196
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
болғандардың бірі – Оразбай өшпенділігін күшейте түседі, ретін тау-
ып Абайға соқтықпақ. Ол Абайдың інісі Оспанның оны арба артына
байлап қорлағаны үшін де Абайды күйдірмек.
Абай жəбірленгендерге ара түсіп, зорлықшылардың жолына
бөгет болады. Кейбір Құнанбай туыстарының дөрекі істеріне де Абай-
ды кінəлап, олар Абайды арқаланып бейбастақтықтарын асырды деп
те кіжінушілер аз болмаған. Құнанбайлардың Жігітектермен көптен
келе жатқан араздықтары бар, сондықтан ол жақтан қолайлы адамдар
тауып, өз тобына қосып та күшті молайта түсу керек. Оразбай, міне,
осыларды түгел есепке алады. Абайды ақсатар кез іздейді. Оразбай-
лар Абайдың топқа келуін аңдиды, олардың ойлап тапқаны: Абайға
таңба салу. Абайға қастандық етуге əдейі жіберілген адамдардың ісі
жөнінде Тұрағұл: «Əкеме таңба түспей қалыпты, – бұл қорғап қалған
кісі Сопының інісі Аппас, бірақ таяқ тиді не, тимеді не, əйтеуір Абай-
ды ұрды деген атын көтеріп, мұратына жетеді»
367
, – дегенді айтады.
Керей, Найман ішінен де Оразбайдың кінəлі ісін алдына
келтіреміз, өрескелдікке жол бермейміз дегендер болады. Абай
қазақтың, Орта жүздің Абайы еді. Оразбайдай əулекіленген, баста-
рына желін қап киген тобықтыларды жөнге саламыз. Абайдың сағын
сындырып, сүйекке таңба салмақ болған іс кешілмейді, – деген сөздер
тарап кетеді. Оразбайды шауып алмақ болғандар да аз болмайды.
Оразбайды жұртқа тентек қылып көрсеткен осынау сөздер Серікбай,
Бегеш тағы көптеген билерді Абай алдына алып келеді, сол кездің бір
салты бойынша билік айтып Оразбайға айып кеседі.
Əріп ақынның Абайдан арасын үзген кезі. Базаралыны айдатып
жібергенін сөз еткен Əріп Құнанбайлар өз ағайынына зəбірлік етті
деген. 1898 жылдан 1913 жылға дейін пəлен рет басылып шыққан
«Біржан–Сара» нұсқаларына жəне онда кездесетін уақиға мен сөздер
ыңғайына, кісі аттарына, архив мағлұматтарына қарағанда да, əсіресе
«Зайсан нұсқасына» қарағанда айтыс кездесе кеткен екі ақынның
импровизаторлық өнеріне сай, сол күйінде қолма қол пайда болған деу
қиын. Айтыстың алдына кіріспе ретінде арнайы айтылған сөздерді,
сол шығарманың стильдік өзгешеліктерін аңғартып тұратындығы еске
алынса, айтысты ойдан шығарып, бір ізге салып, қалыпқа келтірген
шығарманың кіріспе сөзін жазған ақын екені күмəндардырмайды.
Біржан мен Сараның аузынан шықпаған, уақиғаға қатысқан басқа
адамдар айтқан сөздер, шығарманың композициялық құрылысы
да, екі ақынның əдейі кездесіп сөз таластыратын дəстүрлі айтысы-
367
Достарыңызбен бөлісу: