Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет71/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   107
Байланысты:
full

 Наушабаев Н. Манзумат қазақия. – Қазан, 1903. 19-б.
397
Сонда.
398
Сонда, 27-б.
399
 Сонда, 18-19-бб.


208
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Нұржан шығармаларына бірбеткей келіп, оның түсінігіндегі 
қайшылықтарды жете түсінуді ұқыптамау ақынның əлеуметтік сипа-
тын көлеңкелейді. Н.Наушабаев заманнан озып, айрықша қырағылық 
көрсеткен ақын емес-ақ шығар. Бірақ бұдан барып оны тек тағдырға 
сенуден аспаған, халықты қорлағандармен күресуге шақырып, 
оптимистік ой білдірмеген, елді ерлендіріп, еркіндікке үгіттемеген 
ақын деуге болмайды.
«Сескенбе жанып тұрған шоқ болса да... Бір болар дəрежесі 
күн ілгері, дүниеде фақыр міскін мырза бектің... Бұрынғы хан би 
болғандар шенге сатылып, көпке кесірін тигізді» деген Нұржан, 
өзінше, адал адамдардың бұқара үшін қайрат көрсетуінен жақсылық 
күтеді, жақсы өмірден үмітін үзбейді.
Н.Наушабаевты бір бағыттың ақыны деу де қиын, оның бір ойы 
екінші ойына қабыспай да жатады. Кейде утопиялық қиялға жол 
береді, бетін дұрыстай алмай жан-жаққа толқиды. Біресе биді үлгі 
етпек болса да, енді бірде солардың өзін кінəлайды. Шен-шекпенге 
сатылған хан, би халық басына ауыр күн тууына себеп болды:
Бұрынғы хан би болғандар,
Не керек шенге алданды
400
, –
дейді.
Н.Наушабаевтың өзінше бір ойы, мына топшылауға саяды:
Бір ауызға қараған,
Сөзі бір жерден тараған.
Бір адамды басшы қып,
Жүрген қалып таба алмас
401
.
Бір ауызға қарау, бір басшыны таңдау дегенді қалай түсіну 
керек? Бұқара қандай басшылық күтпек? Бұл мəселелер жөнінде 
Н.Наушабаевтың қалыпқа келіп, сараланған ойын көру қиын. «Қой 
үстіне бозторғай жұмыртқаласа екен» деген сияқты утопиялық ой 
білдіреді. Жебір ұлықтар, пасықтар, байлар, зорлықшылар күш алып 
тұр. «Адамда ақыл кеміп, амалы жүр», сəлде салып, елді алдаған со-
пыларды көресің, арақ-шарап адал асқа айналады. Үлкеннің тілін 
кіші алмайды, қараңғылық ұйқысы басты, «сатып алып керіліп, 
билік қуғандар да» кесірін тигізуде, барар жер, басар тау қайда деп 
те қынжылады. Үш түрлі жігіттің жайын айтқан Нұржан, олардың 
ісін, мінезін жік-жікке бөледі. Бұлардың бірі – қу, бірі – менменсінген 
қуыс кеуде, бірінің сөзінде байлау жоқ, енді бірі – жұртқа жаға біледі. 
400
Наушабаев Н. Алаш. – Қазан, 1910. 45-б.
401
Сонда, 46-б.


209
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Нұржан көп жігіттің ішінен екі түрлі жігітті айрықша бағалайды, 
оларды «Шаһбаз» дейді. Шаһбаздардың бірі – елдің қамы үшін адал 
арманын ортаға салған, «Қарысып дұшпанынан тартынбаған» ер бол-
са, екіншісі – еңбек сүйгіш, қара күшінің өзімен өмірден сыйлы орын 
аларлық адал азамат.
Таңдап табысқан жастардың, ер жігіт сұлу қыздың таза махаб-
батын жырлап, солардың ісін көпке үлгі ретінде ұсынбақ болған 
Нұржан «Бозаман» дастанын жазады. Шығарманың көлемі алғашқы 
толық түрінде 2000 жолдай болса керек, қазіргі архивта сақталғаны 
180-дей ғана. Кей мағлұматтарға қарағанда, дастанды бастан-аяқ ел 
арасында айтып жүрген ақындар да болған. «Бозаман»:
Кеңес десе, шалқыған,
Көңілім дария бір шамал...
Бұғауда тұрған тұлпар ат,
Босанып шықса жер шалар.
Көргеніңді айтып кет,
Өлген күні сөз қылар
402
, –
деген сөздермен басталады. Сақталған үзіндіге қарағанда, Боза-
ман мен қалмақтың аруы Ақбілек арасында болған түрлі уақиғалар, 
олардың бір-біріне деген артық сүйіспеншілігі көрсетілмек. Өзіне 
өзгеше жар іздеген ердің аузына мынау сөздер түседі:
Қапаланып ішім өрт,
Жалғаннан жар таңдаумен,
Жүрегіме толды дерт
403
.
Бозаман басына дулыға киген өзіндей бір батырды ұшыратады. 
Ол:
Нəсілі қалмақ патшасы,
Атышулы Бурақан.
Қызы бар сұлу Ақбілек,
Адамзаттың баласы,
Туар деп ондай кім білед
404
, –
дейді. Бозаман сол сұлуды тауып, «қызбен уағда байласты» деген 
сөздермен шығарманың желісі үзіледі. Сол кезде жазылған қисса-
хикая, дастандарды жəне «Бозаманның» өз өзгешелігін еске алсақ, 
шығармадан орын алуы мүмкін басқа да уақиғалар жайы айтылмай 
қалған.
402
Бозаман, п. 1301. 81-б.
403
Сонда, 83-б.
404
Сонда, 85-б.


210
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Қилы ой білдіріп, кейде қайшы пікір айтқан, əлеуметтік бағытын 
бір жолға сала алмай, дағдарыстарға ұшыраған, көп толқыған 
Н.Наушабаев өмірінің соңғы шағында Октябрь революциясы əкелген 
таңды көріп, қуаныш білдіреді. Бұрынғы қысылшаң өмір енді кетер, 
халықтың қолы есеге жетер, оның рухани күшіне жол ашылар деп 
үміттенгендей:
Халыққа жаңа ай туды, ескі ай бітті,
Көз алмай, көңіл талмай жүрек күтіп...
Бойға күш, көңілге шаттық толды,
Жүректің кəрі қылы қайта шертіп
405
, –
дейді.
Н.Наушабаев түрлі қайшылықтарға ұшырады десек те, қалайда 
Н.Наушабаев халыққа деген дұрыс ниетін шеттетпеуді құнттайды. 
Жұртқа кесел-кесірін тигізген ұлықтар, жуандар, хан, би, жалақор 
т.т. сынады. Жайсыз заманның бойды жаздырмай, темір тұсау болып, 
адал іске жол бермей тұрғанын көреді. Өзінше, көптің мұңын айтып, 
елді өнерге, білімге, ерлікке, еркіндікке үндейді.
* * *
Мəшһүр Жүсіп Көпеев – заманында аты көп тараған ақынның 
бірі. Мəшһүр шығармаларының дені тек қолжазба күйінде келіп 
жетті. Ол кезінде бірнеше кітаптарын баспа бетінде де жариялады. 
«Дала уалаятының газетінде» жəне белгілі əлеумет қайраткері журна-
лист Мұқаметжан Сералин басқарған «Айқап» журналында да түрлі 
мақалалары шықты.
Қазақ ССР Ғылым академиясының архивындағы мағлұматтарға 
қарағанда, Көпеев 1931 жылы жетпіс үш жасында барлық өмірін 
өткізген, туған жері – Баянауылда қайтыс болған. Мəшһүр Жүсіптің 
əкесі Көпжасар бір туысқандарының ең кенжесі болады да, оны 
«Көпей қозы» деу сияқты. Көпей атандырып кетеді. Көпжасар жас 
кезінде бір бай ноғайға малайлыққа жалданады, тырбанып жүріп, 
недəуір мал жинап алады. Қырық жасында еліне қайтып келген 
Көпжасар үш жыл өтпей қу таяқ болып жұтап қалғандықтан Баяна-
уыл маңындағы жатақтарға қосылып, солардың бірі болып кетеді. 
Осы кезде бес жасқа толған Жүсіпті медресеге орналастырады. Оқуға 
алғаш қабылдаған күнін еске алған Жүсіп, медреседе қалғым келмей, 
артынан жүріп қоймаған соң, əкем:
Көшенің қақ басынан қуғанынан
Жеткенше медіресеге атпен қуды
406
, – дейді.
405
Қазақ ССР ҒА архивы, п. 1301. 54-б.
406
Қазақ ССР ҒА архивы, Көпеев қолжазбалары, п. 1173. 328-б.


211
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Мəшһүр сегізге келгенше «алдына толы аяқ ас келмей» көз 
түрткілікке ұшырағандығын айтады:
Алды-артымда серік жоқ жалғыз өстім,
Бес жаста ғарыплікке тұтқын түстім.
Жаға кір, бит атаулы бізге қонақ,
Жең дал-дал, түте-түте болып өстім
407
.
Мəшһүр əпжаттан безер болған медіресенің ересек шəкірттеріне 
жақпайды, жауыр-жапа шегеді. Молдадан: «Көпейдің бес жасар ба-
ласы құрлы сабақ білмейсіңдер» дегенді жиі естіген олар, Жүсіпке 
өшіге түседі.
Талай елдің баласы тулақ қылған, 
Қыс болса, үстімдегі қатқан тонды
408
.
Бейбастақ шəкірттердің ызаланатын тағы бір себебі: ақындығы 
ерте байқалған Мəшһүр жалқау шəкірттерді əжуалап, сабағын 
үлгірмей жүргендер құлақтарыңды күнде молда жұлады.
Əптиек пен əбжат,
Қарамаймын арман жат.
Əптиек пен иман шарт
Сені оқытқан қожа-сарт, –
деп тілін безей түсуін қоймайды, төмпешке, «ақ түйе басқа» 
ұшырайды.
Мəшһүр Хамар хазреттің көп шəкірттерінің бірі болып оқиды. 
Хамар қазақ сөзіне жүйрік шешен адам еді, оның əйелі тəрбиелі 
мейірімді еді, мені өз баласындай күтті, əке-шешеден көрмеген 
жақсылықты, аяушылықты солардан көрдім:
Табылды маған қамқор ата-ана,
Туысқан бірдей болып Мағзұм жəне.
Көз ашылды, жүгіме нұр шашылды,
Сүйкімді көрінгенге болдым бала
409
, – дейді.
Көпеев Жүсіп Хамардан оқып жүрген кезінде қазақ 
фольклорының белгілі нұсқалары – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», 
«Тарғын батыр» жəне «Төрт жігіттің өлеңі» деген шығармалармен 
танысады. Діни схоластикадан жалыққан Жүсіп «қуана-қуана» бұл 
шығармаларды көңіліне бұлжытпай тоқиды.
Көргеннен оны Мəшһүр жазып алды,
Соқтырып жұрт алдына жатқа салды.
407
Қазақ ССР ҒА архивы, Көпеев қолжазбалары, п. 1173. 328-б.
408
Сонда, 349-б.
409
Сонда, 372-б.


212
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Аузынан сілекейі шұбырумен
Тамаша есіткен жан аң-таң қалды
410
, –
«Қозы Көрпешті» сазына келтіріп мүдірмей жатқа айтып 
шыққаны үшін ырза болған Мұса мырза: «Бұл бала Мəшһүр болады 
екен» деп оның басына үкі тақтырады.
Сегізден тоғызға аяқ басқан шақта,
Мұса еді қосқан маған Мəшһүр атты
411
.
Мəшһүр он алты жасынан бастап Əлібек деген бір ауқатты 
адамның жалғызы Қабылбекті екі жылдай оқытады. Бір жыл оқытқаны 
үшін оған Əлібек «он жылқыны» бір береді, келер жылы тағы қыруар 
мал айдатады. Сөйтіп екі-үш жылдың ішінде қырық-отыз қаралы 
шаруаның бірі есебінде Көпеевтің үй-іші қырға шығып, «көшпелі 
қазақтың» бірі болады. Бұдан кейінгі өмірінде бала оқытуды мүлде 
тоқтатқан Мəшһүр түрлі қиссалар, өлеңдер жаттайды:
Қисса мен өлең болды жаттағаным,
Қалтаға қағаз салып жаттағаным
412
, –
Көпеев ескіше оқуды меңгеру ретінде он беске келгенше салы-
на оқып, бірнеше молдалар алдынан өтеді. Сол бір кезін ескертіп те 
өтеді:
Кітабы бізге əперген Мұхамедия
Өзі ескі, жыртық-жыртық жалба-жұлба
413
.
Қолда «ат басындай көк Құран», ол күнде «Сопы алдияр шарығы» 
бізге «көктен түскен дүр тасындай» көрінетін еді дегенді айтады.
Мəшһүр Жүсіп жиырма тоғыз жасында Бұхараға барады. Дамол-
ла Хамзеге жолығып, сол жақта тоғыз ай жүреді. Бұл сапар Мəшһүрге 
тіпті пайдасыз болмай, оның ойы есеюіне, сол жақта болып араб, пар-
сы тіліне жетіле түсуіне, ол тілдерде көптеген кітап оқуына себеп 
болады. Мұның үстіне Көпеевтің өз заманының билері, шешендері, 
ақындары, кəрі құлақ даналарымен таныс болып, солармен қарым-
қатынас жасауы да оның парасатын асыра түседі. Көпеевтің жиені 
Жолмұраттың айтуынша, М.Көпеев Ақан серіні жоғары бағалап: 
«Ақан сері заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің 
құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі» деп, басқа да ұнатқан ақындар 
мен даналарды қадір тұтып, олардан үлгі алуды ескертетін болған. 
Бұқара, Ташкентте болып жүрген кездерінде Көпеев Əбілғазы 
410
Қазақ ССР ҒА архивы, Көпеев қолжазбалары, п. 1173. 372-б.
411
Сонда, 371-б.
412
Сонда, 375-б.
413
Сонда, 417-б.


213
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
шежіресін «Мың бір түнді», «Шахнаманы» оқиды, Науаи, Сағди 
шығармаларымен танысады. Ол қалалардың кітапханасынан пай-
даланып, білімін толықтыра түскен Мəшһүр жұрт аралап жүріп 
бұрынғының даналарымен кездескенін, «Бөгенбай батырдың 
немересі, заманның шежіресі атанған Саққұлақты» көргендігін, Сыр 
ақыны Майлы қожаға жолығып, «Сырдария облысында бес жыл» 
жүргенін айтады. Үлгілі ақындардан өнеге алуды өзіне, өзгеге міндет 
етуді құнттаған Мəшһүр:
Ақынды айт Ақмолда мен Ыбырайды,
Үлгісін өнер-білім жұртқа жайды
414
, –
дейді.
Халықтың өмірі, оның неше түрлі мұңымен жақсы танысқан 
Мəшһүр заманының заңсыз істерін көріп, оның ойына көптеген 
өзгерістер кіреді, шаруалардың аянышты халына шипа іздемек 
болады. «Бай мен кедейдің айырмасы», «Күндіз бен түннің 
айырмасы», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал» сияқты 
шығармалар жазады. «Бұрынғы жақсы заман тозығы таусы-
лып, соңғы жақсы болатын заманның əлі тумай тұрған» кезінде 
ойын жұртқа дұрыстап айта алмай, лажсыздыққа ұшырағанын да 
ескертеді. «Аяғын көсіле алмай, қолын соза алмай, үнін шығара 
алмай, құрттай быжынаған тыңшы құрған, байлаған төбеттей, 
арпалысқан сензор қойып, ноқта кесті көнпіс, жетекші қылып 
алған жұрттың ортасында жүріп сөйлеген Мəшһүр Жүсіп Көпеев 
осы», – деп царизмнің халықты бұғауда жасытып ұстамақ арам 
ниетінен шошығандығын айтады.
Көпеев, əсіресе 1905–1907 жылдары наразылығын үстете түседі, 
патшалық орнатқан өмірдің кесірлі жақтарын əшкерелейді. Бұл 
жұмысын Октябрь революциясына дейін батыл жүргізіп келгендігін 
аңғартады. Мəшһүр 1907 жылдары шыққан кітаптарымен көзге 
түскендей десек, ақын творчествосының əдебиет үшін де, ол үшін де 
құнды жағы сол жылдарға қарай шектеліп, Мəшһүр ақындығының 
өресіне жеткен, əлеуметтік мəн алған шағы да осы кез сияқты.
Мəшһүр дін уəкілдері жайында көптеген ойын ортаға салады. Ол 
құдайдың бар-жоғына күмəнданып, оған тек сырттай сенетіндердің бірі 
екенін жасырмайды. «Мен құдайды бір деп білемін, күшті деп білемін. 
Осы үшеуіне нанымым, сенуім күшті. Құдай қандай, өзі не нəрсе, оны 
білуге, оны тануға ақыл-ойым, зейін-пікірім жетпейді»
415
, – дейді.
414
Қазақ ССР ҒА архивы, Көпеев қолжазбалары. п. 1170. 1043-б.
415
Сонда, п. 1175, 63-б.


214
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Халықты теріске бастап, ұлықтың алдында қалтыратып ұстамақ 
болған, құдай жарлығы мен патша жарлығын бұлжытпай орында 
деуші дін уəкілдерінің өрескелдіктерін айтпауын, шындық елінен 
асып, олардың жұртты аздырып жүргендер екенін түсіндірмек те бо-
лады.
Қажы мен қожа, молда көбейген соң
Күшейді өштік, қастық ел аразы
416
.
Мəшһүр Жүсіп Көпеев қазақ фольклоры нұсқаларын жинау ісімен 
көп шұғылданады, батырлар жыры, шешендер сөзі, аңыз, əңгімелер, 
айтыстар, тұрмыс-салт өлеңдері, тарихи жырлар, мақал-мəтел, тағы 
басқаларды жинайды. Оның бұл саладағы қазақ əдебиетіне сіңірген 
еңбегі заманына қарай айта қалғандай. Мəшһүр жинағандары ішінен 
«Желкілдек», «Ер Көкше», «Көрұғлы», «Алтынбас күміс аяқ», «Са-
йын батыр», «Қырғызға барған батыр» сияқты нұсқаларымен қатар, 
Бұқар жырау, Сақау, Шөже, Шортанбай, Орынбай т.б. көптеген ақын 
сөздерін де кездестіреміз. Көпеев ескі сөздердің қалпын бұзбай дұрыс 
жазып алуды құнттаған. Оның жинаған нұсқалары табиғи көне түрін 
мол сақтағандығымен көзге түскендей. Мəшһүр ескілікті сөздерді, 
халықтың жайын, түрлі аңыздарын жетік білетін, даналар, жыраулар 
сарқыны мол кезде жинап үлгергенін аңғартады. Одан қалған бұл 
мұраның əдебиет ғылымы үшін құнды екені даусыз. Сол қыруар ма-
териалды екшеп, татымдарын баспаға ұсынған жөн.
Көпеев жинағандарының бірі – «Желкілдектің» уақиғалық, 
композициялық, тілдік т.б. ерекшеліктері жөнінде толып жатқан 
қажетті қорытындылар жасауға болады. «Желкілдек» батырлар 
жырына ұқсай да бермейді. Əдетте батыр оқиғасы, көбінесе, жыр-
мен айтылып, оқта-текте жерінде кездесетін қара сөзі шұбалаңқы, 
ырғақтылығы шамалы, əншейін бір ертек сөзі сияқтанып тұрса, 
ондай жырларда қара сөзге мəн беруден гөрі өлеңдік жағын өңдеп 
айтуға көбірек назар салатындық байқалатын. Ал «Желкілдек» 
қара сөздің ырғақтылығын молайтып, сөздің шұбалаңдығын азай-
тып, интонацияға сонау көне кезде көңіл қойғандық сезіледі. Ойды 
əлдеқандай ырғақты сөздер арқылы айту көбірек ұқыпталады. Тер-
мелей сөйлеу ескеріліп, сылбыр сөздіктен сақтағандық сезіледі. 
Сондықтан бұл нұсқа дəл жырда емес, бастан-аяқ ертегілік сөзге 
де құрылмаған, онда ырғақты, екпінді, əсерлі сөздерге бейімдей 
айтуға ынта салғандық бар. Уақиғаны дəл осындай түрде баян-
416


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет