193
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Əсемпаз болма əрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін
тауып бар қалан
358
, –
деді.
«Бір сөздердің мəнін түсінбей əкемнен сұрадық. Мұндай
сұрауларымызды да түсіндірді. Ол кездегі қазақтардың ғұрпы бойын-
ша бір нəрсенің аты қайын ата, қайын іні, қайын сіңлі аттарына ұқсас
келсе, жас келіншек: əлгі нəрселердің атын, не адамның есімін басқа
атпен
бұзып айтатындығын, «ортаншым», «төрежан», «кішкентай»,
«тетелес» деген сөздердің не себептен қолданылатындығын əкем
түсіндірген еді» дегенді айтады Уəсилə.
Абай қарапайым шаруалар, момын адамдарды қадірлеген,
бұқараға еңбек етуді арман еткен. Орнын ат төбеліндей жуандар,
шенділер, əкімдер арасынан іздемей, халық ішінен іздеген. «Елім
алтын бесігім» – деп түсінген. Абайдың осындай істері үстінен құс
ұшырмайтын заманның шонжарларына ұнамаған. «Кезі келген жер-
де айтпақ болып жүрген сөзім бар еді, соны айтайын: ең əуелі – сен
жұрттың бəріне күліп сөйлейсің, жайдақ су сияқтысың.
Жайдақ суды
ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Екінші – көрінгенмен
жақын боласың, кісі таңдамайтын желбегей жүрген кісінің басына ел
үйірілмейді. Ел алатын қылық бұл емес», – деген Құнанбайға Абай:
«Қолында қаруы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да,
қойшы-қолаң, жалшы-жақыбайдың бəріне бірдей пайдасы тиетін
жайдақ су артық деп білемін»
359
, – депті.
Абай аңшылар өмірінің неше алуан түрлерін өзі көріп басынан
кешірген.
Қан сонарда шығады бүркітші аңға,
Тастан түлкі
табылар аңдығанға
360
, –
деп басталатын шығарманы ұқыптап оқыған адам бұл шығарманың
Абайдың өз өміріне байланысты туғандығын аңғарады. Шығармада
бір кезде қазақ арасында аңшылық қалай жүргізгендігін, сол кəсіпті
жақсы білген ақын ғана көркем сөзбен баяндаған.
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
358
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы, 1957. І т. 163-б.
359
Сонда. ІІ т. 21-22 бб.
360
Сонда. І т. 22-б.
194
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды
қаса сұлу шомылғанға
361
, –
деп ақын осынау бір көзімен көргенін шабыттана суреттейді. Абай
бұл шығарманы бір күні ғана аңға шығып, не бір жақта құс салып
жүрген аңшылардың үстінен түсіп, не қазақтар құс салу ісін осылай
жүргізді дегенді сырттан естіп, не бір алған əсеріне сүйеніп жазбаған.
Абайдың жазып отырғаны өзі талай көрген өмір көрінісі. Оның қандай
шығармалар жазуының бір себебі ақынның сахара қазақтарымен
бірге өсіп,
елдің салт-сана, кəсібін, мінез-құлқын жақсы біліп, жұрт
əуестенген іспен өзі де əуестене білгенінде.
Абай өз өміріне байланысты шығарған өлеңдерінің бірінде:
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
362
–
деп қиянатты істерді өз басы аз көрмегендігін айтады. Көңілі талай
шайылып, кейде мұң айтқан Абай өмір таласына қатыспай бұғып
жатпағандығын аңғартады. Егер Абай аулақта отырып,
алуан адам-
дармен қарым-қатынас жасамаса, бірінің ісіне сүйсініп, бірінің ісіне
күйініп көрмесе, солармен өмірін таласа өткізбесе, өмірді сырттан
бақылап, тек қана ақындық қиялға сүйеніп, терең мағыналы көркем
шығармаларын жазбаған болар еді. Оның жазғандары көбінесе басы-
нан кешіргендері.
Күзеу
тозған оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы
363
, –
деген ақын киіз үй тіккен көшпелі қазақтар тұрмысына дəл келетін
сипаттамалар береді. Осы шығармада айтылғандардың Абайдың өз
өміріне байланысы жоқ дей алмайсың. Абайдың өзі де керегелі үйде
көп өмірін өткізген, күз күзеуде талай киіз үй тоздырған.
Абаймен көп жылдар жолдас болған Көкбай ақын «Жазды күн
шілде болғанда» деп басталатын шығарманың қалай жазылғандығы
туралы: «Ауыл Бақанастың бойындағы
Көпбейіт деген жерге қонып
жатыр екен. Осы суретті өлең қыл деді. Мен біраз өлең қылып
едім, жақтырмады да, өзі жазбақ болды. Сонымен үй тігіліп болып
361
Достарыңызбен бөлісу: