Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет72/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   107
Байланысты:
full

 Көпеев М. Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз. – Қазан, 1907. 
10-б.


215
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
дап берушіліктің ескі жырларда кездесе бермейтіндігін еске алсақ, 
«Желкілдектің» тіл жөніндегі бұл бір ерекшелігі сияқты. Оны мына 
бір үзіндіден де көреміз. Нармамбеттің «екі қызы болған, бірінің аты – 
Күнікей, бірінің аты – Тінікей болған. Екі қыз ұйықтағанда түс көрген. 
Таңертең жеңгесіне келеді. Бір шапанға жамылады, екеуі бір жеңнен 
басын шығарады, жеңге дейді: Бір түс көрдік, от жағалай іс көрдік, 
екіде қара тең көрдік, жоры жеңге»
417
. «Жылама əкем деді: жауға мен 
барайын, бір келгенін бір қырайын, екі келгенін екі қырайын, біріне 
бірін қоспайын. Əкесі айтты балаға: сенің алар жауың жоқ, бойың 
сенің өскен жоқ, бұғағың сенің қатқан жоқ, балақта жүнің өскен жоқ».
1907 жылдары жариялаған «Хал-ахуал», «Тірлікте көп 
жасағандықтан көрген бір тамашамыз» деген кітаптар көп жөннен 
бірін-бірі қайталайды. «Хал-ахуалдағы» «Ғибратнама», «Біздің саха-
ра көшпелі» деп басталатын шығармалардан басқа өлеңдер «Тірлікте 
көп жасағандықтан көрген бір тамашамызға» кірген.
М.Көпеев «Ғибратнамада» ақындық, азаматтық міндет туралы 
ойын ұсынып, қоғамдық орнын белгілемек, арманын ашық айта ал-
май лажсыздыққа ұшырап жүргенін ескермек.
Болдым ғой өнерімді тауысқандай,
Мерт болдым айға шауып арыстандай.
Сұңқардай биік тауды мекен қылмай
Шықылықтап көзге түстім сауысқандай
418
.
Бұғып жүрмексің бе, «ап рахмет нұрын» шашса, содан қашқан 
надандарша жақсылықтың дер кезінде келуін қарсы алмай, сол 
қасиетті су шарапты тиіп өскен қызыл гүлді аңсаған бұлбұлдай сай-
рап, жұрттың мұңын айту жөн емес пе? деген сияқты қорытынды 
жасайды. Ойын мысалдап түсіндірген Мəшһүр бұлбұлды қаршығаға 
кездестіреді. Бұлбұл қаршығаға: «Сенің тұрағың бектердің оң 
қолында» патшалармен айлассың, беделің артық, қадірің мол, мен 
қызыл гүл іздеп зарлаймын, оның ашылғанын не күндіз, не түнде 
көре алмай» қасіретім көп»
419
, – дейді.
Бұлбұлдың сөзіне жауап қайтарған қаршыға ақымақ құстың 
бірісің, пайдасыз гүлге ғашық болып əуресің:
Аузыңды ақылың болса, жабар едің,
Үндемей сабыр қылып бағар едің.
417 
Қазақ ССР ҒА архивы, Көпеев қолжазбалары, п. 1173. 173-б.
418
 Көпеев М. Хал-ахуал. – Қазан, 1907. 15-б.
419
Сонда, 14-б.


216
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Тілі жоқ мен сықылды мылқау болсаң,
Бір күнде мың мұратты табар едің
420
, –
дейді. Бұл сөздер бұлбұлды қынжылтады. «Сенше айтаққа еріп, 
қан үшін жан алып, не қарғаға қосылып, жемтік іздеу жөн бе?» 
деп қаршығаны кінəлайды. Екеуі екі арманды қостайтындар бо-
лып шығады. Қаршыға – заманына жағып, үндемей жүріп, өмірдің 
кемшілігіне көз жұмып, зымияндықпен есебін тапқан қан құмар, 
жемтікқор болса, бұлбұл – сайрауынан танбай халыққа жақсы үгіт 
таратуын қоймайтындардың бірі. Бұлбұлдың ісін жақтаған ақын:
Құс болсаң, бозбалалар, бұлбұлдай бол,
Табылар іздегенге бір қызыл гүл
421
, –
дейді. Адал ісін ақтамақ болған Мəшһүр «Тірлікте көп жасағандықтан 
көрген бір тамашамызда» озбырлығын өткізіп, халықты мезі еткен 
əкімдерді əшкерелейді. «Басшымыз ел пайдасын сөйлемейді» іздегені 
бүліншілік, дау-дамай бір таусылмайды, қазақ жұрты қоршылықта, 
момындар «биге пара, байларға жем», əділдікке жол жоқ, шенеуніктер 
«қасқырша ауыз салып жұтып жатыр, үйінде отыра алмай кедей 
қашты», – дейді.
Көпеев бұқараның еңсесі көтерілмей қараңғылықта, қорлықта 
жүргенін айтпақ:
Жалаңдап аждаһадай ауылнайлар,
Беліне ақ кигізген күйек байлар.
Сыпырып бес тиынның бес теңге деп,
Кедейдің хат білмеген соры қайнар.
Мойнына сары жезден қарғы салып
Алдына неше түрлі дау-шар барып,
Жиылып қара құстай билер отыр
Жемтігін өлексенің қоршап алып
422
.
Айта берсең, осындай өрескелдіктер көп, адамшылық көрсетіп, 
дұрыс жолмен жүрушілер аз, обырлар қоршады, көрген қорлықты ай-
тып тауыса алмайсың:
Болса да дария сия, аспан қағаз
Мұң мен зар түгелденіп болмас тəмам
423
, – дейді.
Мəшһүр Сарыарқаның кімдікі екендігінде де ата мекенінен 
сырылған шаруаларды сөз етеді. Қараоба, Сарыоба деген жерлерді 
420


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет