205
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
əлеуметтік мəселе қозғаудан гөрі, екі ақынның сөз тапқыш өнерін са-
лыстыру, талабы, өзара мадақтасқаны айқынырақ сезіледі. Сапарғали
Нұржанды көтермелеп, сен нұрдан жаралған жігітсің десе, Нұржан
өнерге сізден озған жан бар ма деп, Сапарғалиды қошеметтейді.
Қалам, сағат, көрік т.т. туралы жұмбақтарын шештірмек болған
Сапарғали:
Бір үй бар əйнегі жоқ һəм есігі,
Ішінде құдай берген бар нəсібі.
Болады бірде жанды, бірде жансыз,
Білмесе, хақтағала жоқ кəсібі, –
десе, Нұржан былай жауап қайтарады:
Демеймін бұл сөзімді тек балады,
Жұмбақты ашсам, көңілім қош болады.
Жұмыртқа əйнегі жоқ һəм есігі,
Əуелі жансыз, ақыры құс болады
390
.
Ұзаққа созылған айтысқа осы сияқты отыздан астам жұмбақтар,
олардың шешуі кірген.
«Түлкі илəн əтештің хикаясы» деген шығармасында Н. Наушабаев
айласын асырып, момындарды сорған сұрқияны паш етпек. Арбау-
мен, тəтті сөзбен, жұртты шырмағандарға сенбей, оларды ісіне қарай
бағалап үйрену қажет екенін түсіндіреді. Түлкі: «Қой мен қасқыр
мəңгі татуластық қаршыға, көгершін бір ұяда тұратын болды, бұдан
былай жан-жануардың қастасуы қалды, мен де сенің досыңмын», –
деген сөздермен арбап, əтешті алдап жеп кетпек. Мұны сезген əтеш:
«Шашақ құлақ иттің арындап келе жатқанын қарашы!» дейді. Бұл
сөзді естуі мұң екен, əлгі аузынан бал тамған түлкі сол арада ғайып
болады, сөзі бір басқа, ісі бір басқа жəдігөй екенін көрсетеді.
«Өгіз илəн есектің хикаясында» жайы баяндалған өгіз тек тірі
жүрсемді місе еткендер уəкілі ретінде де көзге түседі. Мұнымен бірге
өгізді осындай өмірге душар еткендердің ісі де əшкереленеді. Бей-
неттен арылмай жүре беру жөн бе? Ынжық болма деген ой білдіреді,
көпті ашындырмақ болған талап та байқалады.
Н.Наушабаев заманындағы адамдардың теріс ісін, арам ниетін
байқап, біреу бай, біреу пақыр болған қоғам адамдарын көреді.
Адам көп дүниені жүрген былғап,
Біреуін кез келгенде біреу алдап.
Азап боп ғұмырында біреулер жүр,
Құрыққа ұстай алмай, сырық жалғап
391
, – дейді.
390
Достарыңызбен бөлісу: