Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет79/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107
Жандыбаев А.А. Жас ғұмырым, яки жастықта ғафлəт. – Қазан, 1907. 15-б.
467
 Нұрбаев М. Көргенді бала, үлгілі ана. – Орынбор, 1911. 10-б.


235
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
əңгімесі. Осы заманына қарай ширақ тілмен жазылған, прозалық 
сипат алған шығарма деуге болады. Мұнда қазақ ауылының сырт
көрінісі, лирикалық кейіпкерлердің ішкі сезімі беріледі. Жазықсыз 
жас қызды қасіретке ұшыратқан өмір кесірінен «көздерінің түбі 
қарайып, ақ беті сарғайып, қалың шаштары сиреп», азап тақсіретін 
көрген Алтынайдың қайғылы уақиғасымен танысамыз. Қалыңмал – 
қазақ қызының қабағын көтертпеген қасы деген ой айтылады.
Қазақ прозасына роман деген атпен 1912–1913 жылдары «Қыз 
көрелік» пен «Қалыңмал» қосылды. Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелігі» 
– ағартушылыққа үндеген, əйелдер теңдігін жырлаған, қалыңмал ісін 
қатты сынаған, заманына қарай өтімді тілмен жазылған уақиғалы 
сюжетті шығарма. Шығарма уақиғасы қазақ өмірі көріністері ретінде 
баяндалады. Көрсетілген адамдар бір кездегі қазақ қауымының түрлі 
уəкілдері. Автор заман шындығын айтып, қазақ тұрмысына жана-
сымды фактілер бермек, адамдар арасындағы қарым-қатынастар сы-
рын ашпақ. Ол кезде проза үлгісінің сирек кездесетінін еске алсақ 
Жомартбаевтың проза жанрын игеру ісіне атсалысқаны ескерілетін 
жай. «Қыз көреліктен» өмірді реалистікпен көрсетуге ден қойғандық 
байқалады десек те, кейде автордың шығарманы фантастикалық 
көріністермен шұбарлағаны да байқалады. Мұны Ғайникамалдан 
үміттеніп, қыздың тапсырмасын орындамақ болып жол шеккен, Лон-
дон, Берлин, Париж барған үш мырза уақиғасынан аңғарасыз.
Ғайникамал «адам таңғалғандай, бұрын дүниеге шықпаған жаңа 
нəрсе» əкелгендерінің біріне барар едім деп, мырзаларға сөз береді. 
Олар үш жаққа жол тартады. Лондонға келген Əбілхан мініп ұшса, 
əп-сəтте қалаған жерге жеткізетін бір ғажап нəрсе сатып алады. Бер-
линде болған Мұқаш айшылық алысты көрсететін трубка алады, 
қарап жіберген еді, үйінде отырған Ғайникамал сұлуды көріп қуанып 
қалады, Парижге келген Сеидхан «іші қуыс, сыбызғы секілді» бір 
нəрсені көріп қызығады. Нəрсе иесі: «үшбу резеңке бірлəн» өлген 
адамның аузына жел жіберсе, «сол адам əуелгідей тіріліп дүниеге 
келеді» дейді. Осыдан ғажап нəрсе болмас деп ойлаған Сеидхан сол 
нəрсені сатып алады. Мырзалар қайтып келе жатып Омскіде тоғысады. 
Нəрселердің «қайсысы ғажабырақ екен» десіп əңгіме құрады. Мұқаш 
трубкесінен қарап жіберсе, Ғайникамал қайтыс болып, оны енді 
жерлегелі жатыр екен. Əбілхан өзімен бірге ана мырзаларды да дереу 
қыздың аулына алып келеді. Сеидхан қызды тірілтіп жібереді. Олар 
енді қызыл шеке болып Ғайникамалға таласады. Өзара келісе алмай-
тын болған соң, сөз аяғы қызға саяды.


236
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Ғайникамал мырзалар əкелген нəрселердің ғажап екенін көріп, 
ырзалық білдірсе де, олардың əйел жүрегімен есептеспейтіндігін, 
«халықтың көңілін, көзін ашуды ойламайтындығын байқап, сөзінен 
айниды, ақырғы жауабында: «Менің мақсатым малды бай кісінің 
əйелі болу емес, кімде кімнің өзімнің білген қадарлы ғылымы болып, 
мақсұты оқымаған, білмеген халықтың көңілін ашпақшы болса, сол 
уақытта мен сол кісінің ғұмырлық жолдасы боламын»
468
– дейді.
Мырзалардың Ғайникамалды сырттай ұйғарысып тəкаппарлық 
жасағаны, олардың əлеуметтік мүддеден жұрдай екені тек жуан ата ба-
ласы, бай баласы екендігін арқаланған, өздері өнерсіз қуыс кеуде екені, 
Ғайникамалдан орынсыз үміттеніп жұртқа күлкі болғаны көрсетіледі.
Ғайникамалдың жолын тосқандар аз болмайды. Қыз бала алыс 
жерде жүріп оқыса, жат болып кетеді, «ол сонша көп оқығанда қайда 
имам болады» десіп, гуілдеген ауыл ақылгөйлерімен танысасыз. 
Бəйбіше, тоқал арасында болатын өшпенділік туралы да мағлұмат 
беріледі. Ғайсаның «қасаң болып, шар тартып қырыққа келген» 
бəйбішесі, «кедейдің қызы Жəкішті шақырса да, əй тоқал! Фəлен 
қыл, түген қыл деп... сен жаман күң əулиесіме, тойғаныңды қылма 
деп қымс етсе, кекетіп сөйлеуші еді»
469
, – делінеді.
Ғайникамалдың білім алуына көмектесіп, заманының 
қарапайымдары қатарында қалмағандығын білдіргендей, автордың 
ойынша, оның бұл ісі өзгелерге ғибрат болғандай. Қыруар малға ие 
болып отырғанымыз Қараекеңнің арқасы ғой, Ғайникамалды құтты 
орнына қондырайық. «Қараекеңмен құда болсаң болмай ма? Қыс 
болса, жерін жейміз, жаз болса, құдығына қонамыз» деген Бəкіжан 
бəйбішенің сөзіне ашулана жауап берген Ғайса: «Мені һеш кім асы-
рамайды, құдай асырайды. Қараекеңнің маған керегі жоқ... баламды 
əбден оқытып, ержеткізіп, өзінің сүйгеніне беремін»
470
, – дейді.
Автордың:
Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік,
Таңдап ап сұлу қызды мал берелік.
Мырзалар, қыз таңдаған келсін мұнда,
Жігітті қыз көретін біз көрелік, – 
деп арнайы айтқан сөздері шығарманың өзекті мəселесіне меңзегендей. 
Шығарманың басты кейіпкерлерінің бірі Ғайникамалдың қалыңға 
бармағаны, мырзалар буына жығылмағаны, заманының дөрекі 
468


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет