357
, –
деген ақын тəлім-тəрбие беру ісіне мəн берген. Жастардың қымбатты
шағын бос өткізіп алмауын ойлап:
355
ҚазССР ҒА архивы, п. 599. 15-б.
356
Достарыңызбен бөлісу: