Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет68/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107
Байланысты:
full

 Наушабаев Н. Манзумат қазақия. – Қазан, 1903. 4-б.
374
Сонда, 7-б.
375
 Наушабаев Н. Қазақ ССР архивы, п. 1301. 104-б.
376
 Сонда, п. 1001. 107-б.


202
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
айтысы», «Нұржан мен Өтініштің айтысы», «Бір жігітке», «Бұрынғы 
хикаядан көріп» деген шығармалар жəне түрлі жұмбақ, терме толғау 
өлеңдер кездеседі.
Нұржан жыраулар, айтысшыл, тақпақшыл, термешіл ақындардан 
тəлім алады. Түсінікті көркем шығармалар жазуды құнттайды:
Қалаулы сыншы халқым,
Үлкен-кіші, жалпының
Арасына тастадым.
Сынасын деп сертпенен
377
, –
деп сөзін кімге арнағандығын ескертеді.
Н.Наушабаев жұртқа сіңісті болып, көп тараған: жақсылық, 
жамандық, арамды қ, адалдық, надандық, елдік, ерлік, ездік, заман, 
салт-сана, тағы сондайлар туралы мақал-мəтел, ережелі сөздерді 
сұрыптап, оларды жаңғырта жырлап, түрлі толғаулар да жазады.
Неше мақал, мысалда,
Қалмады сөзім білмеген
378
, –
деген Нұржан халық даналығынан туған осынау бір фольклор түріне 
айрықша мəн береді, шешендер, жырау, жыршылар айтқандарының 
үлгілі жақтарын айтады:
Сөздері топқа салынған,
Бұрынғы шешен, тақ-тақтың
Керегі көп заманға
Ескі мақал, тақпақтың
379
.
Н.Наушабаев талай шығармаларын, мақал-мəтел, терме үлгісінде 
жазады, айтыс, жұмбақ түрінде өлеңдер шығарады. Оның бұл тектес 
ғибратты сөздерінің бір түрі:
Жақсы жолдас сол болар,
Сырыңды шашпай жинаған.
Тамам жұлдыз жарығы
Балқып нұрлы ай болмас,
Аламан азса не болар?
Бақытынан жаңылып,
Жат дұшпанға қор болар
380
.
Таңдап жүріп сүйгеніне қонады,
Бақыт деген бір ұшқан құс жеткізбес.
377
 Наушабаев Н. Қазақ ССР архивы, п. 1301. 32-б.
378
Сонда, 203-б.
379
 Сонда, 199-б.
380
Сонда, 133-б.


203
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Ақымақты болмайды екен үйретіп,
Дүниені жіберсең де билетіп
381
.
Н.Наушабаев ауқатты əкенің баласы атанып, заманының 
бағландары, мырзалары қатарында болады, «балалықтың асырына» 
салынып, көп уақытын бос өткізгендігі туралы:
Һəр жерде аты шыққан бекзаттармен,
Жүрдім ғой жігіттікті шендестіріп
382
, –
дейді.
Сауық құрып, бейқам жүруге əуес, малға бөккен мырзалардың 
ісінен жиренген, бой тоқтатып, ақылға келген бір кезін Наушабаев 
былай баяндайды:
Атаққа ақымақ деген ұшырадым,
Əуре боп көрінгенге əуестеніп.
Өткен іс ойға түссе, дал боламын
Бойымды қысқандай тер сірестіріп
383
.
Н.Наушабаевтың «Өлеңді бала жастан еттім қалып» деуіне 
қарағанда, оның ақындығы ерте оянған. Ақынның жарияланған 
шығармалары оның «тиянақты іс етпей» жүріп-жүріп, қырыққа 
тақалғаннан кейін жазғандары. Ол:
Ей, Нұржан, биыл шықтың отыз беске,
Талап ет, бұдан былай ізгі іске
384
, –
дейді.
Əлеуметтік сезім билеп, өмір ісіне енді көз салған Наушабаевтың:
Ал, Нұржан, қаламыңды қолыңа ұста,
Бұрынғы өткендердің бəрін таста, -
деген сөздері де 1894–1898 жылдар арасында айтылған.
Н.Наушабаев «Бір жігітке» деген шығармасында адалдықпен 
емес, арамдықпен, күшпен, қорқытумен бедел алған, ісі халыққа жат 
жандарды көреді, ондайларды кекете сынап: «айбаттысың, бетіңе 
кісі келтіріп, алдыңа жан салмайсың, «Жамандықтың жанынан жар-
ты ширек» кетпейсің, сорлының соңынан сүмеңдеп қалмайсың, ал-
даудан талмайсың, көкірегіңді көтересің, «басшы қойып бағынса
түгіменен жалмайсың», өзіңнен төменді ілтифатқа алмайсың, осын-
дай бір қалпыңмен «халықтан қалай қарғыс алмайсың»
385
, – дейді.
381


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет